Қоныс тойы құтты болсын! Іші тек құтқа толсын! Келін алып, қыз ұзатып Жаратқанның адамзат баласына сыйлаған барлық бақытын осы үйдің шаңырағында тойлай беріңдер! Отбасы деген Отандарың ортаймай, Кәрі болып қартаймай, ауырдым деп жантаймай, шуылдағана немере мен шөбереге айқайлай қуанышты ғұмыр кешіңдер!
Мерейтой: 40 жас, 50 жас, хрусталь той, фарфор той, 60 жас, 70 жас, 80 жас, тас тойы
Қазақ халқы мерейлі мерекені атап өтуді жөн санаған халық. Үлкенге ізетпен қарайтын дана халық ізгі-тілегін өлең жырлармен, әдемі сөздермен жеткізе білген. Дүбірлі той жасап, қонағын сыйлаған. Сондай мерейлі мерекеге арналған құттықтау-тілектерімізді ұсынамыз.
Егерде көп жыл бас қосқан (ағаш той-5 жыл, раушан той-10 жыл, хрусталь той-15 жыл, фарфор той-20 жыл, күміс той-25 жыл, інжу той-30 жыл, маржан той-35 жыл, лағыл той-40 жыл, алтын той-50 жыл,гаухар той-60 жыл, темір той-65 жыл, тас той-67,5 жыл, игілік той-70 жыл, тәж той-75 жыл) тойларына барып қалсаңыз, пайдасы тиер деген үміттеміз.