Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау – мәдениет Сабақтың тақырыбы: Әлемдегі ең танымал әлеуметтік желі Оқыту мақсаттары: А3. Ауызша мәтіндер құрауда екпін түрлерін сөз және сөйлем ішінде орынды қолданып айту. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың барлығы: Екпін түрлерін ажырата алады. Оқушылардың көпшілігі: мәтін құрауда екпін түрлерін сөз және сөйлем ішінде орынды қолданып айтады. Оқушылардың кейбірі: мәтін құрауда екпін түрлерін сөз және сөйлем ішінде орынды қолдануда өз ойын көркемдегіш құралдар арқылы жеткізеді......
Бүкіләлемдік көрме немесе Экспо(Expo) –техникалық және технологиялық табыстарды көрсететін ашық алаң және индустриаландыру символы болып келетін халықаралық көрме. Халықаралық көрме 3-жылда бір рет болады. Бірінші дүниежүзілік көрме 1851 жылы принц Альберттің бастамасымен Лондндегі Гайд-саябағында өткізілді .Көрменің негізгі ғажайыбы Хрусталь сарайы болды ,оның авторы Джозоф Пакстон сарайды әйнек пен темірден жасады.....
Қазақстан Республикасы үшін экономикалық дамудың қазіргі жағдайларында болашақ дамудың: көші-қонның теріс ықпалы үнемі өсіп отырған дамушы елдің шаруашылық жүйесінен бастап, көші-қон үдерістері жалпы дамуға жағымсыз әсерін тигізе алмайтын қуатты жаңа мемлекетке айналуға дейінгі кең спектрі бар. Оның үстіне мұндай таңдау — республика халқының саны ұлттық экономикалық қауіпсіздікке қауіп төндіретін шекке дейін азаятындай дәрежеге дейін төмендеуі мүмкін. Сонымен қатар, қазіргі заманғы экономиканың жоғары қарқынмен өзгерулері жағдайында болып жатқан оқиғаларда бірқатар елдердің түпкілікті емес халықтың саны басым болған мемлекетке айналу қаупінің шындыққа айналып келе жатқанын байқауға болады. Соған орай көші-қон үдерістеріне байланысты мәселелерді жүйелі тұғырнамалық талдап-зерделеудің қажеттігі мәселесі алға шығады. Әрине, көші-қон үдерістерін зерттеулер жүргізілуде, алайда олардың ауқымы жеткіліксіз және өзара байланыстырылмаған. Олар негізінен көші-қонның ең кең тараған көріністерін зерттеуге бағытталған. Көші-қонның осындай аспектілерінің бірі еңбек миграциясы болып табылады, оның үстіне көп жағдайда мұндай зерттеулердің нәтижесі дамыған индустриялық дәуірден соңғы елдер үшін дұрыс болып табылатын тұжырымдамаларды қайталайды. Бұл жағдайда әңгіме осы құбылыстың себептері жөнінде болып отыр — басты себеп ретінде жалақының төмен болуы көрсетілуде. Мұндай көзқарас мәселені тым қарабайырландырып жібереді, себебі, бұл жағдайда өндірістің типтері мен қозғаушы күштерінің модельдерінен бастап экономикалық дамудың мақсаты мен құралдарына дейінгі экономиканың барлық құрам бөліктерінің іс жүзіндегі өзгерулеріне байланысты туындайтын өтпелі экономиканың заңдылықтары есепке алынбайды. Бұл жағдайларда өздігінен алғанда жалақы деңгейінің көші-
Біз халықтың миграциясын еңбек бөлінісінің ең алдымен өндіріс саласына, иелену, меншікке алу салаларына қатысты екенін басшылыққа ала отырып, әлеуметтік-экономикалық категория ретінде қарастырамыз. Адамдардың өндірістік өзара әрекеттесуімен байланысты болған миграциялық үдерістердің нәтижесінде меншік мәселелері басшылыққа алынады — адамдардың еңбек бөлінісімен шартталған іс-әрекетінің нәтижесінде жасалатын қоғамдық байлықты иелену көзделеді. Әрине, адамдардың мұндай қозғалыстарында әрдайым экономикалық және әлеуметтік мүдделердің қатысы болады, бұның өзі халықтың көшіп-қонуға ниеттенуінің негізгі өзегі болып табылады. Егер, тіпті көшіп-қонудың себебі отбасылық жағдайлар немесе кәсіби мүмкіндіктерін жүзеге асырудың үлкен мүмкіндіктері, я болмаса қолайлырақ табиғи-климаттық жағдайлар, әлде ұлтаралық қақтығыстар болған күннің өзінде миграциялық үдерістердің қалыптасуының түпкілікті себептерін талдап-зерделейтін болсақ, оның негізінде ең алдымен әлеуметтік-экономикалық мүдделер жатқанын көрер едік. ....
Қазақстан Республикасының әлеуметтік экономикалық жағдайын жақсарту, экономикалық дағдарыстан шығу мемлекеттік тұрғыдан бақыланып отырылатын мәселелер арасында күн тәртібінде бірінші кезекте қойылып отыр. Бұған ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан 2030» атты стратегиялық бағдарламасында «Еліміздің экономикалық саясатының бірден- бір басымды бағыты шағын және орта бизнесті дамыту»- деп атап көрсетуі дәлел бола алады. Сондықтан да кәсіпкерлікті еліміздің шаруашылық қызметін жандандырған күш деп білу қажет. Шағын және орташа бизнесті дамытуға мемлекеттік тұрғыдан көп көңіл бөлінуіне байланысты елімізде күннен- күнге бухгалтерлік есеп және аудит мамандығына деген сұранысты арттыруда. Әрине олардың кәсіпкерлік шаруашылығын дамытуға қосатын үлесі мен жасайтын қызметі елеулі де, әрі тиімді. Сонымен қатар қазіргі таңда халықаралық стандартқа көшу барысында бухгалтерлік есеп және аудит жұмысына қойылатын талап өте күрделі. Экономиканың қай саласындағы болмасын кәсіпорындар мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүдделі. Бұл орайда ұйымдардың шаруашылық материалдық құндылықтарын, ақшаларын сондай- ақ басқа да ресурстарын тиімсіз жұмсауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша атап өтуге болады. Осы жоғарыда айтылғандарды дұрыс жүргізу үшін кәсіпорындардағы еңбек құралдарының атқаратын ролі ерекше. Жаңа үлгідегі, сапасы жоғары еңбек құралдары болмайынша кәсіпорынның айтарлықтай жетістікке жетуі мүмкін емес. Сондықтан «Негізгі құралдардың қозғалысының есебі және аудиті» тақырыбы бүгінгі күн талабына сай тақырып болып табылады.....
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен елімізде жалақы, зейнетақы және жәрдемақы көлемі өсті деп хабарлайды Премьер-министрдің сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Қазіргі таңда әлеуметтік желі күн сайын даму үстінде.Әлеуметтік желінің адамдар өмірінде алар орны ерекше.Жақсыларды жағалап,асыл уақытты бағалап жүргенге не жетсін,шыны керек өміріміздің 90 пайызын әлеуметтік желіге арнап жүрміз,тіпті интернетте еңбектеген баладан,еңкейген қартқа дейін отырады десекте артық етпес. Интернет – әлдекімге ойына келгенін жүзеге асыратын қару, әлдекімге білім мен ғылымды дамытудың басты құралы.Кейбірі дұрыс жағына....
Азаматтық айналымда және әлеуметтік проблемеларды шешуге уақыт факторы маңызды рөл атқарады. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгеруі немесе тоқтатылуы заңда, мәміледе немесе сотта көзделген әрекеттерді немесе әрекетсіздікті жасау қажет болатын уақыт кезеңіне немесе уақыт мезетіне байланысты болады. Басталуы немесе өтуі белгілі бір құқықтық салдар туғызатын уақыт кезеңі немесе уақыт мезеті азаматтық құқықты мерзім – деп аталыды. Мерзімнің маңызы - оның басталуына немесе өтуіне белгілі бір заңдық салдар байланысты болады. Мерзім азаматтық айналымды реттейді, оның қатысушыларын тәртіпке келтіреді; азаматтық құқықтың әр түрлі субъектілерінің құқықтарын мен міндеттерін дер кезінде қорғауды қамтамасыз етеді. Өзінің заңдық табиғаты бойынша мерзім –бұл заңдық факт, заң онымен белгілі бір заңдық салдардың тууы байланыстырады. Құқық теориясы курсынан білетініміздей, заңдық фактілер, өз кезегінде оқиғаларға және әрекеттерге бөлінеді.Мерзімді, әдетте, оқиғалар санатына жатқызады, өйткені мерзімнің басталуы немесе өтуі объективтік сипатта, яғни азаматтық құқықтық субъектілерінің еркіне тәуелсізсипатта болады. Брақ заң әдебиеттеріндегі келесі көзқарас бойынша, мерзім оларды оқиғаларға да, әрекеттерге де жатқызуға болмайтын ерекше, дербес заңдық фактілер санаты болып табылады. ....
Салық жүйесінің мазмұнын айқындау үшін салық жүйелерінің қалыптасу мәселелерін қарастырудың әртүрлі тәсілдерін салыстыру қажет. Көптеген авторлар салық салудың функционалды құрамын салық жүйелерінің концептуалды модельдерінде ашады. Салық жүйелерінің концептуалды модельдерінің маңызды сипаттамалар салық салудың мәселелерін шешудегі үш әртүрлі бағыттарын бөлуге мүмкіндік беріп отыр. Нарық экономикасына мемлекеттік араласуына қатынасын анықтайтын әлеуметтік-экономикалық процесстерін реттеу критериясына сәйкес бірігей тәсіл ретінде неоклассикалық бағыттағы өкілдері ұсынатын салық жүйесін құрудағы нарықтық өзін-өзі реттеу принциптерін біріктіруге болады. Екінші тәсіл нарық экономикасының қызмет етуінің негізгі параметрлерін мемлекеттік реттеу приоритетіне негізделеді. Дәстүрлі тәсілдерінің негізгі кемшілігі мемлекеттің рөлін біржақты талдауына бағытталуы болып табылады. Жиырмасыншы жүзжылдығының 90-жылдарының басынан бастап экономикалық және әкімшілік ықпал ету механизмінің бірігуіне негізделген тұрақты дамуының теориясы дами бастады. Мұндай ұтымды өзарақатынасын іздеуі салықтық аясын реттеудің жетілдірудің негізгі міндеттерінінің бірі болып табылады. Бұл міндет техникалық және ұйымдастыру жағынан да өте күрделі болып келеді, себебі бір жағынан, әлеуметтік және экономикалық бағдармалар мен жобаларды мемлекеттік қаржыландыру мен инвестициялауды ұлғайтудың объективті қажеттілігі бар, ал екінші жағынан- табыстарының көздерінің шектеулігі орын табады. Салық салудың мәселелерін шешудегі дамуының бағыттарын бөлу критериясына сәйкес салық жүйелерінің функционалдық көлемділігін анықтауына маңызды мән берілген. Тауар-ақша қатынастарының дамыған сайын салық жүйесінің функцияларының құрылымы мен олардың өзара қатынасы өзгерді. Неоклассикалық өкілдерінің көзқарастарының негізінде салықтардың роліне мемлекеттік бюджеттің табыс көзі ретіндегі мәні жатады. Яғни мемлекеттік қазынаның қажеттіліктерін қанағаттандыру немесе фискалдық функцияның орындалуы қарастырылады. Ал неокейнсиандық бағытының өкілдерімемлекеттік реттеудің макроэкономикалық бағытын негіздеді және ұдайы өндіріс процессінде салықтардың рөлі мен функциялары туралы ойларды дамытты.....
Салықтар нарықты экономиканы реттеудің ең тиімді нысаны болып табылады. Салық негізінде құрылатын мемлекеттік бюджеттің кірісіне қарай, мемлекеттің кәсіпкерлікпен айналысуының және әлеуметтік-кепілдік қызметінің мүмкіндігі болады. Салық мөлшерімен заңды құқы бар мекемелер мен жеке адамдардың кәсіпкерлік белсенділігі, төлем қабілеті бар сұраным көлемі реттеледі. Салық саясаты аса нәзік және күрделі аспап, ол жеңілдіктер мен жазалау шаралары арқылы шаруашылық қызметтің барлық жақтарына нысаналы түрде әсер етеді. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде салықтардың тізімі бірнеше бетке сыйып кете алады, ал жеңілдіктер мен жазалау шаралары, оларды пайдалануға түсініктемелер тұтас томдарды алып жатады. Экономикалық мазмұны жағынан салықтар дегеніміз –мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардың белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдері. Табыстардың әр түрлі нысандарының салық көздері мыналар болып табылады: пайда, процент, жалақы, дивиденд, рента, т.б. Салық салудың мынадай негізгі принциптері бар:а) азаматтар салықты мемлекеттен алатын игіліктерге пропорционалды төлеу керек; б) салықтар табыстың мөлшерінен, салық төлеушілердің тұрмыс халінің дәрежесінен тәуелді болуы керек. Салықтар шаруашылық субъектілердің, жеке тұлғалардың, мемлекет пен екі арадағы мемлекет арқылы жүзеге асырылады. Салықтың экономикалық мәні мынада: Салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықаралық табыстардың қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықаралық табыстың белгілі бір мөлшері мемлекет үлесіне жинақтап жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді. Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болған және мемлекет бірге өмір сүріп дамуының негізі болған. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашанда болса салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қалыптасады. Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет.Салықтар мемлекеттің тұрақты қаржы көздері болып табылады. ....