Бейімбет Майлин (Тасболат)

Күн көтеріле қаладан шықтық. Жеккен атымыз Тасболаттікі. Тасболат делбе ұстап келе жатыр.

Күн ызғырық, суық. Ұшпалы сұр бұлт аспан жүзін қаптап, ... оқта-санда қиыршық қар қыламықтап қояды. Тоңа бастадық. Қаладан шыққан ыңғайда желге тура қарап отырсақ та жақ жүніміз үрпиіп, іші-бауырымыз қалтырай.....
Әңгімелер
Толық

Бейімбет Майлин (Шабуыл)

Жақып, Шоңмұрын, Антонов, Телқозы.

Телғозы (қолын шекесіне қойып, честь беріп). Сонымен сағат тоғызға шейін Шыршық қаласы түгелімен біздің қолға түсті. Жалпы әскер, әсіресе біздің қазақ жігіттері ойламаған ерлік көрсетті... Есенгелдінің ғана қолға түспей тұрғаны болмаса... Ит екен өзі... Бірталай адамдарымызды қырып салды...

Жақып (ашулы). Есенгелдіні әлі күнге ұстай алмаған.....
Әңгімелер
Толық

Бейімбет Майлин (Серттескендер)

Шілде ішінің ыстығы қандай?! Ауа айналып түскендей. Көлеңке басын ұзартып, салқын леп бойды жадырататын көзге шейін ыстықтан дөңбекшігендердің көлеңке сағалайтын әдеті ғой.

Қаламбай ауылының қыбырлаған жанының бары көлеңкеде, ауылдың.....
Әңгімелер
Толық

Бейімбет Майлин (Сары май)

Арбаға мінгелі Ыбырайдың аузы бір дамыл көрсейші: көнтек ерні қабыршықтанып, кептеле толған насыбаймен томпайып, сөйлеймін деп аузы суланып, былш-былш түкіреді. Түкірген сайын, иірілімге жиналған.....
Әңгімелер
Толық

Бейімбет Майлин (Оңай олжа)

Елдің кәсібінің түріне орай әңгімелері де өзгеріп отырады. Егін, пішен, жоқ болса, ел ашаршылыққа бет алса, өріс алатын әңгіме — ұрылардың ептілігі, еті тірі жігіттердің елден олжа түсіргіштігі, ақсақалдардың билікке шеберлігі, тағы сондайлар.

Биыл елде егін, пішен мол ғой. Елдің әңгімесі шаруашылық туралы көбірек ұшырайды: Мырқымбайдың тарысының бітіктігі, Шарбайдың жерін әдемі тырмалағандығы, Мөжібайдың.....
Әңгімелер
Толық

Бейімбет Майлин (Мөңкебайдың өлімі)

Аласалау Земенкенің үлкен жақ бөлмесінде, қара күңгірт бұрышында еңгезердей болып біреу жатыр. Үстінде айқара жамылған күпі, ыңқылдайды, күңіренеді...

Бұл Мөңкебай еді. Ауру еді. Төсек тартып жатқанына айдан асып барады.....
Әңгімелер
Толық

Бейімбет Майлин (Күлпаш)

Күлпаштың көңілсіздікке түсіп жүрген күндерінің бірі еді...Үстінде, өрім-өрім болған соң әр жерінен бір түйіп қойған ескі көйлек, оның сыртында тозығы жетіп тулаққа айналған қысқа ескі тон, басында селдіреген көне бөкебайдың жұрнағы. Бет-аузы көнектей ісік; тоңып бүрісіп, үйдің бұрышындағы пешке арқасын сүйеп мұңайып, терең ойға шомған адамша Күлпаш отыр. Жыртық күпіге оранып, бүк түсіп баласы Қали жатыр. Үй суық, жамаулы терезенің жыртығынан кірген ызғырық шекеден шыққандай... үйдің ішін жылытуға - пешке жағатын отын жоқ. Отын табылар жер де жоқ... қара судан баска.....
Әңгімелер
Толық

Жүсіпбек Аймауытов (Әнші)

Жетішатыр — жақсы қала.
Қаптап жатқан қазақ. Жазы-қысы — қымыз, ойын-сауық —«кататься». Айт, той, құдалық, ат жарыс, күрес. Маскүнем, Төбелес. Үй қыдырған көлең-көлең ақ жаулық... Жаз шықса пароход, паром, желқайық,жасыл арал, қалың орман... Көкке шыққан, гуләйтсоққан, масайраған шат көңіл... Сырнай-керней...Қызық думан... Қайткенмен.....
Әңгімелер
Толық

Жүсіпбек Аймауытов (Ұлтты сүю)

Қазақтың аты орыстың атынан озса, балуанын балуаны жықса, шешенін шешені сөзден тоқтатса, мардамсып бар қазақ сүйсініп қалады. Қазақ жеңілсе, орыс та дардияды. Ноғай мен қазақ, сарт пен ноғай егессін, олар да солай. Бұл әр жұрттың қанына біткен өзімшілдік, тұрған жерін, өскен елін, өз тұқымын басқадан артық болса екен деген құрғақ тілек, құрғақ сезім ең төменгі дәрежедегі надан адамда да бар. Бұл қасиетті сезім емес; жерін, үйірін сағыну, жеріне тарту хайуанда да бар. Үйренген тамақ, жеген жерін жақсы көру – табиғаттың еріксіз каноны. Ұлт сүюдің ең төменгі дәрежесі осы.


Ақылы, сезімі ұстарған қазіргі мәдениеттің төрінде жүрген адам баласын алсақ, әр ұлт өзінің өскенін, өзінің көркейгенін, жетілгенін, өзінің қожалығын көксеп, жанын салып, қанын судай ағызып, дүние-мүлкін.....
Әңгімелер
Толық