✅ 3 ай қабылдау қажет. Денсаулық көп ұзамай қалпына келеді. Бұл ғажап.
- Бізге керегі: 1 қызылша, 2 сәбіз, 1 алма. - Бәрін жуып, қабығын аршып, соковыжымалкадан өткіземіз де, шырынды бірден ішіп аламыз. - Шырынның дәмің ерекшелендіру үшін лайм немесе лимон қоссаңыз болады.
✅ Бұл ғажайып сусын, келесі аурулардың алдын алуға жақсы әсер береді: - қатерлі ісікті алдын ала емдейді. - бауыр, бүйрек және ұйқы безін түрлі аурулардан сақтайды, оған қоса ойық жараны (язва) емдеуге көмектеседі. 3. Өкпеге пайдалы, жүректің түрлі ауруларға шалдығуына және жоғары қан қысымынан сақтайды. 4. Иммунитетті күшейтеді.......
Бүгінгі таңда ДСҰ мүше елдерге қойылатын басты талап- өнім сапасының жеткілікті деңгейде бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету екені анық. Осыған байланысты Ресейде сапа жүйесін метрологиялық қамтамасыз ету жұмыстарын жан жақты жетілдіру алға қойылған. Сапа жүйесін метрологиялық қамтамасыз ету нормативтік құжаттар сериясы түрінде рәсімделуі қажет, мысалы, кәсіпорынның стандарты түрінде. Өнімді шығарғанда метрологиялық сараптама, өлшеу әдістерін өңдеу, стандартталмаған өлшеу құралдарын аттестаттау, дайындағаннан бастап қабылдау бақылауына дейінгі өлшеу жүйелері сияқты сұрақтарға қатысты болуы керек. Әрекет етуші өндірісте бұл- өлшеу құралдарын салыстырып тексеру немесе калибрлеу. Аталған барлық құжаттар сапа жүйесін қамтамасыз етудің құрамдас бөлігі болуы қажет. Бұл құжаттар осы өндірістің шығарып отырған өнімінің сапасын тексеруге толық мүмкіндігі бар екенін және өлшеу нәтижелерін нақты, дәл екеніне толықтай дәлел болуы қажет. Бұл жұмыста осы сұрақтарды толықтай қамтыдым және маңыздылығын ашып көрсетуге тырыстым. ....
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» - деп ұлы шығыс ғалымы, ғұлама - философ әбу Насыр әл – Фараби бекерден айтпаған болса керек. Тәрбие - күрделі әрі ұзақ процесс. Оған белгілі бір дәрежеде білім, тәжірибе, шеберлік қажет. Ондай болмаған жағдайда тәрбие саласында белгілі бір нәтижеге қол жеткізу қиындыққа түседі. Сондықтан да біз тәрбиені шығармашылық жұмыстарының жемісі деп білеміз. Тәрбие, сонымен бірге педагогикалық әрекетте - мәдени құбылыс; - педагогикалық ықпал ету; - балалардың әрекетін ұйымдастыру; - қарым – қатынас құралы ретінде жан – жақты қарастырылады. Тәрбие педагогикада бірнеше қырларымен танылған: - әлеуметтік мағынада – бұл аға буын жинақтаған тәжірибені жас ұрпақ өкілдеріне өткізу. Тәжірибе дегеніміз – адамзаттың өз тарихи даму барысында жасаған рухани мұрасы, дәлірек айтсақ: адамдарға белгілі болған білімдер, ептіліктер, ойлау тәсілдері, құқықтық, адамгершілік және т.б. нормалар. - педагогикалық мағынада – бұл тәрбиеленушіге ықпал жасау үшін ұйымдастырылған арнайы іс - әрекет, тұлға қалыптастыруға бағытталған мақсатты процесс. Тәрбие қоғамдық талаптарға сәйкес болуы міндетті. Егер қоғам құқықтық демократиялық мемлекет құрып жатса, ендеше ондағы адам тәрбиесі адамгершілік, азаматтық заңдар мен қылық - әрекет нормалары рухында жүріп жатуы қажетті. Жалпы адамзаттық құндылықтар қалыптастырудың маңыздылығын ескерумен бірге әлеуметтік ортаның кездейсоқ та, мақсатты бағытта да әсер, ықпал жасайтынын естен шығармаған жөн. Қазіргі заман тәрбиесі гуманистік негізде болып, тұлғаның әлеуметтік – мәдени (өмір және әрекет – қылық кейпін таңдау және іске асыру), даралықты (тұлғаның өзіндік қалыптасуы), жауапкершілікті қатынас (құндылықтар таңдау) бағыттарында дамуына орайласады. Мұндай тәрбие технологиялық икемшілдігіменен (адамның қабылдау және психологиялық даму заңдылықтарына сай орындалады), көңіл – күйге сәйкестігімен (көңіл – күй тәжірибесін қалыптастырады), сұхбаттастығымен (екінші біреуге ұсыну үшін емес, өз меншікті тәжірибесін құрастыру үшін), жағдайға қарай орындалуымен (негізгі құралы – тәрбиелік жағдай), болашақта бағытталуымен (дамудағы тұлғаға арналады) ерекшеленеді. Сонымен, тәрбие – бұл жалпы, ортақ міндеттерді іске асыру барысында мұғалім мен оқушының ықпалдасты әрекеттерін қамтамасыз етуші арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жүйе жағдайында мақсаты тұлға қалыптастыру болған әлеуметтік процесс. ....
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» - деп ұлы шығыс ғалымы, ғұлама - философ әбу Насыр әл – Фараби бекерден айтпаған болса керек. Тәрбие - күрделі әрі ұзақ процесс. Оған белгілі бір дәрежеде білім, тәжірибе, шеберлік қажет. Ондай болмаған жағдайда тәрбие саласында белгілі бір нәтижеге қол жеткізу қиындыққа түседі. Сондықтан да біз тәрбиені шығармашылық жұмыстарының жемісі деп білеміз. Тәрбие, сонымен бірге педагогикалық әрекетте - мәдени құбылыс; - педагогикалық ықпал ету; - балалардың әрекетін ұйымдастыру; - қарым – қатынас құралы ретінде жан – жақты қарастырылады. Тәрбие педагогикада бірнеше қырларымен танылған: - әлеуметтік мағынада – бұл аға буын жинақтаған тәжірибені жас ұрпақ өкілдеріне өткізу. Тәжірибе дегеніміз – адамзаттың өз тарихи даму барысында жасаған рухани мұрасы, дәлірек айтсақ: адамдарға белгілі болған білімдер, ептіліктер, ойлау тәсілдері, құқықтық, адамгершілік және т.б. нормалар. - педагогикалық мағынада – бұл тәрбиеленушіге ықпал жасау үшін ұйымдастырылған арнайы іс - әрекет, тұлға қалыптастыруға бағытталған мақсатты процесс. Тәрбие қоғамдық талаптарға сәйкес болуы міндетті. Егер қоғам құқықтық демократиялық мемлекет құрып жатса, ендеше ондағы адам тәрбиесі адамгершілік, азаматтық заңдар мен қылық - әрекет нормалары рухында жүріп жатуы қажетті. Жалпы адамзаттық құндылықтар қалыптастырудың маңыздылығын ескерумен бірге әлеуметтік ортаның кездейсоқ та, мақсатты бағытта да әсер, ықпал жасайтынын естен шығармаған жөн. Қазіргі заман тәрбиесі гуманистік негізде болып, тұлғаның әлеуметтік – мәдени (өмір және әрекет – қылық кейпін таңдау және іске асыру), даралықты (тұлғаның өзіндік қалыптасуы), жауапкершілікті қатынас (құндылықтар таңдау) бағыттарында дамуына орайласады. Мұндай тәрбие технологиялық икемшілдігіменен (адамның қабылдау және психологиялық даму заңдылықтарына сай орындалады), көңіл – күйге сәйкестігімен (көңіл – күй тәжірибесін қалыптастырады), сұхбаттастығымен (екінші біреуге ұсыну үшін емес, өз меншікті тәжірибесін құрастыру үшін), жағдайға қарай орындалуымен (негізгі құралы – тәрбиелік жағдай), болашақта бағытталуымен (дамудағы тұлғаға арналады) ерекшеленеді. Сонымен, тәрбие – бұл жалпы, ортақ міндеттерді іске асыру барысында мұғалім мен оқушының ықпалдасты әрекеттерін қамтамасыз етуші арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жүйе жағдайында мақсаты тұлға қалыптастыру болған әлеуметтік процесс. ....
Курстық жұмыстың өзектілігі: Халқымыз бала тәрбиесіне қашанда ерекше мән берген, өйткені бала біздің болашағымыз, өміріміздің жалғасы. Сондықтан бүгінгі таңда да балаларлы қорғау - әлеуметтік мәні зор халықтық іс болып табылады. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, оларды тәуелсіз мемлекетіміздің білімді, білікті, мадениетті азаматы етіп тәрбиелеу барысында жасалып жатқан тың жұмыстар, өмірімізге еніп жатқан жаңалықтар осыны дәлелдейді. "Бала тәрбиесі — бесіктен басталады"— деген ұлы қағидаға сүйенсек, 1,5 – 6 жас аралығындағы сәбилерге білім және тәрбие беретін мекемелердің орны да маңызды да ерекше. Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің халыққа арналған «ЖАҢА ӘЛЕМДЕГІ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» атты Жолдауының «Тоғызыншы бағытында – Жоғарғы технологияларды енгізуге және инновацияларды қолдауға бағытталған біртұтас мемлекеттік стратегия жүргізу жүйесін өте мұқият зерделеген жөн » деп атап көрсетті. Тіл-адамзат қоғамында қатынас, сөйлесіп пікір алысудың құралы ретінде қызмет атқаратын құбылыс. Тіл мен қоғам өзара тығыз байланысты, біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. «Тілсіз ұлт құрымақ». Тіл адамзат қоғамының өмір сүруінің қажетті шарты. Екіншіден, тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді. Қоғам — тілдің өмір сүруінің шарты. Қоғамның өмір сүруі үшін, тіл қаншалықты қажет болса, тілдіқ дамып, әрбір халық өз тілінде асыл армандары мен әсем жан дүниесін, барша жақсылық атаулыға құрметін, адамзат бақытына кесір келтіретіндерге лағнетін бейнелеген. Тіл — оны жасаушы халықтың тарихы, шежіресі, бүкіл өмірінің жаңғырығы мен ізі; арманы мен алдағы үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні естіліп тұрады. М.Жұмабаев тілдің осы бір қасиеттері жайында былай дейді. «Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түнде тымық, әсіресе құйынды екпінді тарихы, cap далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі — бәрі көрініп тұр» [1, 10-11б]. Ана тілі, сонымен бірте, бүкіл ақыл-ой дамуының негізі және бүкіл білімдердің қазынасы. Өйткені балаларға ғылым негіздерінен жан-жақты білім мен дағды беретін, сауатты жазу мен мәдениетті сөйлеуге төселдіріп, тіл материалын меңгеретін де осы пән. Тіл дамыту бәрінің басын біріктіретін негізгі мәселе ретінде қарастырылады. Мұның өзі балаларды түсініп оқуға, еркін сөйлеуге және сауатты жазуға үйретуді көздейді. Алайда қазақ тілі пәніне арналған бағдарламалық материалды оқытуға айрықша көңіл бөлінгенімен, осы берілген грмматикалық тақырыптарды оқыта отырып, әр тіл материалын игертілу ерекшеліктеріне қарай, тіл дамыту жұмысын қалай жүргізу керек деген мәселе өз шешімін таппай келеді [2, 23-25 б].....
Қазақстан бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына ену үшін білім мен ғылымды дамыту жолына түсті. Өйткені білімді, ғылым негіздерін игерген мамандарсыз әлемдік қатаң бәсекеге алға шығу мүмкін емес. Мари Фон Эбнер - Эшенбахтың (Австрия жазушысы, 1930-1976) «Ешнәрсе білмейтін адамға бәріне сену ғана қалады» деген қанатты сөзі бүгін де маңызды болып табылады. Қазіргі таңда білім беру жүйесінің басты міндеттері - жастар мен балалардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, қоғамның ақпараттануы және жаңа ғылымды қажет ететін технологиялардың дамыған кезеңінде кәсіби шеберлігін дамыта алатын жоғары білімді адамдар мен білікті мамамдарды дайындау. Болашақ білікті де, білгір мамандар даярлау үшін сабақта көрнекті құралдарды орынды пайдаланудың маңызы зор. Көрнекті құрал білім сапасының кепілі. Осыны ерте түсінген шығармашыл ұстаздар өзінің әрбір сабағында көрнекілікті орынды пайдаланып, сапалы білім беруге атсалысады. Білім - өркениеттіліктің әрі өлшемі, әрі тетігі. Өлшем болатындығы кез келген мемлекеттің рухани да, әулеметтік-экономикалық та дәрежесі онда өмір сүретін халықтың білім деңгейіне байланысты бағаланады. Ғылым — ғалымды танудың кілті болса, сол ғылымның негізгі білімде жатыр. Ал білімнің іргетасы орта мектепте қаланады. Жаңа буынды тәрбиелеу мен оқыту мектеп табалдырығынан басталып, арнайы орта және жоғарғы оқу орындарында жалғасады. Өйткені кешегі оқушы бүгінгі студент, бүгінгі студент ертеңгі — маман, елді өркениетке жеткізуші. Мектеп қабырғасында да, арнаулы кәсіби оқу мекемелерінде де, жоғарғы оқу орындарында да білімді де мәдениетті жаңа ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу мынадай маңызды мәселеге келіп. тіреледі. Ол – оқу жүйесінің сапалылығы, оқытылатын матириалдың қажеттілігі, кешегі оқушы, бүгінгі студент, болашақтағы маманның, Абай айтқандай, «бір кірпіш тәрізді дүниеге кетігін тауып қалануы». Бүгінгі ұрпақ - тарихи кезеңде өмір сүріп, ұлттық, елдің, жердің болашағы үшін үлкен жауапкершілік міндетін арқалап отырған ұрпақ. Ғасырлар бойы бабаларымыздың арманына айналған Тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, егемендік еншілеген ұрпақ. Олардың болашақта ұлттық дәстүр мен салт-сананы берік сақтайтын, тіліміз бен ділімізді жалғастыратын, саналы да, парасатты болып өсуінің бір кілті ұстазда деп білеміз. Қазіргі таңда есімізде Н.Назарбаевтың 2030 бағдарламасы жұмыс істеуде. Білім, ғылым туралы заң. Тіл туралы бағдарлама қабылданды. Бізде осы мемлекеттік бағыт-бағдар негізінде қызмет етеміз. Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру-қазақ мектебінің негізгі мақсаты. Идеялық-саяси, еңбек, дәстүрлік тәрбие оның өзара астасқан бөліктері, сондықтан бұлар кешенді түрде шешіледі. Шәкірттің жақсы болуы-ұстаздың айтқан сөзіне ғана емес, көрсеткен үлгісімен сабақтасып, байланысып жатады. Ұстаз-бәрінен бұрын тәрбиеші. Ол оқыту мен тәрбиені қатар алып жүруші. Ұстазға қойылатын басты талап пен тілек ортақ. Ол білімділік, имандылық, парасаттылық. Ұстаз шәкірттерге білім бергенде , тіл факторын үйреткенде, олардың логикалық ойын дамыту тәрбиесін қатар жүргізеді. Бұл мақсатта ғылымда балаларға білім мен тәрбие беру міндеттерін сабақ үстінде бірлікте іске асырудың тиімді жолдары, қолайлы әдістері іздестірілуде. Бұл әдістер оқушыларға жан-жақты білім беруде, өмір заңдылықтарын меңгертуде, олардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, сөздік қорын байыту, логикалық ой-өрісін дамыту, саналы еңбекке, өз бетімен жұмыс жасай білу дағдысын тәрбиелеуге белсенді қызмет етеді. Бұл тарапта шәкірттердің өздігінен ойлау, бақылау және тұжырым жасай алу қабілеттерін дамытудың тиімді тәсілдері ....
Қазіргі нарықтық экономика жағдайында болып жатқан және мейлінше табиғи құбылысқа сәйкес халықтың әлеуметтік және экономикалық негізде бір-бірінен мүліктік жағынан алшақтай түскен ауқатты топтарына прогресшіл салықтар жүйесін енгізу болып табылады. Ондай ауқатты адамдар қазіргі күрделі өтпелі кезеңде салықтың негізгі ауыртпалығын салықтың өз мойындарына алулары тиіс екендігін жете түсінетін болуы қажет. Салық практикасы мен экономикалық конъюнктура акцизделуге жататын бірқатар тауарларға салық салу жөніндегі нормативті базалардағы өзгерту қажеттілігін қатаң талап етіп отыр. Бұл жерде мынаны атап айту қажет. Кедендік салықтар мен акциздер төлемі саласындағы жеке адамдарға арналған жеңілдіктер беру практикасын пышақ кескендей тоқтату жөнінде шешім қабылдайтын уақыт әлдеқашан жетті. Салықтар нарықты экономиканы реттеудің ең тиімді нысаны болып табылады. Салық негізінде құрылатын мемлекет бюджеттің кірісіне қарай, мемлекеттің кәсіпкерлікпен айналысуының және әлеуметтік-кепілдік қызметінің мүмкіндігі белгілі болады. Салық мөлшерлерін заңды құқы бар мекемелер мен жеке адамдардың кәсіпкерлік белсенділігі, төлем қабілеті бар сұраным көлемі реттеледі. Қазіргі нарықтық экономика жағдайында болып жатқан және мейлінше табиғи құбылысқа сәйкес халықтың әлеуметтік және экономикалық негізде бір-бірінен мүліктік жағынан алшақтай түскен ауқатты топтарына прогркесшіл салықтар жүйесін енгізу болып табылады. Бұдан кейінгі мәселе – қатаң бақылау орнату. Ондай бақылау әкімшілік тұрғыдан күш қолдану арқылы емес, қайта осы заманға нарықтық құралдардың валюталық қаржылар мен экспорттық-импорттық операциялардың қозғалысына бақылау орнату болуы тиіс ....
Әлемде жиырма бірінші ғасырдың аяқ басуымен экономикалық өзгерістер процестер жалғасуда. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап экономикалық жағдайды тұрақтандыру, ішкі экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және инвестициялар тарту жөніндегі саясатты белсенді жүргізе бастады. Қазақстан Халықаралық валюта қорының мәліметтері бойынша ТМД елдерінің ішіндегі жан басына инвестиция тарту көрсеткіші бойынша алғашқы орындардың бірін алып отыр. Нарықтық экономикаға көшуге байланысты әлемдік тәжірибеде экономиканы тұрақтандырудың негізгі факторы болып шетелдік инвестицияны тарту болып табылады. Осы мақсатқа сәйкес 1994 жылы 27 желтоқсанда «Шетелдік инвестиция» туралы Қазақстан Республикасында арнайы заң қабылданды. Қазіргі кезде инвестицияның көлемі жыл сайын өсуде. Бұл Қазақстан Республикасы үшін экономикалық және саяси жағынан маңызды болып табылады. Инвестициялық іс-әрекет – кәсіпорын жүргізетін құрылымдық саясатымен тығыз байланысты. Құрылымдық саясат экономиканың дамуының негізгі бағыттары мен қызмет етудің жаңа ресурс үнемдеуші, жоғары технологиялы және экологиялық дұрыс моделіне көшумен анықталады. Кәсіпорынның инвестициялық іс-әрекетінің басты механизмінің бірі – инвестициялық жобалаудың тиімділігі болып табылады. Инвестициялық жобалаудың тиімділігі кәсіпорын экономикасының тиімділігін реттеу құралдарының басты комплексі болып табылады. Олар мемлекеттік бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан құралады. Сапа және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі проблемасы қазіргі кезде әмбебап сипатқа ие. Кез келген елдің экономикалық және әлеуметтік өміріндегі көп нәрсе аталған проблеманың қаншалықты табысты шешілетіндігіне байланысты. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі проблемасын қарастырғанда өнеркәсіп кез келген елдің экономикалық әлеуетінің негізі болып табылатындығын атап көрсету керек. Тек бәсекеге қабілетті өнеркәсіп қана экономиканың тұтастай алғандағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ете алады. Қазіргі жағдайларда кәсіпорынның нарықтағы бәсекеге қабілеттілігі өндірістің тиімділігін, басқару жүйесінің тиімділігін бағалаудың басты өлшемдері болып табылады. Жалпы кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін бағалау әдістемесі төмендегідей: • бәсекеге қабілеттілік деңгейін нақты нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігі көрсеткіштері бойынша орташа алғандағы мөлшер ретінде санау керек; • инвестициялық жобалардың тиімділігіне, ұйымдар қызметінің тиімділігінен нақты тауарлардың нақты нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігі тұрғысынан дербес талдау жүргізу; • кәсіпорынның жұмыс істеуінің тұрақтылығы көрсеткішін дербес есептеу. Кәсіпорынның инвестициялық жобасын талдау – бұл өте маңызды және күрделі үрдіс. Кәсіпорында инвестицияны салу терең экономикалық талдау жүргізу арқылы негізделіп жоспарлануы тиіс. Инвестициялық жобалауда төменде келтірілген ереже ....
Қазіргі таңда біздің мемлекеттің өз алдына қойып отырған мақсаттары мен міндеттері бар. Олар келесідей көріністе: бәсекеге қабілетті экономиканы құру; аймақтық көшбасшы тұғырын қалыптастыру; отандық өндірістердің қосылған құны жоғары өнімдерді шығаруын қамтамасыз ету; ішкі нарықтағы отандық өнімдердің үлесін арттыру және т.б. Бірақ осы мақсаттарға жетуге көптеген бөгеттер бар. Солардың ішіндегі ең негізгі проблемалары ол: экономиканың бір жақты дамуы; жемқорлық; экономика салаларын дамытуға инвесторлардың құлықсыз болуы; әлемдік ірі державалардың астырын саясаты және т.б. Біз экономикамыздың бір жақты дамуынан бас тарта алатын болсақ, ол біз үшін өте тиімді нәтижелерді әкелетін еді. Себебі ірі державалар біздің мемлекетті тек шикізат көзі ретінде ғана қабылдайды. Ал біз бұл бағыттан тайюымыз керек. Ол үшін біз отандық өнеркәсіпті барынша жетілдіріп, дамытуымыз қажет және осы мәселе Қазақстан Республикасының 2003 – 2015 жылдарына арналған индустриалды – инновациялық бағдарламасында көрініс тапқан. Стратегия Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған. Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа бағдарланған тауарлар, жұмыстар және қызметтер өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады. Бәсекеге түсу қабiлетi дегенiмiз қазақстандық кәсiпорындардың экспортқа шығарылатын өнiмдердi өндiру қабiлетiн бiлдiредi. Басқаша айтқанда, өңдеушi өнеркәсiптiң өнiмi осындай әлемдiк стандарттарға сәйкес келуi керек және баға бойынша бәсекелесуге қабiлеттi болуы тиiс. Стратегияның мiндеті: - өңдеушi өнеркәсiпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8,4 % мөлшерiнде қамтамасыз ету, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнiмдiлiгiн кемiнде 3 есе арттыру және ЖIӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендету; - өңдеушi өнеркәсiптiң негiзгi қорларының өнiмдiлiгiн арттыру; - кәсіпкерлiк ахуалды, құрылымды қалыптастыру және жеке секторды ынталандыратын әрi бәсекелестiк артықшылықты жетiлдiретiн қоғамдық институттарды ұстау, қосылған құнға барынша қол жеткiзе отырып, нақты өндiрiстерде қосылған құн тiзбегiндегi элементтердi игеру; - ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялық экспортқа негiзделген өндiрiстер құруды ынталандыру; - елдiң экспорттық әлеуетiн қосылған құны жоғары тауарлар мен қызметтердiң мүддесiне қарай әртараптандыру; - сапаның әлемдiк стандарттарына кө шу; - дүниежүзiлiк ғылыми-техникалық және инновациялық процестерге қосылу арқылы әлемдiк шаруашылық жүйесiне және өңiрлiк экономикаға ықпалдасуды үдету болып табылады ....
Ойын- жалпы адамдық мәдениеттiң ерекше құбылысы, негiзгi бастауы және шыңы. Басқа ешқандай iс-әрекет барысында адам баласы ойындағы сияқты өзiнiң психо-физиологиялық және интелектуалдық мүмкiндiктерiн көрсеткен емес. Сондықтан да ойын оқытады, тәрбиелейдi және дамытады, әлеуметтендiредi. Белгiлi орыс жасушысы Ногибин ойынның маңызы туралы былай дейдi:”Ойын кезінде баланың мiнезi,өмiрге деген көзқарасы айқындалады. Көптеген өмiрлiк күрделi мәселелердi бала ойын процесiнде жеп-жеңiл шешiп отырады. Балалық шақты ойынсыз және ойыннан тыс алып қарауға мүмкiн емес.” Халқымыз бала психологиясының қалыптасуында ойын әрекетiде елеулi рөл атқаратындығын аңғарған, ойынның маңызын жөнiнде мақал-мәтелдердiң түйетiнi мыналарды: Ойында баланың ортамен қарым- қатынасы кеңейiп, таным қабiлетi өседi, мiнез-құлқы қалыптаса түседi. Бала ойынының түрi де мазмұны да сан алуан. Ойын үстiнде бала достыққа, жолдастыққа, тапқырлыққа,ептiлiкке,iскерлiкке,адамгершiлiкке балуында. Бала табиғатынан қимыл-қозғалысына құмар, ойын балалық шақтың басты ерекшелiгi. Мәселен «Баланың iстегенi бiлiнбес,» «Баламен ойнама, шаршарсың», «Қыз қуыршақ дейдi, ұл құлыншақ дейдi»,«Ойнай бiлмеген, ойлай бiлмейдi», - деген мақал-мәтелдерде баланың ойынға аса құмар екендiгi, ұл мен қыздың ойыны да түрлiше болатындығы ойын арқылы баланың сана-сезiмi ақыл-ойы өсiп жетiлетiндiгi дұрыс көрсетiлген. Баланың дүниетанымында оның психологиясын қалыптасуында оқу бiлiмiнiң ерекше маңыз алатынығыңда мақал-мәтелдерден дұрыс көрсете алған. «Бiлiмнен асар байлық жоқ», «Бiлек сүрiндiре алмағанды, бiлiм сүрiндiредi», «Бiлiмдiден өнер құтылмас» деген мақалдардан осы идеяны жақсы анғаруға болады. Кіші мектеп жасындағы балалар үшiн- сабақ, олар үшiн ойын тәрбиенің маңызды түрi. Ойынды дайын үлгiге айналдырмай, балалардың да бастамасына жол беруде өте маңызды. Ойын процесiнде бала қиындықтарды жеңуге үйренiп, айналадағы дүниенi танып біледі, қиындықтан шығудың жолдарын іздейді. Педагог балалардың инициативасын тежеп, ынта-ықыласын түсінуге, танытуға тиісті емес. Ол бұл жағдайда қауіпті, зиянды сезімдер және тағы да басқа тудыратын ойындарды алмастырып жіберуге ғана тиіс. Ойын жай ермек ғана емес, балалардың рухани жетілуі мен табиғи түсуіне қажетті алғы шарты. Бала денесінің дамуы мен ой дүниесінің өркен жолы ойынға тікелей тәуелдi, әрі өте байланысты. «Адам өмірге бейім болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалар еді»,- деп К.Чуковскийдің бала мен ойынды теңестіре жоғары бағалауын да терең шындық үлкен мән жатыр ....