Кішкентайқызымызға өмірдегі бар жақсылықты тілейміз. Әрдайым көз қуанышымыз болып, аман – есен ортамызда жаздай жадырап, гүлдей құлпырып жүре берсін. Ең бастысы, қазақтың қызы деп атқа лайық болсын.
«Киімге жамау түссе де, көңілге жамау түспесін» деген. Ендеше, үнемі көңілі жақсылықтан жадырасын.
Тілектес Уахитұлы Мейрамов (1948 жылы 5 мамырда Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Көкпекті ауылында туған) — актер, театр педагогы, профессор. Қазақстанның халық әртісі (1996). Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1982). Құрмет орденінің иегері. Тілектес Уахитұлы 1948 жылы 5 мамырда Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Көкпекті ауылында дүниеге келген. 1967 - 1971 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының (бұрынғы Алматы мемлекеттік өнер институты) актерлік бөлімін Қазақ КСР халық артисі, профессор Асқар Тоқпанов және КСРО халық артисі, профессор Шолпан Жандарбекованың жетекшілігімен бітірген. 2011 жылы Қырғыз Мемлекеттік Б. Бейшеналиев атындағы Өнер Институтының «Режиссура» мамандығын сырттай оқыды. 1973 - 1983 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының жанындағы студияда оқытушы. 1983 - 2007 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті, профессоры болды.....