Халықтың қой бағуға байланысты еңбегін бейнелейтін мерекеге ұласатын ойын-сауық ойындарының бірі — «Күзем алу» болып өткізіледі де, үлкен тойға ұласады. «Күзем алып» жатқан ауылдың сыртынан байқастаған адам, ығы-жығы адамдарды көрер еді, біреуі ән салып, бірі күй шертіп, енді біреулерінің айтысып жатқанын естисің, жүнді шаңырақтан шығара көтере сабаған жастар, киізді шиге орап қарпығанда, жон асырып бір ауыл мен екінші ауылдың арасында домалатып теуіп жүргенде де, әзіл мен айтыс өлеңдерді, киізді басуға арналған ән-жырларды айтады. «Қой басты, қой басты»,— деп үлкен үйлердің алдына әкеліп — ырымын алады. Қазіргі «Өрмек биі» осындай халық ойындарынан алынған......
Қазақ халқының ойын-сауық, әдет-ғұрып ойындарының көпшілігі осы ойынмен басталады. Наурыз мейрамында бұл ойындар екі жақтың тартысы арқылы ойналып, қыстың қысылшаң қаттылығын бейнелейтін болған.
Наурыз кезінде жақын екі ауылдың келісуі бойынша, мерекеге жиналғандар екі топқа бөлінеді. Бірінші топтың аты — «Ақ боран» да, екінші топтың аты — «Қалтырауық қамыр кемпір». Әр топ ойын басталмас бұрын өздерінің ішінен өнердің барлың саласына қатынасатын (ақын, палуан, мерген, найзагер, құсбегі, шабандоз тағы сол сияқты) ойыншыларын дайындап, сайлап алады да, жиналған қауым екі ауылдың ең үлкен ақсақалдарының батасын алады.
Ойын ең алдымен екі жақтың ақындар айтысымен басталады. Бірінші күні-ақ айтысқан екі жақтың тартыс-бәсекесінен біріне-бірі оңайлықпен беріле қоймағандығы байқалады. Мереке өнердің барлық саласынан-ақ осындай қызу тартыспен өтеді.
Ақындар айтысы бітісімен, палуандардың күресі басталады.
Палуандар күресі біткеннен кейін «жаяу жарыс» басталады. Бұл ойынға қатысушылардың санына шек қойылмайды. Екі топтың өзара келісімі бойынша белгіленген екі көмбенің арасын жүгіріп өтулері керек. Жаяу жарысқа қатысушылар нақтылы қандай қашықтыққа жүгіретінін ешқайсысы білмеген, өйткені бұл екі көмбенің арақашықтығы еш уақытта өлшенбеген. Тек бертін келе ғана мөлшермен өлшене бастады. Шамамен бірден үш шақырымға дейінгі қашықтық алынған жаяу жарысқа қатысушылардың әрқайсысы өзінше жүгіріп, бірінші келгені жеңімпаз атанған.
Бұдан кейін халқымыздың ат үстінде ойнайтын ойындары басталып жалғаса беретін болған.
Ат үстіндегі ойындардың бір түрі «Жамбы ату». «Жамбы ату» ойыны қазақтың ата тегінен бері келе жатқан, болмаса аңшылық кәсібінен қалған, келе-келе көз ұшындай жерге жамбы тігіп, соны ататын, көңіл көтеретін, бүкіл жұрт болып қызықтайтын ұлттық ойынына айналған. Бұл ойын халықтың ұлт ерекшелігін көрсетеді. Себебі қазақтар жамбыны ат үстінде тұрып, болмаса шауып келе жатып қана атқан.
Мұның өзіндік ерекшелігі мынада: қазақтар жамбыны атқанда бүгінгідей анандай жердегі тақтадағы нысананы көздемеген. Олар ұзын сырықтың басына мергенге арналған сыйлықты, болмаса жамбыны шүберекке орап, не ашық түрде жіпке байлап іліп қояды.
Мергендер жамбыны атқанда, оны байлаулы тұрған жібінен көздеп жерге түсіреді. Жамбыны атқанда әркім өз атының үстінде жүріп, не шауып келе жатып садақпен атады. «Жамбы атудың» қызықтылығы сондай, оны тамашалауға жиналған жұрт басқа ойындарды ұмытып бар назарларын соған салатындықтан, оны барлық ойындар өткеннен кейін, ең соңынан қызықтайтын болған. «Жамбы ату» ойыны тігілген жүлдені мергендер атып алғанға дейін жалғаса береді. Кей жағдайларда ойын қызығына қанбаған жұрт жамбыны үш ретке дейін тігеді.....
Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялағаннан кейін қазақ тілін мемлекеттік тіл деп жариялады. 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясының 7 - бабында мыналар атап көрсетілген: «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тiлi.». Конституцияға сүйене отырып, «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» заң қабылданды. «Тіл туралы» заңға сәйкес 4 - бапта: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тiлi - қазақ тiлi. Мемлекеттік тіл - мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот iсiн жүргізу және iс қағаздарын жүргізу тiлi. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тiлдi меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы. Үкімет, өзге де мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар: Қазақстан Республикасында мемлекеттік тiлдi барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға; Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық - техникалық жағдайларды жасауға; қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы және дамытуы үшін көмек көрсетуге мiндеттi» .....
Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялағаннан кейін қазақ тілін мемлекеттік тіл деп жариялады. 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясының 7 - бабында мыналар атап көрсетілген: «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тiлi.». Конституцияға сүйене отырып, «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» заң қабылданды. «Тіл туралы» заңға сәйкес 4 - бапта: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тiлi - қазақ тiлi. Мемлекеттік тіл - мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот iсiн жүргізу және iс қағаздарын жүргізу тiлi. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тiлдi меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы. Үкімет, өзге де мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар: Қазақстан Республикасында мемлекеттік тiлдi барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға; Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық - техникалық жағдайларды жасауға; қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы және дамытуы үшін көмек көрсетуге мiндеттi». .....
Зертеудің өзектілігі. Жас жеткіншектердің дене тәрбиесі Қазақстан Республикасы мемлекеті мен үкіметінің қашанда маңызды міндеттерінің бірі болып келеді. Республика Президенті мен үкіметтің жалпы білім беретін мектептердегі оқушылардың дене тәрбиесін жетілдіруге арналған қамқорлығы (оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру, материалдық-техникалық базаларды нығайту, педагогикалық мамандардың кәсіпкерлігін арттыру) бірқатар шешімдер мен қаулыларда өзінің жарқын көрінісін тапты. Қазақстан Республикасы барлық тарихи кезеңде ұлттық саясатты өрбітуге және де оны жетілдіру мен қалыптастыруға әрдайым көңіл бөліп отырды. Қазақстан Республикасында олимпиадалық ойындар бағдарламасын құрайтын және де жалпы халықтық байлықтың мүддесіне айналған дене күші жаттығулары көп. "Президенттік сынама" Қазақстан Республикасында өмір сүріп жатқан барлық ұлт өкілдерінің, жалпы халықтың маңызына ие болып отыр. Жалпы халықтық және ұлттық мәдениет сәйкестігі мен олардың өзара байлық бірлестігі осылардың кеңінен дамуына жол ашуды құрайды. ....
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының Президенті – елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050 стратегиясы» - қалыптасқан Қазақстан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында біз бәсекеге қабілетті ел болуымыз үшін, ұшқыр білімді ұлт болуымыз керек делінген. Жолдауда тіл саясатына елді біріктіруші басты фактор ретінде басымдық берілген. Бұл орайда рухани негізіміз - қазақ тілі турасында айта келіп, Елбасы: «Біздің міндетіміз - оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл - өзін қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет», - деп көрсетеді. ҚР Президенті мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайта түсу қажеттілігін, қазақ тілін кеңінен қолдану бағытындағы кешенді шараларды тереңдете түсуді баса айтады. Жас ұрпақ тәрбиелеуде оның ішінде дене тәрбиесі бағытында өзінің ең қолайлы тәрбие құралдардың бірі қазақ тілі екендігін дәлелдеп келе жатқан ұлттық ойындар мен ұлттық спорт түрлері қазіргі Егемен Қазақстан халқының болашағының жарқын болуы үшін атқарылып жатқан істердің ішінде өзінің пайдалы жақтарымен көрінуде. Пайдалы жақтарына: ұлттық ойындар арқылы халықтың тарихи қалыптасқан салт- дәстүрлерін жеткізуші ретінде көрніс табуы, ұлттық тілді дамыту ісінде қажеттілігі, барлық жастағы адамдардың денесін шынықтыру істеріндегі пайдалылығы, салауатты өмір сүруді насихаттауы, спортшылар дайындау жағынан маңыздылығымен ерекшеленеді. [1] ....
КІРІСПЕ Зерттеудің көкейкестілігі. Еліміздегі экономикалық жағдайдың күрделілігіне қарамастан жас ұрпаққа білім беруді әлемдік деңгейге көтеру, оларды жалпы орта білім алуға түгел қамтуға басты назар аудару жолында жасалынып жатқан батыл қадамдар болашағымыздың жарқын, ұрпағымыздың білімді азамат болуының алғы шарты. Еліміздің тәуелсіздігінің арқасында халыққа білім беру саясатының бүгінгісі мен ертеңгісі жаңа көзқарас тұрғысынан талданды және оны реформалаудың құқықтық негізі қаланды. Атап айтқанда ел Конститутциясынан бастау алған “Білім туралы Заң, Қазақстан Республикасы бастауыш білімінің Мемлекеттік стандарты сияқты құжаттар. Бұл мемлекеттік құжаттарда ұлттық мектептерде ана тілін оқыту ісін жаңа талаптарға сай жетілдіру, оқушылардың ана тілінде сөйлеп, өз ойын жеткізу дағдыларын жаңа сатыға көтеру, оқыту барысында ұлттық ерекшеліктерді ескеру қажеттігіне баса назар аударыла бастады.....
Ұлттық ойындарды дене тәрбиесі сабағында пайдалану оқушының ұлттық өнегені бойына сіңіріп, бүкіл ұлтқа тән қасиеттерді өз бойына дарытып, толығып, жетілу арқылы, өзінің жан – жақты тәрбиелік қасиетін шыңдай түсуге жол ашады. Ұлттық – қимыл ойындарының қай – қайсысы болса да күшті, жылдамдықты, ептілікті және төзімділікті мейілінше жетілдіруге мүмкіндік береді. Биылғы мемлекет.......