Тәуелсіз ел! Бір қаламның ұшымен жазылып, барша қауымның жүрегіне орнаған, бір ауыздан айтылып, кең көлемде шарлаған осынау бір ыстық сөз, ыстық көңіл лебізі бүгін ғана емес, бар уақытта да қан тамырымыздың лүпіл-бүлкіліндей естіледі.Иә, бұл-бүкіл қазақ жұртының, дүйім Қазақстан елінің қызу кұштарлықпен, сарқылмас сүйіспеншілікпен айтар, ардақ тұтар асыл лебізі.Ол-өлең, ол-ән, ол-сұлулық, ол-асқақ арман, ол-шалқыған дәулет, көркейген сәулет! Елдік туымыз тігілген үлкен үйіміз, алтын шаңырағымыз.Қазақ жері. Қазақстан-тәуелсіз ел.Сол тәулсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! "Тамырсыз ағаш,тарихсыз халық болмайды"демекші, қазақ елінің азаттық,бостандық жолындағы тарихына бір сәт көз жүгіртіп өтетін болсақ, басынан қаншама қиын-қыстау ауыр сәттерді өткіздігін көреміз.Қазақ хандығы құрылған кезден бастап, ұшса құс қанаты, шапса тұлпар тұяғы талатын кең-байтақ жерімізге көз алартқан жауларымыз аз болмады.Ең алдымен, Жоңғар халқы жерімізге баса көктеп кірді.Олардың жасаған шабуылынан еліміз аз зардап шеккен жоқ.Ел арасында "Ақтабан шұбырынды,Алакөл сұлама"орын алды.Алайда елінің тыныштығын ойлаған хас батырларымыз бен ел билеген хандарымыз бір жағадан бас, бір жеңнен қол жинап, атамекенін, жерін жаулардан қорғай білді.Одан кейін де халқымыздың ел тарихында қаншама ұлт-азаттық көтерілістер орын алды.Олардың барлығы халқымыздың тағдырына өшпестей із қалдырды.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ол туралы былай деп еске алады:"Қазақтар талай рет тұтасымен қырылып кетуге шақ қалды.Бірақ өмірге деген құштарлық, азаттық аңсары еңсесі түскен елді қайра түлетіп, қайтадан тәуекел тұғырына қондырып отырды"......
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4 А Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы Сабақ тақырыбы: Тәуекел хан қазақ жерлерін біріктіру мақсатында қандай саясат ұстанды? 2-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.3.1.10 қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау 6.3.2.6 Қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау Сабақ мақсаттары: Тәуекел ханның кезіндегі Қазақ хандығының саяси жағдайын сипаттап, хандықты нығайтуда Тәуекел ханның саяси бағытына талдау жасау.
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.4 А Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы Сабақ тақырыбы: Тәуекел хан қазақ жерлерін біріктіру мақсатында қандай саясат ұстанды?1-сабақ Оқу мақсаты: Қазақ хандарының мемлекетті өркендетудегі рөлін анықтау Сабақ мақсаты: Қазақ хандарының сыртқы саясатын анықтап, нәтижелерін талдау.
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4А Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы Сабақ тақырыбы: Тәуекел хан тұсындағы Қазақ хандығының оңтүстік шекараларының нығаюы 2-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.3.1.10 – қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау; 6.3.2.6 – қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау Сабақ мақсаттары: Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызын талдайды.
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4А Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы Сабақ тақырыбы: Тәуекел хан тұсындағы Қазақ хандығының оңтүстік шекараларының нығаюы 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.3.1.10 – қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау; 6.3.2.6 – қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау Сабақ мақсаттары: Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызын талдайды.
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.3А Сақтар Сабақ тақырыбы: Тәуелсіздік үшін күрескен танымал сақ батырлары кімдер (2-сағат) Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 5.3.1.1 картада тайпалық одақтардың орналасуын көрсету 5.3.2.1 сақ, сармат тайпаларының халықаралық аренадағы орнын анықтау Сабақ мақсаттары: Картада тайпалық одақтардың орналасуын көрсетеді Деректер негізінде сақ, сармат тайпаларының халықаралық аренадағы орнын түсінеді.
Жаутаңдап қарап дала тұр, , Көз жасын сүртіп жаңа бір. Хабарсыз ұлын сұрауға, Жолыңды тосып ана жүр. Қанша үйдің ұрлап адамын, Қанша үйде сөніп қалды оттар. Көрдің бе ұлын ананың, Соғыстан қайтқан солдаттар? Сырбай Мәуленов Қазіргі таңда тәуелсіз мемлекетімнің болашағы жарқын. Келешек ұрпақтың ұйқысы тыныш, тамағы тоқ, киімі көк. Әр қазақ баласының бал- бұл жайнаған жүздерін көреміз. Аллаға шүкір, уайымсыз ,бейбіт өмір кешудеміз. Алайда, осы бейбіт өміріміздің қалай келгені, қаншама қан төгілгені туралы жадымыздан шығару мүмкін емес. Осыдан 75 жыл бұрын жер бетін шарпыған сұрапыл Ұлы Отан соғысы келді. Халқымыздан береке қашып, тыныш ұйқымыздан айырылдық. Бұл соғыс қаншама жас қазақ жігіттерінің өмірін қиды. Қаншама ананы баласыз қалдырды, қаншама бейкүнә сәбиді асқар тауы әкесінен айырды. Қаншама нәзік жанды қыздарымызды сүйгендерінен айырды. Әрине, қайтып келгендері де болды. Бірақ, оларда саусақпен санарлықтай еді. Отанына келген жауынгер батырлардың басым көпшілігі мүгедек болды......
Мен XXI ғасырдың ұрпағымын. Мен бейбіт, тәуелсіз елдің ертеңін жалғастырушы болашағымын. Осындай елде жас ұрпақ алаңсыз еш қайғысыз, азат өмір сүру үшін ата-бабамның жасаған ерлігін ұмытпаймын. Үстіміздегі жылы адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 71 жыл толады. Бірақ, Ұлы Жеңістің ұмытылмайтындығы сияқты, соғыс та біздің санамызда ұмытылмас із қалдырды. Адамзат тарихындағы осы бір жойқын соғыста миллиондаған адамдар мерт болды, қаншамасы мүгедек болып қалды, миллиондаған адамдар хабар-ошарсыз кетті, тылда да халқымыз қанша қиындық көрді... 2015 жылдың 9-мамырында селомыздағы жауынгер ескерткішінің жанындағы салтанатты жиында алғаш рет ешқандай соғыс ардагері болмады. Ең соңғы ардагер бұл жиынға келе алмады, себебі денсаулығы жоқ екен. Мен өзімнің ұстазым Гүлшат Мүсілімқызы Рамазанованың өз шығармашылығынан оқыған «Соғыстың соңғы солдаты» өлеңін тебірене тыңдадым. Ұстазымның толқыған жан дүниесі, өзегін өртеген өкініші менің де жүрегімді дірілдетіп, терең ойға шомдым. «Ол кім екен? Қандай адам? Соғыста қандай жерде соғысқан?»- деген сұрақтар көңілімнен шықпады. Ақыры мен ол кісімен таныстым. Ол жайында негізгі бөлімде әңгімелемекпін.2. Негізгі бөлім: а) Ұлы Отан соғысы парақтарынан. КСРО жеріне басып кірместен бұрын 12 мемлекет басып алған және 14 одақтасы болған жау Баренц теңізінен Қара теңізге дейінгі аралықта зор майдан шебінде соғыс ашты. Гитлер «тұтқиыл» шабуылмен Кеңес елін талқандап, әлемдегі алғашқы социалистік мемлекетті құртып, кеңес адамдарын құлға айналдыруды, Кеңес елін өз отарына айналдыруды көздеді. Бірақ, кеңес халқы тұтқиылдан шабуыл жасаған жауға қарсы тұра алды. Майданға кеткен мыңдаған ерлердің орнына барлық жұмысты ұйқысыз, ас-сусыз еңбек еткен әйелдер мен балалар атқарды. Соғысқа дейін бір сағатта істеген істерін соғыс уақытында бір минутта істеуге тырысты......
Сарғайса да тарихтың ақ парағы, Ол күндер мәңгі есте сақталады… Жалған өмір... Сұрапыл соғыс... Сұм ажал... Бұл үш құбылыс талайды тірідей жетім аттандырып, біреудің бал балалық шағын күл-талқан етіп, енді бірінің бейбіт тіршілігін түзелместей етіп жойды. Әрине, өмірдің дегені болады, ал, ажалдың бізді қашан жалмап әкетері бір Жаратқанға ғана мәлім. Соғыс ше?.. Оның алдын алу, болдырмау өз қолымызда емес пе? Жер бетін жалмап, аузын айдаһарша ашып, әлемге алақұйын жалын шашып, жан біткенді жоюға жанталасқан азапты қырғын – екінші дүниежүзілік соғыс. Соғыс жайлы сөз болғанда еріксіз терең ойға батамыз. Сондағы ең алғаш көз алдымызға келетін көрініс: танк пен қарудың құлақ тесер шуылы, бала-шаға мен қатын-қалаштың ауыр зары, ерлердің майданда селдей аққан қаны мен күйреп біткен шаңырақ... Осы ауыр да азап көрініс көз алдымыздан кетіп, мұңға толы естелікке айналған шақта, көп арам шөптің ішін жарып өскен ақ уызды гүл секілді, сол мұңға толы жылдардағы езуімізге күлкі үйіретін жайт – ата-баба жеңісі... Ұлтымыздың, біздің жеңісіміз! Әр еске алған сайын ерекше күйге бөлейтін, жаннан қымбат тәуелсіздігіміздің қайнар көзі болған «Жеңіс күніне», міне, биыл 71 жыл толмақ......