Нұрбол Бимұрзаев | Саналы ұрпақ үшін ұлттық киноиндустрия

Жалпылама фильмдер көркем-өнер туындысы, табыс көзі болумен қатар қоғамға бірдеңелер түсіндіру, ой-пікір жеткізу мақсатында жасалуда. Ұлттық санада дайындалған отандық фильмдер арқылы жастардың білім-танымын, әдет-ғұрпын, жақсы мен жаман ұғымын түсіндіруге, мәселен тарихи фильмдер арқылы жастарға отанға деген махаббатты, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге болады. Ал батыстық фильмдерден көбінесе арсыздықты, жалаңаш киінуді, темекі шегіп, арақ ішу, наша шегуді, гомосексуалды болуды, өзгенің жұбайына қырындауды, ажырасуды қалыпты етіп көрсететіндері көп. Соған еліктеген кейбір отандық фильмдер ұлттық құндылықтарды кері тартпа, ал батыстық азғындықтарды ілгерілік деп көрсететіндері де бар. Бұлар әрине жастардың ой-санасына әсер етпей қоймасы анық. Мәселен азулы фильмдердегі қате пікірлерді сіңіріп өскен жастар дұрыс нәрселерге қарсы шығып, бұрыс нәрселерді қолдайтын болуы мүмкін. Осы тұрғыдан киноиндустрия өте маңызды құрал. Жарық жылдамдығындай қарқынмен күннен күнге көбейіп қоғамға ұсынылып жатқан шетелдік фильмдер сүзгіден өтпейтін болса, ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін отандық фильмдерге ден қойылмаса халіміз неғайбыл. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай тарихи біршама кинолар жарық көрді. Жас-кәріміз осыларды тілге тиек етіп, еңселеріміз көтеріліп қалды. Осыны жалғай түсіруге болатын дастандарымыз, тарихи тұлғаларымыз хандарымыз, батырларымыз жетіп жатыр. Қорыта айтқанда осы саладағы аға-әпкелеріміз осы мәселеге де жақсырақ ден қойса дейміз. Осындай мәдени қазыналарымызды ашатын, жастардың ұлттық рухын көтеретін көрсетілімдер көп болғай.

.....
Әңгімелер
Толық

Білімді ұрпақ – ел тірегі

Қазақ елінің бүгінгі таңда ілгері, мәдениетті, өркениетті елдер қатарына қосылып, ізгі ниетті адамдар назарына ілігуі оңайлықпен келген жоқ.......
Шығармалар
Толық

Ізденімпаз ұрпақты ғылыми жобаға баулу – ұстаздың құзыреттілік тәсілі

Жаңашылдық іс-әрекеттер қазіргі таңда мұғалімдер арасында кең өріс
алуда. Атап айтар болсақ, оқушылар мен студенттерді зерттеу іс әрекетіне
баулу. Білімге деген қызығушылық, бақылауға тырысушылық, тәжірибе
жасауға дайын болу, бүкіл әлем туралы жан-жақты мәлімет жинауға
талпынушылық қасиеттер бүгінгі жастарға тән дәстүрлі мінез болып
табылады. Баланың өзін қоршаған ортадағы.......
Баяндамалар
Толық

Ізденімпаз ұрпақты ғылыми жобаға баулу – ұстаздың құзыреттілік тәсілі

Жаңашылдық іс-әрекеттер қазіргі таңда мұғалімдер арасында кең өріс
алуда. Атап айтар болсақ, оқушылар мен студенттерді зерттеу іс әрекетіне
баулу. Білімге деген қызығушылық, бақылауға тырысушылық, тәжірибе
жасауға дайын болу, бүкіл әлем туралы жан-жақты мәлімет жинауға
талпынушылық қасиеттер бүгінгі......
Баяндамалар
Толық

Кітапхана ісін меңгерген

«Мен кітапхананы ақыл-білім,
адамгершілік ордасы деп білемін.
Ал кітапханашыларды ешқашан
жоғалмауға тиісті сол асыл қазынаның
сақшылары санаймын»
Ә.Кекілбаев


Елбасының «Қазақстан – 2030» бағдарламасында: «ХХІ ғасырда білімсіз өмір сүру мүмкін емес, халықты салауатты да, сауатты өмірге бағыттауымыз керек» деген сөздері бүгінгі ұрпақ, ертеңгі ел азаматтарына білім мен тәрбие берер жандарға міндеттелген тапсырма іспетті. Бүгінгі күні жас ұрпаққа берілер білім мен тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұрғаны анық. Осыған орай еліміздегі бірден-бір руханият ордасы – кітапхананың алар орны ерекше. Өйткені қазіргі таңда.......
Шығармалар
Толық

Ішкен-жегенін желіге салған Қайрат Нұртас тыңдармандарының ашуына тиді (фото)

Танымал әнші Қайрат Нұртастың желіге салған кезекті суреті желі қолданушыларына жақпай қалды деп хабарлайды NUR.KZ.

Ол желіге түрлі тағамға толы дастарханның суретін салған.
Жаңалықтар
Толық

Жігіт пен қыз қанша уақыт кездескені дұрыс?

Бұл өмірде түрлі тағдыр бар. Бір жұп 4-5 жыл кездесіп, тәуекелге барып, некелесу күнін белгілеп қойғаннан кейін де ажырап жатса, енді бір жұп бір айға жетер-жетпес уақытта танысып үлгерместен үйлене салады. Жастар тілінде жігіт пен қыздың жүруі деген сөзді кездесуі деп алайық. Қос ғашық танысып-білісіп, таңдауына өкінбес үшін қанша уақыт қажет?
Ерлерге (жігіт) пайдалы кеңестер | Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер
Толық