Ұзатылар қыздың ең басты көрсеткіші ол жасауы

Ұзатылар қыздың ең басты көрсеткіші ол — жасауы. Сондықтан есі бар қыз әрқашанда өз жасауын өзі жинақтауы керек.

Себебі, жасау 1- ден қыздың көрсеткіші, 2- ден көп шығынды талап ететін басты мәселе.
Сонымен, жасауға кіретін заттар:
9 көрпе: 6 жамылшы, 3 төр көрпе. Оның ішінде біреуі «махаббат көрпесі», бір төр көрпе «құдағи көрпесі» болып кетеді. Бәрін бірдей базар көрпе жасауға да болмайды, себебі «анасы қолдан жасатқан көрпесі» екен деген сөз өзіңе де сондай ыстық болады.
төсек-орын (спальный гарнитур)
сандық
3 көрпе тыстары (апарған көрпелерге сай болуы керек)
2 жастық
2 кілем: біреуі қыстыратын, біреуі төсейтін есебінде жүреді
9 қол орамал: 3 ванный, 3 қол сүртетін, 3 кухонный
ыдыс-аяқ наборы: ішінде тарелка, шыны бәрі бәрі болуы керек
кастрюльдер наборы: кастрюль, сковородка, қазан ......
Кеңестер
Толық

Қыздың ары ұлттың ары

Баяғыда Хожай деген бай саудагер болыпты. Бұрыңғылалардың "Ер Қосайдың жолын берсін, Хожай саудагердің саудасын берсін"- дейтін батасында бар. Бұл Хожай саудагер бір күні Ер Қосайға мақтаныпты:
- Арғынның Ақсары биінің үйінде жатамын. Ардақты қызы Ботагөз сұлу некелі қатынымдай, - деп.
- Сені қойнына алмайды, - деп Ер Қосай екеуі ерегесіп бәстесіпті.
Егерде сарттың сөзі рас болса, Қосай бар жиған-тергенін сартың алдына салып береді. Қожаның сөзі жалған болса маңдайындағысын Қосайдың қолына тапсырмақшы болады. Базар тарқап, Қосай мен Хожай саудагер Арғынның Ақсары биінің ауылына келеді. Қатын-қалаш, бала-шаға бәрі үймелеп келіп жатыр. Хожай дүниені аямай шашып-төгеді. Келгендердің бірі - Ботагөз сұлу. Бәрі тарқаған кезде Ботагөз сұлуды Хожай бай жалғыз алып қалып, жалынып:
- Баяғыдан бері алдадың, енді бүгін қойныңа ал! - деп жабысыпты.
Қыз айтыпты: ......
Кеңестер
Толық

ҚЫЗДЫ СҮЙІКТІ ЕТЕР ЖЕТІ ҚЫЛЫҒЫ

✅ 1. Пәк болу – қыздың пәктігі Алла берген ең үлкен қазынасы.

✅ 2. Әдепті болу – қыз әдепті болса, көзің қуанып, жүрегің жылиды.

✅ 3. Таза болу – бойы таза болмаса, жақсы әйел болмақ ойы да тазармас.

✅ 4. Пысық болу – жеті жұт салақпен сегіз, олақпен тоғыз болады.

✅ 5. Ұстамды болу – өзін ұстай алмаған, келген бақты ұстап тұра алмайды.

✅ 6. Ұқыпты болу –жоқтан бар жасай алмаған, барды ұқсата алмайды.

✅ 7. Иманды болу – иман осы алтауының түп негізгі бастауы, алтын тірегі.......
Кеңестер
Толық

Міржақып Дулатұлы | Сол қыздың атын ұмыттым


Мен 1921 жылы Семей уезінде тергеуші болып қызмет еттім. Күз уақыты еді. Өзіме қараған аудандағы елдерді аралап жүріп, Қызыл Адырға келсем, аудан биі Қ. жолдас сессия құрып жатыр екен. Халық есепсіз көп жиналған: Семей уезінің 7-болысынан, Қарқаралы, Өскемен сықылды өзге уездерден, тіпті Жетісудың Аягөзінен де мал даулап, ақы сұрап келгендер бар екен. Қ. жолдас Семей уезінен қызметке жақсы, ұрыға рақымсыз атанған билердің бірі саналатын. Жұмыстың көптігінен Қ-ның басы қатып, дамыл көрмей, мезгілімен тамақ ішуге де уақыты болмай, ертеден қара кешке шейін сөйлеумен дауысы да қарлыққан екен.

Жиналысқа тіккен үйдің біріне біз де келіп түстік. Қандай жұмысты қандай адам (тергеуші ме, би ме) қарайтынын білмейтін, өздері неше күндей кезек тимей сарғайған, елдері алыс, сот маңайындағы ауылдарды қону-түстенумен әбден мезі қылып, жексұрын болған, Даукестер мені көрген соң, «тағы бір төре келді» деп, сыйғаны үйге кіріп, сыймағаны үйдің жабдығынан дауыстап, «тақсыр жолдас, арызымыз бар, пәлен күннен бері бізге есе тимей жатыр...» деп әркім өз басындағы мұңын шаға бастады. Халық соншалық көп, бұл елге біз келе жатқанда жолшыбай «сот арқылы өндіріп алдық» деп талай мал айдап бара жатқандарды көргенбіз.

.....
Әңгімелер
Толық

Қызының жігітпен жүретінін білген әкесі оны сабап тастады (фото)

Үндістанның солтүстігіндегі Уттар-Парадеш штатындағы Самбхале ауылында 18 жастағы Руби үш жыл ауылдасы Ибрагиммен жасырын жүрген. Бұл жайлы оның 52 жастағы әкесі мен 32 жастағы ағасы Самеран біліп қойып, қызды өлтірмек болған деп хабарлайды lazetime.net сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.
Жаңалықтар
Толық

Пәктігінен айырылған ару тұрмысқа шыққаннан кейін жігітінің алдында қалай масқара болғанын айтты

Бүгінгі таңда медицинаның дамығаны соншалық, бұрын мүмкін емес деген дүниелердің бәріне қазір еш қиындықсыз қол жеткізуге болады. Сондай дүниелердің бірі – жасанды қыздық пердесі. nur.kz порталына өмірінде опық жеп, жаза басқан бойжеткен хабарласып, көпшілікке өзінің тағдырын баяндауды сұрады. Жастық шақтың буымен қыздығынан айырылған ару тұрмысқа шығар алдында қалай масқара болғанын айтып берді.
Жаңалықтар
Толық