Пән: География Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғи ресурстар Сабақтың тақырыбы: Экономикалық дамудағы әлемдік тәжірибе №2 Оқу мақсаты: 10.4.1.12 дүниежүзі елдерінің экономикалық даму стратегияларына баға беру (қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде).....
Пән: География Ұзақ мерзімдік жоспардағы тарау: Геоэкономика негіздері Сабақтың тақырыбы: Экономикалық дамудағы әлемдік тәжірибе №1 Оқу мақсаты: 10.4.1.12 дүниежүзі елдерінің экономикалық даму стратегияларына баға беру (қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде).....
Әлемдiк нарықтың қазiргi жағдайы халықаралық сарапшыларды шынымен алаңдатып отыр. АҚШ Федералдық қор жүйесiнiң бұрынғы жетекшiсi Алан Гринспен: «Бүгiнгi дағдарыс – ХХ ғасырдың ең күштi қаржылық дағдарысы» деп мәлiмдедi. Кезiнде инвесторлардың көзiн қызықтырып, активтердiң бiрiнен кейiн бiрiн сатып алуға жетелеген қомағайлықтың соңы байлардың қолындағы барынан айырылып қалу қаупiне ұласқан. Дүниежүзiлiк нарықттағы ахуалды 1987 және 1998 жылдардағы дағдарыстармен салыстырған Гринспен 1837 және 1907 жылдардағы банк саласындағы қиын кезеңдi еске алды. Жалпы халықаралық қор нарығындағы жағымсыз жайттар Американың ипотека нарығындағы ахуалмен тығыз байланысты. Ипотекалық делдалдардың төлемдердiң уақытылы өтелмеуiнен есi шықты. Қаржыларының басым бөлiгiн ипотекаға қатысты құнды қағаздарға салған қорлар құлдыраудың шарықтау шегiне жеттi. Ең сорақысы, америкалық ипотекалық дағдарыс барлық халықаралық сауда алаңдарына кесiрiн тигiздi: Ұлыбритания, Франция, Германия мен Азия елдерiнiң биржалық индекстерi күрт төмендедi. Iрi инвесторлар банкротқа ұшырамас үшiн ресейлiк активтерге салған ақшаларын қайтарып алып, америкалық қазыналық қағаздарға ауыстыра бастады. 1987 жылдың 19 қазанында АҚШ-тың негiзгi қор индикаторы Лоу Джонестiң көрсеткiшi 22,6 пайызға бiр-ақ төмендегенде «жаңбыр жаумай жатып су болған» инвесторлар байбаламға басқан едi. Осының салдарынан еуропалық және азиялық биржалар күтпеген жерден төменге қарай құлдилап, гонконгтық биржа 1 апта бойы жұмыс iстеген жоқ. Алайда, қаржылық дағдарысқа Жапония ғана селт етпедi. Сарапшылар пiкiрiнше, сол кездегi дағдарыстың тарихи маңызы, бүкiләлемдiк экономикалық және қаржылық билiк Американың қолынан Жапонияға өттi. Қазiрдiң өзiнде жапондар тұтынудан гөрi өндiруге көңiл бөлсе, АҚШ керiсiнше, өндiруден гөрi тұтынуға ден қойған. Сондықтан Жапония шет мемлекеттердегi активтерiн үстемелей түсiп, Америка қарызға белшеден батқан үстiне батты. Алайда, көп кешiкпей жапондар да сазға отырды. Өйткенi, 1998 жылғы дағдарыс азиялық қор нарығындағы құлдыраулардан басталған болатын. 1997 жылдың күзiнде Таиланд пен Гонконгтың қор нарығында орын алған тұрақсыздық 1998 жылғы дағдарысқа ұласып, Жапония, Индонезия мен Оңтүстiк Кореяның қор нарығына керi әсер еткен. Сол жылы Ресей ГКО бойынша дефолт жариялады. Орыстардың ұлттық валютасы – рубльдiң бағамы күрт төмендеп, Ресейдегi шетелдiк инвесторлар орыстардан сырт айналды. Бiрақ әлемдiк нарықтағы мұнай мен газ, металл бағаларының өсуi инвесторларды орыстармен қайта «қауыштырды». Үстiмiздегi жылы халықаралық қор қайтадан қиын кезеңдi басынан өткере бастады. Сарапшылар пiкiрiнше, Американың ипотекалық дағдарысы қытайлық экономиканың өсу қарқынына кесiрiн тигiзуi мүмкiн. Ал, бұл әлемдiк нарықтағы шикiзат бағасының төмендеуiне ықпал етпек. ....
Менің ойымша «Жалпы жертану – біртұтас жүйе болып табылатын географиялық қабықша туралы теория , материяның дамуы туралы географиялық және басқа ақпараттардың негізі . Сондықтан « Жалпы жертанудың»теориялық тұжырымдары салалық географиялық талдаудың методологиялық негізі болып табылады . Болашақ мамандардың географиялық дүние- танымына негіз қалайды . «Жалпы жертану» пәніндегі географиялық дүние таным біртұтастығымен сиппатталады: табиғи құбылыстар мен процестер бір –бірімен ғана емес қоршаған ортамен де тығыз жүйелік байланыста қарастырылады . «Жалпы жертану» глобальды экологияның теориялық базасы болып табылады , өйткені тірі организімдер мен адам баласы өмір сүріп отырған ортаның экология- лық қауіпсіздігін қамтамсыз ету мақсатында географиялық қабықшаның қазіргі күйін , оның болашақта өзгеру бағытын анықтауға ат салысады . Глобальды өзгерістерлі зерттеудегі негізгі мақсат : Жер системасының дамуына әсер ететін физикалық , химиялық және биологиялық процестердің қарым- қатынасын анықтау , оған ғылыми тұрғыдан баға беру . Біртұтас жүйе – географиялық қабықша ( комплекстік геосфера , эпигиосфера ) ілімі соңғы уақытта космостық ізденістердің , эволюциялық географияның , Палеогеографияның мәліметтерімен толығуда . Сондықтан (Жалпы жертанудың» ғылыми бағыты фундаментальды физгеографиялық заңдылықтарды зерттеуден планетарлық масштабта табиғи – антропогендік ортаны тиімді пайдалану , апатты табиғи құбылыстар мен процестерді болжау және онымен күресе білуге бағытталған . Біртұтас географиялық қабықша біртекті емес , оның құрлысы да күрделі . Әсіресе , барлық қабықшалардың түйісу орталығы күрделігімен ерекшелінеді . Мұнда географиялық қабықшаның жекеленген компоненттердің -топырақ және тірі организімдердің кеңістікте әртүрлі таралуы мен дамуы нәтижесінде әртүрлі деңгейдегі табиғи – территориялық комплекстер дамиды . Сонымен , «Жалпы жертану» географиялық қабықтың жалпы заңдылықтарын дамуын , оның жекелеген компонеттері мен комплекстерінің кеңістік пен уақыт аралығында өзгеруін , қазіргі табиғи – антропогендік комплекстердің болашақта дамуын зерттейтін ғылыми сала . Сондықтан қарапайым деңгейдегі де табиғи комплекстердің дамуын , динамикалық ерекшелігін және кіші табиғи-антропогендік комплекстерге баға беріп , болжау үшін планетарлық географиялық заңдылықтар-ды білу міндетті . Адамдар Жердің шар тәрізді екендігін дәлелдеу үшін мыңдаған жыл уақытын сарп етті . Тек ХV ғасырда ғана бұлжытпас деректердің алдында ақыры Жердің жұмыр екендігі мойындалды . Сөйтіп барлық елдердің оқушылары өз планетасын жұмыр глобус арқылы оқып , зерттей бастады . Шын мәнінде Жер дұп- дұрыс шар емес . Оның нақты формасын айқындау үшін ғалымдар көп күш –жігер жұмсады . Қандай тәсілдер қолданылмады десеңші ! Сонда да біздің планетамыздың формасын дәлме- дәл белгілеу әлі қолдан келген емес . Ал мұның өзі білімнің көптеген салалары жөніндегі мамандар үшін өте маңызды . Сөйтіп , біздің Жеріміз – полюстар тұсында ішке қарай басыңқы үлкен шар – ғалымдар осындай пікірге келіп отыр . Бірақ Жердің үсті теп- тегіс емес . Бір жерлерде таулар аспанмен таласса , басқа бір жерде жазықтар көсіліп жатады , енді бір жерді ойпаңдар алып жатады . Егер жер бетінің бүкіл ойлы- қырлы бедерін ескеретін болсақ , Жердің формасы аса күрделі болып шығар еді . Сондықтан оны тіпті ең күрделі математикалық теңдеулермен бейнелеп беру мүмкін емес . Сондықтан Жердің беті деп материк астымен ойша жүргізілген су айдынын алуға ұйғарылған . Мұндай фигура «геоид» деп атайды . «Геоид» сөзін ғалымдар Жердің пішінін белгілеу үшін әдейі ойлап тапқан . Оны белгілі ғалым Листинг ұсынған . Бұл сөздің ешқандай геометриялық мағынасы жоқ. Оны тура аударсақ «Жер бейнесіндегі дене» дегенді білдіреді . Жердің радиусы шамамен 6 мың километрге тең . Глобустың радиусы одан миллион есе кіші . Сөйтіп Жердің полярлық және экваторлық радиустарының арасындағы 21 км айырма глобуста милиметрдің бөлігіне айналады . Бұл айырмашылықты глобуста бейнелеп көрсетудің ешқандай мүмкіндігі жоқ екені түсінікті де . Сондықтан глобусты жер шарының моделі деп атайды . Оның бетінде материк- тер , мухиттар , аралдар , түбектер біздің планетамыздың үстіңгі беті кішірейтілген түрінде бейнеленген . ....
Жер шарының шамамен 3/4 бөлігін үздіксіз шетсіз-шексіз су қабаты - әлемдік мұхит алып жатыр. Құрлықтар арасында орналасқан, көлемі үлкен, өзіндік жеке су мен атмосфера айналымы бар, айтарлықтай гидрологиялық режимімен ерекшеленетін әлемдік мұхиттың бөліктерін мұхит дейміз. Мұхиттар теңіздерге, шығанақтарға және бұғаздарға бөлінеді. Дүние жүзілік мұхиттың құрлықпен салыстырғандағы ауданы Мұхит - 70,80% Құрлық – 29,2 % Дүниежүзілік мұхиттың ауданы Тынық мұхит – 49,8% Үнді мұхит – 20,8% Атлант мұхит – 25,8% Солтүстік мұзды мұхит – 3,6%
Дүние жүзілік мұхит сулары тереңдеген сайын, өзінің табиғаты мен тіршілік дүниесінің құпияларымен адамзатты әлі де таңғалдыруда. Олардың ғажайып сыры әлі күнге дейін толық ашылған жоқ. Мұхиттардың терең тұңғиықтарын зерттеу барысында қазірдің өзінде ғылымға белгісіз тірі жәндіктер табылуда. Мұхит суында қажетті қолайлы жағдайлар мен қоректік заттар жеткілікті. Сондықтан мұхит суының барлық бөліктерінде де тіршілік дамыған. Тіпті тіршілік дүниесі тереңдігі 11022 м болатын Мариан шұңғымасында да, жаңа жер қыртысы түзіліп, ыстық магма шығып жататын жарықтар да, температурасы мен қысымы өте жоғары аудандарда да кездеседі. Мұхиттардағы тіршілік жағдайлары полюстен экваторға және су бетіне тереңдікке қарай өзгеріп отырады. Мұхиттың өсімдіктер дүниесі көзге көрінбейтін бактериялар, бір жасушалы өсімдіктер мен ұзындығы 200 м дейін жететін теңіз балдырларынан тұрады. Жануарлардан көзге көрінбейтін ұсақ жәндіктерден бастап, салмағы 160 тоннаға жететін алып киттер тіршілік етеді. Мұхиттағы тіршілік ұзақ геологиялық уақыт аралығында су массаларының қасиеттерін өзгертіп отырады. Судағы жасыл өсімдіктер бөліп шығарған оттегінің мөлшері артып, оның артық мөлшері ауаға шығу арқылы атмосфера құрамын өзгертеді. Ауадағы оттегі мөлшерінің көбеюі теңіздегі тіршілік дүниесінің бірітіндеп құрлыққа шығып, тіршілік етуіне мүмкіндік береді. Сондықтан мұхитты Жер шарындағы «тіршілік бесігі» деп атайды. Мұхиттағы тіршілік аймақтарына судың беткі қабаты мен оны құрайтын су массасы және мұхит түбі жатады. Мұхит тіршіліктің таралу географиялық ендікке байланысты. Температурасы төмен және поляр түні ұзаққа созылатын полярлық өңір сулары тіршілік дүниесіне кедей болады. Жазда екі жарты шардағы қоңыржай белдеудің суындағы тірі ағзалар жақсы өсіп, жетіледі. Бұл ағыстар мен күшті желдер әсерінен әр түрлі су массаларының араласуынан мұхит суларында қоректік заттар мен оттегі мөлшерінің артуы себеп болады. Сондықтан қоңыржай ендіктер алабы (40º-60º) дүние жүзілік мұхиттың балыққа ең бай аудандары болып табылады. ....
Нарық механизімді ең жалпы түрде экономикалық мәселелерін шешу мақсатында өндірушілер мен тұтынушылардың рынок арқылы өзара әрекет ететін шаруашылықты ұйымдастыру формасы деп аңықтауға болады. Яғни әлемдік нарық дегеніміз не? Басында әлемдік нарық дегенді әр түрлі тауарларды сатумен байланысты жұртқа жария ретінде түсіндірді. Қоғам дамыған сайын әлемдік нарық ұғымы да өзгеріп отырады. Қазіргі дамыған қоғамдар әлемдік нарық деген міндетті түрде сатушылар мен сатып алушылар кездесіп, келісім жасайтын орыне емес. Қазіргі заманда саудагерлер теледидар арқылы жарнама бере алады, сатып алушылармен тікелей байланыспай-ақ алыс-беріс жасаушылардың тапсырыстарын тгелефонмен жинап және тауарды почта арқылы жібере алады. Нарық-қоғамдық еңбек бөлінісі негізінде оқшауланған өндірушілердің арасындағы үстемдік етуші және аңықтаушы байланыс әдісі ретінде көрінеді. Тауар өндірісі хағдайында нарықтық байланыстар экономикалық қатынастардың барлық жүйесін және барлық субьектілерін қамтиды.Нарықтың құрамына өз жұмыс күшін сатушы кәсіпкерлер де, еңбнккерлер де соңғы тұтынушылар да қарыз капиталының және бағалы қағаздардың иелері де т.б кіреді.Осыған сәйкес, қазіргі әлемдік нарықтың экономика нарықтарының бүгінгі бір жүйесі тауар мен қызметтер,жұмыс күші қарыз капиталдарының, бағалы қағаздардың валюталық нарық және басқалары нарықтың әр түрлі түрлері толықтай басқа бөлімде қаралады. Алайда қандай нарық болсада оның нақты түріне байланыссыз, бәсекеге негізделеді. Нарықтың механизімінің осы негізгі элементтерінің талдап көрсетейік. Жоғарыда айтылғандай әрбір экономикалық жүйе етіп үш сұрақты шешу қажеттілігіне ұшырайды: Не өндіру керек? Қалай өндіру керек?кім үшін өндіру керек? Нарықтық экономикада бұл сұрақтар негізінде нарықтың көмекшісімен шешіледі(Баға, сұраныс пен ұсыныс, бәсеке механизімі арқылы).....
КІРІСПЕ Адамзат тарихтың шешуші кезеңінде. Қалыптасқан дамудың сипаты мен табиғат арасындағы қайшылықтар шегіне жетті. Осы бағытта одан ары қарай жүру ғаламдық опатқа әкеледі, сонда табиғат адамзатқа өзін қорлағаны үшін жауабын ғаламдық өзгерістермен – климаттың өзгеруімен, шөлдермен, жердің тақырлануымен, атмосферадан қауіпті ультракүлгін сәулелердің өтуімен, індеттермен және аштықпен береді. Табиғат пен оның объектілері (ауа, теңіздер, ормандар, жануарлар, космос, және т.б.) адамзаттың ортақ жетістігі болып табылады. Оның қорғалуы мен тиімді пайдалануында бүкіл әлемдік қауымдастық мүдделі. Табиғатты қорғау жене оның ресурстарын тиімді пайдалану – заманның жаһандық проблемасы. Бұл проблеманың шешілуінің негізгі шарттары: бүкіл әлемде бейбітшіліктің сақталуы және қарусыздандыру, мемлекеттер арасындағы сенімділік пен өзара түсінушілік; табиғатқа қатысты барлық мемлекеттердің бірдей саясат жүргізуі және өз территориясында табиғатты қорғаудың барлық шараларын қолға алуы, әсіресе табиғатты қорғау заңнамасының дамытылуы; БҰҰ шеңберінде және жергілікті негізде жүзеге асырылатын қоршаған ортаның халықаралық қорғауға арналған барлық акцияларға барлық мемлекеттердің белсенді қатысуы, табиғаттың жекелеген, нақты компонеттерін қорғауға арналған халықаралық келісімшарттардың құрылуы мен қабылдануы және қоршаған ортаны қорғаудың бірдей келісімшарттардың құрылуы мен қабылдануы – халықаралық экологиялық қауіпсіздіктің негізгі қайнар көзі ретінде. Қазіргі таңдағы орасан зор маңызды проблема – ол мемлекеттерді көп жақты әріптестікке қайта оралу қажеттілігіне сендіру.....
Курстық жұмыстың тақырыбы: "Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі және әлемдік практика." Менің бұл тақырыпты таңдау себебім, еліміздегі қаржы жүйесін зерттеу, құрылымын терең түсіну және қазіргі таңда бұл мәселе өте актуалды болып табылады. Болашақ қаржыгер ретінде, Республикамыздың тәуелсіздік алғаннан бергі жағдайын салыстыра келе қаржы жүйесінің өзгерісін білу. Біз білетіндей, 14 жыл ішінде тек қаржы жүйесінде ғана емес сонымен қатар, экономиканың басқа да секторлары елеулі түрде ілгері дамыды. Курстық жұмыс барысында, мен қаржы жүйесі жайлы біраз мағлұматтарды жаздым. Астана қаласындағы елбасы--- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 18 ақпанда халыққа арналған жолдауында қаржылық сектор жайлы үшінші бөлімде көрсетілген. Бұл бөлімшеде әлеуметтік-экономиканың дамуында қаржы жүйесінің маңызы зор болып табылатындығы көрсетілген. Қаржы секторын одан әрі дамыту үшін 2005-2007 жылдар аралығындағы бағдарламалар қадылданды. Ендігі біздің мақсатымыз білімімізді шыңдап, білікті маман болып шығу. Халықаралық стандарттарға сай болу арқылы қаржы жүйесін жетілдіру. Жалпы, қаржы жүйесінің қалыптасуына энономиканың даму деңгейі, жұмыспен қамтамассыз етілу деңгейі, халықтың қолындағы қаражаттар тікелей әсерін тигізеді. Сондықтан ең алдымен халықтың қал-ахуалын жақсартып, содан кейін жүйені қалыптастыру қажет. Сонымен қатар нормативті-құқықтық актілерді ретке келтіріп, заңдар енгізу өзекті болып отыр. Мен білетіндей 1995 жылдары еліміздің қаржылық жағдайы өте нашар болды. Ал қазір ол көрсеткіштер өзгерген. 2004 жылдың 10-шы маусымында шыққан газетке жүгінсек, парламент бюджетті 121 млрд теңгеге көбейтуді ұсынған және бұл жүзеге асқан. Бюджеттің кіріс бөлігі, оның ішінде ішкі өнім 18,4 пайызды құрайтын жаңа параметрлері 934,3 млрд теңге көлемінде, ал шығыс бөлігін бюджеттің 92,7 млрд теңге дефицитін сақтай отырып, яғни ішкі өнімнің 20,2 пайызы 1027 млрд теңгеге бекітуді көздеген. Бұл мәлімет біз үшін көз қуантарлық болып отыр. Біздің ендігі мақсатымыз осы даму деңгейін ары қарай жетілдіре отырып, халықаралық аренада тек жақсы жағымен көріне беру. Келешек мемлекетіміздің мамандары біз боламыз, сондықтан әрбір студент өзіне жүктелген міндеттерді сезіне отырып білім алса, біздің болашақ қаржы жүйесі жаман болмайды деп сенеміз. Әлемдік практиканы өз елімізге ендіре отырып, тек тиімді жақтарын алуға тырысу қажет. Қаржы жүйесі функцияларын дұрыс анықтап, дефицит деңгейін мейлінше төмендетіп, макроэкономикалық көрсеткіштерді ескере отырып әлемдік стандарттарға сүйену қажет.....