«Жаңашыл мұғалім» республикалық байқауы Bilim Land цифрлық білім беру платформасының ұйымдастыруымен 2015 жылдан бері өткізіліп келеді. Байқауға бастауыш, орта, арнайы орта және инклюзивті білім беру мекемелерінің 4000-нан аса педагогі қатысып үлгерді. Байқаудың негізгі мақсаты – мұғалімнің тәжірбиесінде цифрлық ресурстарды қолданудың озық үлгісін қалыптастыру.
Төл валютамыз тағы нығая түсті. 28 наурыз күні қор биржасындағы доллардың бағамы 314 теңгені құрады. Сарапшылар мұны әдеттегідей бір құлдырап, бір көтерілген мұнай бағасымен байланыстыруда деп хабарлайды КТК арнасы.
Ерте, ерте, ертеде сиқырлы көк теңіздің астында балықтар патшалығы өмір сүріпті. Олар бір-бірімен өте тату-тәтті тұрыпты. Достықтарының, еңбексүйгіштіктерінің арқасында басқа патшалықтарға да үлгі болыпты. Барлық патшалық балықтар патшалығына қызыға қарапты. Өйткені, балықтар күндіз тынымсыз еңбек етіп, кешке көңілді сауық-сайран құрады екен. Олар теңіз бетіне шығып, әртүрлі іс-қимылдар арқылы бидің түрлі тәсілдерін көрсетіпті. Би ырғағымен ......
2013 жылғы шілдеде бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 112 792 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚР Статистика агенттігі өз сайтында.
Атаулы жалақы индексі 2012 жылғы шілдеге 105,8%, ал нақты жалақы индексі 99,9% құрады.
Салалық құрылымда ең үлкен жалақы кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте - 211,5 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 1,9 есеге асады), кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазуда - 208,5 мың теңге, қаржы және сақтандыру қызметінде - 198,0 мың теңге (1,8 есе) белгіленді.
Ең төменгі жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде белгіленді - 56,6 мың теңге, бұл ел бойынша орта көрсеткіштен 49,8%-ға төмен. Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді - 197,1 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 1,7 есеге асады.
Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында мұның шамасы 79,3 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 29,7%-ға төмен.