Педагогика | ШАҒЫН МЕКТЕПТЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ КӨКЕЙКЕСТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Кіріспе
Курстық жұмыстың мақсаты: Шағын мектептерде педагогикалық процестің маңыздылығын анықтау.
Кез келген қоғамның өсіп-өркендеуі, әлемдік өркениеттен өзіндік орнын алуы оның білім деңгейіне байланысты. Сондықтан Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап білім беру ісін реформалауға кірісті. «Білім туралы» Заң қабылданып, жалпы білім беру жүйесіне бағытталған тұжырымдамалар, мемлекеттік білім стандарты, бағдарламалар және төл оқулықтардың жазылуы - орта мектеп өміріне қатысты реформалардың жүргізіліп жатқандығының айқын куәсі.
Қазіргі кезде, яғни, өтпелі кезеңде өмір сүріп отырған республикамыз әлеуметтік-экономикалық дағдарысты басынан кешіруде. Бұл дағдарыс білім беру жүйесіне, әсіресе, ауыл мектептеріндегі білім сапасына кері әсерін тигізбей отырған жоқ. Бұрынғы ірі шаруашылықтар ұсақ кооператив, фермерлік шаруа қожалықтарына ұласуына байланысты ауыл тұрғындары жұмыссыздыққа ұшырап, қалалы жерлерге қоныс аударуда. Соның салдарынан орта мектептердің көпшілігі шағын жинақталған мектептерге айналды.
Соңғы алынған мәліметтер бойынша республикамызда жалпы орта білім беретін 8246 мектептің 3906-сы шағын жинақталған мектеп. Осы айтылып отырған «шағын жинақталған» мектепке мынадай түсінік беруімізге болады:
1) оқушы саны өте аз мектеп;
2) қатар оқитын сыныбы жоқ мектеп;
3) оқушы саны аз болғандықтан, әр деңгейдегі сынып оқушылары біріктірілген мектеп.....
Курстық жұмыстар
Толық

Бизнес | Шағын және орта бизнесті даму мәселелері

Кіріспе
Нарыққа негізінен миллиондаған айналымы бар корпорацияларға жол ашық, ал шағын кәсіпкерлік құрылымдардың кіруіне мүмкіндік жоқ деген пікірлер бар. Басты дәлел - шағын фирмалардың жақсы жетілген ірі компаниялармен бәсекелесе алмауы. Шын мәнінде, шағын бизнес бірнеше себептерге байланысты ірілермен сәтті бәсекелесе алады. Мысалға ірі кәсіпкорындар стратегиясын өзгерту үшін 6 жыл қажет етеді, ал жаңа стратегия еңгізу үшін 10 жыл және одан көп уақыт қажет етеді. Шағын фирмалар үшін бұл уақыт айтарлықтай азырақ - жарты жылдан 1 жылға дейін. Одан әрі, технологиялық жаңалықтар — бұл дәстүрлі түрде үлкен бизнес саласы деп саналатын, бірақ статистикаға қарасақ, 2-ші дүниежүзілік соғыстан кейін радикалды технологиялық жаңартпашылықтардың 95% шағын бизнес саласынан келуде. Басқа қайнар көздердегі мәліметтер бойынша ірі фирмаларға қарағанда, шағын фирмалар 24 есе көп жаңарпашылықтар мен ашылымдар жасауда. Сондықтан Европа Достастығында (ЕС) экономиканың жеке секторындағы 15,7 миллион кәсіпорындардың барлығы дерлік шағын және орта бизнес түрінде болуы кездейсоқтық емес. Шағын бизнес кәсіпорындары 70% жұмыс орындарымен (62 млн) қамтамасыз ете отырып, қоғамдастықтың дамуына айтарлықтай үлес қосты, статистикалық мәліметтер бойынша 16 млн. адам өздеріне және 46 млн. адам жалдамалы жұмысшы ретінде жұмыс істей бастады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНДА ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕСІ

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзнектілігі: Қазір халқымызда орта мектепті әрең бітіретін, зерделері таяз медицина тілімен «дебил» деп айдар тағылған балалар тым көбейіп кетті. Бұрынғыдай ауыздан шыққанды қағып алып, жатқа айтатын зерек ұрпақ мүлде азайып барады. Оның бірден бір себебі - арақ ішіп, шылым шегіп, апиын атудың нәтижесінде уланған ұрықтан екендігін ғылым баяғыда-ақ дәлелдеген.
Олай болса қоғамдық мәні аса зор бала тәрбиесінің алтын қазығы болып саналатын халық педагогикасының ғылыми негіздері мен жүйелерін анықтап алмаса болмайды.
Курстық жұмыстың мақсаты: Оқушыларды қоғамның белсенді және білімді азаматты етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау.
Курстық жұмыстың міндеті:
- Мұғалімнің сабағына қойылатын талаптарды анықтау
- Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүниетанымның қалыптасуының адамгершілік қасиеттерін, дүниетанымдылығын арттыру.
- Мұғалім еңбегінің шығармашылық сипатын анықтау.
Курстық жұмыстың өзектілігі
Бүгінгі таңда жаңаша жұмыс жасау, оқу мен тәрбие үрдісін жаңаша ұйымдастыру қажеттілігі туындап отыр. Ал егемен еліміздің дамуы мектеп жұмыс әдістерінің түбегейлі өзгеруінсіз, оның іс-әрекетінің жаңадан құрылуынсыз мүмкін емес. Өйткені бүгінгі бала-ертеңгі дарынды білімді, жастар тәуелсіздігімізді баянды етіп, қоғамдық әлеуметтік экономикалық дамуына үлес қоса алады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Философия | Философия тарихындағы адам мәселесі

Кіріспе.
Философия тарихындағы адам проблемасы.
Адам мәселесі философия ғылымымен құрдас десе де болады. Бұдан философияның өзі сонау көне замандағы ойшылдардың адам жөніндегі, оның дүниедегі атқаратын қызметі мен алатын орны жөніндегі ой-толғауларынан туғаны дәлел бола алады. Атақты философтар Платон мен Аристотель философиялық ойлардың психологиялық негізі адамның өзі түсінбейтін, түсіндіре алмайтын құбылыстарға ең алғаш таңдану, таңырқау сезімдерінде жатыр деп болжам жасады. /1./ Философияның мәселесі – бұл сананың, рухтың табиғатқа, материяға субъективтің (адамның) ішкі дүниесінің объективтікке (сыртқы дүниеге) қатынасы. Адамның сана-сезімі мен ақыл-ойының, тілі мен дүниетанымының және оны өзгерту қабілетінің өзін қоршаған ортаға қатынасы қандай, табиғат пен қоғамның адамға, оның ішкі дүниесіне тигізетін әсері қандай-осының бәрі философияның ең түбірлі және түбегейлі мәселелері болып табылады.
Философиядағы адам мәселесі (оның шығу тегі, мәні, табиғаты және қоғамдық өмірдегі ролі) фундаментальдық философиялық тақырыптардың бірі болып табылады.
Адамды философиялық тұрғыда түсінудің іргетасы осы қалыптасқан түсініктер, идеялар, образдар мен ұғымдар негізінде және қалыптаса бастаған философия мен мифология арасындағы сұхбат нәтижесінде қаланды. Дәл осылайша адам туралы алғашқы ілімдер ежелгі Шығыс елдерінде пайда болды. Адам туралы алғашқы идеялар философия пайда болғаннан көп уақыт бұрын айтыла бастады. Бұл туралы біздің заманымызға дейін жеткен мифтер (аңыз, әпсаналар) мен алғашқы қауымдық діни түсініктер мәлімет береді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Психология | Тұлға мәселесін теориялық тұрғыдан шолу

КІРІСПЕ
Бүгінгі таңда тұлға - психологиядағы ең өзекті мәселелерінің бірі болып саналады. Өйткені қоғамымыздың қарқынды әлеуметтік дамуы белсенді, жасампаз тұлғаны қалыптастыруға жоғарғы талап қояды. Ал қоғамның қазіргі жағдайында, елдің саяси, мәдени, әлеуметтік-экономикалық жақтарын жаңарту кезінде - жас ұрпақтың болашақта ізгі ниетті азамат болып дамуына олардың тұлғасының дұрыс қалыптасу үрдісі үлкен ықпалын тигізетіні сөзсіз. Сондықтан да тұлғаның теориялық зерттеулеріне, жалпы ұғымына сарапталған талдауларға зер салайық.
Тұлға - бұл қоғамдық-тарихи дамудың өнімі. Адамның қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орны, оның орындайтын іс-әрекеті -бұл оның тұлғасының қалыптасуын анықтайтын жағдайлар. Тұлғаның қалыптасуы адамның мінездемесі үшін маңызды орын алады, яғни оның мінез-кұлык пен іс-әрекетінің жоғары саналы формаларын қамтамасыз етіп, оның ақиқатқа байланысты барлық қарым-қатынастарының бірлігін құрайды.
Бұл көзқарас зерттеушілердің көпшілігіне негіз болып қаланды. Алайда, көптеген авторлар тұлға бағыттылығының мазмұнын (мотивтер мен қажеттіліктер, ұмтылу мен талаптану. бағдар және т.б.) түрліше қарастырады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Түркістан АКСР білім, ғылым мәселелері (1918-1924 жж.)

Кіріспе
Еліміз егемендік алып, ұмыт болған тарихымызбен қайта жүздесіп, шынай ы тарихты ашып, ақиқатты баяндауға, өткенімізді қайта саралауға мүмкіндік туып отыр. Тірлікке жаңа ұрпақ жетіліп келіп жатқан бұрынғы бар ұрпақтың өзі тағдыр мен тарихтың талай таразысынан қайта өтіп жатқан қазіргідей кезеңде тарихы көп бұрмаулаушылыққа ұшыраған, зерттелуі мырдымсыз тақырыптардың бірі Түркістан АКСР тарихы.
Қазіргі кезде тәуелсіз мемлекетке айналған Қазақ елі тарихын тереңнен танып білуге көмескі тұстарын қайта ашуға үлкен мүмкіндік туғызып отыр.
1917 жылдың 7 сәуірінде Уақытша үкіметтің Түркістан комитеті құрылды. Ал 1918 жылы сәуір айында РК ФСР құрамындағы Түркістан автаномияны кеңестік республшикасы құрылды. Аласапыран мол аса у ағыстарға толы ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі тілі мен діні бір буарылас түркі халықтарының ортақы мемлекеті Түркістан АКСР болды. Мұнда қазақ халқының елім деп еңіреген талай боздаұтары, бүкіл саналы ғұмырын Түркістан тарихын тулатуға жұмсалды. Олар Түркістан өлкесіде орын алған дүрбелең тұста, халыққа пана, елге ұйыиқы бола біледі. Өлкедегі әртүрлі экономикалық әлеуметтік, (білім, ғылым) мәдениет саласындағы еңсе езер қым қуат қиындықтар мен ауыртпалықтардан арылудың төтен жолы оқу-білімде халықты жаппай сауаттандыруда екенін сезінді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Тілдік қатынас мәселесіне байланысты қолданылатын терминдер жүйесі

Тілдік коммуникация туралы мәселені қарастырмастан бұрын, "коммуникация" немесе "коммуникативтік" терминдері қандай мағынаны білдіріп, қалай қолданылатындығы жөнінде айта кеткен жөн.
Қазақ тіл біліміне қатысты шыққан еңбектерде "коммуникатив" деген сөз алпысыншы жылдардан бастап кездеседі. Тілшілер кітаптарында бұл терминді тілдің қоғамдық-әлеуметтік қызметіне қатысты қолданғанмен, оның мән-мағынасына түсініктеме беріп, зерттеу жүргізе қойған жоқ.
1959 жылы шыққан казақ тілі сөздігінің бірінші томында "коммуиикация" сөзі берілмеген. Бұл сөздікте "коммуникациялық" деген сын есім көрсетіліп, оған қысқаша түсініктеме айтылған. Мысалы, "Коммуникациялық" — сын. Қатынастық, қарым-қатынастық.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі мен орыс тілінің түсіндірме сөздіктерінің арасында байланыс бар. Әсіресе ертеректе шыққан сөздіктерде "коммуникация" сөзінің мағыналары бірдей болып келеді.
С.И.Ожеговтың сөздігінде де екі сөзге түсініктеме беріліен. Мұнда "коммуникация"' сөзінің екі мағынасы көрсетілген. Соның екіншісі бұл терминнің тілге қатысты қолданылу ерекшелігін атап өтеді:....
Курстық жұмыстар
Толық

Ақтөбеде әкіммен кездесуге келген көпбалалы аналар шу шығарды (фото)

Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановтың есептік кездесуіне халық көп жиналды. Әкім өткен жылы жасалған жұмыстарды қорытындылап, биылғы жоспарымен таныстырды. Есептік кездесудің сұрақ-жауап бөлігі айқай-шумен өтті десе болды. Жоқшылықтан шаршаған аналар микрофонға таласып, жеке сұрақтарын айтқанда жылап жіберді деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.
Жаңалықтар
Толық

Экономика | ТАБЫСТАР ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫНДАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ

КІРІСПЕ
1. БӨЛУ ТЕОРИЯСЫ: ӨТКЕН МЕН БҮГІНГІ.
БӨЛУ ПРИНЦИПТЕРІНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ ҚӨЗҚАРАСТАРДЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
Бөлу коғаіущық ұдайы өндірістіц маңызды фазасы болып табылады. Белу қоғамцық ұдайы өндірістің фазасы ретінде өндіріс пен тутынудың арасывда болып, құбылыс түріңде өнімдерді бвлу міндетін атқарады.
Алайда, бөлуді жүзеге асыру үшін өнімді бөлуде мынау қажет: біріншіден, қоғам мүшелеріне өндіріс тұріне қарай белу, өнімді бөлу осы бөлудің нәтижесі болады.
Өнімді бөлу мәселесі ең өзекті мәселе болған жене бола береді. Себебі ол миллиондаған адамдар мүдделеріне әсер етеді. Оны зерттеуге кептеген экономикалық ойдың әртұрлі мектебі мен бағыттарының өкілдері қатьісқан. Олардын әрқайсысы дәуірдің сол кездегі және ертедегі ерекшелігіне қарай, өмірлік игіліктерді бөлудің әртұрлі принципін ұсынған. Мьісалы, еркін нарык теориясы («либерализм» мектебі) өкілдері - А. Смит мен Д. Рикардоньщ есептеуінше, жалақы негізін қалыптастырудың принципіне «өмір сүру қажетгілік деңгейі» алуды ұсынған.....
Курстық жұмыстар
Толық

Медицина | Медицинаның биохимиялық мәселелері

Кіріспе
Курстық жұмыстың көкейкестілігі. Биология - тіршілікті зерттейтін ғылым (биос – тіршілік, логос – білім). Биология ғылымы тіршіліктің барлық нысандарын жан-жақты, кең ауқымды зерттейді, яғни ол тірі ағзалардың және олардың табиғи қауымдастықтарының құрылысын, функциясының таралуын, шығу тегін, дамуын, олардың бір-бірімен және тірі ағзалармен өлі дүние арасындағы күрделі байланыстарды зерттейді.
Биология терминін 1802 жылы Ж.Ламарк және Г.Тревиранус бір мезгілде, бір-бірінен тәуелсіз енгізген болатын.
Биологиялық химия – тірі табиғат химиясы. Биохимия тірі табиғат организмдердің химиялық құрамын, тіршілікке қажетті қосылыстардың құрылысын, атқаратын қызметін, осы биополимерлердің синтезделу және ыдырау жолдарын, олардың әртүрлі организмдердің тіршілік процесінде өзгеріске ұшырауын зерттейді.....
Курстық жұмыстар
Толық