Қазақ әдебиеті | Алтынайұлы Қарасай
Алтынайұлы Қарасай (1598-1671) — қазақтың қаһарман батыры, әйгiлi қолбасшысы, есiмi Шапырашты руының ұранына шыққан аса көрнектi тарихи тұлға. Қарасай батыр Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Суықтөбе тауының етегiнде Қарасаз деген жерде дүниеге келiп, Арқа жерiнде Көкшетау үшiн болған қанды шайқаста ауыр жараланып дүние салған. Топырақ Көкшетау алабындағы айыртау сiлемiнiң Құлшынбай деп аталатын төбесiнен бұйырған. Қасына өзiнiң қанды көйлек досы арғын Ағынтай батыр жерленген. Қос арыс-шапырашты Қарасай батыр мен арғын Ағынтай батырға және олармен бiрге қанды шайқаста қаза болған сарбаздарға қос күмбездi кесене орнатылған (1999).
Қарасай батырдың шыққан тегi ұлы жүз Шапырашты. Шежiре дерегi бойынша, Шапырашты Шам (Ыстық), одан Малды, Желдi, Қалды есiмдi үш ұл туады. Малдыдан Екей, Емiл есiмдi екi ұл туған. Емiлден Жайық пен Есқожа туған. Есқожадан Алысай, Алтынай, Шуаш есiмдi үш ұл туған. Алтынайдың үшiншi әйелiнен Қарасай батыр туған.
Сөз орайында айта кеткен жөн, Қазақстан Республикасының тұңғыш президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев осы Қарасай батырдың тiкелей ұрпағы болып келедi. Атап айтқанда, Қарасайдан Көшек, одан Айдыр, одан Мырзатай, одан Кенбаба, одан Едiл, одан Сапақай, одан Назарбай, одан Әбiш, одан Нұрсұлтан туады.
Қарасай батырдың өмiр сүрiп, ғұмыр кешкен заманы қазақ жоңғар арасында екi ғасырға созылған қанқасап соғыстың ендi тұтанып, ендi шиеленiсiп, бiрте-бiрте екi көшпелi елдiң тактикасы мен стратегиясының сынға түсе бастаған кезi едi. Бұл кезде қазақ халқының дербес ел болып, iрге бекiтiп, бiртұтас этникалық сана-сезiмнiң орныққанына екi ғасырдың жүзi болған. Содан да болар, қазақ-жоңғар арасындағы өрт тұтанған кезде елi мен жерiн қорғау үшiн алғаш рет таққа қонып, елдiң шетiне, желдiң өтiне, жаудың бетiне шығып, ерлiк көрсеткен батырлардың сапында Қарасай Алтынай ұлы да болды. Қазақ-жоңғар соғысы XVI ғасырдың өзiнде-ақ шиеленiскенi жөнiнде тарихшы В.В.Вельяминов-Зернов жазады. Ал, ағылшын көпесi А.Дженкинсон 1557 жылы Қытайға бармақшы болып жолға шыққан, бiрақ қазақ-жонғар арасында Ташкент үшiн қырғын соғыс болып жатқандықтан Қытайға өте алмағанын жазып қалдырған. Демек, Қарасай батыр ат жалын тартып мiнiп, сарбаздар сапына тұрған кезде көшпелi екi ел арасындағы соғыс тәсiлдерi, қорғаныс әдiстерi әбден шыңдалып, өлiспей берiспейтiндей шиеленiсiп үлгерген. Мiне, бұл тұрғыдан келгенде, қазақ халқының ұлттық потриотизмiн, ерлiк дәстүрiн алғаш рет қалыптастыру, орнықтыру миссиясы Қарасай қатарлы батырлардың пешенесiне жазылған. Жетiсуда туған Қарасай батырға Арқаның Айыртауынан топырақ бұйыруы, Қызылжарда туған Баян батырының соңғы демiнiң Iле бойында таусылуы, Едiл бойында туған тама Қабанбай батырдың Арқадағы Сарысу бойындағы шайқаста қаза табуы, Ерейментаудың Малайсарысының Алатау бөктерiнде дүние салуы, сөзжоқ, Ұлттық-этникалық бiртұтастықтың, мемлекеттiктiң әбден орныққандығының, сол мемлекет аясындағы ата мекеннiң азаматтар санасында бiртұтас киелi сипат алғандығының ең бедерлi айғағы едi. Осындайда қазақ халқының кейiнгi ғасырларда бастан кешкен жойдасыз азапты өмiрiнде отаншылдық сияқты ең киелi сезiмдерiнiң шайылмауының басты себебi, сол бiр Қарасайлар заманында орныққан эпикалық ерлiктер мен потриотизмнiң негiзi берiктiгiнен де болар деген қорытындыға тоқтауға тура келедi.
Қарасай батырдың заманы — қалмақ-ойрат хандары Қара-Құла мен Батырдың, қазақ хандары Есiм мен Жәңгiрдiң дәурен сүрген кезi едi. Бұл хандар өз тұсында Еуразия қос құрлығының ахуалына ықпал етiп, шығысында Қытай мен Үндiнiң, батысында Орыс пен Кавказ елдерiнiң, оңтүстiгiнде араб-иран жұрттарының назарын аудартып, көңiлдерiн бөлдiрткен. Жонғарияда шор әулетiнен шыққан Қара-Құла алғаш рет бiртұтас өкiмет билiгiнiң нiгiзiн қалап, лама дiнiнiң орнығуына ықпал етсе, оның баласы Батыр хунтайшы Жонғар хандығының бiртұтастығын жариялады. Ал, қазақтың Есiм ханының тұсында қазақ халқы өзiнiң осы күнгi мекен-тұрағын негiзiнен орнықтырып үлгердi. Тек мекен тұрақ қана емес, елдiк жөн-жоралғылар, билiк заң үрдiстерi, көш-қонның жол-жобалары, ру-тайпаның қоныс жайлаулары бiртұтас елдiк қалпымен осы кезде сараланды. Қазақтың қалмақ басқыншылығына қарсы табанды шайқастарының бiрi Ыстық көл үшiн болған. Бұл соғыста әскердi Есiм ханның өзi бастады.
Жоңғар-қалмақ тегеурiнiнiң өршiп бара жатқанын терең сезiнген Есiм хан Бұхарадағы, Турфандағы, Қашғардағы, Қырғыздағы ел-жұртпен тiл табысуда айрықша икемдiлiк көрсеттi. Ташкент қаласында қырғыздың Көкiм биiнiң құрметiне әйдiңгер күмбез соқтырды. Есiм хан өз iнiсi Күшiк сұлтанның қызын Турфан билеушiсi Абд ар-Рахимге берiп, өзi оның қызына үйлендi. Сөйтiп, жоңғар-қалмақ шабуылына алаңсыз қарсы тұруға жағдай жасай бiлдi.(Шах Махмуд Чарос. Хроника. М., 1976, 252-бет.)
Тек сыртқы саясатта ғана емес, елдiң iшкi жағдайында да Есiм хан орнықтырған жөн-жоралғылар, тәртiп-талғамдар аз емес. Түптеп келгенде, «Есiм салған ескi жол»деген сөздiң мәнi де Есiм ханның тұсында жасалған далалық заңдарға байланысты айтылған. Қоныс-тұраққа, мал-мүлiкке, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа қатысты туындайтын дау-шардың шешiмдерi осы кезде сараланды. Мұның өзi кейiн Тәукенiң әйгiлi «Жетi жарғысына» негiз болып, қазақ халқының мәдени рухани және салт-дәстүр қалыптарының төлтумалығын шыңдай түсуге ықпал еттi. Жалпы көшпелiлер мемлекетiнiң хандары сияқты, Есiм хан да тақ үстi мен ат үстiнде бiрдей танылған бiртуар тұлға. Оны халқының «Еңсегей бойлы ер есiм» деп марапаттайтыны да содан.
Есiм хан дүние салған соң қазақ хандығының тағына Жәңгiр хан (1645-1652) отырды.Халық оны ел үшiн еңiреп тұған ерлiгiне бола «Салқам Жәңгiр» деп атаған. Хан ордасын Түркiстан қаласында ұстау Жәңгiр хан тұсында бастылды.
Әрине, Есiм мен Жәңгiр сияқты ақылды хандардың арман аңсары Қарасай сияқты бiртуар батырларға, ру-тайпа көсемдерiне тiкелей арқа сүйеу арқылы жүзеге асып отарды. Жалпы XVII ғасыр аясында, яғни Қарасай батырдың ат үстiнде болған кемел шағында қазақ-жонғар арасында әйгiлi үш сағыстың болғаны тарихта аян. Мұның бiрiншiсi-1635 жылы болған Сiбiр-Тобыл соғысы. Бұл соғыс туралы И.Э.Фишер «Сiбiр тарихы» атты еңбегiнде жазған. Тарихи деректерде осы кезеңде жалайыр, шапырашты руларының Тобыл бойында болғаны айтылады. Сiбiр-Тобыл соғысына Қарасай батырдың қатысқаны ешқандай күмән келтiрмейдi.
Екiншi соғыс 1643 жылы болған. Бұл-әйгiлi Жәңгiр сұлттанның (ол кезде әлi хан тағына отырмаған) 600 жанкештi сарбаздарымен жоңғардың 50 мың әскерiне қарсы тұрып, оған алшын Жалаңтөс батыр 20 мың әскерiмен көмекке келетiн жойқын соғыс. Бұл соғыс жайында орыс тарихшылары Н.М.Карамзиннен бастап И.Я.Златинге дейiн таусыла жазып , жалпы соғыс тарихында сирек кездесетiн оқиға ретiнде атап өтедi (Левшин А.И. Описание киргиз-кайсацкин или киргиз-кайсачьих орд и степей. 2-бөлiм. СПб., 1832, 59-бет). Даланың ауызша тарихнамасында (ДАТ), яғни шежiре деректерiнде шапырашты Қарасай батырдың 3 мың қолымен осы соғысқа қатысып, жойдасыз ерлiк көрсеткенi айтылады. Әйгiлi Сүйiнбай жыраудың:
Қарасай халқы үшiн атқа мiндi,
Шыдамай жауыздыққа неше түрлi, -
дейтiнi, немесе:
Сол қуғаннан қуылды Шудан бастап,
Қалмақ қашты баласын, малын тастап.
Әйелiне қарауға шамасы жоқ,
Келiп едi о баста жердi ластап, -
деп суреттейтiнi Қарасай батырдың осы соғыстағы ерлiгiне орай айтылған.
XVII ғасырдың аясында қазақ-жонғар арасында болған сұрапыл соғыстың үшiншiсi- 1652 жылы өткен. Бұл соғыста Жәңгiр ханды жекпе-жекте 17 жасар Қалдан Серен өлтiрдi. Осындайды «тарихтың тәлкегi» деуден гөрi, «тарихтың заңдылығы» деуге болатын бiр гәп еске түседi, сол Қалдан Сереннiң баласы Шарышты Аңырақай шайқасында 17 жасар Абылай сұлтан (ол езде хан емес) жекпе-жекте өлтiредi. 1652 жылғы соғыста Қарасай батыр жалпы қазақ әскерлерi қолбасшыларының бiрi ретiнде ақыл парасатымен, тапқырлық-табандылығымен танылған.
Сахара төсiнiң ежелден қалыптасқан тәртiбi бойынша ел бастаған көсем мен қол бастаған батырлардың есiмi әдетте ру-тайпа атауына ұласып, ұранға шығып отырған. Ондай iрi тұлғаларға жер атын беру рәсiмi қалыптасқан. Бұл ретте Қарасай батыр есiмiнiң ру атауына ұласып, ұранға шығуы, бiрнеше жер атауларының берiлуi , ең алдымен, iргелi рудың қам-қаракетiн елдiк мұрат-мүддесiмен тоғыстыра бiлген қайраткер -қолбасшылығына айғақ болса керек. Белгiлi зерттеушi П.П.Румянцевтiң жетiсу тарихы мен шаруашылығына арналған кiтабы 1913 жылы Петербургте жарық көрдi. «Материалы Семиреченской облости» деп аталатын осы кiтапта былай деп жазылған: «Батыс Кәстек өңiрiнiң жұрты шапырашты руынан шыққан Қарасай батырдың ұрпақтарын құрайды . Қазiр Қарасай руы Ақмола облысының жерiн қоныс етедi. Қарасайдың бейiтi Көкшетау уезiнiң Айыртау деп аталатын өңiрiнде» — дейдi.
Қазақ халқаның тарихи тұлғаларына деген марапат-құрметiнiң соншалықты баянды екенi қайран қалдырады. Өлетiн малмен, тозатын дүниемен алдартқатпайды, елiне лайық ер туса, олардың есiмiн тұтас ру мен киелi туған жерге бұйыртып отырған. Онысы жерiмiз бүтiн, елiмiз аман болса, бiртуар ерлердiң де есiмi ұмыт болмайды дегенi болу керек. Қазақ халқының мұндай мәртебеге лайық перзентi Қарасай батыр екенiн тарихтың өзi дәлелдеп отыр

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: реферат Алтынайұлы Қарасай туралы реферат казакша на казахском, реферат на казахском языке скачать бесплатно, рефераттар жинағы жоспарымен, казакша реферат жоспар, Алтынайұлы Қарасай