Жұмбақтар қызықты жауабымен

 Жұмбақтар қызықты жауабымен

Үш дос сөреде тұрған кітаптар санын болжамдап айтады: 43, 34, 41. Барлығы қате айтады. Біреуі 6 санға, біреуі, 3 санға, ал біреуі 1 санға жаңылысады. Сөреде қанша кітап тұрғанын таба аласыз ба?
40 кітап

Жанында жаздың шуағы
Жаңбырмен жүзін жуады.
Екі орақ пен бір таяқ,
Белін бірге буады.
Ол қай әріп болады?
Ал зердеге салайық
Болады екен қай әріп.
Ж әрпі

Бос жер қалмай аспанда
Түнде шешіп тастаған
Моншақтардың аты не?
Қайсы әріптен басталған?
Жұлдыз

Ж - дан егер бастасақ,
Желбіреймін төбеңде
П - дан егер бастасақ
Сүйкімді аспын жегенде.
Жалау - палау

Ж әрпінен бастасақ
Жатарыңда керекпін.
Ж - ны алып тастасаң
Дүйім елге қорекпін.
Жастық - астық

Құйрығы он қарыс
Бұл айбатты...
Жолбарыс

Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді.
Бағдаршам

Арқаным бар тым ұзын,
Ала - алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы, балалар,
Бұл жұмбақтың шешуін.
Жол

Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та.
Бағдаршам

Көліктің қаншасын үстінен өткізген,
Іргеден басталып, алысқа жеткізген.
Жол

Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырықпен түзеткен.
Милиционер

Төмендегі сұрақ белгінің орнына қандай сан келуі керек?
Али 21
Ғани 22
Мақсат 24
Саламат?
34. Өйткені алғашқы сан есімдегі дауысты дыбыстардың, ал екінші сан дауыссыз дыбыстардың санын көрсетеді.

Қолымызда су құюға арналған 21 құмыра бар. 7 - і толы, 7 - і жартылай толы, 7 - і бос. Бұларды үш адамға теңдей етіп бөлу керек, әр адамға 7 құмыра және тең мөлшерде су үлестіру керек. Сіз қалай бөлер едіңіз?
Әр адамға 7 құмыра және 3, 5 құмыра судан тиеді. Мұның екі түрлі шешімі бар:
1) А және В екеуі, 2 толы, 2 бос және 3 жартылай толы құмыраларды алады. С, 3 толы, 3 бос және 1 жартылай толы құмыраны алады.
2) А және В екеуі, 3 толы, 3 бос және 1 жартылай толы, ал С болса, 1 толы, 1 бос және 5 жартылай толы құмыраны алады.

2017 жылы жасы жыл сандарының қосындысына тең болған адам қай жылы туылған?
2007

Шалғайда жатқан ауылға қонаққа барған бір кісі шашын қысқартпақ болады. Ауылда екі ғана шаштараз бар екен. Шығыс жақтағысына барғанында іші біраз ескірген, еденінде шаштар шашылып жатты. Ал шаштараздың шашы қисық - қыңыр, жаман алынған болатын. Батыс жағындағы шаштаразға барғанында іші тап - таза, жаңа және шаштараздың шашы өте жақсы алынған болатын. Ойлана келіп әлгі кісі бірінші көрген шығыстағы шаштаразға барып шашын қысқартады. Мұның себебі не?
Ауылда екі ғана шаштараз бар болғанына қарағанда шашы жақсы алынған батыстағы шаштараздың шашын шығыстағы шаштараз алған болуы тиіс. Сондықтан әлгі кісі шашын шығыстағы шаштаразға алдырды.

Диаметрі 300 метр көл, оның дәл ортасында арал бар, аралдың ортасында ағаш, жағада да бір ағаш бар. Жүзу білмейсіз. Қолыңызда тек 300 метрден астам арқан жіп бар, аралға қалай өтесіз?
Жіпті көл жағасындағы ағашқа байлап, екінші ұшынан ұстап көлді айналып шықса, ортадағы ағашқа оралып, кейін жіптің екінші ұшын жағадағы ағашқа байлайды. Осылайша екі қабатты 150 метрлік жіптен ұстап аралға барып келуге болады.

Гүлден гүлге қонады, ара емес,
Ақ, сары боп бау - бақшаға сән береді.
Ол не?
Көбелек

Көктемде көктеп шығады талға,
Күзде сарғайып түседі жерге.
Бұл не?
Жапырақ

Іші мақта, тысы мақта
Арасы мақта, төртбұрыш.
Сырты қабылған,
Жатуға табылған.
Бұл не?
Көрпе

Тұтқасыз таба жай,
Ұнатады көп апай.
Оймақ

Тау-тау ақ қар, ерімейді ыстықта.
Мақта

Пішіні бар домалақ,
Көміп қойдым сығалап,
Жақсы болса тұрмысы,
Шығады екен қоғалап,
Бес ай тәмәм біткенде,
Қаптап алдым құмалақ.
Картоп

Айтайын мен бір жұмбақ қыл тамаша,
Тыңдама жұмбағымды ұнамаса,
Ішінде дәндері бақша-бақша,
Кішкентай бейнесіне көз тоймайды қараса.
Ол не?
Қарақат

Сырты қызылсары домалақ,
Көрген жан қызығады,
Іші ай сияқты дөңгелек,
Бұны кім табады?
Мандарин

Тай қазаным күні бойы қайнайды
Ортайып та, сарқылып та қалмайды.
Көл

Үйіңе үйін салатын,
Адамның досы қай құс?
Қарлығаш

Құлағы жоқ, көзі бар.
Түсі суық ызғарлы,
Аузында айыр бізі бар.
Жылан

Екі тіреу,
Басы біреу.
П әрпі

Желіп жетсе жеткізбес,
Жерге түссе табылмас.
Бөдене

Желіп жетсе, жеткізбейді,
Тап қасында жатса да адам көрмес.
Бөдене

Қолымыз кір болса,
Мұрынға лас қонса,
Кім деп білеміз досты
Кетіретін кір қоқысты?
Апамыз онсыз түк істемейді,
Кір жумайды, ас пісірмейді
Онсыз, төтесін айтайық,
Адам да күн көрмейді.
Аспаннан жауын құйсын,
Масақ дәнге толсын,
Кемелер жүзсін айдында –
Өмір жоқ онсыз, ол ...
Су

Мойдодырға туыспын мен,
Аша қойшы тұтқамды,
Сонда суық суменен
Мен сені тез жуамын.
Су құбыры

Ақ өзен ағарып
Үңгірге ағады,
Ол жуғанда – тазарады.
Тіс пастасы

Толқыннан толқын, далада,
Егісте келеді бір тырма,
Бидайды тырмалайды,
Тәртіпті қадағалайды.
Тарақ

Орман емес, жүрмін кезіп,
Мұрт пен шаштың іштерін,
Тісінен қасқыр, тышқанның
Ұзын менің тістерім
Тарақ

Сөйлеп тұр мата ұзын -
Кестеленген екі ұшы:
Сабында да кішкене,
Сияны жу бетіңнен! –
Әйтпесе сен сүрткенде
Кір қыласың мені!
Сүлгі

Жон арқасы сүйектен,
Қылшық қалың жүйекте,
Жалбыз паста жағады,
Бізге қызмет қылады.
Тіс щеткасы

Жәй жаңбырға ұқсамай,
Жылы жауын қатты жауар,
Төбені түк те бұлт шалмай,
Күні бойы төгуге даяр.
Душ .....



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру