Балабақша тәрбие сағаты: Тәуелсіз елдің ұланымын

Сабақтың мақсаты: Балаларға білім бере отырып тәуелсіздікке қалай жеткенін зерделеу. Елжанды ел азаматы етіп тәрбиелеу Желтоқсан қаһармандары: Сәбира, Ләззат, Ербол, Қайрат, туралы әңгімелеу, тақпақ, өлең айту.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, Желтоқсан қаһармандары туралы суреттер, Қазақстан рәміздерінің суреттері, Елбасы, Астана суреттері компьютер....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы

Тәрбие сағатының тақырыбы: Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы
Мақсаты:
а) Ата-аналардың үлгісі негізінде оқушыларды ата-аналарын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
ә) Ата-ана, ұстаз, оқушы арасындағы ынтымақты нығайту.
б) Халқымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі арқылы оқушылардың бойында асыл да адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру
Көрнекілігі: Отбасы, ата-ана, салт-дәстүрлер туралы нақыл сөздер.


Тәрбие сағаттар
Толық

Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамдық-борышың» (3 сынып, I тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақ тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамдық-борышың»
Оқу мақсаты: 3.2.1.1 мәтінді дауыстап түсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп, теріп оқу 3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу
3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сөйлемді анықтау
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар: Өлеңді іштей саналы түрде түсініп оқиды;
Көптеген оқушылар: өз ойы мен сезімін көркем бейнелі сөздермен жеткізе алады, шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын анықтай алады;
Кейбір оқушылар: өз ойын дәлелдер келтіріп айтады, өлеңді мәнерлеп оқиды ......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Балабақша тәрбие сағаты: Орманға саңырауқұлақ теруге барайық

Сабақтың мақсаты: Қоршаған табиғаттың сұлулығына, байлығына тамсану, қызығу, оған мейірімділікпен қарауға, сақтауға, қорғауға тәрбиелеу. Саңырауқұлақтардың айырмашылығын білуге үйрету.
Пән аралық байланыс: Тіл дамыту, Экология негіздері, мүсіндеу.
Билингвальдық компоненті: Күз-осень, саңырауқұлақ-гриб.....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Ғибратты әңгіме: Ұстаздың ұлағаты

Таң шапағын шаша бастаған кез. Медресе іші. Күнделікті дәрістеріне кіріп, шәкірттер ұстазын күтіп отырған еді. Бір кезде ұстаздары:
- Ассалаумағалейкум, шәкірттерім менің! – деп, аз ғана шаршаңқы, бірақ жылы жүзбен кіріп келді.
- Уағалейкум салам, ұстаз!
- Амансыңдар ма, балалар, денсаулықтарың қалай?
- Әлхамдулилла, ұстаз! Бізде бәрі жақсы, – деп, шәкірттер жамыраса жауап берді.
Ұстаз бір сәт отырып, тыныққандай болып, шәкірттеріне қарап...
Әңгімелер
Толық

Жұлдызды сәт интеллектуалды ойыны

Сабақтың мақсаты: балалардың тіл дамыту, айналамен танысу, математика, көркем әдебиет сабақтарынан өткен тақырыптардан сұрақтар беріп, білімдерін тиянақтау.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру. Жарысқа алты бала қатысады.
2. Интеллектуалды ойын.....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Қазақ күресінің Азия чемпионатында моңғолдар жеңісті бермеуі мүмкін

Тамыздың 16-17 күні Моңғолияда Азия чемпионатын өткізілетін болады. Бүгінгі таңда чемпионатқа дайындықтың белсенді кезеңі жүріп жатыр. Федерациялардан өтінімдер қабылданып, әдеттегіше салмағы, сәйкестігі деген параментрлермен таңдау жүргізіліп, ұйымдастыру мәселелері шешілуде.
Жаңалықтар
Толық

Әдемі, ерекше ұл бала есімдері мағынасы (Ұ әрпі бойынша ат қою)

ҰЗАҚ - бұл есім баланың өмір жасы ұзақ болсын, көп жасасын деген мақсатпен қойылған. Біріккен тұлғалы есімдер — Жасұзақ, Өмірзақ, Байұзақ, Мыңжасар, Көпжасар.

ҰЙЫҚБАЙ - бұл есімнің бірінші сыңарындағы уйық сөзі жерұйық деген сез тіркесінде ғана кездеседі. Мағынасы — жердің жақсысы, ең шұрайлысы + баи.

ҰЛАН - түркі тілдерінің көбінде бар есім. Бірақ әр түрлі мағынада айтылады. Ұлан — сәби, бала; жауынгер, жігіт, азамат, жасақшы.

ҰЛАС - жалғас, селбес.

ҰЛЫҚБЕК - ұлы, зор + бек.
Есімдер мағынасы
Толық

Әдемі, ерекше ұл бала есімдері мағынасы (Ү әрпі бойынша ат қою)

ҮДЕРБАЙ - көшіп-қону кезінде туған балаға қойылған есім. Түрлері — Көшербай, Көшімбай, Қонысбай.

ҮЛГІБАЙ - бала өнегелі, тәрбиелі болсын деп қойылған есім.

ҮМБЕТ - араб тілінен алынған уммат — халық, көпшілік, қауым. Біріккен тұлғалы есімдер — Үмбетбай, Үмбетәлі, Үмбетжан.

ҮМІТ - иран тілінен - сенім; тілек, қалау. Біріккен тұлғалы есім - Үмітбек.

ҮРІМБАЙ – тәжік тілінен алынған хуррам — көңілді, шат; гүлденуші, жарқын, шат көңілді, жарқын жүзді. Біріккен тұлғалы есімдер — Үрімжан, Үрімхан.

ҮСЕН - араб тілінен алынған Хасан, Хасен есімдерінің өзгеріп айтылған түрі. Мағынасы — сұлулық, әдемілік, көркемдік, жақсылық.

ҮСТЕМ - басым, артық.
Есімдер мағынасы
Толық

Әдемі, ерекше ұл бала есімдері мағынасы (Ф әрпі бойынша ат қою)

ФАЗЫЛ - (қараңыз: Базыл).

ФАЙЗ - араб тілінен - жеңуші, жеңімпаз; мырзалық, молдық, байлық.

ФАЙЗРАХМАН - араб тілінен - рахымдылық, мейірбандылық, мархабаттылық.

ФАРИД - араб тілінен алынған тені жоқ, сирек зат, бағалы, құнды.

ФАХИР - араб тілінен алынған — келбетті, әдемі, асыл; мақтаныш боларлық.
Есімдер мағынасы
Толық