Қазақ әдебиеті | Қалқай ишанұлы Мамырбай
Қалқай ишанұлы Мамырбай 1822-24 жылдар шамасында «Қарабдал», «Абыла» атты өңірде туып, осында қайтыс болғн. Бұл қазіргі Қызылорда облысы Қармақша ауданының Қармақшы ауылында. Осы маңда Марал ишан қорымы бар.
Мамырбай Марал ишанның немересі, Қалқай ишанның екінші ұлы. 1850-51 жылдары ел билігіне араласа бастады. Елдің бірлігіне мен тірлігіне басшылық жасаған. Ояз бастығы да Мамырбайдың жұртшылық алдындағы беделін ескеріп, оны өз ауыл-аймағынан түтінпұл жинайтын жергілікті бастық етіп тағайындайды. Мұрағат құжаттарында оның 1863-66 жылдары 180 түтінді басқарып, түтінпұл жинағаны және оны өткізгені туралы Мамырбай Қалқаевтың қолын қойып, мөрін басқан құжаты сақтаулы.
Марал баба аталатын қорымды сәнді салынған Қалқай ишан үй-тамы бар. Оны салғызған Мамырбай екен. Мамырбай әкесі Қалқайдың арықтарын тазалатып, су жүруін үнемі қадағалап, егін егуге де елді бейімдеген екен.
Марал, Қалқай ишан балаларының ішінде орыс қызметіне араласқан Мамырбай болса да, Мамырбайға баба қасиеті қонған деседі. Бірде қырдан күзге Сырға оралған Мамырбай Қараөзектен өтуге келсе, қайық арғы бетте болыпты. Арғы жағадағыларға Мамырбай ишан: «Қайықты бері әкеліңдер»,-дейді. Олар: «Қатты жел болып тұр, қайықты аударып аламыз»,- дегесін, атын тебініп жіберіп, толқындап жатқан Қараөзек сіына салып жібереді. Не болғаны белгісіз, Мамырбай аман-есен дариядан өте шығыпты.
Мамырбайдың үлкен ағасы Алдажар ишан өзінен кейінгі ұрпақтарының мінезі мен басқа жағдайларын өлеңмен айта отырып: ... «Біз Мамырбай екеуміз кәріппіз»,- деп өздерінің қарттығын білдірсе керек.
Ишанның басқа ұлдары сияқты Мамырбай балалары да қудалауға түскен. Ол мұрағат құжаттарында 1902-05 жылдары сайлаушылар бетінен жиналысқа қатысып қол қойған. Сонда Мамырбай ишан 1902 жылы өмірде бар болған.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: реферат Қалқай ишанұлы Мамырбай туралы реферат казакша на казахском, реферат на казахском языке скачать бесплатно, рефераттар жинағы жоспарымен, казакша реферат жоспар, Қалқай ишанұлы Мамырбай