Қазақ әдебиеті | Ғафур би Қалбыұлы

Ғафур Қалбыұлы (1827, Маңғыстау өңірі – 1880, Түрікменстан) – би, мәмілегер, Маңғыстау көтерілісі басшыларының бірі.
1866 – 1867 жылдары Төмен адай дистансасын басқарып, адайлардың Хиуа хандығымен бейбіт қатар өмір сүріп, сауда-саттық жасап тұруы жайында келіссөздер жүргізді.
1870 жылы Маңғыстау көтерілісіне қатысып, .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Қаба би Абайділдаұлы

Қаба би

Мазмұны
1 Қаба Абайділдаұлының өмірбаяны
2 Қаба Абайділдаұлы туралы аңыздар
2.1 Қаба Абайділдаұлы туралы аңыз
2.2 Қаба Абайділдаұлы туралы аңыз
3 Пайдаланған әдебиет
Қаба Абайділдаұлының өмірбаяны

Қаба Абайділдаұлы 1804 жылы қазіргі Алматы облысы Нарынқол ауданы Сарыбастау ауылының Түзкөл-Қолтық жеген жерінде дүниеге келген. Сексенге қараған жасында 1884 жылы қайтыс болған. Бейіті сол ауданның Лайлы деген жерінде. Қазақ шежіресінде Қаба бидің тегі арғы бабалары Бәйдібек би одан Албан, оның ішінде .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Қазанғап Сатыбалдыұлы

Қазанғап Сатыбалдыұлы - 1771-1856 жылдары өмір сүріп, 1843-1848 жылдары Баянауыл Сыртқы Округінің аға сұлтаны, сондай-ақ бәсентиін елінің төбе биі болған. Ұрпақтары Бердәлі Қазанғапұлы 1812-1842 жылдары өмір сүріп, Баянауыл Сыртқы Округінің аға сұлтаны, би; .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Қарымбай Әулие, Қарымбай Тәттібайұлы

Қарымбай Әулие, Қарымбай Тәттібайұлы (1732 – 1822) – би. Жалайыр руының андас (толымбек) әулетінен. Әкесі Тәттібай батыр жоңғарларға қарсы соғысқан. М.Тынышбаев өз еңбегінде Абылай хан жасағында болған Тәттібай батыр, оның ұлы Қарымбай би жөнінде деректер береді. Қарымбай Әулие әрі сәуегей .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Әйтеке би Байбекұлы

Әйтеке Байбекұлы(1644 -1700 жж.) — қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері.Әлім тайпасының төртқара руынан шыққан. Әмір-Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, қырғыз, қазақ жұрты "Синесоф буа"(жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің үшінші үрпағы. Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Есім хан тұсында Самарқанды билеген Жалаңтөс батырдың жақын туысы. Әйтеке бес жасында молдадан оқып сауатын ашқан.

Мазмұны
1 Балалық шағы
2 Ел басқарушы би
.....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Өткелбай би Исаұлы

Өтетілеу би – Кетебайдың үлкен ұлы және әкесіні билік жолын ұстаған баласы. Өтетілеу шамамен 1760 жылдары дүниеге келген. Өтетілеу қарақалпақ, Бұқара, Қоқан, Хиуа хандықтары арасындағы түрлі келісімдерге араласқан би. 1834 жылы Бұқараға сапар шеккен П.И.Демезон мен И.В.Виткевичтің «Записки о Бухарском ханстве» атты еңбектерінде (жазбаларында) Өтетілеу би туралысөздер бар. Негізгі мазмұны: «...1824 жылға дейін хиуалықтар қазақтарды жыл сайын тонап отыратын, бірақ арнайы алым түрі жоқ болатын. Кейіннен тонаушыылық шектен шыға бастайды. Сол тұста Шөмекейлер Хиуа ханына арнайы елші жіберіп, зекетті өздері апарып тұратын болып келіске-ді. Бұл келісім 1832 жылға дейін созылады. Өтетілеу би 1832-33 жылдарда Хиуа ханына жолығып, бұдан былай зкетті өздері келіп жинауын ұсынады. Осыны күтіп отырғандай Хиуа бектері Сырдария бойына еркін ене бастаған.
Атақты Балқы Базар Төребай биге .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Бабас Бурабайұлы

Бабас Бурабайұлы - би, XVI ғасырда өмір сүрген, жоңғар-қалмақтарға қарсы көтерілісте қол бастаған. Торғай өңіріндегі Бабас көлі, Бабастың бос қыры деген жер аты осы Бабас бидің есіміне байланысты қойылған. Шығу тегі - Арғынның Ермен атасынан. Баласы Мерген Бабасұлы (1671-1754) - батыр, би, көсем сөздің шебері. XVIІ ғасырда өз руын басқарған. Шақшақ Жәнібекпен бірге жоңғарларға қарсы жауға шапқан. Ел аузынан жетикен .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Абылай Уәлибақыұлы

Абылай Уәлибақыұлы, "Қанiшер Абылай" - XVII ғасырдың басында Сауран мен Түркiстанды билеген қазақ сұлтаны,батыр.Үргенiш өңiрiнде туған,Жәдiк әулетiнен."Батырлығымен ,батылдығымен аты шығып,сол үшiн де қанiшер деген қаһарлы да,құрметтi атаққа ие болған" деп жазған Шоқан Уәлиханов. Абылай Кiшi жүз бен Орта жүздегi қазақ руларының бiр бөлiгiне билiк жүргiзген. Ресей империясы 1614 жылы .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Алтай Ебескіұлы

Алтай Ебескіұлы (18 ғ.) - батыр. Қазақстанның батысын, әсіресе, Атырау, Жем, Ойыл бойларын қалмақтардан қорғау соғыстарына белсене қатысқан. Кіші жүздің Кете руынан. Шешесі - Қарлығаш. Қарақыпшақ Қобыландының ержүрек сарбаздарының бірі - Әлмәмбет батырдың немересі. 1731 ж. қалмақтардың қолына түсіп, екі-үш жылдан соң тұтқын алмасу нәтижесінде босаған. 1738 ж. Құм өзенінің жағасын жайлаған қалмақ ханы Дондукқа қарсы Әбілқайыр хан бастаған жорыққа қатысқан. Бөгенбай батыр екеуі 2 мың кісілік қолды бастап .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Алтынайұлы Қарасай

Алтынайұлы Қарасай (1598-1671) — қазақтың қаһарман батыры, әйгiлi қолбасшысы, есiмi Шапырашты руының ұранына шыққан аса көрнектi тарихи тұлға. Қарасай батыр Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Суықтөбе тауының етегiнде Қарасаз деген жерде дүниеге келiп, Арқа жерiнде Көкшетау үшiн болған қанды шайқаста ауыр жараланып дүние салған. Топырақ Көкшетау алабындағы айыртау сiлемiнiң Құлшынбай деп аталатын төбесiнен бұйырған. Қасына өзiнiң қанды көйлек досы арғын Ағынтай батыр жерленген. Қос арыс-шапырашты Қарасай батыр мен арғын Ағынтай батырға және олармен бiрге қанды шайқаста қаза болған сарбаздарға қос күмбездi кесене орнатылған (1999).
Қарасай батырдың шыққан тегi ұлы жүз Шапырашты. Шежiре дерегi бойынша, Шапырашты Шам (Ыстық), одан Малды, Желдi, Қалды есiмдi үш ұл туады. Малдыдан Екей, Емiл есiмдi екi ұл туған. Емiлден Жайық пен Есқожа туған. Есқожадан Алысай, Алтынай, Шуаш есiмдi үш ұл туған. Алтынайдың үшiншi әйелiнен
.....
Рефераттар
Толық