Алғыс айту күні (мұғалімге, ұстазға)

Мен алғаш мектеп есігін ашқанымда,
Күнім болып көріндің аспанымда.
Білім болып егілдің жас жаныма,
Гүлің болып төгілдің асқарыма.
Біз дегенде ұмытып бала қамын,
Қас қағымға қасыңнан.....

Тақпақтар
Толық

1 Наурыз - Алғыс айту күні (Үй иесі)

Құрметті халайық, ойыма келіп ат салысып, қуанышқа ақ тілек айтып жатырғандарыңызға көп рахмет! Менде болған қуаныш сендерде де 10 рет, 100 реттен еселеніп бола берсін! Ақ тілек періштенің құлағына шалынып, тойға тілеген тілектерің өздеріңе де ақ ниет болып қайтсын! Балбұл жанған көздеріңнен нұр кетпей, достық, ағайындық татулығымызға жан жетпесін!

Құттықтау, тілектер
Толық

Әруақтарға құран бағыштау үлгісі  

Бейсенбі, жұма, ораза, айттарда, зират басында, туған, дүниеден өткен күндерінде, құрмандық шалғанда марқұм болған туған-туыс, құрбы-құрдас, жақындарыңның аруағына Құран бағыштаңыз келсе, қасиетті Құран Кәрімнің «Фатиха», «Ықылас» сүрелерін жатқа айтып, оқуыңызға болады. Төменде осы сүрелердің, ол оқылғаннан кейін айтылатын тілектердің бір мәтінін назарларыңызға ұсынамын.
Кеңестер
Толық

Қазақша оқушыға мінездеме үлгісі / Образец характеристика ученика на казахском

Оқушыға мінездеме

Венера, осы мектепте 1 – сыныптан бастап оқиды. Венераның мінезі ашық, жүрегі кең – пейілді оқушы деуге болады. Венера 1 сыныптан бастап оқу екпіндісі болып келеді. А. Венера мектепте оқып жүрген уақыт ішінде өзін жақсы жағынан көрсете білді. Өзіне берілген тапсырмаларды тиянақты орындайды, мектепте өтетін іс – шараларға белсене араласады, берілген қоғамдық жұмыстарға жауаптылықпен қарайды. Сынып ішінде, оқушылар арасында беделді, өзінің білімімен жан-жақты оқушы екенін көрсетіп....
kz
Толық

Қазақша - орысша мінездеме үлгісі / Образец характеристики на казахском и русском языке

Мінездеме - түрлі мекеме, үйым бірлестік, оқу орындарында белгілі бір адамды өмірбаяндық, біліктілік, кәсіптік, адамшылық тұрғыда жазбаша сипаттау мақсатында жиі жазылатын іс қағазының бір түрі.
Қызметтік мінездеме — мінездеменің айрықша кең тараған және әмбебап формасы. Қызметкерді объективті өрі нақты мінездеу қажет болған жағдайда жазылады. Қорытынды бөлімі еркін стилъде жазылады жоне құжат мазмұнын түйіндейді.
Мінездеме қызметкерді басқа бір ваканцияға я болмаса оқу орнына үсыну мақсатында да жазылады. Мүнда үсынылған адамның аталған ваканцияға қажет деген мінез-қасиеттері, кәсіптік шеберлігі айтылады.
Аттестациялық мінездеме белгілі бір.....
kz
Толық

Қазақша - Орысша Түйіндеме, Өмірбаян, Хат жазу Үлгісі / Образец Автобиография, Резюме, Письмо на казахском и на русском языке


Соңғы жылдары түйіндеме құжаты түрі кең таралып отыр. Түйіндеме кәсіпорынға, жұмысқа қабылдау алдында үміткерден түйіндеме (резюме) ұсыну талап етілуде. Жұмысқа қабылданушы үшін бұл түйіндеме құжатының басты мақсаты - өзін - өзі көрсету. Түйіндеме өмірбаян секілді жазылмайды. Түйіндеменің жасалуы еркін болады. Мұнда қызмет іздеп жүрген адам өзінің білімі, еңбек тәжірибесі, жеке жетістіктері, кәсіпқойлық деңгейі, басқа да дағдылары туралы мәліметтерді түйіндемеге қысқа әрі нұсқа етіп тізіп жазады. Жұмысқа алушы адам түйіндеме құжатына қарап....
kz | Кеңестер
Толық

Экономика | Микроэкономика теориясының макроэкономикадағы рөлі және макорэкономикалық үлгілер

«Макроэкономика» пәні экономикалық оқу орындарында оқытылатын негізгі теориялық базалық курстың бірі болып есептеледі.
Макроэкономика ғылым ретіңде экономикалық құбылыстар мен үрдістерді экономикалық теориялар мен үлгілер түрінде жүйелеп қорытуға арналған. Мұнда экономика біртұтас жүйе ретінде қарастырыла отырып, тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетудің жалпы көлемін және оның өсуін, инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейін, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем балансының жағдайын зерттеді.
Макроэкономика экономиканы бір үлкен бүтін құбылыс ретінде қарастыратын ғылым. Ол экономикадағы іс - әрекеттерді біріктіріп жалпылай қарастырады. Белгілі бір уақыт аралығында кейбір фирмалар өндірген өнімдеріне бағаны өсіреді, кейде төмендетеді. Бағаның жиынтық өзгерісін талдау кезінде зерттеушілер көптеген баға өзгерістерінің ішінен орташасын алады. Бағаның экономикадағы жиынтық динамикасын өлшеу үшін баға индексі қолданылады. ....
Рефераттар
Толық

Информатика | Мәліметтер үлгілерінің түрлері

Мәліметтер үлгісінің ұғымы дегенде мәліметтерге қолданылатын амалдарды және мәліметтердің сақталған мәндеріне шектеулерді айтуға болады.
Жалпы мәліметтер қоймасында мәліметтерді бейнелеп сипаттаудың екі деңгейі бар. Ол ақпараттық үлгі және мәліметтердің физикалық үлгісі.
Ақпараттық үлгі бағдарламалық жабдықтауды қолданушыға түсінікті болатындай түрде бейнелеуі тиіс. Ондай ақпарат қолданушыны қызықтыратын жағдайлар мен олардың өзара байланысы, қасиеттері болып келеді.
Мәліметтер базасын басқару жүйесін (МББЖ) қолдайтын мәліметтер үлгісінің өз құрылымы, оларға қолданылатын амалдар жиыны болады.
Мәліметтер базасын басқару жүйесінің жабдықтарымен қолданылатын логикалық деңгейдегі мәліметтер үлгілерін даталогиялық үлгі деп атайды. Бұл үлгі мәліметтердің элементтері арасындағы қисынды байланысты олардың мазмұны мен сақталу орындарынан тәуелсіз түрде сипаттайды.
Даталогиялық үлгіні тұрғызу барысында бейнеленгелі отырған пәндік саланың ерекшеліктері ескеріледі. Мәліметтер базасы мәліметтердің біріктіріліп және өзара байланыстық сақталуын қамтиды. Сол себепті де, ондай үлгіні жобалауда пәндік саланы сәйкестендіріп сипаттаған дұрыс.
Егер Мәліметтер базасын тұрғызғанда пәндік сала туралы ұқсас ақпарат қажет болса және сол пәндік саланы сипаттау – қолданылатын бағдарламалық, техникалық жабдықтардан тәуелсіз болса, ондай үлгіні пәндік саланың инфологиялық үлгісі деп атайды. Пәндік саланың инфологиялық үлгісі даталогиялық үлгіге қарағанда, бастапқы кейіптегі үлгі болып саналады.....
Рефераттар
Толық