Киіз үй - халқымыздың атамзаманнан бергі ең жақын серігі, асыл белгісі болып саналады. Киіз үй ауа райының қандай жағдайында да пайдалануға ыңғайлы. Ішіне жарық жақсы түседі, ауа алмасуы талапқа сай, жел, дауылға шыдамды. Төбесі күмбез тәрізді болып келгендіктен жаңбыр өтпейді, жинап тігуге оңай. Киіз үйдің негізгі қаңқасын (кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық) сүйегі деп атайды. Киіз үйдің сүйегі жасалатын «Үй ағашты» алты ай немесе бір жылда даярлайды. Үй ағашты жасайтын шеберді әдетте «Үйағашшы» деп атаған. Үй ағашы негізінен тал мен қайыңнан дайындалады.
Ең әуелгі сөзімізді сықырлауықтан бастағанымыз жөн болар.
Сықырлауық - (жарма есік) кереге шеңберін тұйықтап, киіз үйге кіріп - шығатын есік қызметін атқарады. Ол табалдырық пен маңдайшадан, қос босағадан және жарма беттерден құралады. Сықырлауық киіз үйдің басқа материялдары сияқты жиналмалы болады. ......
Қазақтың тұрмыс-тіршілігінде құрал-саймандарына қатысты төл сөздерін ұсынып отырмыз. Ақсақ темір – бір аяғы ұзын, бір аяғы қысқа циркуль тәрізді өлшеуіш әрі ою салатын құрал. Бақауыз – темірді соққанда ұстайтын тіссіз аспап. Бұрғы – ағаш кесетін құрал. Білтегіш – тоқымашының тоқу құралы. Жонғы – ағаш жабдығын жонатын құрал. Көземел ине – жасуы үлкен ине. Инелік – ау тоқитын құрал. Тебен – қалың бұйымдар (текмет, киіз) тігетін үлкен әрі жуан ине. Мәймөңке – ұшы қисық ине. Терме жібін теретін қайқыбас кішкентай ағаш. Сыдырғыш – өрімшінің өрімді тегістейтін құралы (сүйек, қатты ағаш). Сояу – талдырма киіздерді жөрмейтін, тігетін иненің бір түрі. Сүргі – терінің көк етін алатын құрал.......
8 «А»сынып оқушысы Яковенко Жанна,Оспанова Жанна 9 «А» сынып оқушысы бірігіп «Қымыз:тарихы пайдалы қасиеттері мен қолдану жолдары»тақырыбындағы зерттеу жұмысында казіргі уакыттағы халық арасында күнделікті қолданыста ұмыт бола бастаған ұлттық сусынымыз қымыз туралы іздене келе, оның пайда болу тарихына токталған. Тарихты жаңғырту арқылы қымыздың жасалу жолдары мен емдік касиеттеріне мән берген. Қазақ ақындарының қымыз туралы айтқан өлеңдеріне шолу жасаған. Ғасырдан ғасырға жалғаскаи заттай мәдениетіміздің.....
Жылқы шаруашылығы – бұл жылқыны көбейтумен және пайдаланумен айналысатын мал шаруашылығының бір саласы. Аттардың бойы (шоқтығының биіктігі) 50‑185 см, салмағы 60‑1000 кг. Есту, иіс сезу және есте сақтау қабілетінің жақсы дамығандығының арқасында жылқылар үйретуге және жаттығуға тез көнеді.
Жылқы етінің майы аз болады, бірақ ол балғындығымен, әсіресе жас малдың еті, ерекшеленеді. Қымыз – бие сүтінің өңделген өнімі. Қымыздын қант құрамы бірден төмендейді, онда сүт қышқылы....