Экономика | Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық – құқықтық нысандары

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы ХХ ғасырдың 90 жылдарынан бастап егеменді ел болып өз экономикасын дамытуға мүмкіндік алып әлемдік еңбек бөлісіне қатыса бастады. Он бір жыл ішінде елімізде бұрын-соңды болмаған тарихи маңызды, орасан зор өзгерістер болды. Осы жаңалықтардың негізі материалдық өндірістің, бұрынғы экономикалық қатынастардың орнына жаңа қатынастардың пайда болуы. Социалистік деп аталған мемлекеттік және кооперативтік меншіктің орынына көп түрлі меншік формаларының келуі, оның ішінде жеке меншік түрлерінің пайда болуы. Меншіктің жекешелендірілуі, мемлекет иелігінен алынуы әкімшілік жүйенің құлауына жол ашты. Бірақ шаруашылықты тиімді ұйымдастырушы, ортақолды меншік иелерін қалыптастыру оңай жүргізілетін шаруа емес. Оның басты себебі совет елінде 70 жылдан астам мемлекетке қызмет атқарған адамдар психологияс жеке адамдарды кәсіпкерліктен алшақтатты, шынын айтқанда кәсіпкерлік теорияс болған жоқ, керісінше бұл қызметті мемлекет басқару органдары атқарады деген пікір қалыптасты.
Совет экономикасы пролетарлық саяси экономия догмасына сәйкес бір орталықтан басқарылатын күрделі фабрика ретінде қаралды. Оның үстіне кәсіпкерлер - қанаушы тап капиталистер деген ұғым халық санасына молынан енді. Кейбір ынталы, жігерлі, өз бетімен еңбекке, кәсіпкерлікке талпынушы адамдар алдында заң жүзінде кедергі қойылып, олар жазаға тартылған жағдайлар да кездескен. Бүкіл Совет Одағына аты шыққан қазақстандық шаруа Худенко А.В. мердігерлік егіншілік бригадасын құрған үшін жауапқа тартылып мезгілсіз, жазықсызда дүние салды. Әлемдік тәжірибе мен ғылымда кәсіпкерлік теориясы кең қолданылды да индустриясы дамыған елдер экономикасында айтарлықтай жетістіктер болғаны жұртқа мәлім. Теориядағы сыңаржақтық, я болмаса тура бұрмалаушылық экономикаға орасан зор кедергі келтіреді, қоғам мүшелерінің әл-ауқатын, мәдени дәрежесін төмендетері сөзсіз. Осыған орай, теориядағы догмалардың кесірі ұзақ жылдар бойы бүкіл совет халқының, оның ішінде қазақстандықтардың материалдық жағдайына қолайсыз болғаны белгілі.
Трансформациялық экономика жағдайында шаруашылықты ілгері дамыту үшін кәсіпкерліктің бастапқы нысандарын қалыптастыру үлкен мәнге ие болды. Себебі, ұдайы өндіріс тұрғысында кәсіпкерлік құрылымдар ғана экономикалық жүйелерді бір-бірінен айырма алады. Осыған байланысты, нарықтық принциптерге негізделген кәсіпкерлік сектордың жүйелі факторлары маңыздылыққа ие болады.
Методологиялық тұрғыдан нарықтық сектор кезеңі фирманың өндірістік, қаржылық және ақпараттық жүйесін қайта бағыттау мен кәсіпкерліктің қазіргі заманғы институционалдық құрылымын қалыптастыруды анықтайды.
Әдістемелік тұрғыдан қазіргі заманғы кәсіпкерлік табиғатына ішкі және сыртқы ынталылықты, жоғары табысты әрекетке деген ынталылықты жүзеге асырудың мінез-құлықтық құралдары енеді.
Кәсіпкерлік нысандар көшпелі жағдайда ұдайы өндірістік қатынастарды келесідей жүйелі нәтижелерге әкелетіндей реформалау тұрғысынан қарағанда іс жүзінде шешуші рөл атқарады. Трансформациялық жағдайда кәсіпкерліктің түрлері туралы мәселе Ұдайы өндірістік реформалау тұрғысынан маңыздылықты иеленеді. Кәсіпкерліктің өзі нақты нысандарда жүзеге асырылады, солардың ішінде ең пәрменділері - корпорациялар (ірі бизнес деңгейінде), лизинг, франчайзинг, венчурлық бизнес кәсіпкерліктің орта және шағын деңгейлерінде болып табылады. Акционерлік қатынастарды дамыту нәтижесі ретіндегі корпорациялау нақты өндірістік сектор мен қатар қаржылық сектордың белсенділігін арттырады. Бұл өндіріс сатысында (комбинаттар, трестер) және айналыс деңгейінде (банкілік консорциумдар, брокерлік ассоциациялар) бірлескен нысандардың пайда болуына әкеледі. Осының салдары қорпоративтік құрылымдардың (ҚӨТ, ТҰК) қалыптасуы болып табылады. Бұл өз кезегінде солардың тиімділігінің қосымша талдауын талап етеді. Сондықтан, мәселенің негізгі элементтеріне:
- біріншіден, кәсіпкерліктің қалыптасуының шаруашылық тетігі, егер оның құрылуы үшін технологиялық негіз болса;
- екіншіден, тұрақсыз экономикалық орта жағдайында базалық кәсіпкерлік нысандарының факторлық ерекшеліктері;
- үшіншіден, кәсіпкерліктің экономикалық және әлеуметтік тиімділігін дәл көрсететін оның оңтайлы нысандарын іздестіру;
Кәсіпкерлік қызметінің қандайы болмасын мемлекеттің экономикасы аясынан өзіне тиісті орнын, дәреже-деңгейін тапқаны бүгінде баршаға мәлім. Ал бүгінгі таңда Қазақстандағы кәсіпкерлікгің туындап, дамуы жүргізіліп жатқан зкономикалық реформалардың өзегі ретінде көрініс табуда. Өйткені, нарық экономикасына көшудің (өтудің) бірден-бір жолы, бұл кәсіпкерлік құрылымдардың материалдық базасы жекеменшік инвестициялар болып табылуымен қатар, олардың басқару бастауында білікті және қайратты кәсіпкер тұруы қажет.
Мемлекет тарапында жүзеге асырылатын кызметтерге тұлғаның жұмысқа кіруі еркін сипатта болғанымен, басқару қызметі басқарушы органың мүддесіне соған жету жолында жүзеге асыратын функциаларына, әдістеріне және т,б, негізделгендіктен қызмет істеу еріксіз болып табылады.
Жалпы экономикалық прогресс кәсіпкерліктің дамуымен тікелей байланысты. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік – шаруашылық қызметтің маңызды түрі болып табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі – кәсіпкерлік экономика. Оның ролін көрсетуде, Адам Смит кәсіпкерді коммерциялық идеяны жүзеге асыру және пайда табу үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі ретінде сипаттайды. Кәсіпкерлік өндірістің, нарықтың және бүкіл қоғамның дамуына ықпал етеді. Осыған байланысты кәсіпкерліктің теориясы мен тәжірибесіне деген мүдделілік өсіп отыр.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстандағы кластерлерді ұйымдастырудың экономикалық - құқықтық формалары

КІРІСПЕ
Елбасы Н.Назарбаев елімізді таяудағы он жылда дүние жүзіндегі бәсекеге барынша қабілетті 50 мемлекеттің қатарына енгізу міндетін қойып, оған жетудің алғы шарттары мен жолын саралап айтып, белгілеп берді. Оның бірден-бір және басты жолы - өңдеуші өнеркәсіпті дамыту болып табылады. Бұл бағытта қолға алынып, жүзеге асырылып жатқан игі істер де баршылық. Солардың бірі - кластерлік жүйе.
Президент Н.Назарбаев осыдан екі жыл бұрын Республикалық алқалы жиындардың бірінде: "Кластер дегеніміз - тізбектелген технология арқылы соңғы нәтижеге қол жеткізу" деген тұжырым жасаған болатын. Кейінгі кезде кластер ұғымына ғалымдар мен экономист мамандары әрқалай ғылыми түсініктер беріп келе жатқанымен оның түпкі мағынасы бәсекеге қабілетті салалар жиынтығы дегенді білдіреді. Ал, ғылыми сипаттамаларына үңілсек, кластер дегеніміз - қосымша құнды құру үрдісі барысында өзара байланыста жұмыс істейтін жеткізімшілер мен өндірісшілер, тұтынушылар мен өнеркәсіптік инфрақұрылым және ғылыми-зерттеу институтының біртұтас желісі болып табылады. Демек, кластер - тізбектелген өндіріс арқылы бірнеше өңделген өнім түрлерін шығаратын өнеркәсіптік топ екенін аңғаруға болады.
Елімізде экономиканың шикізаттық емес салаларын кластерлеу, яғни өңдеуші өнеркәсіп салаларын дамыту мақсатында Н.Ә.Назарбаевтің «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты жолдауында бәсекеге қабілетті салаларды біріктіріп, кластер құру керек екендігі алға қойылған.
Аталған жолдаудағы бәсекеге қабілеттік, бәсекелік артықшылықтар және салаларды кластерлеу үлгісімен дамыту мәселелерін жүзеге асыру үшін «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» деген Қазақстан халқына жолдауында ел президенті экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін, сондай – ақ экономиканы тиімді дамыту үшін маңызы зор жеті пилотты кластерлерді атап көрсетті. Олар: туризм, мұнай – газ машиналарын жасау, тамақ және тоқыма өнеркәсібі, көлік – логистикалық қызмет көрсет, металлургия және құрылыс материалдары салалары.
Кластер – өнімді өндіруден бастап дайын тауар күйіне дейін жеткізудің толық технологиялық тізбегі. Осыған сәйкес шикізаттық салаға сүйеніп экономиканы дамыту тұрақты және ұзақ мерзімді өсуді қамтамасыз етуде сенімді тірек бола алмайтыны бәрімізге белгілі. Қазіргі уақытта экономиканың сыртқы факторларға тәуелділігі күшеюде. Ол төмендесе өндірістің құлдырау ықтималдылығы өседі.
Кластерлер даму стратегиясы, корпоративті басқарудың жетілуіне, өндіріс пен инвестиция үшін арнайы жағдайлармен қамтамасыз етілуіне, таңдап алынған кластерлерді қолдау мен дамытуға үкімет саясатының жетілуіне негізделген өндірістік шебер – жоспар жасалуы керек деп ойлаймыз.
Көпшiлiк елдер кластерлiк саясатты пайдалануды кластерлiк бастама деп таныды. Әлемде барлығы 500-ден астам кластерлiк бастамалар бар. Қазақстанда 2005 жылдан бастап қазақстандық үкiметтiң “кластерлiк бастамасы” қолданысқа ендi, бұл жетi бағыт бойынша пилоттық кластерлердiң пайда болуы мен дамуына жол ашады: туризм, тамақ өнеркәсiбi, мұнай-газ машинажасау саласы, тоқыма өнеркәсiбi, көлiк-логистика қызметi, металлургия және құрылыс материалдары өндiрiсi. Сондай-ақ кластерлердiң басқа да пайда болу жолдары iздестiрiлуде. Яғни кластерлер туралы ой-идеялар Қазақстанда аналитикалық тұжырымдама ретiнде бекiмей жатып, экономикалық саясаттың құралына айналып отыр десек те болады. Және кластерлер феноменiне қажеттi теориялық талдау жүргiзбей, олардың ерекшелiктерiне түсiнiк бермей, түрлi типтерiн ұқсастырмай-ақ практикада жүзiнде қолданыс тапты. Кластер – экономиканың жүйелi моделiнiң феноменi дегенге мән берiлмей жатқанын да ескеруiмiз керек.
“Жүйелi экономика” моделiнiң пайда болуы рыноктар мен трансакциялардың шектен шығармауына байланысты. Экономикалық агенттер қатысушысы көп рынокта емес, қайта аумағы жағынан шектелген немесе белгiлi бiр агенттерi бар локалды рынокта әрекет етедi. Бұл жерде шектен шығармау дегендi тек географиялық мағынада түсiнбеу қажет. Экономикалық өзара әрекет аумақтық, сондай-ақ қатысушылардың институционалдық және әлеуметтiк жақындығына да негiзделедi. Мәселен, географиялық тұрғыдан жабдықтаушы жақын болғанымен, егер ол сенiмсiздiк туғызса, онда ол әлеуметтiк жағынан шалғайда орналасқан деп есептеледi.
Қазақстандағы кластерлердiң сараланбаған әдiсi олардың көлемi, қуаты, даму кезеңдерi негiзiндегi өзгешелiктерiн ескермейдi. Ал әлемдiк тәжiрибе көрсеткендей, кластерлер шағын және орта фирмалардан да, сондай-ақ шағын және iрi фирмалардан да құралуы мүмкiн. Университет базасында қалыптасқан, ғылыми орталықтармен байланысы жоқ, өнеркәсiптiң дәстүрлi салаларындағы және жоғары технологиялы салалар кластерлерi бар. Сонымен қатар жаңадан пайда болған, жаңа, дамыған және құлдырауға дайын кластер түрлерi де баршылық. Сәтсiздiкке ұшыраған кластерлер туралы да деректер бар.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Жер құқығы | Жерді пайдалану және оны қорғау құқықтық тәртібі

Кіріспе
Жер құқығы – жер құқық қатынастарының реттелу айнасы. Мемлекет жер қатынастарын реттеуде оны құрал есебінле пайдаланады, оған бағыт береді, оның мақсаттары мен міндеттерін белгілеп береді. Мұның өзі құқықтық қатынастарды жүйелеп, ғылыми түрде қарауды талап етеді. Бірақ экология, аграрлық құқықтар саласында жер құқық қатынастары туралы ғылыми зерттеулер өте аз.
« Жер туралы » Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығы – Қазақстан Республикасының заң шығарушылық құқығының өрісіне қарай заңды көрініс. Жер туралы жаңа заңның Республикамызда жер құқық қатынастарын нарық экономикасының талаптарына сай құруда атқаратын қызметі орасан зор. Оның заңдық күші Қазақстан Республикасы Парламентінің қабылдаған заңдарымен бірдей. Парламент – Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы.....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | Қазақ қоғамындағы дәстүрлi құқықтық мәдениет ұғымы

Қазақ халқының ғасырлар қойнауына кетер тарихы, ұлы ұлағат пен адамгершiлiк иманға және тек өзiне ғана тән ерекшелiктерге толы ұлттық құқықтық мәдениетi бар. Бұл мәдениеттiң бастаулары пәк те мөлдiр, иiрiмi – терең де тұңғиық, түла бойы тұнған дүниетанулық ой-әуенге толы өнеге мен өсиет. Сондықтан осынау бiр “өтпелi кезең” атты бимәлiм өлiара дәуiрде тұрған бүгiнгi ұрпақтың басты мiндетi – елеусiз қалған осы асыл қазынасына көңiл аударып, оны өгейсiтпей бауыр тарту, сөйтiп заман көшiнен жұққан шаң-тозаңнан арылтып, оны өзiнiң бүгiнгi өмiрiнiң айнымас тiректерiнiң бiрiне айналдыру. Әрине, бұл оңай шаруа емес, дегенмен оның мемлекеттiк және құқықтық өмiрiмiздiң бүгiнгiсi мен болашағының қажеттiлiктерiнiң бiрi екендiгiн мойындағанымыз абзал. Халқымыздың құқықтық болмысын және мәдениетiн толық игермей, оны өзiмiздiң төл мемлекетiмiз бен құқықтық жүйемiздiң алтын арқауы етпей Республикамызда құқылық мемлекет құрамыз деудiң өзi – “көзжұмбайлыққа” салыну, тарих тағлымына немқұрайлықпен қарау, қазiр жүргiзiлiп және болашақта көзделiп отырған реформаларға пәрмендiлiк пен қуат берер асыл арналарды тануда кешiрiлмес селқостық таныту.
Ұлттық құқықтық мәдениетiмiздiң ғылыми түр-тұлғасын сомдап, шынайы табиғатын ашу әлi де болса келешектiң iсi. Бұған дейiн бiз бұл мәселеге тек танымдық қана мәнi бар деген көзқарас төңiрегiнен қарадық, сөйтiп оның тарихи контексiне ден қойдық. Құқықтық мәдениетiмiздiң бүгiнгiсi мен болашағы туралы сұрақты анық та ашық қоя алмадық. Ал, қазiр жағдай түбегейлi өзгердi. Республикамыз Егемендiк алып, мемлекеттiк тәуелсiздiгiмiз өмiр ақиқатына айнала бастасымен ұлтымыздың құқықтық мәдениетiн танып бiлу және игеру, шамамыз келгенше оны жаңғырту және пайдалану күн тәртiбiне қойылып отыр. Өзiне ғана тән құқықтық сезiмi, құқықтық ұғымы және танымы халқымыздың жадында. Ендi өзiнiң осы бiр ерекшелiгiн – ұлттық құқықтық мәдениетiн – ескерудi және соған назар аударуды талап етуде.
Бүгiнгi күн оқиғалары халқымыздың дәстүрлi құқықтық мәдениетiн тек танымдық, тарихи ғана мәнiмен шектеудiң ағаттығын, оның бүгiнгiсiне зер салып, болашағына зор үмiт артудың артық емес екендiгiн ескерткендей. Олай болатын болса бұл саладағы бiздiң ғылыми iзденiстерiмiзге де жаңа серпiн, тың леп беру керек. Әсiресе ұлттық құқықтық мәдениетiмiздiң тарихына арналған ғылыми зерттеулерiмiздi оның бүгiнгi халi мен болашағын анықтап, сараптауға бағышталған iзденiстермен қатар әрi тығыз байланысты өрбiткен абзал. Бiз сонда ғана ұлттық құқықтық мәдениеттегi орнын, жетiстiгiн және ерекшелiгiн анықтаймыз, сөйтiп оның дүниежүзiлiк тарихтағы шынайы әрi обьективтi келбетiн мүсiндеуге жол ашамыз.
Көшпелi қазақ қоғамындағы құқықтық өмiрдi арнайы бақылап, оны жүйелi түрде зерттеп-зерделеудiң ұзаққа созылған тарихы бар. Оның бастауы көшпелiлер тарихының ежелгi дәуiрлерiне барып тiреледi. Сол кезден бастап қазақ сахарасындағы әдет заңдары хатқа түсiрiлiп, оларды iздеп, жинау, жариялап-зерттеу iсi бiрте-бiрте жолға қойылды. Дегенмен, қолда бар деректер қазақ әдет-ғұрып құқығының зерттелу барысын Ресейдiң қол астына ену кезеңiнен бастауға ғана мүмкiндiк бередi. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Неке және отбасы заңы | Ерлi-зайыптылар арасындағы мүлiктiк-құқықтық қатынастар

Кiрiспе
Неке-отбасы қатынастары құқықтық реттеудi қажет ететiн аса маңызды әрi айрықша сипатқа ие қоғамдық қатынастардың ерекше бiр түрi болып табылады. Әрине, бұл қатынастардың мазмұндық сипатының айрықша болуы неке-отбасы қатынастарын құқықтық реттеумен толық қамту әрине мүмкiн емес. Бiрақ соған қарамастан бұл қатынастар Қазақстан Республикасында арнайы құқықтық нормалармен, яғни 1998 жылғы 17 желтоқсанда қабылданған "Неке және отбасы туралы" Заңмен және ерлi-зайыптылар арасындағы мүлiктiк сипаттағы қатынастар Азаматтық кодекстiң жалпы бөлiмiнiң нормаларымен реттелген. Бүгiнде барлық дамыған елдердегiдей Қазақстанда да неке-отбасы қатынастарын құқықтық реттеу және осы құқықтық қатынас субъектiлерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мәселелері мемлекеттімiздiң әрдайым назарында деп айтқан болар едiк.
Мәселен, Ата Заңымыз Конституцияның 1 бабында көрсетiлгендей... мемлекетiмiздiң ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары. Сондықтан отбасы және неке қатынастары оның негiзi - еркек пен әйелдiң құқықтарын жан-жақты қорғап, адамгершiлiкке толы парасатты толы қағидаларды заңдылыққа айналдырған.
Неке сауалы коллизиялық сауалдардың ішіндегі ең күрделісі десе де болады. Некеге тұрушылардың екеуінің екі мемлекетте болуы, олардың некеге тұруының жастарының айырмашылығы, яғни әрекет қабілеттігі, сонымен қатар некенің қай уақытта тоқтатылатындығы туралы мәселелер де шешілуі қиын мәселелердің бірі болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Банк ісі | Екінші деңгейдегі банктердің құқықтық жағдайы

Кіріспе
Қазақстан Республикасындағы банкілік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету банкілік қызметті құқықтық реттеумен байланысты болып табылады. Мемлекетіміздің банк жүйесі соңғы жылдарда дүние жүзілік дамыған мемлекеттердің банк жүйелерінің деңгейіне көтерілді. Одақ кезінде республикамыздағы банктер орталық банктердің филиалдары ретінде қызмет атқарған болатын. Банктердің өз бетінше банкілік операцияларды іс жүзіне асыруы орталық банкпен реттелінетін. Нарық жағдайына көшуге байланысты республикамызда екі деңгейлі банк жүйесі қалыптасты. Бүгінгі таңда республикамызда 32 екінші деңгейдегі банктер қызмет етуде, олар мемлекеттік, мемлекет аралық қалғандары коммерциялық банктер болып табылады.
Қазіргі өтпелі кезеңде Қазақстан Республикасының экономикасына, соның ішінде банктік қызметтерге мемлекеттік ықпал ету механизмінің теориялық және практикалық проблемеларының маңыздылығы күн саынап өсе түсуде. Банк жүйесінің барлық деңгейлеріндегі банктердің қызметін мемлекеттік реттеу механизмінің тиімді қолданылуы осы жүйенің және ел экономикасының дамуына өзіндік үлесісн қосатыны мәлім.
Қазақстанның Республикасындағы Даму Банкі-акционерлік қоғам болып табылады, оның жалғыз акционері ұлттық басқару компаниясы болып табылады және ұлттық даму институтынан тұрады. Қазақстанның Даму Банкі мемлекеттік инвестициялық қызметті жетілдіруге және оның тиімділігін арттыруға, өндірістік инфрақұрылым мен өндеуші өнеркәсіпті дамытуға және экономикасын сыртқы және ішкі инвестицияларды таратуға жәрдемдесуге атсалысады. Қазақстанның Даму Банкі Қазақстан Республикасының тиісті заң актілері мен заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің негізінде Қазақстан Республикасы аумағында және одан тыс жерлерде жүзеге асырылатын мемлекеттік инвестициялық қызмет пен Қазақстан Республикасының резиденттерінің экспорттық операцияларын кредиттеу қаржыландыру мақсатында акционерлік қоғам нысанында құрылған.....
Курстық жұмыстар
Толық

Дінтану | Исламдағы құқықтық мектептердің қалыптасуы

Курстық жұмыстың тақырыбы: “Исламдағы құқықтық мектептердің қалыптасуы”.
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі өзгерген, діни-руханилықтың жаңа дәуірдегі дамуы мен өзгерістерінің қарастырылуы. Шариғат заңдарының қазақ әдет-ғұрыптарында қалдырған ізінің зерттелуі. Сонымен қатар, Ислам дініндегі мазһабтардың қалыптасу тарихының, мектептердің заң қағидаларының ұстану ережелерін түбегейлі қарастыру.
Қарастырылу деңгейі. Бұл жұмысты мен, әуелі Құранға, одан соң бірнеше ғалымдардың еңбегіне сүйене отырып зерттедім. Тақырыптың қарастырылатын қыр-сырлары көп. Бұрын бұл тақырып кең көлемде қарастырылды деп айта алмаймын. Себебі, осы тақырыпқа байланысты жазылған еңбектер көлемі көпте емес. Мысалы, з.ғ.к., шығыстанушы арабист Нұралы Өсерұлы мұсылмандық құқықтың негіздерін қарастырған болатын. Нақты айтқанда, шариғат заңдарының нормаларын, олардың қазақ әдет-ғұрыптары арасындағы ұқсастықтары мен ерекшеліктерін зерттеген болатын. Сонымен қатар, мұсылмандық құқықтың негізгі қайнар көздерін – Құран, Сунна, Ижм, Қияс түсініктерін қарастырған.
Келешекте, мұсылмандық құқықтың діни жүйемен ара-қатынасы жан-жақты кең қарастылылады деген үмітпен, мен де ғылымға өз үлесімді аз да болса қосу мақсатымен осы тақырыпты таңдадым.
Жұмыстың мақсаты: Исламға дейінгі арабтардағы құқық жүйесін, сонымен қатар төрт мазһабтар кезеңіндегі құқықтық жүйелерді қарастыру; олардың құқықтық жүйелері арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды көрсету; исламдық құқықтың қалыптасуына құранынның алатын орнын, яғни шариғат пен фиқһ ілімін қарастырып өту; мұсылмандық құқықтың діни жүйемен арақатынасын ....
Курстық жұмыстар
Толық

Банк ісі | Ипотеканың құқықтық аспектілері

Біздің өмірімізді түбегейлі өзгертіп , Қазақстан тәуелсіздікке ие болған өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының тарихқа озғанына да көп уақыт өте қойған жоқ. Сана мен сезімнің шиеленісі жағынан бұл ерекше жылдар болды. Экономиканы түпкілікті реформалауға бағыт ұстап, біз қысқа мерзімнің ішінде нарықтық реформаларды жүргізе білдік, тиісті заңнамамызды жасауға қол жеткіздік. Бүгінгі таңда Қазақстанда нақты жұмыс істеп тұрған нарықтық экономика бар.
Осылайша біз өзіміздің әлемдік экономиканың бөлінбес бөлігіне айналып, жаһандық бәсекелестік арнасына еркін енгенімізге анық көз жеткіздік. Бүкіл дүние жүзілік банктің жіктемесі бойынша қазіргі уақытта Қазақстан кірісі орта деңгейдегі елдердің тобына кіреді.
Қазақстан бүгін әлемнің ең серпінді дамып келе жатқан елдерінің бірінен саналады, бұл да барша жұрт таныған ақиқат.
Экономика дамып, біз нарықтық экономикаға бет бұрдық. Соның бір белгісі ипотека. Бұл экономика мен банк қызметінің дамығанының бір белгісі болып табылады.
Бітіруші біліктілік жұмыс «Ипотеканың құқықтық аспеттілері» тақырыбына арналып жазылған. Ипотека мәселесі қазіргі таңда ең өзекті мәселенің бірі. Осы тақырыпты таңдауымның да себебі осында.
Бұл жұмыста ипотекалық несиенің пайда болуы және Қзақстан Республикасындағы ипотекалық несиелеу жүйесінің дамуы, ипотекалық несиелеу қатынасының құқықтық жағдайы мен тұлғалар арасындағы қатынастың реттелуі көрсетілген. Бітіруші біліктілік жұмыс «Ипотека» тақырыбына арналған, сондықтан да бітіру жұмысының негізгі бөлімінде ипотека мәселесі жан-жақты қарастырылады.
Бұл жұмысты жазудағы басты мақсатым: Қазақстан Республикасындағы ипотекалық несиелеу қатынасының құқықтық жағдайы туралы теориялық білімімді одан әрі жетілдіру, банк тәжірибелерімен танысу, осының нәтижесін келешекте өмірде қолдану үшін жинақтау.
Бітіруші біліктілік жұмыстың маңыздылығы- оның бүгінгі таңдағы өзектілігінде.
Жоғарыды айтылып кеткен мақсатыма жету үшін алдыма бірнеше міндет қойдым. Бұл міндеттер бітіру жұмысының негізгі бөлімінде ашылып, қарастырылады. Осы міндеттерге тоқталсам:
1- Ипотекалық несиенің пайда болуына алғы шарттары, яғни ипотека ұғымы, даму тарихы, Қазақстан Республикасындағы ипотекалық несиенің пайда болуы мен дамуы.
2- Ипотека шарты және куәлігі, яғни шарттың мазмұны мен нысаны, ипотека куәлігінің ұғымы мен мазмұны қарастырылады.
3- Ипотеканы өткізу жолдары қарастырылуы көзделген ....
Курстық жұмыстар
Толық

Қаржы құқығы | Бюджеттік бақылауды құқықтық реттеу

Кіріспе
Бюджеттік бақылауды хұқпен реттеу дегеніміз, бюджеттерді қаыптастыру және бөлу, сондай-ақ бюджеттік қаржыларды пайдалану процестерінің заңды түрде, және мақсатқа сәйкес жүргізілуін тексеретін мемлекеттік органдардың қызметі. Бұл қызмет арқылы мемлекеттік бюджеттің кіріс және шығыс бөлігін қалыптастыру және бөлу кезінде пайда болатын қоғамдық қатынастар реттейді.
Түсінігіне келсек, бюджеттік кірістерді және шығыстарды хұқпен реттеу дегеніміз, мемлекеттік бюджеттің кіріс және шығыс бөлігін қалыптастыру және бөлу кезінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін бюджеттік хұқтың бір бөлімі болып табылады.
Әдетте, мемлекеттік бюджеттің кірісін құрайтын ең басты түсім көздері салықтар, алымдар, салық емес басқа кірістер сондай-ақ міндетті түрдегі басқа да төлемдер болып табылады. Бюджеттің кірістерінің құрамы мен құрылымы мемлекеттің фискалдық саясатының жүзеге асырылу бағытына байланысты болады.
Мемлекеттік бюджеттік бақылау бюджеттік бақылау – тексерулерді жүзеге асыруға хақы бар уәкілетті мемлекеттік органдар мен бюджет органдарының жүйесі мен құзыреттерін, бюджет бақылаудың нысандары мен түрлерін, сондай-ақ бюджеттік тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындатын бюджеттік құқықтың нормаларының жиынтығы болып табылады.
Бюджеттік бақылау мемлекеттің бюджет қызметінің құрамдас бөлігі болып саналады және бюджеттік бақылау бюджет органдарымен мен басқа да тиісті уәкілеттілігі бар мемлекеттік органдар жүзеге асыратын мемлекеттік бақылаудың, дәлірек айтсақ қаржылық бақылаудың арнаулы бір түрі болып табылады. Негізінде бюджеттік бақылау кең мағынада айтылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Құқықтану | Ауаны ластау қылмысының құқықтық сипаттамасы

Тақырыптың өзектілігі. Қоршаған ортаны, оның құрамдас бөліктері – атмосфералық ауаны, жердің озон қабатын, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ климатты қорғау бүгінгі таңдағы маңызды мәселелердің бірі. Экологиялық қауіпсіз және тұрақты дамуға көшу қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының даму стратегиясының басты бағыттарының бірі болып отыр. Д.М. Менделеев кестесіндегі барлық элементтерді жинақтаған кен орындарының кемуі азаюы, алуан түрлі жан-жануарлар түрлерінің азаюы, тұтасынан алғанда, экология проблемаларының және табиғатты пайдалану жайының әркімді де алаңдатып отырған қиын жағдайы белгілі. Табиғат қазынасы – шексіз-шетсіз жатқан сарқылмас қор емес, оны қоғамның игілігі үшін, болашақ ұрпақтардың қажеттіліктері үшін тиімді пайдалануды ешқашан естен шығармауымыз, көздің қарашығындай сақтауымыз қажет. ХХІ ғасырдағы ғылым мен техниканың жетістіктері адам баласына зор мүмкіндіктерді тудырып, оларды экономикалық-экологиялық тиімді қолдануға еш шектеу қойылмаған. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық