Бір күні қарны ашқан күшік тауда қаңғып жүрсе, қасқыр жүгіріп келіп: – Ей, күшік, мен сені жеймін! – депті. – Қой, көкешім, қой! Әуелі мені тойғыз,сонан соң жерсің, – депті күшік. Қасқыр: – Жарайды, жарайды! Менің соңымнан қалмай ере бер, – депті. Екеуі бірге келе жатып, бір топ сиырды көріпті. Қасқыр өзінің жолдасына қарап: – Маған қарашы, менің көздерім, құлақтарым, ауызым, құйрығым қандай екен? – депті. – Сенің екі көзің шоқтай қызарып....
Құлақтан кіріп, бойды алар Жақсы ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең, менше сүй. Дүние ойдан шығады, Өзімді өзім ұмытып, Көңілім әнді....
Жеуге жарамды саңырауқұлақтар – қозықұйрық (шампиньон) құрамында қарашiрiгi мол, ылғалды топырақта өседi, орманда, шалғындықта, бақша өсiмдiктерiнiң арасында кездеседi. Сондықтан оның кәдiмгi қозықұйрық, шалғындық қозықұйрық, орман қозықұйрығы деген түрлерi бар. Қалпағының үстiңгi бетi ақ, астыңғы жағы қатпарлы, қызғылт түстi. Қалпағының диаметрi 15 см, дiңгегiнiң ұзындығы 10 см, енi 2-2,5 см-ге жетедi. Құрамында 20-30% нәруыз, май, минералды заттар, дәрумендер, микроэлементтерден – темiр, кальций, мырыш, йод, калий, фосфор бар, сондықтан жеуге жарамды саңырауқұлақтардың 300-ге жуық түрлерi белгiлi. Ақ саңырауқұлақ қайың, емен, шырша, қарағай, шамшат, қарағаш, шаған ағаштарының астында өседi. Қайың маңында өскен саңырауқұлақ қалпағының үстiңгi бетiақшыл- сұрғылт, астыңғы жағы –ақ, хош иiстi. өсiп тұрған жерiне қарай түстерiде құбылмалы. Дiңгегiнiң ұзындығы 10 см, қалпағының диаметрi 20 см. Қайың саңырауқұлағы – қайыңды орманда топырақтың жылылығы 10 – 16 0 С-да, ылғалдылығы 53 – 98 % - ға жеткенде дами бастайды. Дiңгегiнiң биiктiгi 4 -15 см, жуандығы 1-3 см, қалпағының диаметрi 5 -15 см, 10 күн iшiнде терiп алмаса жеуге жарамсыз болып қалады. Қайынның тамырымен селбесiп микроза түзедi, ағашқа пайда келтiредi. Кептiрiлген саңырауқұлақтың қуаттылығы баклажан мен қарабидай нанының қуаттылығымен тең түседi. Қайың саңырауқұлағын кептiргенде қараяды. Күзгi түбiртек ( осенний опенок) - өте тез өседi, құрамында су – 91,4 % , нәруыз -2,6 %, крахмал, қант-3,8 %, май-0,4%, тұз – 0,8%, жасунық -0,9%. Түбiртегiнде ақтүстi жарғақты белдеушесi бар. Қуаттылығы сәбiз, орамжапырақ, қияр, қызаннан әлдеқайда жоғары саналады, ол айранның қуаттылығымен парапар келедi. ....
Зигомицеттер (Zygomycetes)- саңырауқұлақтардың бір класы. 4 қатары (Mucorales, Endogonales, Entomophthorales, Zoopagales), 500-ден артық түрлері белгілі. Табиғатта кең тараған. Топырақта, көңде, сондай-ақ өсімдіктердің құрамында, буынаяқтылардың, омыртқалы жануарлар мен адамдардың денесінде паразитті тіршілік етіп, қоректік заттардың құрамында ақ ұнтақ түрінде кездеседі. Зигомицеттердің талломы өте жақсы дамыған көп ядролы жіпшумақтардан (мицелийлер) құралады. Клетка құрамында хитин және хитозин, кейде глюкан заттары болады. Зигоспора түзіп, зигогамия жолымен жынысты көбейеді, аты осыған байланысты қойылған. Зигогамия жолымен жынысты көбею кезінде әр түрлі жынысты екі жіпше түйісіп, перделермен бөлініп, екі жыныстық мүше гаметангийлер түзіледі. Гаметангийлерде жыныстық клеткалар түзілмейді. Екі гаметангийдің түйіскен жерінде қабықтары еріп, зигота түзіледі. Зигота 2-3 қабаттан тұратын қабықпен қапталып, ұзақ бұйығу кезеңінен өтеді. ....
Оқу іс - әрекетінің тақырыбы: «Ұзын құлақ сұр қоян» Мақсаты: Балаларды елестету арқылы таныс бейненің мүсінін жасауға, қоянның жеке бөліктерін: басы, денесі, құйрығын анық жасай білуге үйрету. Есу, жалпайту, шаншу әдістерін жалғастыру. Бейнені мәнерлі түрде жеткізіп, балалардың шығармашылық қабілетін, қиял - елесін дамыту.
Қоршаған ортаны сүйе білуге, аңдарға жан – жануарларға қамқор бола білуге тәрбиелеу. Құрал - жабдықтар: Саз, тақтайша, шүберек, үлгі. Методикалық әдіс: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрсету. Сөздік жұмыс: Сақ құлақ, үркек, қорқақ. Мотивациялық қозғаушы Балалар қане айтыңдаршы сендердің алдарыңда қандай заттар жатыр? Саз, тақтай, шүберек......
Мақсаты: Әртүрлі тәсілдерді қолдана отырып ақ қағаз бетіне бейнені тұтас орналастыра білуге үйрету. Балалардың үлгі бойынша бейнелік сипатты әңгіме құра білуге, балалардың тілдік қорын дамытуға, жан-жануарларды қамқорлыққа алуға тәрбиелеу. Сөздік жұмыс: қоян - заяц - rabbit
Әрекет түрі Тәрбиешінің іс - әрекеті Баланың іс - әрекеті Мотив. қозғаушы күш Ізденуші – ұйымдастырушы
Рефлекті - қорытынды Шаттық шеңбері: Сәлем деймін күнге мен Сәлем деймін мен саған Сәлем деймін апайға Қонақтарға достарға - Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын, ал сендер шешімін табасыңдар ма? Ұзын құлақты, жылдам аяқты Сәбізді жақсы көретін ол не? - Қоянның суретін көрсете отырып, балаларға қоянның қайда тіршілік ететінін, құлағы неге ұзын екенін қалай секіретіні жайлы айту......
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. Білім беру саласы: «Шығармашылық» Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Сурет салу Тақырыбы: «Ұзын құлақ сұр қоян». Мақсаты: Балаларға үш орталықта жұмыс жасауға үйрету.Берілген қоян суретін жапсыра білуге баулу.Түрлі-түсті бояулармен бояуға дағдыландыру.Балалардың аңдарға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Қостілділік жұмыс: қоян-заяц, ұзын-длинный, құлақ-уши,сұр-серый. Алдын ала жүргізілетін жұмыс: Шаттық шеңбер. Қажетті құрал-жабдықтар: қағаз,түрлі-түсті карындаштар, қоянның суреттері. Көрнекілігі: үй жануарларының суреттері Іс-әрекет бөлімдері Тәрбиешінің іс-әрекеттері Баланың іс-әрекеттері Мотивациялық қозғаушы Шаттық шеңбер: Орымыздан тұрайық, Мойнымызды бұрайық Қолымызды көтеріп Саусақты ашып-жұмайық Онан соң төмен түсіріп Алақанды соғайық Иықты артқа ысырып Басты төмен салайық Жаттығу жасап осылай ....