Математика | Жеті санның құпиясы

КІРІСПЕ
«ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» деп Елбасының халыққа арнаған жолдауында атап көрсетілгендей, ұрпағы білімсіз елдің келешегі де бұлыңғыр екені баршаға аян. Әрбір мемлекет, әрбір ұлт өз өкілінің білімі мен бойындағы ерекше қасиеттері, таланты мен дарындылығы, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрініп, басқаларға қарағанда оқ бойы озық тұратынымен бағаланады. Өз ұлтының салт - санасы мен ата - бабасынан келе жатқан дәстүрін бойына ана сүтімен, әке қанымен сіңірген әрбір ұрпақ осы заман талабына сай біліммен қаруланса, ел келешегі еңселі, мәртебесі биік, арманы асқақ, елдің мерейі үстем болмақ.
Қазақ халқы тілге бай. Әр сөзін талдай білген, әр сөзіне мән берген халық. Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның өзіндік қасиеті, шариғатқа қатысы, тәрбиелік мәні, саналы орны болған. Расында қазақ бір санынан бастап, әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік ие болатынын мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген.
Қазақтардың таным - түсінігінде жеті санының алар орны ерекше. Жердің жүзін мекендеген халықтардың көбісі, соның ішінде қазақтар ерте кезден - ақ жеті санында сиқырлық күш бар деп санаған......
Ғылыми жобалар
Толық

Дүниетану | Күнбағыс майының құпиялары

Зерттеу жұмысының мақсаты: Күнбағыс майының зерттеу қасиеттерін анықтау.
Зерттеу жұмысының болжамы:
- Егер де күнбағыс майы өндірілмесе, өмірге, тағамға, емдікке не қолданар еді?
Зерттеу жұмысының кезеңдері:
Бірінші кезеңде біз күнделікті тағам даярлағанда қолданатын күнбағыс майы жайлы не білеміз? Күнбағыс дәнінен сұйық күнбағыс майы алынады. Өсімдік майының 90%- ы осы өсімдіктің дәнінен алынады, сыққаннан кейінгі дәніне қант қосып, сығымдап, тамаққа қолданылатын тәтті тағам жасалынады. Сары желегін медицинада пайдаланады. Күлінен сахар алады, онда 30 — 36% калий тотығы бар. Рафинацияланбаған май да пайдалы майлардың бірі екендігі белгілі. Рафинацияланбаған май белгілі бір өңдеу сатыларынан өтеді. Оның тұнбасын түсіріп, түрлі сүзгілерден өткізеді. Рафинацияланған май мөлдір және иіссіз келеді. Өндірісте оны толықтай тазартады, сол себепті оның құрамында нашар қосылыстар да, табиғи пайдалы заттар да аз қалады......
Ғылыми жобалар
Толық

Математика | Сандар сырының құпиялары

Сандар сырының құпиясы қайда жатыр?
«0» саны
Бұл сан абсолюттік символы. Шексіздік белгісі және жаратылмаған әлемнің саны болып табылады. Бұл барлық заттардың бастамасы. Графикалық жоба бойынша сақина немесе дөңгелек ретінде белгіленеді.
«1» саны
Бір санын қазақ халқының ұғымында Алла жалғыз, Алладан басқа тәңір жоқ. Қай тілде болсын бірлік сөзінің түпкі түбірі саналады. Адам өмірін басқаратын, әр пенде ұмтылатын сан болып есептеледі.
Даос ілімін ұстанғандар үшін жасампаздық саны. Қандай да бір құбылыстың, тіршіліктің, әлем жаратылысының бастауын білдіреді. Даостық ұғымда да қазақ халқының түсінігімен сәйкес «бірлік тынысы» дегенді білдіреді, сонымен қатар «рух үйі», «барлық тіршіліктің ортасы» мағынасын аңғартады. 1 саны шыршамен теңестіріледі. Баяу болса да басқалардан биік, көркем болып өсіп, ұзақ жыл сақталып, кез келгеннің көзіне жоғарыдан, алыстан - ақ ілінеді.
ЭЕМ - де латын, қазақ алфавиттерінің әріптері және цифрлар 0 мен 1 тізбегінен тұратын сегіз екілік таңбамен бейнеленеді:.....
Ғылыми жобалар
Толық

Ұялы телефон және оның құпиялары

Ұялы телефон біз білгендей қарапайым дүние емес болып шықты.Өзіміз ұстап жүрген ұялы телефонымызды бүге шегесіне дейін білеміз десек,қателесеміз.Себебі олардың біз білмейтін ішкі құпиялары баршылық.Бүгін мен сіздерге ұялы телефонының сіз білмейтін құпиялары туралы кеңес жазамын.
ұялы телефонның құпиялары
1)112 нөмірін терсеңіз,ол дүние жүзі бойынша тарайды.Бұл шұғыл жағдайда көмекке шақыру нөмірі.Ол нөмір сіз байланыс аясынан тыс жерде болсаңыз да телефоныңыз жабық режимде тұрса да істей береді.Телефоныңыздан 112 нөмірін теріп,байланысқан жағдайда тиісті орган сіздің тұрған жеріңізді сол мезетте ақ анықтап шұғыл шара көрсетеді.
2)Кілтіңізді автакөліктің ішінде ұмытып есігі жабылып қалды делік.Егер үйіңізде қосымша кілт болса барып әуре болмайсыз.Үйіңіздегі адамға телефон соғасыз.Ол кілтті қолына алады да телефонның жаңында ұстап басқышын басады.Сол кезде сіздің көлігіңіздің есігі ашылады.Ара қашықтығы қандай болса да бәрібір.Мың шақырым жерде болса да осылай ашып аласыз,тек телефон қоңырауы жетсе блғаны.......
Кеңестер
Толық

Эдгар По Мари | Роженің құпиясы


«Морг көшесіндегі кісі өліміне» қосымша

Шынайы оқиғалар мен олардың мінсіз жүйелілігі параллелді түрде қатар жүреді. Олар үнемі бір-бірімен дәл үйлесе бермейді. Адамдар мен жағдайлар әдетте оқиғалардың мінсіз тізбегін өзгертіп отырады. Сондықтан да олар жетілмеген сияқты болып көрінеді де олардың нәтижелері де шалағай болып шығады. Реформацияда да дәл осылай болды — протестантықтың орнына лютерандық келді.

НОВАЛИС. Моральға көзқарас

Оның бар болғаны жай ғана кездейсоқтық екеніне сенудің өзі ақылға сыймайтын оқиға болып көрінетін кездейсоқтыққа тап болған кезде тіпті ең байыпты, ең байсалды деген адамның түйткілді көңіліне де тәңірдің құдіретіне илану сезімі ұялай бастайтын шығар-ау осы. Кездейсоқтық докторинасына немесе оның меншікті есімімен атар болсақ, ықтималдық теориясына жүгінбейінше, ондай сезімді (өйткені мен айтып отырған көңілдегі шүбәлі, бұлыңғыр сенім ешқашан да толық ақыл-ойға айналмайды) басу мүмкін емес. Бұл теория — өзінің табиғатында таза математикаға тән теория; сонымен ғылымның бүкіл бізге берерінің ішіндегі ең жүйелісі де, дәлі де оймен болжау саласындағы қолға түсе бермейтін көлеңкелі, шүбәлі елесті жақтарды айқындауға пайдаланылады. Мен жұртқа жариялағалы отырған айтса адам нанғысыз бұл оқиғаның егжей-тегжейі, болған кезі жатынан дәл сол күйінде алынған, әрі оның өзі әдеттен тыс кездейсоқтықтың бірінші тармағына жатады, ал екінші, қорытынды тармағынан оқушылар қауымы, әрине, жақында Нью-Йоркте болған мэри Сесилия Роджерстің өлімі жайында білетін болады. .....
Әңгімелер
Толық

Бақытты отбасы болудың құпиялары

"Бүгінгі қоғам қарбалас өмірдің жетегінде жүріп, отбасы құндылықтарына аса көңіл бөлмейтін жағдайға кетіп бара жатқандай көрініп тұрады. Тұрмысбастылыққа салынып, отбасында ата-ана қарым-қатынасы, бала тәрбиесі өзіндік даму дәрежесіне кетіп, оның арты отбасылардың бір-біріне суып кетуі сынды жайттарға әкеліп соғатыны белгілі. Отбасы болған соң оның бақытты да, бақытсыз да болуы екі адамға бірдей. Оған ер азамат қалай жауапты болса, әйел адам да сондай жауапты". Мұндай пікірді "Бақытты отбасы болудың құпиясы" кітабының авторы Жанар Сейсенбаева айтып отыр.
Кеңестер
Толық