Құрметті оқырмандар 1 желтоқсан - Тұңғыш президент күні құтты болсын! Соған орай Нұрсұлтан Назарбаев, Елбасы, президен туралы өлеңдерді жарияладық. Сіздерге ұнайды деп ойлаймыз!
Қазаққа ілгерілеу керек болса, мұны аз қалыпта қалдырмай, көбірек тұрсын, бәріне таныс жетілген жұрттардың қатарына қосу керек; олармен бірге адам баласының жеңіл күн көруіне, тегіс бақытты болуына жол табу керек, іздесіп ат салысу керек... Бізге керегі қайткенде солардың білімін тез үйреніп, қайткенде сол қатарға тез қосылу қамын қылу керек. (Сұлтанмахмұт)
Өмірбаяны
Абайдан кейінгі қазақтың жазба әдебиетінде әр жанрда еңбек етіп, ерекше көзге түскен көрнекті ақындарының бірі СұлтанмахмұтТорайғыров болды. Ол 1893 жылдың 28 қазанында Көкшетау облысының Қызылту ауданында туған. Оның әкесі Шоқпыт (шын аты Әбубәкір) атанған кедей, момын шаруа адамы болған.Шоқпытта.......
1940 ж. шілденің 6 Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген. 1967 ж. Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бiтiрдi. Экономика ғылымдарының докторы. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры. 1960—69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді. 1969—73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды. 1973—77 жж. — Қарметкомбинаттың партком хатшысы. 1977—79 жж. — Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы. ....
Заманымыздың заңғар жазушысы, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің XX ғасырдағы биік шыңы — ұлы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің артында қалған ұланғайыр мұрасын зерделеп, ой елегінен өткізу үшін де әр дәуірдің, әр ұрпақтың өз айтар сөзі, таным-түсінігі болатыны сөзсіз. Егемен ел жағдайында ұлы жазушы мұрасына деген ілтипатымыз да осындай бір ұмтылыстың көрінісі болмақ. Ғасырлар бойы көшпелі тіршілікті бастан кешіріп, XIX ғасырдың бел ортасында жол айрығына келген қазақ өмірінің барлық әні мен нәрін, сыны мен сырын, соры мен бағын теңдессіз тарихи тұлға Абай тағдыры арқылы әрі көркем, әрі түпсіз ой көзімен ашып берген суреткер туралы талай-талай ізденістер жалғаса бермек. Олай болатыны Мұхтар Әуезов шығармашылығы ғасырлық өлшемдердің аясына әлдеқашан именбей-ақ енген. Ұлы жазушы, ғалым, қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтің көркем мұрасы біздің төл әдебиетіміздің ғана емес, бүкіл адамзат мәдениетінің де жетістігі. Романшы, драматург, ғалым, сценаршы, аудармашы — бұл ұлы қаламгер дарынның толық емес тізімі. Оның Абай туралы эпопеясы мен асқан шеберлікпен жазылған шағын әңгімелері, повестері XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің алтын қорына мәңгілік енеді. «Абай», «Таң», «Шолпан» журналдарында жарияланған алғашқы әңгімелері мен зерттеу мақалаларынан, повестері мен драмалық шығармаларынан-ақ өзін қалыптасқан қаламгерлік жазу өрнегі, белсенді азаматтық бет-бағдары мен пікір толғамы бар сөз зергері ретінде бар даусымен мәлімдеді. ....
Торайғыров Сұлтанмахмұт– қазақ ақыны, ағартушы, қоғам қайраткері, ойшыл. Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданында туған. Торайғыровтың 3 жасында шешесі қайтыс болып, 6 жасына дейін әжесінің тәрбиесінде болды. Кейін әкесі екі ұлымен Баянауылға көшіп, Торайғыр кентіне таяу жерге қоныстанды. Торайғыров алғаш әкесінен ескіше хат танып, 13 жасынан Мұқан, Әбдірахман, Тортай деген молдалардан дәріс алды. Өлеңге үйір, шығыстық сюжеттер негізінде жырлар туындатқан Мұқан молда тәлімінің Торайғыровтың ақын ретінде қалыптасуына игі әсері болғанымен, 1908 жылы баянауылдық Әбдірахман молданың қаталдығы, өлең шығарғаны үшін жас қаламгерді жазалауы оның дін мен молдалар жайлы теріс көзқарасының қалыптасуына негіз болды. 1911 жылы жаңаша оқыған Нұралы ұстазының көмегімен қазақ, татар тілдеріндегі әдеби кітаптармен, газет-журналдармен танысады. 1912 жылы Троицкідегі Ахун Рахманқұли медресесіне түседі, бірақ мұнда бір жылдай оқыған ол өкпе ауруының зардабынан оқудан шығып қалады. Торайғыров енді медреседе оқуды қойып, орысша оқу іздейді, қала маңындағы елде жаз бойы бала оқытады. Пән негіздерін үйреніп, білімге деген ынтасы артқан Сұлтанмахмұт одан әрі оқуын жалғастыру арманына жете алмайды. Троицк, Семей, Томск сияқты ірі қалаларда барып оқуын жалғастыруға ниеттенсе де, қамқоршысы мен қаржының жоктығынан, тұрмыстың қиыншылығынан ол мақсаты орындалмайды. Бірақ оптимист Сұлтанмахмұт өз бетімен ізденіп көп оқыды, ғылымның әралуан саласынан хабардар болды, сөйтіп заманының оқымысты жастарының біріне айналды.....
Торғай облысындағы көтеріліс ең бұқаралық, ең ұзаққа созылған ен табанды және ұйымдасқан көтеріліс болды. Көтеріліс барлық уездерді: Торғай, Ырғыз, Ақтөбе және Қостанай уездерін қамтыды. Облыста көтеріліс қамтылмаған ауыл немесе елді мекен болмады. Бұл кездейсоқ емес еді. Істің мәні мұнда жұрттың көп жері тартып алынып, аграрлық мәселенің шиеленісуі өте күшті болғандығында еді. Барлық жерлердегідей көтеріліске түрткі болған 1916 жылғы 25 июньдегі указ болатын. Торғайдың әскери губернаторы М.М.Эверсмин «құрметті ақсақалдармен» бірге старшындарды арнайы шақырып алдырды: олар патшалық өкімет орындарын қолдайтынын білдіріп, патша указы орындалады деп сендірді. Либералдық феодалдық-бай интелегенция патшаның отаршылдық әкімшілігінің жетегінде кетті де, патша указын орындауға шақырып ауыл-аулдарды аралап кетті. Алайда олардың әрекетінен ештеңе өнбеді. Еңбекшілердің наразылығы мен ашу-ызасы күннен-күнге ұлғая түсті. Торғай облысының әскери губенаторы М.М.Эвераменға қазақ еңбекшілерінің қару алып, жаппай көтерілгендігі туралы хабарлар күнбе-күн түсіп жатты. Көтерілісшілер почтаға шабуыл жасады, темір жол табанын бұзып, болыс басқармаларын ойрамдады, болыстарды өлтірді. Көтеріліс бүкіл облысты қамтыды. Оған жұрт арасында танымал халық батыры Аманкелді Иманов басшылық етті. Ол 1873 жылы Торғай уезінің Қайдауыл батысындағы ауылдардың бірінде, кедей шаруаның семьясында туған еді. Әкесінен ерте айрылған Аманкелді байлардың етегінде жүріп, бала күнінен-ақ жоқшылық пен мұқтаждық көрді. Аманкелді Имановтың ұйымдастырушылық қабілеті халық көтерілісінің алғашқы күндерінен бастап-ақ айқын көрінді. Ұшы-қиырсыз Торғай даласының барлық түкпірлерінде көтерілісшілер отрядтары құрылып, барлық түкпірлерінде көтерілісшілер отрядтары құрылып, оларға Байқоңыр руднигінің Шоқпаркөл тас көмір кен орындарының және Орынбор – Ташкент темір жолының жұмысшылары келіп қосылып жатты. ....
1893 жылы қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туған. ХХ-ғасырдың басындағы Қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, демократ ақын – жазушы. Кедей отбасында туған. Әкесі Шоқпыт (шын аты Әбубәкір) жасында жоқшылықты көп көріп, кісі есігінде жалшы болған. С.Торайғұров үш жасқа шыққанда шешесі Зұфұннан жетім қалды. Алғашқыда үйде жүріп, әкесінен оқып қара таныған С.Торайғыров ауыл молдасы Мұқан деген кісіден сабақ алды. Ол араб, парсы қисса – хикаяларын өзінше аударатын, әрі жанынан қиыстырып өлең шығара алатын кісі болған. Оған еліктеп Торайғыров өлең жазып, мышықтана бастайды. 1902-11 жыл аралығында түрлі мектеп, медреселерде оқыды. 1911 жылы Троицк қаласынан оқып келген Нұралы деген жаңашыл мұғалімнен дәріс тыңдады. Ол қазақ, татар тілінде шығатын газет, журналдарды, әдебиет, тарих т.б. пән кітаптарын жаздырып алдырып, оқып тұратын болған. Сол арқылы Торайғыров қолына түскенін құныға оқып, қазақ, татар әдебиетінің бірқатар нұсқаларымен танысты. Өнер-білімге құлшына бас қойып, өлең, әңгіме жазуға қызу кірісті. Осы кезде ол «Дін», «Сарыбас», «Соқыр сопы», «Оқу», «Кезек қашан келеді» т.б. өлеңдерін және «Зарландым» атты ұзақ очеркін жазды. Бұл шығармаларында жас ақын ескі оқу мен жаңа оқудың айырмасы, оқудың, өнер-білімінің пайдасы, дін, байлық, кедейлік, еңбек т.б. туралы сөз етеді. 1912 жылы қараша айында Торайғыров оқу іздеп, Троицк қаласына барды. Онда оқуда жүріп, «Оқудағы мақсат не?», «Анау-мынау», «Қандай», «Зарлау» т.б. өлеңдерін жазды. 1913-14 жылдың қасында т.б. өлеңдерін жазды. 1913-14 жылдың қысында "Айқап" журналының редакциясында қызмет істеді. Ол осы кезде шығармашылық жұмыспен құлшына шұғылданып, "Қамар сұлу" романын, "Қазақ тіліндегі өлең кітаптар жайынан", "Өлең жөне айтушылары", "Қазақ ішінде оқу, оқыту жолы қалай?" атты мақалаларын және бірқатар өлеңдерін жазды. "Тентектің жинаған шоқпары", "Тамшы" деп аталатын кітаптарын баспаға ұсынды. 1914 жылыжазда Торайғыров туған елі Баянауылға оралды. Кузде Семейге барды. Орысша оқуға туспек болды, бірақ түсе алмады. Қатонқарағайда мұғалім болып, сонда 1916 жылдың күзіне дейін бала оқытты. Мұнда жүргенде "Кім жазықты?" романын жазды. Ол 1916 жылдың күзінде Томскіге барып, курста оқып жүріп, орыстың классикалық әдебиеттерімен танысты, тарих, философия, география пәндерін үйренді.....
Айыр қалпақ Аса қымбат матамен тысталып, ішіне жұқа киіз немесе қалың мата салынып, сырылып тігілетін ер адамдардың бас киімі. Сыртына өсімдік тектес өрнек салынып, алтын жіппен зерленеді. Оны ертеде хан-сұлтандар салтанатқа киетін болған. қазір оны құрметті адамдарға сыйлайды.
Сеукеле Үзатылатын қыз - қалыңдық киетін ғұрыптық киім. Оның сом күмістен құйылған төбесіне үкі тағылып, маңдайына жақұт қондырылады. Екі жақтауына моншақтан салпыншақ өріледі, төбесінен жерге дейін төгілген ақ желек жабылады.
Ішік Сырты матамен тысталып, түрлі аңның терісінен жүнін ішіне қаратып тігілген қысқы сырт киім.
Кебіс месі Месі - өңделген жұқа теріден қонышына ою салынып, табансыз, ұлтансыз, негізінен үйде киілетін жеңіл аяқ киім. Кебіс – табаны қалың, өкшесі биіктеу, сыртына түрлі өрнектер салынып тігілетін, месінің сыртынан киюге арналған аяқ киім.
Жарғақ шалбар Иленіп, өңделген теріден тігіледі. қызғылт түске боялып, түрлі-түсті өрнек салынады. Бұл сенді киімді кезінде батырлар, бектер мен билер, сал-серілер салтанатқа киген.
Шапан қалыңдықтың сырт киімі. Асыл матадан алтын жіппен зер салынып, өрнектеліп тігіледі. Етегіне өсімдік тектес өрнектер кестеленеді.
Кимешек Егде ейелдер киетін бас киім. Көкіректі жауып тұратын тұтас матадан тігіледі. Жағы, өңірі оқаланып кестеленеді. Төбесіне сендік үшін күндік сияқты ақ мата оралады.
Тақия Биіктігі 10-15 см. мөлшерінде дөңгеленіп тігілген, қыздар киетін үкілі тақия. Жиегіне ою салынып, түрлі асыл тастармен көмкеріледі.....
Нарықтық механизмнің қызмет етуі барлық тауарлар, қызмет-тер және өндіріс факторларының нарығындағы тепе-тендікті тек орнатумен бітпейді, ол сонымен қатар экономикалық жүйенің тұтас оптималды дамуын қамтамасыз етеді. Осыған дейін нарықтық тепе-тендікті жекелеген жергілікті нарықтарда, салыстырмалы қарағанда, бір-бірінен тоуелсіз және автономиялы түрде орнайтын тепе-тендік деп жеңіл түсінгенбіз. Шынында, бұл процесс омірде дол осылай жүрмейді. Ұлттық экономиканың кандайында болмасын, барлық нарық-тардың дамуы мен реттелуіне бағытталған әрекеттер мезгіл мен экономикалык кеңістікте түрақты түрде бір-бірімен келісімді бо-луға тисті. Осы мәселелерді дүрыс шешу үшін экономикалық жүйенің жекелей жоне жалпы тепе-тендік болмысын арнайы бөліп алып талдау керек. Тауарлар нарығы тепе-тендік жағдайда болу үшін, болып түрған баға дәрежесінде болжам етілген өнімнің щығарылуы жиынтық сұранысқа немесе жоспарланған жиынтық шығындарға тен. болуы керек. Жиынтық сұраныстың екі нысаны болады: натуралдық-заттық және құндық. Жиынтық сураныстың натуралдық-заттық нысаны халық-тың, фирмалардың және мемлекеттердің тауарлар мен қызметтерге қоғамдық қажеттігін көрсетеді. Оның қүрылымы, біріншіден, жеке және басқа өндірістік емес қажеттерді қамтамасыз ететін өнімдер мен қызметтердің белгілі түрлерін алуы мүмкін; екіншіден, барлық өндірістік құралдар мен өндірістік қызметтердің (технологияны жетілдіруге бағытталған ғылыми зерттеулер мен дайындықтар, өндіріске қызмет ететін информация, байланыс және т.б.) жиынтығы болуы мүмкін. Жиынтық сұраныстың қун жагының мазмуны жиынтық табыстың әр дәрежесіне тағайындалған отандык тауарлар мен қыз-меттер үшш жоспарланған шығындардың сомасымен аныкталады. Жиынтық сураныс (AD) — бұл нарықта ақша формасында орын алып отырған халыклың, кәсіпорындардың және мемлекеттің қажеттері. Жиынтық сұраныстың экономиканың секторларына сәйкес болінуіне қарай, оны (AD) төрт топқа белуге болады: тұтыну (С ) — үй шаруашылықтарының сұранысы; инвестициялар (I) - кәсіпкерлердің күрделі жабдықтарға сұра-нысы; мемлекеттің сатып алуы (G) — мемлекеттің тауарлар мен қызметтерге сұранысы; таза экспорт (X) — отандық тауарларға шетелдіктердің сұраны-сы мен шетел тауарларына отандастардың сұранысының айырымы. Басқаша айтқанда, AD түпкі өнімдерге сұраныстың жалпы сомасына тең болады: С + I = G + X.....