Марат Қабанбаев | Кезеңдегі редактор
Редактордың темірдей қатты, сирек сарғылт шашы үрпе-түрпе: ол ой үстінде. Оң қолыңда бір сомдық автоқалам, сол қолында умаждалған қағаз.
Ол комсомол-шопандар бригадасына кеше келіп кеткен аудандық газеттің тілшісін еске түсіріп отыр. Тілші бригаданы аралап, әрқайсысымен жеке-жеке сөйлескесін қой қораға беттеген. Қорадан шыға бере Мақмұт төрт-бес минут уақыт бөлуін сұрап, жармаса кетті.
− Ал айта бер, жігітім,- деді тілші былай шыққасын блокнотының бетін аша беріп. Шамасы, Мақмұт бригада өмірі жайлы тың мәліметтер айтатын шығар деп тұр.
Мақмұт тікесінен салды.
− Редактордың міндеті не?
Тілші таң қалды.
− Оның не қажеті бар?
− Мен газеттің редакторы едім.
Тілші аз-кем уақыт тілсіз қалды. Аздан соң бөгеліп барып:
− Қандай газеттің?- деді.
− «Таң нұры»... Осы бригаданың қабырға газеті.
Иығынан зілбатпан жүк түскендей жеңіл күрсінген тілші көсіле сөйледі. Сөйтсе редактордың міндеті ауыр екен. Газеттің идеялық мазмұны үшін жауап беріп, көптеген ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуге тиіс. Жарияланған материалдардың нақтылығы мен сапасы үшін де редактор жауапты. .....
Әңгімелер