Халықты еңбекпен қамту Қазақстан Республикасының еңбек нарығындағы бүгінгі күннің ең маңызды мәселелері болып отыр. Оның басты мақсаты халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздықты жою. Осы мәселелерді шешу үшін ең алдымен еңбек нарығын жүйелі түрде талдап, сонан соң ондағы болып жатқан өзгерістерді бағалап әрбір аймақтың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, еңбек рыногы, жұмыс күші рыногы, еңбек ресурстар рыногы басқару жүйесін жетілдіру қажет. Осыған байланысты еңбекке жарамды жастағы халықты жұмыспен қамту және оны экономика салаларында пайдалану бүгінгі күннің өзекті мәселелері. Еңбекке қамтудың негізгісі еңбек ресурстың өсуіне байланысты экономикалық белсенді халық санын да өскендігін байқауға болады. Нарықтық экономикаға өту нәтижесінде халықты жұмыспен қамту құрылымы да айтарлықтай өзгерді. Облыс бойынша материалды өндіріс сферасында жұмыс істейтіндердің саны жыл сайын төмендеуде. ....
Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелері адамның және азаматтың өміріне, денсаулығына, мүліктеріне, еңбек ету бостандығына, меншік суъектілері мен объектілеріне, кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, қоршаған ортаны қорғауға қатысты сақтандыру құқығының жалпы принциптерін белгілеуге, сақтандыру саласындағы мемлекеттік саясат басымдықтарын айқындауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің бір түрі сақтандыру қызметінің конституциялық негіздерін құруға және сақтандыру туралы заңдарды қабылдауға байланысты мән-жайларды белгілі бір дәрежеде регламенттейді. Осы орайда сақтандыру ісі мен сақтандыру қызметінің конституциялық негізін құруға ат салысатын Қазақстан Республикасы Конституциясының 1- бап 1- тармағында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып саналады. 28-бабының 2-ші тармағында Ерікті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша нысандарын жасау және қайырымдылық көтермеленіп отырады. Сонымен қатар 29-бап 1- тармағында Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.....
Жер өте ерте кезден адамзат қоғамының өмір сүру және өміріне қажетті заттарды өндіру ортасы болып келеді. Жер ауданы, әсірісе өндіріске қолайлы, құнарлы жерлер шектеулі болып келеді. Сондықтан да жер үшін күрес ешқашан тоқтаған емес. Бір қоғамның, мемлекеттің өз ішінде жерге меншік, иелік ету арқасында байып отырса, екіншілері-жері жоқтар кедейленеді. Осы қатынастар және жердің шектеулігі, жерді экономикалық бағалау, тиімді пайдалану, жерге меншік қатынасын және соның негізінде салық төлемдерін тудырады. Жер салығы жер иеленушілердің тұрақты табыс көзі болып келеді. Жер жалпы халықтың меншік деп жарияланған социалистік қоғамда да жер салығы болды. Өйткені, жер пайдаланушылар жер иеленушілерден шаруашылық есеп бойынша оқшауланған. Сонымен қатар, жердің табиғи өнімдеріне және орналасу тиімділігіен байланысты дифференциалдық рента әрқашан болады. Сапасы біркелкі тәуір жермен барлық жер пайдаланушыларды қамтамасыз ету, мүмкін емес. Сапалы әртүрлі жерді пайдаланушылар бірдей еңбек жұмсай отырып, әртүрлі нәтиже алады.Сондықтан жер иелену құқығы қоғамның барлық мүшесіне бірдей болған күннің өзінде жақсы жерді пайдаланушылар ондай мүмкіндігі жоқтармен өзінің табысымен бөлісуі керек .Бұл жер салығы арқылы жүзеге асырылады. ....
1. Лизингтің тарихи алғы шарттары. Өндірістік күштердің дамуы лизингтік қатынастардың пайда болуы негізі ретінде. Лизинг идеясы біз үшін жаңалық емес, бірақ “лизинг” термині бүрын бізде қолданылмаған. Лизинг шартының мәнін ашу Аристотель заманына (б. д. д. ІVғ.) келіп тіреледі. Байлық меншікті иелену құқынан емес, сол меншікті пайдалана білу құқынан тұрады. Бұл – Аристотельдің сөзі. Сонымен мүліктің иесі оны иемденіп қана қоймай, сол мүлікті пайдалану нәтижесінде табыс табуы қажет. Лизинг (to lease, lease) ағылшын тілінен аударғанда “аренда, арендовать” – “жал, жалға беру” деген мағына білдіреді. Лизинг түсінігі отанымыздың және шетелдердің кәсіпкерлік қызметінде кеңінен қолданады. Лизингке байланысты қатынастардың күрделенуі лизингтің мәні жөнінде әртүрлі көзқарастардың пайда болуына себеп болып отыр. Лизингтің қаржылық-коммерциялық, құқықтық және техникалық аспектілері бар. Лизинг терминінің дәл қай уақытта пайда болғаны анықталмаған. Австриялық зерттеуші В. Хойер “Еуропада бизнесті қалай жасау керек” кітабында “лизинг” терминінің қолданылуын XІX ғасырдың соңғы ширегіне жатқызады. Мұны 1887 жылы “Белл” телефон компаниясы өз телефон аппараттарын сатпай, оларды арендаға беру туралы шешім қабылдаған оқиғамен байланыстырады. Оның пікірі бойынша, 1952 жылы Сан-Францискода “Юнайтед стейтс лизинг корпорейшн” атты бірінші лизинг қоғамының құрылуы лизингтің дамуына күшті себеп болды. ....
Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар - бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер. Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында. Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады. Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделеді. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңарумен қабаттаса жүреді. Мемлекет салық саясатын- салық саласындағы шаралар жүйесін – қоғамның оның нақтылы кезеңіндегі әлеуметтік- экономикалық мақсаттар мен міндеттеріне қарай әзірлеген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізіледі.....
Халықаралық валюталық қатынастар - бұл ұлттық шаруашылық қызметтерінің нәтижелері мен өзара алмасуына қызмет ететін және дүниежүзілік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы. Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері - вексель ісі түрінде Ертедегі Грецияда пайда болған. Олардың келесі даму кезеңдері Лиондағы "вексель жәрмеңкелері" мен басқа да Орта ғасырлык Еуропадағы сауда орталықтары болды, онда есеп айырысулар вексель арқылы жүргізілді. Халықаралық қатынастардың одан әрі дамуы өндіргіш күштерінің өсуімен, дүниежүзілік нарықтардың кұрылуымен, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен байланысты болды. Халықаралық валюталық қатынастар материалдық өндіріс саласына, сондай-ақ бөлу, айырбас және тұтыну салаларына қатынастар қатысты халықаралық экономикалық қатынастарға делдал болады. Валюталық қатынастар жағдайы ұлтгық және дүниежүзілік экономиканың дамуына, саяси жағдайға, елдер арасындағы күштердің арақатынасына тәуелді. Халықаралық шаруашылық байланыстардың дамуы шамасына байланысты валюталық жүйе құрылды. Экономикалық тұрғыдан қарағанда - бұл шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан валюталық-экономикалық қатынастар жиынтығы; ұйымдық-заңдық тұрғысынан қарағанда - белгілі бір қоғамдық-экономикалық формация шегіндегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекетгік-құқыктық формасы. Тарихта мынадай валюталық жүйенің типтері қалыптасқан: ұлттық, дүниежүзілік, аймақтық. Басында елдегі ұдайы өндіріс процесіне қажетті валюталық ресурстарды қалыптастыруға және пайдалануға, халықаралық айналымды жүзеге асыруға көмектесетін валюталық-экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде ұлттык жүйе пайда болды. Ұйымдық-зандық тұрғысынан қарағанда - бұл шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан және халықаралық құқық нормаларын ескере отырып ұлттық заңдылықтармен бекітілген, елдегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік-құқықтық формасы. Ұлттық валюталық жүйе елдің акша жүйесінің бір бөлігі бола отырып, өзінше дербес және ұлттық шекарадан шыға алады. Ұлттық валюталық жүйенің ерекшелігі ел экономикасындағы сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесімен анықталады ....
Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып абылады. Тауар - бұл сату немесе айырбастау үшін жас-алынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат), оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға ай-налуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды, Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер (нақты еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. "Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше^өмір сүретін тауар, ол ақша"'. Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады. Тауарлар және ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және өзара бір-біріне аүысаяы Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде бір тауардың басқа бір тауарға кездейсоқ айырбасталынуы барысында, айырбас құнның жай немесе кездейсоқ формалары қолданылады (1 балта = 5 қүмыра, 1 қой = 1 қап бидай және ъб.). Тауар өндірісінің дамуы барысында кездейсоқ айырбас жиіленді. Жалпы тауар массасының ішінен барынша жиі айырбасталатын тауардың бөлініп шығуымен құнның жай формасы толық формаға өте бастады. Мысалы, бидайды етке, майға, жүнге және т.б. айырбастауға мүмкін болды. Ақша дегеніміз — тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік формасы мен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар. Яғни ақша — тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісінде басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметі - барлық тауарларға ортақ балама (эквивалент) рөлін атқару. ....
Валюта (баға, құн) – мемлекеттік ақша бірлігі. Әр елдің өзінің халықаралық құқық нормасын ескере отырып, ұлттық заң негізінде қалыптасқан ұлттық валютасы болады. Валюта – 1) елдің ақша единицасы; 2) шет мемлекеттердің ақша белгісі, сондай-ақ шетелдік ақша единицаларымен білдіріп, халықаралық есеп айырысулар кезінде қолданылатын несиелік төлем құжаттары (шетелдік валюта). Валюталық нарық – бұл шетел валюталары мен шетел валютасындағы бағалы қағаздарды сату және сатып алу операциялары жүзеге асырылатын арнайы орталық болып табылады. Валюталық бағам – бұл бір елдің ақша бірлігінің басқа бір елдердің ақша бірліктеріне бейнеленген бағасы. Әрбір елдің ұлттық валюталарын салыстыру олардың өндіріс және айырбас процессінде пайда болатын объективті құндық қатынастарына негізделеді. Валюталық бағам валюталарға сұраныс пен ұсынысқа ықпал етуші көптеген факторларға байланысты өзгереді: Бағамның қалыптасуына ықпал ететін үш факторлар тобын бөліп қарауға болады: Саяси – саяси тұрақтылық, валюталық заңдылықтардың ырықтандырылуы, валюталық саясат және т.б. экономикалық, халықаралық тәжірибеде анықталатын экономикалық тікбұрыштың шыңы сияқты: экономикалық өсу, валюта тұрақтылығы және инфляцияның төменгі қарқыны (жылына 10%-ке дейін), жұмыссыздықтың төменгі деңгейі (жылына 8%-ға дейін), дүниежүзілік нарықтағы тепе-теңдік, психологиялық: жаппай сұраныс, негізгі капиталды тәуекелден қорғануға ұмтылыс және т.б. Валюталық бағамның ауытқу шектері паритеттің 1%-нан асқан жоқ және қажетті валютада ауыстыру мақсатында алтынды шетелге тасымалдау шығындарымен анықталды. Қазақстанның валюталық саясаты мемлекеттің және тұтастай алғанда экономиканың ақша жүйесін теңгенің айырбас бағамының күрт ауытқуының теріс салдарынан қорғауды қамтамасыз етуге тиіс. Ұлттық валютаның объективті белгіленген айырбас бағамы мемлекеттің макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ететін іргелі негіз болып табылады. Осыған байланысты мемлекеттің валюталық реттеу саласындағы негізгі басымдығы ұлттық валютаның бағамын қайта бағалауға жол бермейтін және үнемі өзгеріп отыратын әлемдік конъюнктура жағдайында отандық өндірістің бәсекеге қаблеттілігіне теріс әсер етпейтін бағам саясатын таңдау болуға тиіс ....
Бүгінгі әлемде экономикалық және шаруашылық қатынастар күннен-күнге даму барысында халықарылық валюта қатынастарының өркендеуі өндіргіш күштерін қарқынды өсуімен дүниежүзілік рыноктың қалыптасуы-мен халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен шаруашылық байланыстарының интернационалдану және жанандануымен сипатталады. Халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық қатынастардың дамуына жалпылама түрде. Халықаралық валюталық жүйе дүниежүзілік шаруашылықтың шеңберіндегі сатып алу және сату айналымын туындыратын әдістер құрал жабдықтар және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрі даму экономикасы халықаралық ақша кеңістігіндегі адекватты шарттарды талап ететін ұлттаралық капитал үрдісінің объективті дамуын бейнелейді. Халықаралық валюталық жүйенің негізгі құраушы элементтері ретінде әлемдік ақшалай тауар және халықаралық өтімділік, валюталық курс, валюталық рыноктар, халықаралық валюта қаржылық ұйымдар және мемлекетаралық валюталық келісім шарттарды атауға болады. Курстық жұмыстың өзектілігі еліміздің әлемдік рынокта алдынғы қатарлы елдер санатына қосылуы үшін ішкі экономикалық өсуімен қатар, халықаралық экономикалық қатынастарымыз дамып соның ішінде өзекті саласы халықаралық валюталық қатынастардың дамуы еліміз үшін маңызды. Өйткені біздің экономикамызда теңгеміз еркін айналысқа шыққандықтан әлемдегі валюта өзгерістері бізге де әсер етеді. Сондықтан мен экономикалық теория пәнінен курстық жұмысының тақырыбын бүгіндегі өзекті мәселелердің бірі "Қазақстан Республикасындағы ұлттық валютаны тұрақтандыру мен нығайту проблемалары" деп алдым.....
Кіріспе Біздің еліміздің көп этникалық құрамына және көптеген халықтардың бірлесіп өмір сүрген жеткілікті тәжірибесіне қарамастан, соңғы жылдары шыққан ұлтаралық қарым-қатынас саласындағы ғалымдардың әртүрлі зерттеулері, жергілікті шиеленістер талдамы, көптеген этникалық қоғамдастық өкілдерінің біріккен экономикалық, саяси және т.б. іс-әрекетке бейімделуі жоспарында ұлттық-психологиялық ерекшеліктерін зерттеу көрсеткендей, әлі күнге дейін кез-келген адам, әсіресе КСРО-ның құлауынан кейін, өзін қазіргі жағдайларда басқа ұлт адамдарымен қарым-қатынаста тұрақсыз сезінеді. Ұлтаралық, этникааралық қатынастар әлеуметтік қатынастар, мәдени өзара әсерлер және тарихи дәстүрлердің барлық жүйелерінің нәтижесі болып табылады. Олардың қалыптасуы идеологиялық және өнегелі ережелерге де байланысты. Бұл жұмыс орта мектепте оқитын оқушылардың қарым-қатынасындағы өзіндік сана ерекшеліктерін анықтау және зерттеу мәселесіне арналған. Әртүрлі елдер мен халықтар өкілдерінің арасындағы ұлтаралық байланыстардың күшеюімен қарым-қатынас мәселесінің этникалық аспектілерін қарастыруға арналған зерттеулер саны да көбейіп келеді. Көптеген авторлардың еңбектерінде мәселенің әлеуметтік жағы ашылған. Өндірістік тәсілдердің дамуы мен жетілуінің, қоғамның әлеуметтік құрылымының өзгеруі әртүрлі этностар арасындағы қарым-қатынастың жаңа формаларының пайда болуы мен тұрақталуына әсері анықталды. Қарым-қатынас мәселесінің этникалық аспектілерін зерттеу себептерінің бірі, бұл бір мемлекеттің ішінде, тіпті бір аймақтың өзінде әртүрлі ұлттардың өмір сүріп, өзара қарым-қатынаста болуы. Этникалық тиістілігін, өз ұлтының психикалық қырларының спецификалылығын және өзінің этникалық қоғамдастығы мен басқа этникалық орта арасындағы этнопсихологиялық айырмашылықтарды саналау этникалық өзіндік сананың әдеттегі деңгейінде өтеді. Оның негізгі мазмұны өзінің этникалық тобы мен басқа этникалық ортаның ақиқат және қиялдағы арнайы қырлары туралы түсініктер құрайды. Зерттеу жұмысының өзектілігі: Білім жүйесінің өзекті мәселесінің бірі жаңа ұрпақтардың қарым-қатынастағы этникалық өзіндік сананың қалыптасуы болып табылады. Білім өз мазмұнын халықтың руханилығымен, оның этникалық өзіндік санасымен қамтамасыз ете алған кезде ғана нағыз халықтық, ұлттық бола алады. Қазақстанның тәуелсіз, дербес мемлекет ретінде дамуы жағдайында өз азаматтарының рухани дамуы, өздерін саналы тұлға ретінде сезіне білуі, бір-бірімен өзара қарым-қатынастарының белсенді түрде дамуы маңызды мәселе. Адамдардың өзара қарым-қатынастарының ерекшеліктерін зерттеу – психологияның негізгі мәселелерінің бірі. Зерттеу жұмысының мақсаты: Қазақ және орыс ұлттарындағы оқушылардың қарым-қатынас ерекшелігінде этникалық өзіндік сананың көрінуіне әсер ететін факторларды анықтау. Зерттеу объектісі: жоғары сынып оқушыларының өзіндік сана ерекшелігі. Пәні: Оқушылардың өзіндік сана ерекшеліктері және олардың қарым-қатынаста анықталуы. Жалпы болжамы: қарым-қатынастың этникалық ерекшеліктері тұлғаның бағыттылығына, әлеуметтік-коммуникативті компетенттілігіне және өзіндік санасына байланысты көрінеді.....