"Алматы аруы" Фарида Мәлік "Мисс Бикини СНГ" атағын жеңіп алды

"Алматы аруы-2012" Фарида Мәлік өткен аптада Ыстықкөл жағалауында өткен халықаралық сұлулар байқауында "Мисс Бикини СНГ" атағын жеңіп алды, деп хабарайды Tengrinews.kz.

Фарида демеушілердің қолынан тәж бен сыйлықтар алып қана қоймай, 2013 жылы Грецияда өтетін Miss Fashion TV World халықаралық байқауына да қатысуға мүмкіндік алды.

"Өте бақыттымын, Грециядағы байқауға жолдаманы жеңіп алғаныма сене алар емеспін. Байқау соңында үш қатысушы қалды, Қырғызстаннан келген қыз бас жүлдені жеңіп алады деп ойладым. Кейіннен қазылар алқасы менің атымды атағанда, қуаныштан жылап жібердім", - дейді Фарида Мәлік.

Бірінші вице-мисс атағын Қырғызстандық Дарья Лебедева жеңіп алды, ал екінші вице-мисс атағы оның отандасы Таттыбюбю Самидинқызына бұйырды. Дарья Миронова "Ыстықкөлдің Інжу сұлуы" және Алматылық Сабина Әділқұлова "Азия сұлуы-2013" атағын жеңіп алды.

Ал Ресейлік Ксения Ясакова "Көрермендер көзайымына" бөленді. Ақтық сын төрт кезең бойынша өтті. Байқауға қатысушылар ұлттық киімде, той-жиында киетін киімде және күнделікті өмірде киетін киімде шығып, сән көрсетті. Байқауға ТМД мемлекеттерінен жалпы саны 14 қыз қатысты.

Жаңалықтар
Толық

АқМешіт

Тарих тереңіне үңілсек, ата-бабаларымыздан ескерткіш болып қалған мәдени орындар баршылық. Бүгінде Қызылорда атауымен Қазақстанның ірі қалаларының біріне айналған Ақмешіт – көне бекініс орны. Ол осы Қызылорда қаласының орнында болған. Бекіністі, А.И.Добросмысловтың дәлелдеуі бойынша, 1817 жылы Қоқан ханы Омархан салғызған. Бекіністің жобасы шаршы болған, әр қабырғасы 110 м, саз балшықтан тұрғызылған. Іргелерінің қалыңдығы 10,5 м, жоғарғы жағы 4,36 м, биіктігі 12 м болған. Қабырғаларының жоғарғы жағында оқ атуға ыңғайлы ойықтар жасалған. Бекіністің сырт жағынан ені 10 м ор қазылған және ордың алдынан қорғаныс қабырғаларының 2 қатары тұрғызылған. Бекініс ішінде саз балшықтан салынған 50-ге жуық үй, екі мешіт, медресе, оқ-дәрі қоймалары, құдықтар болған.....
Шығармалар
Толық

Биология | Жоңышқа

Жоңышқа (Medіcaqo) – бұршақ тұқымдасына жататын бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдік. Еуропа, Азия және Африкада өсетін 100-ге жуық түрі бар. Кәдімгі Жоңышқа (M. satіva), сарбас Жоңышқа (M. falcata), көк Жоңышқа (M. caerulea), т.б. кең таралған. Қазақстанда 18 түрі өседі. Сабағы тарамданған, бұтақты түп құрады, биіктігі 40 – 80 см. Жапырағы үш құлақты, ұзынша келген. Гүлшоғыры – көп.....
Рефераттар
Толық

Биология | Дәрумен (Витамин)

Дәрумен (Витамин)– адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың организміндегі зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар. Витамин (латынша vіta – тіршілік) туралы ілімнің негізін 1880 жылы орыс дәрігері Николай Лунин салды. 1912 жылы поляк дәрігері Казимеж Функ сол....
Рефераттар
Толық

География | Гейзерлер

Гейзерлер — жер астынан мезгіл-мезгіл фонтан тәрізді атқылап шығатын ыстық бұлақтар. Гейзер Камчатка түбегінде (Ресей), Исландияда, АҚШ-тағы Йеллоустон ұлт паркінде, Калифорнияда, Канадада, Қытайда, Жаңа Зеландияның.....
Рефераттар
Толық

Сәбіз

Сәбіз (лат. Daucus) - Барлық жерде өседі. Азықтық және асханалық сорттары бар. Асханалық сорты онша ірі емес, тамыр жемісі жұмсақ , қантты. Асханалық сорттарының ең таңдаулысы Нантская 4, Витаминная 6, Лосиноостровская ІЗ. Сәбіз республиканың көпшілік облыстарында өсіріледі. Оның егіс көлемі 5 мың гектарға жуық . Гектарынан 120 ңентнерден өнім алынады. Қазақстанда аудандастырылған негізгі сорттары: Бирючекутская 414, Витаминная 6, Консервная, Мирзои сарысы 304, Мирзои қызылы 228, Нантская 4, Шантанэ 2461. Жаңа жиналған сәбіз — құнарлы тағам. Адам организмінде тез арада А витаминіне айналатын каротин қ ұрамы (6—9 мг %), басқа көкөністердегіден көп. Әсіресе балаларға.....

Рефераттар
Толық

Биология | Асқабақ

Асқабақ — асқабақтар тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Асқабақтың отаны Солтүстік және Оңтүстік Америка. Ол жерлерде Асқабақ б.з.б. 3 мың жыл бұрын егіле бастаған. Асқабақтың 20 түрі белгілі. Қазақстанда Асқабақтың кәдімгі Асқабақ (С. реро), мускатты (С. moschata) және ірі Асқабақ (С. maxіma) деген түрлері мен «Волгалық сұр-92», «Мозолеевская-10», «Қашғарлық-1644» сорттары.....
Рефераттар
Толық

Биология | Қияр

Қияр — (лат. Cucumis sativus ) — асқабақ тұқымдасына жататын бір жылдық көкөніс дақылы. Жарық, ылғалды және жылы жерлерде жақсы өседі. Суыққа төзімсіз. Сабағы жатаған не өрмелегіш, бес қырлы, ұзындығы 1,5 м-дей. Жапырағы кезектесіп орналасқан, ұзын сағақты, түкті. Гүлі сары, дара жынысты. Жемісі — қияр. Қиярды үзіп алысымен де, кейін.....
Рефераттар
Толық

Қазақ тілі |Метафора

Метафораның (ауыс мағыналы не әсірелеу мағынасындағы сөз-дің) ен, көп қолданылатын жері — публицистикалық стиль мен әсі-ресе көркем әдебиет стилі. Сөздің метафоралық мағынасы шешен-дік сарындағы өсиет өлендерден, мақал-мәтелден, айтыс жырла-рынан, қиссалардан, жұмбақ пен жаңылтпаштардан.....
Рефераттар
Толық