Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы

 Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы

Бөлтекова Ақмарал Бердібекқызы
Маңғыстау ауданы
Жыңғылды ауылы


Тәрбие сағатының тақырыбы: Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы
Мақсаты:
а) Ата-аналардың үлгісі негізінде оқушыларды ата-аналарын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
ә) Ата-ана, ұстаз, оқушы арасындағы ынтымақты нығайту.
б) Халқымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі арқылы оқушылардың бойында асыл да адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру
Көрнекілігі: Отбасы, ата-ана, салт-дәстүрлер туралы нақыл сөздер.

Тәрбие сағаттың барысы:
Кіріспе

Мұғалім сөзі:- Расында да қазақта мынадай жақсы сөз бар. «Әке - асқар тау, ана - бауырындағы бұлақ, бала - жағасындағы құрақ» деген. Сәби үшін ең жылы ұя ата-ананың аялы алақаны, мейірімі, қайырымдылығы.
Адам баласының ажары да, бақыты да отбасынан басталады. Ал отбасы бақыты деген не?
Ол адам бойына сырттан келіп сіңетін немесе аспаннан құйылып денеңе жұғатын нәрсе емес қой. Оның да көктеп шығатын тұрағы бар. Адам баласының бақыты оның үзіліссіз тәлімі мен тәрбиесінен қалыптасатын жарқын да адал мінездеріне байланысты. Шындап келгенде, отбасы бақыты ата-аналардың өз қолында деуімізге болады.
Бала тәрбиесіне арналған асыл сөздерге тоқталу.
Тәуелсіздігімізді алып,өркениеттілікке құлаш сермеген бүгінгі таңда адамгершілігі мол,сапалы да салауатты ұрпақ тәрбиелеуде халықтық тәрбиенің алатын орны ерекше.Қазір оқу орындарында ұлттық тәрбиеге айрықша мән берілуде. «Жастар біздің болашағымыз» дейтін болсақ, сол жастарымызды ұлтын сүйетін ұлтжанды, Отанын сүйетін патриот, жоғары адамгершілік иесі, ұлттық рухы биік парасатты азамат етіп тәрбиелеу үшін оларға ұлттық тәрбие қажет екенін өмірдің өзі-ақ көрсетіп отыр. Сабақ үрдісінде оқушыларға тұрмыстық тәрбиеге байланысты салт-дәстүрлер, бала дүниеге келгеннен өскенге дейінгі аралықта қолданылатын салт-дәстүр, ырым-тыйымның рөлі, сәлемдесу әдебі, сыйластық, қонақ күту, ас ішу әдебі, инабаттылық дәстүрлері, сөйлеу әдебі және киім кию тәрбиесі, ұлттық тәрбиедегі еңбек тәрбиесінің орны, қазақ халқының озық мәдениет үлгілері мен олардың тәрбиелік мәні сияқты ұлттық құндылықтарымызды оқытуымыз керек. .
Ұлттық тәрбиенің мақсаты – ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.
1.Топтастыру:

Тәрбие

2. «Сөз маржаны» Балалардың жаттаған өлеңдеріне шолу жасайық!
Айжұлдыз:
Жастай берген тәрбие
Жас шыбықты игендей
Естіге айтқан ақыл сөз
Шыңға тіккен тумен тең
Ессізге айтқан ақыл сөз
Құмға сіңген суммен тең

Бекзат Баба өсиетін ұлықтау
Бәрімізге тиісті іс
Бабалардың мирасын
Ұмытпауға тиіспіз
Сымбат Өтсе де уақыт зымырап
Тарихты қалай ұмытпақ
Бабалардың мирасын
Еске алып жүр жас ұрпақ
Айдар Атадан ұл туса игі
Ата жолын қуса игі
Өзіне клер ұятың
Өзі біліп тұрса игі
Әсем Таза мінсіз асыл сөз
Су түбінде жатады
Таза мінсіз асыл тас
Ой түбінде жатады
Алмас Су түбінде жатқан сөз
Жел толқытса шығады
Ой түбінде жатқан сөз
Шер толқытса шығады
Нұржауған Атам кітап,мен дәптер
Ақыл толы сөзінде
Қызығам да әлбетте
Көшіремін өзіме
Берден Еш дүкенде сатылмас
Тегін кітап атамыз
Жаңарғанын сананың
Ұмытады мұны кім
Өсиеті атамның
Мұра тұттық біз бүгін
Думан
Кең даламның ежелгі
Қазақ деген халқымыз
Өзге ұлттың біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз
Ата салтын ардақты
Әрбір сөзі салмақты
Сол сөздерді ұқпасаң
Тістерсің бір күн бармақты
3. Құндылық құнын ұғындар. (карточкамен жұмыс)
Отбасымда ең сыйлы ______________________________________
Ең қымбатты _____________________________________________
Ең ақылды _______________________________________________
Ең сүйкімді ______________________________________________
Ең құрметті ______________________________________________
Ең құнды ________________________________________________
Ең бағалы ________________________________________________
Ең қажетті _______________________________________________

4. «Сөз асылы – мақал» деп атам қазақ текке айтпаған ғой. Өйткені, бақыт та, нұр да, жыр да, тыныс та - бала. Осы бала бағбаны кімдер?
Әрине, ата- ана. Жас жеткіншек қашан да ата – ананың ақылы, үлгі-өнегесі арқылы өсіп қалыптасады.
І. «Сан саяхат»
Оқушыларға:
1. Жеті ата деген не? Өз жеті атаңды білесің бе?
2. Төрт түліктің пірлерін ата?
3. Сүтті төрт түлік малдың аттарына байланысты ата (қой, ешкі, сиыр- сүт, бие сүті- қымыз, түйе сүті-шұбат)
4. Жылқы туралы мақал- мәтел айта аласыз ба?
(Жылқының сүті шекер, еті бал. Адам жылқы мінезді. Жылқы-малдың патшасы.)

6.Бес қаруды ата ( Садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта)

5. « Жалғасын тап»
1. Жығылып жатып………..(сүрінгенге күлме)
2. Күлме досыңа…………(келер басыңа)
3. Ауру қалса да …………(әдет қалмайды)
4. Әдепті бала арлы бала……………(әдепсіз бала сорлы бала)
5. Ұяда не көрсең…………(ұшқанда соны ілерсің)
6. Әдепті бала ата-анасын мақтатар………. (әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)
7. Ана сүтін ақтамағанды………… (ешкім жақтамайды.)
8. Әке тұрып ұл сөйлегеннен без……….(шеше тұрып қыз сөйлегеннен без )
9. Қарағайға қарап тал өсер…………… (қатарына қарап бала өсер)
10. Үйінде ұл-қызы бардың…………. (көгінде сөнбес жұлдызы бар)

6. Постер қорғау: 3,5,7 сандарына байланысты
7. Ата - аналарға сұрақ:
1. Абай атамыз былай деген екен: «Балаға көбінесе үш алуан адамнан мінез жұғады. Біріншісі ата - анасынан, екіншісі ұстазынан, үшіншісі құрбысынан». Ұлыңыздың, қызыңыздың достары және ұстазы жөнінде не білесіз? Олардың жақсы қасиеттерін және қызығушылығын атаңыз?
2. «Балаңа көңілің толмаса, кемшілікті өз басыңнан іздей бер» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіз?
3.Кешкі ас ішіп болған соң ауыз үйде ыдыс-аяқ жуылмай қалды. Өйткені бір жақсы фильм басталып кетті. Фильм біткесін қызыңыз сізге; « шеше, ыдысты таңертең жуа салайыншы» десе, сіз не деп жауап берер едіңіз? Құптайсыз ба?
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Халқымыздың аяулы ұлы, зиялы азаматы Б.Момышұлы кезінде «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Немересіне ертегі айтып беретін әжелердің азаюынан қорқам. Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе, кімді де болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке- шеше жоқ.»- деп мұңайған екен. Бауыржан атамыз бүгінде біздің арамызда жоқ. Осы атамыз көтерген мәселе бүгінде бәрімізді алаңдатуы тиіс. Бұл ата-анаға да, ұстаздарға да, балаларға да ой салады деп ойлаймын. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, балаларымызды бірлесе тәрбиелейік дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Бірігіп «Достық» әнін орындау.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру