Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп өмірі. Сабақтың тақырыбы Әдептілік – әдемілік белгісі Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары А3. Ауызша мәтіндер құрауда қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуын, үндестік заңын ескеріп айту. Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар орындай алады: Қазақ тіліндегі төл дыбыстарды біледі Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Қазақ тілінің төл дыбыстарын қолданып, салыстыру жұмыстарын жүргізе алады Кейбір оқушылар орындай алады: Қазақ тіліндегі төл дыбыстарын үндестік заңына сай қолдана отырып Қожаның іс-әрекетіне баға береді....
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен Сабақ тақырыбы: Әлібек – әдепті бала № 3 Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 1.3 Тыңдаған аудио/бейнематериалдың мазмұнын түсіну 3.1.3.1* тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте толтыру/мазмұндау 4.5 Орфографиялық дағдыларды дамыту 3.4.5.1 жаңа сөздерді орфографиялық сөздіктерге сүйеніп дұрыс жазу. Сабақ мақсаттары: Оқушылардың барлығы: Тыңдаған материалдың мазмұнын түсінеді, жаңа сөздерді сөздіктерге сүйеніп дұрыс жазады. Оқушылардың көпшілігі: Тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, сюжеттің даму желісі бойынша кесте толтырады. Оқушылардың кейбірі: Тыңдаған мәтінді мазмұндайды, тақырыпқа қатысты өз пікірін білдіреді. ....
Адам коғамы пайда болғаннан бастап оның мүшелері мінез-құлық, мүдде, тілек т.б. жағынан бір-бірімен санасуға тура келді. Үлы Ғабит Мүсірепов жазып кеткендей: "Мал баласын бауырында өсіреді, ағаш жапырағын ығына қарай төгеді, адам баласы болса, қоғамның шылауында өседі" емес пе?! Бұл қажеттілік әрі карай адамдардың қоғамдық парыз-міндеттерін орындаумен ұштасады. Адамдар арасындағы осынау күрделі өзара қарым-қатынастарды адамгершілік-имандылық тұрғысынан реттеудің шартты қағидалары....
Тәрбиесағатының тақырыбы: Әдептілік әліппесі Тәрбиесағатының мақсаты: Балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру. Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: Мақал-мәтелдер, нақыл сөздер жазылған плакаттар, тірек сызбалар Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Қазақ халқының салтында үлкенді сыйлау әдептіліктің бір үлгісі болып табылады. Ата-ананы сыйлау, оларды қадірлеу, ізет көрсету адамның ең қастерлі қасиеттерінің бірі. Кіші үлкенді сыйласа, үлкендер де өз тарапынан оған лайық ықылас білдірген. Содан барып үлкен мен кіші арасында жарасымды қарым-қатынас орнаған. Ол әдетке айналып әдептілік ережелерін тудырған. Үлкендер отырған жерде сөз жарыстырмай, ізет көрсете білу, көңілге қарай сөз айту, қажет кезде өзіңді ұстай білу....
Адам биологиялық тіршілік иесі ретінде дүниеге келеді. Оның тұлға болып жетілуі үшін – тәрбиелеу қажет. Тәрбие адамды ізгілендіріп, оған қажет қасиет, сапаларды қалыптастырад. Тәрбие жөнінде арнайы ғылым қалыптасқан. Адам тәрбиелеу жөніндегі ғылым педагогика деп аталады. Ол оз атамасын грек сөздері «пайдес»- балалар және «аго» -жетектеу дегеннен алған, тікелей аудармасында «педагогика» сөзі бала тәрбиесін бағыттау өнері дегенді аңдатады, ал «педагог» сөзі бала жетектеуші мәнін білдіреді. Барша дәуірлерде педагогтар балалардың табиғаттан берілген мүмкіндіктерін іске асырып, жаңа сапаларды қалыптастырудың тиімді жолдарын тауып, оларға көмектесумен келеді. Ұзаққа созылған даму жолын бастан кешірген бүгінгі заман педагогикасы адам тәрбиесі заңдылықтары жөніндегі ғылымға айналды. Педагогика мұғалімдерді белгілі жас тобындағы балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері жөніндегі кәсіби білімдермен қаруландырып, әрқилы жағдайлардағы оқу-тәрбие процесін болжастыруға, жобалауға және іске асыруға, оның тиімділігін бағалауға үйретеді. Қазіргі заман педагогикасы үлкен қарқынмен дамудағы ғылым. Сол дамуға байланысты өзгерістердің ізімен асығу қажеттігі пайда болып отыр. Педагогиканың іркіліс, кешеуілдеуі адамдардың даму дағдарысықа алып келеді, ғылыми-техникалық прогрестің шабандауына соқтырады. Сонымен, педагогика - тәрбие жөніндегі ғылым. Оның басты міндеті адам тәрбиесі жөніндегі ғылыми білімдерді жинақтау және жүйелестіру. Педагогака адамдарды тәрбиелеу, білілі беру және оқыту заңдылықтарын ашып, соның негізінде aлғa қойылған мақсаттарға жетудің ең пайдалы педагогикалық жолдары мен тәсілдерін көрсетіп отырады. Тәрбие алғашқы адамдармен бірге пайда болды. Барша ғылым салаларының пайда болуындағы алғы шарт - өмір қажеттігі. Кейін тәрбие идеялары адамдар өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Тәрбие тәжірибесін топтастыру және қорытындылау, арнайы оқу- тәрбие мекемелерін ұйымдастырып жастарды өмірге дайындаудың қажеттігі туындады. Ежелгі дүниенің Қытай, Индия, Египет, Греция сынды аса дамыған елдерінде сол заманның өзінде тәрбие тәжірибесі бір арнаға келтірілді, одан теория түзу қадамдары жасалды. ....
Біз тәрбиені әкеміз бен анамыздан аламыз. Олар бізге үлкен адамдарды сыйлауды үйретеді. Маған анам үнемі әдепті болуға, ешкіммен ұрыспауға үйретеді. Мен анамның үйреткенін есіме алып жүремін. Ол әдепті болу үшін үлкен адаммен амандасу керек және бір–бірімізге кешіріммен қарау керек деп айтады. Мен......
Тақырыбы: «Сіз» деген - әдеп, «біз» деген – көмек Мақсаты: Балалардың «сыйластық», «қамқорлық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: өзара сыйластық қарым - қатынастарының адам өміріндегі мәнін түсіндіру; бірлесіп еңбек етуге қызығушылықтарын арттыру; өзара сыйластыққа, өзара көмекке, бірлікке тәрбиелеу.
Қазіргі ұрпақ ұлттық сипаты, рухани құндылығы жоқ «Батыстың» тәлім-тәрбиесін қомағайлана жұтады. «Батыс» демекші, технология әлемін, теледидар беттерін жаулаған рухани құндылыққа зәру жарнамалық дүниелері-бейне бір жер шарындағы ірге тасынан өз тілі, діні, ұлттық мәдениеті бар елдермен күреске түскендей. Осы орайда «Батыс мәдениетін» дүние жүзіне таралған жайылмалы дертті ісік екенін мойындағандай боласың. Мәселен: парасатты, кішіпейіл, сыпайы тағы басқа ибалық мінездердің бәрін иманды қаракөз қыздарымыздың арасында сақтаулы. Өкінішке орай, біреуден көргенімізді қайталап істеу керек болып тұрады.
Артымызда өсіп келе жатқан сіңілілеріміздің өзі есепшіл, өркөкірек, сезімге сенбей «ақшаға» ғана сенетіндер қатары көбеюде. Тәрбиені ата-анасына емес, теледидар, компьютерден алып келе жатқан жастар буыны қалыптасып келеді. Кейбір ата-ананың баласымен араласуға да уақыты жоқ. Осыдан барып бала әке-шешесінен суып, оларға деген сыйластықтан мүлдем қалады. Бала кезінен жылылық мейірімді көрмеген адам баласы қатыгездікпен өседі. Жүрегін бойлаған суық ызғардың өшін өзгелерден алатын жандар болады. Сондықтан бұл да ата-ананың жылылығы, жақындығы жастар тәрбиесіне әсерін тигізеді. Қазір, жасыратын не бар, бұрын дәстүрімізде болмаған сүреңсіз жағдайлар бой көрсетуде. Қаладағы қазақ қыздарының көбі бір-бірімен орысша сөйлеседі. Өз ұлтының тілінде сөйлеуге талпынбайтыны өз алдына, кейбіреулері тіптен оны намыс көреді. Күнделікті өмірдегі көріністерге бір сәт назар аударайықшы. Мектеп қабырғасында жүрген бірсыпыра қыздарымыз жарассын-жараспасын денелерін жартылай жалаңаш көрсететін киімдер киіп, қымбат әшекейлер, алтын тағып, бет-ауыздарын бояп, өздерінің инабаттылығы мен сыпайылығынан, жастық жарасымдылығынан айырылады. Табиғаттың өзі жан дүниесін сұлу, нәзік, мейірбан.....