Қазақ әдебиеті | Асан қайғы (Хасан) Сәбитұлы

Асан қайғы (Хасан) Сәбитұлы (14 ғасырдың ақыры – 15 ғасырдың басы) – мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би, философ. Әз Жәнібек ханның ақылшысы болған. Әкесі Сәбит Арал өңірінің Сырдария жағасын мекен еткен. Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, «Жеті әулие» қорымындағы Асан ата кесенесі - Асан Қайғы мазары делінеді.
Мазмұны
1 Ғалымдар зерттеуі
2 Өмір сүрген кезеңі
3 Толғаулары
4 Философия дүниетанымы
5 Дереккөздер
Ғалымдар зерттеуі

Оның өмір сүрген тұсы Алтын орда және қазақ халқының қалыптасу кезеңіне сай келеді. Асанқайғы шығармашылығында негізгі орын алатын қазақ тұрмысының өзекті мәселелерін арқау еткен философиялық-нақылдық жанрлар: толғау, терме, шешендік сөздер болып табылады. Асанқайғының шығармаларын жинап, зерттеумен Ш.Уәлиханов, Г.П.Потанин, М.Ж.Көпеев, С.Сейфуллин, М.Әуезов, тағы басқа айналысты. Жыраудың ақындық мұрасын бастыру XIX ғасырдың соңында басталды. Асан Қайғы заманында Алтын Орда ыдырап, оның орнына Қырым, Қазан, Өзбек хандықтары пайда болды. Ноғай ордасы тарап, Қазақ хандығының тарих сахнасына шығуы хандықтар арасындағы қым-қиғаш талас-тартысты аласапыран кезеңмен тұспа-тұс келді. Кейінгі ұрпақ әулие танып, аты аңызға айналған «көшпелілер философы» (Ш. Уәлиханов) атанған Асан Қайғы «өзінен қалған қысқа сын болжаулары, өсиеті арқылы өзінің жайынан да, заман аңғарынан да бірталай көрініс, білік-дерек береді» (М.Әуезов).
Өмір сүрген кезеңі

Асан Қайғы Сәбитұлы XIV ғасырда ғұмыр кешкен, Алтын Орда, қазақтың данышпан ақылгөй жырауы, өз дәуірінің абызы, бас биі, Шоқан Уәлихановтың айтуы бойынша, қазақ халқының қамын, болашағын ойлаған "дала философы", осындай ойшыл, ел қамын жеп, қайғы-қасірет кешкен Асан атына кейін "қайғы" сөзі қосылып аңыздалып кеткен. Шежіре-аңыздардың айтуынша Асанның әкесі Сәбит ұзақ жасаған, он сегіз мың ғаламның, құстың, жан-жануардың тілін білетін, өзі көріпкел әулие, атақты саятшы болса керек. Ол баласы Асанды ес білгеннен осындай қасиеттерге баулып өсіреді. Сондай өнегелі, .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Асылбек Сүйіндікұлы

Асылбек Сүйіндікұлы (т.-ө. ж. б.), Абайдың замандасы, ақынның ғашығы Тоғжанның туған ағасы. Тобықты руының бөкөнші табынан шыққан би, кезінде болыс болған. Абайдан біраз жас үлкен. Ол Абайды аса қадір тұтқан. Өзінің қайын жұрты сыбан Сабырбай ақынның ауылына қонаққа ертіп барған. Сол жылы Абай Қуандық, Сабырбай .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Ақтайлақ Байғараұлы (Ақтайлақ би)

Ақтайлақ Байғараұлы (Ақтайлақ би) 1720-1816 жылдары аралығында ғұмыр сүрген, қазақ халқының атақты шешен биі, әрі төкпе ақын. Ақтайлақ бидің туған ауылы, шыққан ата-тегі жөнінде оның бүгінгі ұрпақтарының бірі, әдебиет зерттеушісі Серікқазы Қорабаев өзінің Ақтайлақ биге арнаған кітабында былай жазады: ... "Семей облысының Жарма, Аякөз, Таскескенаудандарын мекендеп отырған найман ішіндегі Сыбан руының Жангөбек тармағынан шыққан Нарынбай сөзге шешен, әділ би болған екен. Оның баласы Құттыбай қазақ шежіресінде асқан шешендігіне орай "Қу дауысты Құттыбай" деген атпен белгілі болған. Құттыбайдан Байғара, Боран, Ботақара, Сейтен тарайды. Шетінен сөзге жүйрік, шешен болғандықтан бұл төртеуін .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Бабас би Бурабайұлы

Бабас Бурабайұлы - би, XVI ғасырда өмір сүрген, жоңғар-қалмақтарға қарсы көтерілісте қол бастаған. Торғай өңіріндегі Бабас көлі, Бабастың бос қыры деген жер аты осы Бабас бидің есіміне .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Байдалы Бекшеұлы

Байдалы Бекшеұлы (1725 — 1820) — би, шешен. Қазіргі Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданын қоныс еткен. Кейін Көкшетау, Баянаула, Ерейментау өңірлерінде тұрған. Байдалы би — Абылай ханның жанындағы сегіз бидің бірі, хан кеңесінің мүшесі. Кейін Уәли ханға би болған. Жастайынан ауыл арасына билік айтып, ел ісіне араласқан. Байдалы биден "Алыс не, жақын не?” деп сұрағанда: "Жақын — ажал, алыс — білімді мен білімсіздің арасы” деген жауап; "Ағайынға қадірім жоқ — бетімді көреді, әйеліме қадірім жоқ — етімді көреді”; "Панасы жоқ таудан без, пайдасы жоқ байдан без”; "Ақсақалға жарасар аузындағы тобасы, бәйбішеге жарасар піспегі мен сабасы” деген нақыл сөздер қалған. Байдалы Бекшеұлыдан Сабдалы, Дербісал, Байғара (шешелері — Қасқарау), Балтақара, Баби, Майкөз, Қосдәуір (шешелері — Маңқан) атты ұрпақ тараған. Қабірі Қарағанды облысы Молодежный .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Басықара Би Құрманұлы

Басықара Би Құрманұлы 10-12 жасында билік айтып, әділдігімен ел ішінде көріне бастайды. Ел әңгімелерінде Басқараны бірде батыр,бірде би деп атайды. Басқараның атасы Тасым атақты батыр болған. Төртқара ғана емес Әлім руының да атағынан арттырған батыр. 1840-1841 жылдары өзінің атымен аталатын жерде қайтыс болған. Басықарадан – Бекмырза, одан Бәймен туады. Бәймен бидің, Басықараның есімдері «Қазақ-орыс қатынастары» жинағында кездеседі. Мұрағатта олардың .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Бегұлы болыс Көшекұлы

Бегұлы болыс Көшекұлы - Тама тайпасының Дәулеткелді руынан шыққан белгілі тұлға. Қарақыз болысының басқарушысы. Жобамен 1858 жылы дүниеге келіп, 1929 жылы дүниеден өткен. Баян батырдың шөпшегі, Ерубай би Жолдыбайұлының немересі, Көшек батыр Ерубайұлының ұлы. Бегұлы 18 жасында болыс басқарушылығына, Қосшығұл болыс Тауасарұлы дүниеден қапияда кеткеннен соң келеді. Осы билікте қатарынан төрт сайлау ұстап тұрады. Алла тағалланың құдыретімен жасынан ел басқаруға деген дарыны байқалған екен. Көп сөйлемейтін, ержүрек, батыр сөйлейтін азамат болған. Отан құрып, отағасы болғаннан-ақ ел алдына шығып билік айтып, елді өзіне иіріп алатын қасиеттерін байқатқан. Жұмбақтап сөйлеу, не түрлі асыл сөздермен елді аузына қаратады. Жанбек болыс Торжанұлының сұрауы бойынша келесі сайлауда жеңісті Жанбекке алып береді. Бұдан соңғы уақыттарда Бегұлы ел ақсақалы ретінде құрметке бөленіп, елдің бетке ұстар тұлғасы ретінде ел есінде қалған. Оны ел ерекше құрметтеп "Бегұлы отағасы" деп марапаттап сөйлейтін болған. Отағасы сөзінің мағынасы ретінде қариялар - ошақмайлар, ақыл, мәслихаттардың алқа-қотан ортада от жағып соны айнала отырып кеңесер кештің басшысы ретіндегі, төраға мағынасында түсіндіреді.
"Малы көп қазақ байларының бірі Бегұлы өз малдарын .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Бекарыстан Амангелдіұлы

Бекарыстан Амангелдіұлы шамамен 1785-86 жылдары өмірге келген, 1867-68 жылдары қайтыс болған. Әлім тайпасының Шекті руынан шыққан би. Қоқан, Хиуа бекеттерінің озбырлығына қарсы шыққан, жарлы-жақыбайларды үнемі қамқорлыққа алып, күрделі қиын мәселелерді байыппен туралықпен шешіп отырған. Елі ішінде би атанып, халықына сыйлы болған кісі.
Ел аузында там-тұмдап жеткен бидің сөздері қалған. Оның Жанғазы сұлтанды бір ауыз сөзбен тоқтатқан, түрікмен елінің барымташыларын садақ оғымен қаймықтырғанын аңыз етіп айтады. «Бір ауыз сөзбен ханды .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Бекболат Қазыбекұлы (Бекболат би)

Бекболат Қазыбекұлы (Бекболат би) (1714-1790 жылдары) атақты Қаз дауысты Қазыбек бидің баласы. Жас кезінен өкесіне еріп билік мәслихатына көп қатысқан. Әкесі Қазыбек және Төле би, Әйтеке би тағы сондай кара қылды қақ жарған әйгілі әділ билер, хандар, бектер, сұлтандардан көп тәлім-тәрбие алған.
Ол әсіресе Абылай хан сарбаздары арасында өзінің шешен, тапқырлығы, әбжіл, алғырлығы, батырлығымен зор беделге ие болған. Абылай ханның өскери істер, жорык-жортуыл кезіндегі кеңесшілерінің бірі. Сондықтан да Абылай хан оған ерекше сенім білдіріп, шиеленіскен қиын дауларға қауіпті шапқыншы жауларға жұмсап отырған. Бекболат бидің ол сапарлары сәтті болып, үлкен абыроймен оралған.
Әкесі қартайған шағында Бекболатқа билік тізгінін берген. Ол әкесінің билік, .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Бәйеке Жазыбайұлы

Бәйеке Жазыбайұлы (1820, Тарбағатай, Тоқта - Барлық тауы - 1890, Қытай, Іле аймағы, Текес ауданы Ешкілік тауы) - би, мәмілегер. Бала кезінде медреседе білім алған. 16 жасынан ел билеу ісіне араласып, шешендігімен, зеректігімен жұртқа танылған. 1845 жылы қызай руына би болып сайланды. Бәйеке 1860 - 80 жылдары қызайларды Тарбағатайдан .....
Рефераттар
Толық