Facebook қолданушылары нені білуі керек?

Facebook қолданушылары нені білуі керек?

Әлеуметтік желілерде жеке ақпаратты ұрлау деректері күн санап көбеюде. Facebook желісінде алаяқтардың арбауына түсіп қалмас үшін мынаны білген абзал.

Facebook қолданушыларының саны 2 млрд-тан асады. Қолданушылар саны көп болғандықтан қылмыскерлер мен алаяқтар осы желіні торуылдайды.

Қазіргі таңда алаяқтар жаңа айла-тәсілдің көмегімен миллиондаған Facebook қолданушыларының мәліметін ұрлап жатыр. Қалай дейсіз ғой? Сіздің поштаңызға Facebook-тің атынан хат жібереді. Онда алаяқтар сіздің қауіпсіздігіңіз үшін деген желеумен қолданушының аты-жөні мен құпия сөзін жазып жіберуін өтінеді.

Әдетте ол мынадай үлгіде келеді.

Facebook қолданушылары нені білуі керек?

Егер мәліметті енгізсеңіз, тұзаққа түстім дей беріңіз!

Айтпақшы, хаттың көрінісі сәл басқаша болуы да мүмкін, алайда онда да құпия сөзді енгізуге арналған орын қарастырылған.

Әлеуметтік желі ешқашан құпия сөзді қайталап сұрамайтынын есте ұстау керек. Алайда миллиондаған адам мұны біле бермейді.

Ал оның зардабы қандай?

Зардабы әртүрлі болуы мүмкін. Сіздің атыңыздан достарыңызға вирустың сілтемесін таратып, банк аударымына арналған реквизиттер арқылы көмек сұрауы да мүмкін. Қысқаша айтқанда қаскүнем ойында не болса соны жүзеге асыруға тырысады.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру