Патшалық Ресейдің ХХ ғасырдың басында Орта Азияның шығыс аудандарын отарлауы өте күшті қарқынмен жүргізілді. Тек 1907 – 1912 жылдары империянның еуропалық бөліктерін бұл жаққа 2 млн 400 мың адам келіп қоныстанды. Әсіресе, Қазақстанда отарлау кең ауқымда жүргізілді. Қазақтардың жерлерінде патша өкіметі шаруаларды қоныстандыру үшін жер қорын жасап, 1916 жылға дейін олардың 45 млн. десятина ең шұрайлы жерлерін тартып алды, .....
ДАТҰЛЫ СЫРЫМ Датұлы Сырым (1712-1802) – Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы күрескен Кіші жүз қазақтары көтерілісінің көрнекті басшысы, атақты батыр, әйгілі шешен. Шыққан тегі - Кіші жүздің Байұлы тайпасының Байбақты руынан. Өзінің асқан ақылдылығы арқасында өз ортасында тым ерте танылып, әділдішімен аты шыққан «Бала би» атанды. Жасы ұлғайған кезінде отарлаушылардың озбыр саясатына қарсы шығып, жерінен айырылып, жайылымсыз қалған, патша әкімшілігінің езіп-жаншуынан, тонауынан әбден титықтап біткен халқының наразылығына үн қосып, қарулы күреске шығады. Ол өзінің Орынбордың генерал- губернаторы Игельстромға жазған бір хатында: «Сіздердің түрлі әдістермен алдап, қолға түсірген ноғай, башқұрттар сияқты бізге де бұғалық салып, езбекші екендігіңіз белгілі» деп жазады. .....
XVIII— XIX ғасырларда қазақ халқы сырттан төнген экспансияға қарсы үздіксіз күрес жүргізді. Қазақ қоғамы XVIII ғасырдың алғашқы жартысында Жоңғар хандығымен, оның артын ала Цинь империясымен, Орталық Азия хандықтарымен өз еркіндігі үшін тынымсыз күрес жүргізіп, ең соңында Ресей империясымен бетпе-бет келді .....
ХIX ғасырдың 30-шы жылдарында патша өкіметі Қазақстанда отарлау саясатын онан әрі өрістетіп, қазақ халқының саяси дербестігін біржола жоюға бағытталған шараларды кеңінен жүргізе бастады. Әбілқайыр, Абылай хандармен жасасқан шарттардағы Қазақстан жеріне кірмеу, солдат алмау, тек салық төлеу жөніндегі міндеттемелер аяқ асты етілді. Қазақ жерінде әскери шептер, бекіністер салынып, шұрайлы жерлерге патша өкіметінің қол шоқпары болып келген казак-орыстарды қоныстандыру шаралары жүргізілді. Ресейдің қазақ жеріндегі әкімшілігі өзен-көлдерді, құнарлы жерлерді, .....
Асаубай жәдігерұлы , Қанжығалы Асаубай (т.-ө.ж.б.) — белгілі шешен, би. Арғын тайпасының Қанжығалы руынан шыққан. Арқадағы Қорқылдақ к-нің төңірегін қоныс еткен. Ш.Уәлихановтың әкесі Шыңғыс төренің замандасы. А. қара қылды қақ жарған әділ де сыншыл ақын болған. Табан астында шығарып айтқан өлеңдері Махамбет, Ақтамберді сияқты өр мінезді, орақ тілді ақындар шығармаларымен сарындас. Оның Шыңғыс төреге, Абылай тұқымынан шыққан .....
Жәке қойтанұлы (1830, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Сайқан тауы — 1914, Қытай, Сауыр тауы) — би, шешен. Абақ керей руынан шыққан. Он жеті жасынан ел ісіне араласып, билік айтып, шешендігімен танылған. 1883 ж. 800 үй меркіт руын бастап Сауыр тауына барып қоныстанған, сол рудың үкірдайы болып сайланған. Керей, найман тайпаларына төрелік айтып, би болған. Түрлі дау-дамайларда әділдігімен көзге түсіп, "керейдің Жәкесі, меркіттің әкесі” атанған. Тарбағатай, Алтай, .....
Жәлменде Байшығашұлы (1846, Алматы облысы Қаратал өзенінің төменгі сағасы — 1901) — би, шешен. Ұлы жүз құрамындағы жалайыр тайпасының арықтыным-байшегір тармағынан шыққан. Жәлменде 12 жыл болыс, 9 жыл би болған. Қоянды жәрмеңкесінде Абаймен кездесіп, жақын танысады. Ұржарда өткен 7 уезд өкілдері бас қосқан съезде түйіні қиын мәселелерді шешуге Абай Жәлмендені шақыртады. Жол аяғы қашықтықтан 2 — 3 күн кешігіп барғанымен, съезді Жәлменде би ашады. Съезде хатшылықміндет атқарған Абай Жәлменденің сөздерін уезд бастығы Лосовскийге аударып отырады. Уезд бастығы осы жиында Жәлменденің басшылығымен шығарылған ережені өзгеріссіз бекітіп, оған атқарған адал еңбегі үшін алтын медаль береді. Жәлменде қырғыз Шәбден төре, қазақ халқының белгілі адамдары Бөлтірік шешен, Маман бай, Есімбек Тәнекеұлы, Бақтыбай Жолбарысұлымен етене араласқан. Ж. 1901 ж. қажылыққа барған сапарында Мекке мен Мәдиненің .....
Көктіңұлы Сапақ датқа, Сапақ датқа (би) Қалдарбекұлы 1814-1903 жылдар аралығында қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Сыр өңірінде дүниге келіп,өзінің бойындағы табиғат берген ақыл-парасаттылығымен, тапқырлығымен, сөзге шешендігімен халқын өз соңына ерте білген Қоңырат тайпасы, Байлар-жандар руынан шыққан қазақ батырларының бірі. Көктіңұлы атану себебі, Қоңырат тайпасының 6-ата Көктіңұлы( Алғи, Байлар-Жандар, Құлшығаш, Тоқболат, Оразгелді, Қаракөсе ) руларынан шыққандықтан өз замандастары Көктіңұлы Сапақ датқа деп атаса керек. Сапақ датқа 19-ғасырдың екінші жартысында Қоқан хандығы, Бұхара әмірлігіне қарсы күрес жүргізіп елін, жерін, халқын басқыншылардан азат ету жолында тер, қан төккен ірі тұлға. Аты шулы Мырза би оқиғасы да осы Сапақ датқамен тығыз байланысты. Аш көз Қоқан бегі Мырза би мал орнына қазақ қыздарынан зекет алғанда Бадам өзенінің жағасында, Ордабасы тауының баурайында, Қотырбұлақ қасында тап осы Сапақ датқаның туған інісі Мұсабек батыр қол жинап Мырза бидің басын алған. Қоқан хандығының Сыр бойындағы өкілі Мырза бидің қазасына қатты ашуланған Қоқан ханы Сыр бойының қазақтарын (Қоңыраттарды) жазалуға жіберген әскерін тоқтатқан да осы Көктіңұлы Сапақ датқа мен жандар Қанай датқа болатын. Сапақ датқа жайлы атақты ақындар көптеп жазды.Мысалға:Майлы қожа,Мәделі қожа,Сыр ақыны Ергөбек,Құлыншақ,сыпра шежіреші Байғұт Хәрпіш,Жамбыл Жабаев,Молда Мұса,айтыскер ақын Талап Өскенбаев, ағартушы ұстаз Бауыржан Момышұлының ұстазы Тәңірберген Отарбаев,Нәмет Сүлейменов,сенатор Болат Жылқышиевтың әкесі Әбжапар Жылқышиев,Сары арқа шежірешсі Мәшһүр Жүсіп Көпеев сынды ақын-жазушылар өз еңбектерінде жазып, қалдырып отырды.Көкшетаудың тумасы жас шежіреші Шыңғыс Оразалының айтуынша Сапақ датқа Малайсары,Сырымбет батырдың қарындасын тоқалдыққа алған.,сол Малайсары мен Сырымбеттің қарындасынан туылғанСапақ датқа -ның ұрпақтары белгісіз себебтермен арқада қалып әлі күнге дейін Көкшетау обылысы Қызылту аудандарында тұрады делінген.Бұл жайында Сапақ датқа-ның оңтүстіктегі ұрпақтары біле бермейді. Майлықожа ақынның Тәнен датқаны сынауы. Сапақ датқа бірнеше жолдастарымен Тәнен датқаның ауылына қонаққа шығады.Жолшыбай Сапақ датқаМайлы қожаға жолығып қалады. Сонда Датқа: —Уа Қожеке Дастархан жағалайық,бізбен бірге жүр!— деп қолқалайды.Майлы қожа ақын өзінің асығыс екенін айтып ырзалықпен өз жөнімен кетеді. Майлы қожа бұл топтан тай шаптырым ұзағанда алдынан үш-төрт серігі бар Тәнен датқа жолаушылап ауылына қайтып келеді екен.Майлықожа ақынға ой келеді:«[[осы Тәнен датқа сөз таный ма екен?сынап көрейін !]]»—деп,сәлем—сауқаттан соң: —Уа ,Датқа ! Тура сенің шаңырағыңа жүрісі суыт бір топ аттылар барады!—дейді. Ойында ештеңе жоқ Тәнен датқа түрі өзгеріп: —Ой, пірім-ай! Олар кімдер болды екен? Ай ,Майлы !Ең болмаса кескін —келбетін айт!- дейді. Сонда Майлы қожа ақын: —Ай көзіме алғаш ілінген, Адам шошиды түрінен! Дөңгелек жүзді,дөң маңдай, Қасы менен қабағын, Ұрып-соғып қосқандай! Оң қолында қыран бүкіт, Қауқа сақалы ормандай! Оң шекесінде құс .....
Көшек батыр Ерубайұлы, Көшек Ерубайұлы - 19 ғасырда өмір сүрген батыр, шешен, би. Тама тайпасының Дәулеткелді руынан. Әкесі Ерубай би Жолдыбайұлының үлкен ұлы. Жасынан тентектігімен танылып, Атбасар уезінің оязын сабаған атағымен батыр атанған. Арқадағы ағайындарының көбеюін дәлел қылып Алшын-Жағалбайлы болысы құрамынан Таманың Әліп бұтағын бөліп алу шығартқан. Сөйтіп ол болыстықтың атауын Қарақыз қойдыртып, Қосшығұл болысқа .....
Қалқай ишанұлы Мамырбай 1822-24 жылдар шамасында «Қарабдал», «Абыла» атты өңірде туып, осында қайтыс болғн. Бұл қазіргі Қызылорда облысы Қармақша ауданының Қармақшы ауылында. Осы маңда Марал ишан қорымы бар.
Мамырбай Марал ишанның немересі, Қалқай ишанның екінші ұлы. 1850-51 жылдары ел билігіне араласа бастады. Елдің бірлігіне мен тірлігіне басшылық жасаған. Ояз бастығы да Мамырбайдың жұртшылық алдындағы беделін ескеріп, оны өз ауыл-аймағынан түтінпұл жинайтын жергілікті бастық етіп тағайындайды. Мұрағат құжаттарында оның 1863-66 жылдары 180 түтінді басқарып, түтінпұл жинағаны және оны өткізгені туралы Мамырбай Қалқаевтың қолын қойып, мөрін басқан құжаты сақтаулы.
Марал баба аталатын қорымды сәнді салынған Қалқай ишан үй-тамы бар. Оны салғызған Мамырбай екен. Мамырбай әкесі Қалқайдың арықтарын тазалатып, су жүруін үнемі қадағалап, егін егуге де елді бейімдеген екен.
Марал, Қалқай ишан балаларының ішінде орыс қызметіне араласқан Мамырбай болса да, .....