Қан қысымын реттеу үшін не істеу керек

Қан қысымы жас талғамайды: жасты да, кәріні де жоғарғы өлшеммен құлатуы мүмкін. Оның алдын алып, сақтану үшін арнайы тәртіп ұстанып, дұрыс тамақтану керек. Бұдан басқа да кез келген адам ұстануы тиіс қағидалар бар.

1. Артық салмақтан арылу

Дәрігерлер қан қысымын артық салмақтан болуы мүмкін дейді. Мұндай жағдайда диета ұстау керек. Құрамында глутамин қышқылы бар көкөністерді, мысалы, сәбіз, қызылша, жүгері, қызанақ секілді көкөністерді жеу керек.......
Кеңестер
Толық

Көшбасшы болу үшін

Әлемде миллиондаған ақылды адам бар. Бірақ олардың бәрі бірдей беделді болып, қоғамға пайдалы дүние ойлап тапқан жоқ. Адам ақылын шығармашылық ойлау қабілетімен, өз ісіне деген сүйіспеншілігімен ұштастыра білгенде ғана көздеген биігіне жетпек. Әлемге әйгілі көшбасшылардың өмір жолына көз салып, өнеге алайық.

Стив Джобс Apple өнімін шығарарда бала шағында болған мына жай әсер еткен екен. Бірде Стивтің әкесі үй сыртына аула салуды тапсырады. Ауланың ішкі бөлігін ешкім көрмей-ақ, сыртын көргеннен тамсанып, іші де дәл сондай керемет екеніне күмән келтірмейтіндей ұқыпты да әдемі жасалуын қатаң қадағалайды......
Кеңестер
Толық

Ми жұмысын арттыру үшін

1. Жаңа орын
Ешқашан көрмеген немесе өте сирек баратын жерлерді аралаңыз. Ол үлкен саябақ, көрме немесе зергерлік дүкен болуы мүмкін.

2. Жаңа иіс
Эфир майы құйылған кішкентай флаконды немесе хош иістендірілген кез келген зат сатып алыңыз. Әр таңда ояна сала, сол жаңа иісті иіскеп жүріңіз – бұл миды «оятуға» көмектеседі.

3. Жұмулы көз
Кешке үйіңізде жарықты жақпай, біраз нәрсені ойша тауып көріңіз. Бұл жаттығу зейініңіз бен есте сақтау қабілетін жақсартады. Сонымен қатар, душқа түскенде де көзіңізді жұмып алыңыз. Ештеңе көрмегендіктен басқа мүшелеріңіздің сезгіштігі арта түседі......
Кеңестер
Толық

Нұрбол Бимұрзаев | Саналы ұрпақ үшін ұлттық киноиндустрия

Жалпылама фильмдер көркем-өнер туындысы, табыс көзі болумен қатар қоғамға бірдеңелер түсіндіру, ой-пікір жеткізу мақсатында жасалуда. Ұлттық санада дайындалған отандық фильмдер арқылы жастардың білім-танымын, әдет-ғұрпын, жақсы мен жаман ұғымын түсіндіруге, мәселен тарихи фильмдер арқылы жастарға отанға деген махаббатты, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге болады. Ал батыстық фильмдерден көбінесе арсыздықты, жалаңаш киінуді, темекі шегіп, арақ ішу, наша шегуді, гомосексуалды болуды, өзгенің жұбайына қырындауды, ажырасуды қалыпты етіп көрсететіндері көп. Соған еліктеген кейбір отандық фильмдер ұлттық құндылықтарды кері тартпа, ал батыстық азғындықтарды ілгерілік деп көрсететіндері де бар. Бұлар әрине жастардың ой-санасына әсер етпей қоймасы анық. Мәселен азулы фильмдердегі қате пікірлерді сіңіріп өскен жастар дұрыс нәрселерге қарсы шығып, бұрыс нәрселерді қолдайтын болуы мүмкін. Осы тұрғыдан киноиндустрия өте маңызды құрал. Жарық жылдамдығындай қарқынмен күннен күнге көбейіп қоғамға ұсынылып жатқан шетелдік фильмдер сүзгіден өтпейтін болса, ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін отандық фильмдерге ден қойылмаса халіміз неғайбыл. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай тарихи біршама кинолар жарық көрді. Жас-кәріміз осыларды тілге тиек етіп, еңселеріміз көтеріліп қалды. Осыны жалғай түсіруге болатын дастандарымыз, тарихи тұлғаларымыз хандарымыз, батырларымыз жетіп жатыр. Қорыта айтқанда осы саладағы аға-әпкелеріміз осы мәселеге де жақсырақ ден қойса дейміз. Осындай мәдени қазыналарымызды ашатын, жастардың ұлттық рухын көтеретін көрсетілімдер көп болғай.

.....
Әңгімелер
Толық

Мен мемлекетімнің гүлденуі үшін не істей аламын?

Жастар - елдің келешегі. Ата-бабадан мұра болып қалған, оны ұрпақтың бірнеше буыны сабақтаса дамытқан тілімізді, әдет-ғұрыпты, тарихты, мәдениетті, өнер, білім мен ғылымды алға апаратын солар. Сондықтан да олардың білімді, өнерлі, еңбекқор болғанын ғана емес, мәдениетті болғанын, жаны да тәні де сұлу болғанын, тіліміздің қадірін түсірмей, абыройын асқақтата түсуін қалаймын.

Президент ел жастарымен болған кезекті бір кездесуінде «Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса –ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады.» Сондықтан жастар Елбасының сенімі мен үмітін ақтауымыз тиіс. Қазақ елін «Мәңгілік ел» қылатын біздер, жастар!» ......
Шығармалар
Толық

Кембридж бағдарламасының тәжірибелік тізбектелген сабақтар топтамасына "Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау" модулі қалай және неге енгізілгені туралы

Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша
түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез-келген нысанның артында объективті
немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ
баланың дамуы, оқуы және ынтаса туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік
және күш-жігер сияқты ұғымдарға.......
Баяндамалар
Толық

Кембридж бағдарламасымен «оқыту үшін бағалау мен оқытуды бағалау» модулі бойынша

Білім беру жүйесінде бағалау үдерісі көп жағдайда оқушыларды жетістіктерін есепке алу үшін сырттай қойылатыны мәлім. Өз тәжірбемде баға білім алушылардың тоқсандық және жылдық сапа мен үлгерім деңгейіншартты түрде есепке алатын , салыстырмалы түрде қойылатын көрсеткіш ретінде қалыптасты.
Мектептегі оқытудың нәтежелері ,әрбір оқушының оқудағы күтілетін нәтижеге қол жеткізудегі табыстары, оның оқуға қатынасы мен тұлғаның тұтас даму динамикасы жан-жақты және әділ бағалауды талап.......
Баяндамалар
Толық