Рухани жаңғырудың – қоғамдағы рөлі

Қазақстанның бірінші жаңғыруы 25 жыл бұрын КСРО-ның қирандысынан шығып, өз жолымызды дербес мемлекет ретінде бастағанымыздан басталған болатын.
Екінші жаңғыру «Қазақстан-2030» стратегиясының қабылдануымен және жаңа елорда - Астананың салынуымен басталды. Үшінші жаңғыру Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласымен жалғасын табуда. Ұлт санасының жаңғыруын мақсат еткен бұл еңбек – бағдарламалық құжат. Үлкен екі бөлімнен тұратын мақаланың екінші жартысында Елбасы кез келген жаңғырудың ең алдымен Ұлттық болмысқа, дәстүрдің замана сынынан сүрінбей өткен озығына негізделуін қадап айтып отыр.
Бұл іргелі мақаланы халық Мәңгілік Ел мұратын жүзеге асырудың......
Шығармалар
Толық

Психология | Психология ғылымының қоғамдағы алатын орны

Бұл курстық жұмысымда психологияның жалпы мәселелер, түсініктер жан – жақты ашылған, оларға байланысты осы заманғы теориялар мүмкіндігінше кеңінен келтіріліп, проблемалардың даму тарихы нақты келтірілген. Бұл жұмыс 1 тараудан және 5 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде қарастырылатын мәселе ол психологияның ілімі, және оның міндеттері жайында болады. Бұнда психологияның қай тілден енгені туралы айтылады. Психологияның негізгі міндеті – адамның жан дүниесін түсіне білу. Екінші қарастырылатын мәселе жан құбылыстарын ғылыми тұрғыдан түсіну. Психикалық әрекетті ғалымдар бейнелеу теориясы негізінде түсіндіретіндігі жөнінде. Үшінші мәселе қазіргі заман психологиясының міндеті. Психология үшін оның қоғамдық ғылымдармен байланыс үлкен маңызға ие. Қазір психология ғылымы қарқынды дамуда. Төртінші психологияның ғылымдар жүйесіндегі орны.Психология үшін оның қоғамдық ғылымдармен байланысы үлкен маңызға ие. Тарих, эканомика, этнография, әлеуметтану, өнертану және т.б. зерттеулеріндегі проблемалар әрдайым психологиямен тікелей байланысты. Соңғы қарастырылатын мәселе психологияның салалары жөнінде қарастырылады. Психологиялық білімдердің даму ерекшеліктері психологияның басқа ғылымдарға тәуелді байланысынан ғана емес. Көп жағдайда олар қоғамдық практиканың өрістеп жатқан қажеттерімен белгіленеді.
Осы сияқты қарстырылатын мәселелер келесі беттерімізде қарастырылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Әлеуметтану | Карл Маркстің капиталистік қоғамда

Кіріспе
Карл Маркс (Karl Marx) (1818-1883) - неміс философы, әлеуметтанушысы, марксизмнің негізін қалаушы.
1818 жылы Трир қаласында (Германия) адвокаттың отбасында дүниеге келген. Германияда (Бонн, Берлин университеті) білім алады, окуын бітірген соң баронесса Женни фон Вестфаленге үйленеді.
Журналист болып істейді. Тұрақты жұмыс іздеп 1843 жылы Парижге келеді. Онда радикалды эмигранттар тобына кіріп, социалист болады. Парижде ауқатты фабрикант-тоқымашылар отбасынан шыққан Фридрих Энгельспен кездеседі. Кейіннен олар өмір бойы жақын дос болып кетеді. 1845 жылы Пруссия үкіметінің шешімімен Парижден жер аударылып, Брюсселые көшіп келеді. 1848 жылы Француз революциясы басталғаннан кейін Бельгия үкіметі оны тұтқындап, елден қуады. Маркс Парижге қайтып оралып, жаңа Коммунистер Одағының Орталық Комитетін құрады. Осы жылдың сәуір айында Маркс пен Энгельс Кельнге келеді. Мұнда Маркс "Жаңа рейн газетінің" бас редакторы болып істейді. 1849 жылы мамыр айында Пруссия үкіметі газетті жауып, Марксті елден қуады. Ол Парижге қайтып оралып, одан 1849 жылы тамыз айында Лондонға кетуге мәжбүр болады. Мұнда ол өмірінің соңына дейін, яғни 1883 жылға дейін өмір сүреді. Қатты мұқтаждық көріп, кездейсоқ журналистік табыспен күн көреді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Журналистика | «Әділ сөз» қорының қызметі мен қоғамда алатын орны

Кіріспе
Журналист мамандығы дүние жүзіндегі ең қауіпті мамандықтың бірі ретінде белгілі. Қоғамның жоғын жоқтайтын, түсін түстейтін, қоғамдық пікір қалыптастыратын журналистер. Елге араша түсіп, халықтың жан ашыры болатын да журналистер. Бірақ күнделікті осы жан ашырлардың құқықтары белден басылып, өмірлері мен шығармашылықтарына түрлі қауіп-қатер төніп тұрады. Осыған орай «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қордың жұмысын қарай келе, Қазақстандағы рөлі мен қызметіне тоқталып өттім. «Әділ сөздің» негізгі мақсаты мен міндеті қандай, журналистердің құқығын қалай қорғайды, сондай-ақ, өзге елдердегі баспасөз өкілдерінің құқығы қалай қорғалатыны сияқты тақырыптарды көтердім.
«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры өз жұмысын 1999 жылдың 12 сәуір күні бастады. Аталған қордың басты мақсаты – елімізде еркін, объективті, прогрессивті журналистиканы қалыптастыру. Ал жұмысының негізгі бағыты – заңымызды одан әрі жетілдіріп, БАҚ және журналистердің құқығын қорғау мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін заң жағынан сауаттандыру. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Айсәуле Бақытбектің елді шулатқан образдары

Танымал отандық продюсер Баян Есентаеваның қызы Айсәуле Бақытбек те анасы секілді танымал. Ол мұндай танымалдылыққа анасының ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік желілердің арқасында жетті. Желіге үздіксіз суреттері мен видеоларын жүктейтін Айсәулені елдің барлығы таниды. nur.kz порталы қоғамда Айсәуле Бақытбектің дау тудырған образдарына тоқталмақ.
Жаңалықтар
Толық

Ләйлә Сұлтанқызы өзін жұмыстан шығартпақ болған журналиске жауап берді

Қазақстандық журналист Ардабек Солдатбай “Қазақстан РТРК” АҚ Басқарма төрағасы Нұржан Жалауқызынан Ләйлә Сұлтанқызын жұмыстан шығаруды талап еткен болатын. Ол жазған хатында “Әйел бақыты” бағдарламасында көтерілген тақырыптардың біріне қатысты өз ойын білдірген-ді. Осыған орай, Ләйлә Сұлтанқызы да өзін жұмыстан шығартпақ болған журналиске жауап берді.
Жаңалықтар
Толық