Үш дос сөреде тұрған кітаптар санын болжамдап айтады: 43, 34, 41. Барлығы қате айтады. Біреуі 6 санға, біреуі, 3 санға, ал біреуі 1 санға жаңылысады. Сөреде қанша кітап тұрғанын таба аласыз ба? 40 кітап
Жанында жаздың шуағы Жаңбырмен жүзін жуады. Екі орақ пен бір таяқ, Белін бірге буады. Ол қай әріп болады? Ал зердеге салайық Болады екен қай әріп. Ж әрпі .....
Оқу мен тәрбие егіз. Тәрбиенің негізі ұлттық тәлім-тәрбие. Тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесінен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына ендіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын және соған сай мінез құлқын қалыптастыру, баланың қателіктер жасауға бой алдырмауға және де оған тәрбиелік тұрғыдан қарауды осы жұмыстың басты мақсаты деп білемін. Ғасырдан астам тарихы бар және әлемдік қоғамдастықта балаларға мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің негізгі нысаны ретінде сыннан өткен балабақша бүгін де үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағының үлгісі болып қалып отыр. Балабақшалардың жүйесін сақтау мен дамыту мектепке дейінгі тәрбие микро саясатының басты басымдылығы. Мектепке дейінгі және жалпы орта білім берудің бағдарламаларының сабақтастығы мынандай: 1. Болашақ оқушының танымдық белсенділігінің негізі ретінде мектепке дейінгі баланың білуге деген құмарлығын дамыту. 2. Шығармашылық және басқа міндеттерді өз бетінше шешудің әдістері, қызметті нәр түрінде, оның ішінде оқу қызметінде табысты болуға мүмкіндік беретін құралдар ретінде бала қабілеттерін дамыту. 3. Баланың санаткерлік және жеке бастың даму бағыттары ретіндегі шығармашылық қиялын қалыптастыру. 4. Оқу қызметінің табыстылығының шарттарының бірі болып табылатын коммуникативтілікті дамыту. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылы 28 ақпанда шыққан Жолдауының І бөлімінде «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек. Үздік оқытушылардың жұмысын бағалау мен оларға сиақы төлеу жүйесін өте мұқият зерделеген жөн » деп атап көрсетті. ....
Білім беру саласы: «Денсаулық» Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Қауіпсіз мінез‒құлық негіздеі, Валеология. Тақырыбы: Ұлдар мен қыздар Мақсаты: Балаларға қыздар мен ұлдардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қалыптастыру және дамыту. Адамның денсаулығын сақтап, нығайтудағы көңіл күйдің тигізетін әері жайлы білімдерін қалыптастыру. Достық туралы білімдерін жетілдіру.
Әдісі: Әңгіме, өткен сабақты пысықтау. Жаңа сабақ. Әліппе - дәптермен жұмыс. Күлкі жаттығуы. Көрініс көрсету жаттығуы. Дәрігер салауаттың ашық хаты. Шаттық шеңбер. Дидактикалық ойын.
Көрнекілігі: Айна, слайд, күн бейнесі, доп, аңдар. Қос тілділік: Ұлдар‒мальчики, қыздар‒девочики, айна‒зеркало, күн‒солнце.
Тақырыбы: Қызықты математика. (математикадан қорытынды сабақ) Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Балалардың сан және санау, геометриялық пішіндер, кеңістікті бағдарлау, уақытты бағдарлау бөлімі бойынша жыл бойына өткен білімдерін бекіту. Дамытушылығы: логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру. Тәрбиелігі: Ойындар арқылы математика сабағына деген қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа, тапқырлыққа үйрету. Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу Сабақтың көрнекілігі: сандар, әртүрлі фигуралар, мультимедиялық тақта, суреттер.
Сабақтың жүру барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Шаттық шеңбері: Армысың, мейірімді Аспан - Ата Армысың, қайырымды Жер - Ана Армысың, шұғылалы Алтын – Күн Армысың, балабақша, дос - жаран.. Жылулық шеңбер. - Таңертең тұрған кезде аналарың қайырлы таң деп айта ма? Кәне, бізде қайырлы таң тілейік. - Қайырлы таң көздерім, сендер ояныңдар!!! - Қайырлы таң құлақтарым, сендер ояныңдар!!! - Қайырлы таң саусақтарым, сендер ояныңдар!!! Көздерін, құлақтарын уқалайды, қолдарын шапалақтайды. - Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі күніміз жақсы болсын, орнымызға отырайық. - Бүгін бізде қарапайым математикалық ұғымдар туралы ашық оқу – іс-әрекеті......
Оқыту түрі: Көркем әдебиет Апталық тақырыбы: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған. Күн тақырыбы: «Мақта қыз бен мысық» ертегісі. Сахналау. Мақсаты: Балалардың бойында ертегілер туралы түсініктерін кеңейту, кейіпкерлердің айқын бейнесін көрсете білуге және кіші қойылымдарды сахнауларды үйрету. Балалардың ойлау қаблеттерін, қимылдарын дамыту. Ауыз әдебиетіне деген қызығушылықтарын арттыру. Технология: «Дьенеш блогі» Көрнекіліктер: Ертегілер кейіпкерлері: аю, қасқыр, түлкі, ата, әже, қыз, мысық, күшік, бауырсақ, қоян, ешкі, лақтар т.б. Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекетері Балалардың іс-әрекетері Ұйымдастыру Қортынды Күтілетін нәтиже: Білу керек: Үйрену Меңгеру: Музыка ойнап тұрады. - Балалар, мына сиқырлы кілімге отырайықшы. - Біз қайда келдік? - Дұрыс. - Балалар, жан-жақтарыңа қараңдаршы, сендер не көріп тұрсыңдар? - Балалар, біз алдымен күнмен амандасып, одан жылу алып, жылы тілектер қаратайық. Армысың, ару күн! Армысың, балалар! Аспанымыз ашық болсын! Денеміз сау болсын! - Енді ертегілер елін аралайық. - Кейіпкерлердің арасынан Ерден ата шығады. - Сәлеметсіңдер ме, балалар! - Балалар, сендер мені танисыңдар ма, мен ертегі айтатын Ерден аталарыңмын. - Менің еліме қош келдіңдер! - Менің елімде не істеп жүрсіндер?
- Жақсы. - Онда мен сендерді сынап көрейін. Қандай ертегілерді біледі екенсіндер. - Баяғыда шал мен кемпір өмір сүріпті. - Шал көмекке кемпірін, қызын, итің, мысығын, тышқанды шақырыпты. - Бұл қай ертегі? - Ол орманда адасып қалыпты, бір үйге келеді, үйде ешкім жоқ. Үстелдің үстінде үш кеседе ботқа, және қасында үш орындық, үш төсек болады. - Бұл қай ертегі? - Сендер ертегіні жақсы біледі екенсіндер. - Ал, мына ертегіні әндетіп айтам, қане тауып көріңдерші? - Лақтарым, лақтарым мен сендердің аналарым. Есікті ешкімге ашпандар.
- Кіріп келіп өнерін көрсетеді. - Тәрбиеші: Қане, балалар, біз де сиқыршымен бірге, бойымызды сергітіп, сергіту жасап алайық. - Ерден атай, рахмет балалар, өркендерің өсін! - Балалар енді біз Ерден атайға, балаларға «Мақта қыз бен мысық» ертегісін сахналап берейік.
Ерден ата, сиқыршы балаларға рахмет айтады. - Балалар, ертегі ұнады ма? - Көңіл-күйлерің қалай? Балалар ертегі кейіпкерлерін, ертегіні ажырата білу. Сахнада ертегі кейіпкерлерін сондауды үйрену. Ауыз әдебиетіне деген қызығушылықтарын арттыру. Балалар музыкалық әуенмен залға кіріп, кілемге отырады. Ертегілер әлеміне.
Аю, қасқыр, түлкі, қыз, мысық, қоян, ешкі, лақтар т.б.
Сәлеметсіз бе, атай! Иә, иә танимыз. Біз ертегіні жақсы көреміз, саяхат жасап жүрміз. «Шалқан» ертегісі балалар барлығы жауап берді. «Маша мен үш аю» ертегісі.
«Қасқыр мен жеті лақ» ертегісі. Балалар ертегіні сахналайды......
Мен Қазақстан мемлекетінің Қызылорда қаласында туылдым. Қызылорда қаласы Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан. 1938 жылдың 15 қаңтар күні Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында құрылған. Қаламыздағы Ұлы Жібек жолы-әлем өркениеті тарихының аңызды жетістіктерінің бірі. Қызылорда -әдемі қала. Қызылордада Сырдария өзені бар. Қызылордада күріш өседі. Мұнай мен газ өндіріледі. Өзімнің Қызылорда қаласында туылғанымды мақтан етемін. Шуақты боп тұрсың сен. Қызылорда қалам менің,......
Мақсаты: балалармен жыл бойы өткен материалдарды («Отбасы»,«Жыл мезгілдері», «Үй жануарлары», «Жабайы жануарлар», «Дене мүшелері», «Киімдер», «Ойыншықтар», «Сандар», «Санамақтар», «Жемістер», «Көкөністер», «Азық - түліктер», т. б.) бекіту. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын, сұрақтарға сөйлеммен жауап беру дағдыларын дамыту. Жай сөйлем құрастырып, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Кішіпейілділікке, қамқорлыққа, ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа, тазалыққа тәрбиелеу. Негізгі меңгерілетін сөздер: өткен материалдардың сөздік қорлары Қолданылатын көрнекілік құралдар: мазмұнды суреттер, үлестірмелі суреттер, проектор, слайдтар, тақта, қоржын, асықтар, ойыншық аю. Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, ойын, практикалық, АКТ. Оқу іс - әрекет кезеңдері Педагогтың іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті Мотивациялық – қозғаушылық Амандасу. Шаттық шеңбері: Сәлем саған, алтын күн, Сәлем саған, көк аспан, Сәлем саған, жер ана, Сәлем саған, достарым! Сұрақ - жауап: - Көңіл - күйлерің қалай? - Қазір жылдың қай мезгілі? - Бүгін ауа - райы қандай? - Сәлеметсізбе! Здравствуйте! Good morning! Мұғаліммен бірге шеңберге тұрып, шаттық шеңберін орындайды......
Еңбек - бәрін де жеңбек Мақсаты: Балаларды еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру. Еңбек етуге деген қызығушылықтарын, ой - қиялын, тілдерін дамыту. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Көрнекті құралдар: сюжетті суреттер, нан, дирмен, бидай, ұн, тоқаштар.
Шаттық шебері. Балалар тәрбиешімен бірге шеңбер құрып тұрады, сәлемдеседі. Амандасу. Біз әдепті баламыз, Біз ерекше боламыз, Қонақтарды көргенде, Сәлеметсіздер ме! – деп сәлемдесіп аламыз. Балалар жылдың қай мезгілі? Қыс. Қыс мезгілінің неше айы бар? Үш айы бар; желтоқсан, қаңтар, ақпан. Ауа - райы қандай болып тұр? Балаларға жаңа сабақты түсіндіру. Біз бүгін жаңа сабақта еңбек жайлы білетін боламыз. Тақтадан еңбек туралы суреттерді көрсетіп түсіндіру, сұраққа жауаптар алу. Еңбек түрлері көп: жазғы еңбек, күзгі еңбек, қысқы еңбек және көктемгі еңбек болып бөлінеді. Әр мезгілдің өзіне тән ерекшеліктері бар екен. .....