Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.1B XVIII ғасырдағы Қазақ хандығы Сабақ тақырыбы: XVIII ғасырдың басына дейінгі қазақ-орыс қарым-қатынастарының тарихы 4-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.3.2.2 – Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін анықтау Сабақ мақсаттары: Қазақ-орыс қатынастырын талдау.
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.1B XVIII ғасырдағы Қазақ хандығы Сабақ тақырыбы: XVIII ғасырдың басына дейінгі қазақ-орыс қарым-қатынастарының тарихы 3-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.3.1.2 – Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау; 7.3.2.2 – Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін анықтау Сабақ мақсаттары: • Қазақ хандығының ішкі жағдайын анықтау • Қазақ хандығының сыртқы саясатын талдау.
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.1B XVIII ғасырдағы Қазақ хандығы Сабақ тақырыбы: XVIII ғасырдың басына дейінгі қазақ-орыс қарым-қатынастарының тарихы 2-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.3.2.2 – Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін анықтау Сабақ мақсаттары: • Қазақ-орыс қатынастарының ерекшеліктерін түсіндіру.
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.1B XVIII ғасырдағы Қазақ хандығы Сабақ тақырыбы: XVIII ғасырдың басына дейінгі қазақ-орыс қарым-қатынастарының тарихы 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.3.1.2 – Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау; 7.3.2.2 – Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін анықтау Сабақ мақсаттары: • Қазақ хандығының ішкі жағдайын талдау • Қазақ-орыс қатынастарын сипаттау.
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2A Х – XІІІ ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттер Сабақ тақырыбы: Ұлы Жібек жолы халықаралық байланыстардың нығаюына әкелді ме? Мектеп: Сабақтың мақсаты: Ұлы Жібек жолының халықаралық қатынастарды нығайтудағы орнын анықтау. Оқу мақсаты: • «Ұлы жібек жолы» cөзінің шығу тарихын біледі. • Карта да Ұлы Жібек жолының сауда тармақтарын көрсете алады; • Халықаралық қатынаста Ұлы Жібек жолының маңыздылығын біледі.
Бүгінгі әлемде экономикалық және шаруашылық қатынастар күннен-күнге даму барысында халықарылық валюта қатынастарының өркендеуі өндіргіш күштерін қарқынды өсуімен дүниежүзілік рыноктың қалыптасуы-мен халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен шаруашылық байланыстарының интернационалдану және жанандануымен сипатталады. Халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық қатынастардың дамуына жалпылама түрде. Халықаралық валюталық жүйе дүниежүзілік шаруашылықтың шеңберіндегі сатып алу және сату айналымын туындыратын әдістер құрал жабдықтар және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрі даму экономикасы халықаралық ақша кеңістігіндегі адекватты шарттарды талап ететін ұлттаралық капитал үрдісінің объективті дамуын бейнелейді. Халықаралық валюталық жүйенің негізгі құраушы элементтері ретінде әлемдік ақшалай тауар және халықаралық өтімділік, валюталық курс, валюталық рыноктар, халықаралық валюта қаржылық ұйымдар және мемлекетаралық валюталық келісім шарттарды атауға болады. Курстық жұмыстың өзектілігі еліміздің әлемдік рынокта алдынғы қатарлы елдер санатына қосылуы үшін ішкі экономикалық өсуімен қатар, халықаралық экономикалық қатынастарымыз дамып соның ішінде өзекті саласы халықаралық валюталық қатынастардың дамуы еліміз үшін маңызды. Өйткені біздің экономикамызда теңгеміз еркін айналысқа шыққандықтан әлемдегі валюта өзгерістері бізге де әсер етеді. Сондықтан мен экономикалық теория пәнінен курстық жұмысының тақырыбын бүгіндегі өзекті мәселелердің бірі "Қазақстан Республикасындағы ұлттық валютаны тұрақтандыру мен нығайту проблемалары" деп алдым. Бұл тақырыпты таңдаудағы мақсатым біріншіден, жалпы халықаралық валюталық жүйенің түсінігіне және құрлымына оның пайда болу себептері мен негізін қараушы элементтеріне валюталық бағам және оған әсер етуші факторларға тоқталып екіншіден Қазақстан Республикасының ұлттық валюта жүйесіндегі орнын, еліміздегі валюталық операциялар мен валюта бағамының жағдайын қарастырып өту және оларды ұлттық экономика дамуына қосар үлесін қарастыру. Валюталық жүйені талдамас бұрын "валюта" терминінің мәнін ашып алайық. Ол Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес, валюта деп мемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде қабылданған ақша бірліктері немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның ішінде қымбат жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын,бірақ айналымда жүрген ақша белгісімен айырбастауға жататынын қоса алғанда) түріндегі қолма - қол және аударым нысандарының құнның ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы соның ішінде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражаттарды білдіреді. Енді осы валюталық қатынастарға олардың қызмет етуіне, валюта бағамына кеңінен тоқталайық ....
Біріккен Ұлттар Ұйымының мың жылдық саммитінде БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи Аннан баяндама жасап, онда негізінен үш мәселені қозғады. Олар — әлемдегі кауіпсіздік, кедейшілікпен күрес және қоршаған ортаны қорғау. Бұлар XXI ғасырдың ең басты проблемалары ретінде айрыкша аталып өтті. Бірінші проблема — қауіпсіздік мәселесі. Ядролық, биологиялық және химиялық қаруды, сондай-ақ оларды жеткізу кұралдарын (зымырандарды) тарату - ғаламдық және аймактық деңгейде зор қауіп-қатер тудырып отырғаны баршаға мәлім. Халықаралық лаңкестердің жаппай қырып-жою қаруын пайдалану мүмкіндігі де қосымша кауіп төндіретіні сөзсіз. 1972 жылғы 26 мамырдағы АҚШ пен КСРО арасындағы ракетаға қарсы корғаныс жүйесін шектеу туралы (РҚҚ) шарт әлемдегі стратегиялық тұрақтылыктың негізі болып келіп еді. АҚШ-тың 2001 жылғы желтоксандағы РҚҚ туралы шарттан шығу жөніндегі мәлімдемесі Ресей, Қытай т. б. елдер тарапынан наразылық тудырды. Ядролық қаруды таратпау туралы келісімге қол қойған 187 мемлекет делегаттарына өзінің арнауында К. Аннан АҚШ-тың Ұлттық зымыранға қарсы қалқанды жаңғырту ниетін ядролық карусыздану саясатына қарсы қадам деп бағалады. Бас хатшының айтуынша, АҚШ-тың бұл әрекеті ядролық карусыздану ісіне кері әсерін тигізіп қана коймай, оны таратуға ықпал ететін болады. БҰҰ-ның көп жылғы жұмысының нәтижесінде 2001 жылы жеңіл қару-жарақпен және атыс қаруымен заңсыз сауда-саттыққа жол бермеу жөніндегі іс-қимыл бағдарламасы кабылданды. Азия кұрлығының ерекшелігі — мұнда ядролық мемлекеттер және осындай мәртебе алуға жақын, яғни, ядролық қару табалдырығындағы елдер шоғырланған, ядролық қарулану процесі барынша қауырт жүріп жатыр. Қазіргі заманның қауіпті қатерлері — халықаралық ылаңкестік (терроризм), ұйымдасқан қылмыс, сепаратизм мен діни экстремизм, этностык қақтығыстар, кару-жарақтың заңсыз айналымы, есірткі саудасы, тағы басқалар екпіндеп ене түсуде. 2001 жылғы кыркүйектің 11-күні АҚШ-қа өзінің катыгездігі жағынан жойқын соққы болып тиген оқиғалар бүкіл әлемге адамзаттың басына төнген кауіптің ауқымын айқын көрсетіп берді. Бұдан бұрын да ылаңкестік болды, олардың ең ірілері: 1998 жылы 7 тамызда Найроби (Кения) мен Дар-Эс-Саламдағы (Танзания) жарылыстан АҚШ елшілігі қиратылып, 250 адам қаза тапты, 1999 жылғы 9 және 13 қыркүйекте Мәскеуде екі ірі жарылыстан екі тұрғын үй қиратылып, 212 адам қаза тапты, 300-і жараланды. Осы заманғы халықаралық ылаңкестік өзінің сипаты жағынан ұлтаралық болып табылады. Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі өзінің № 1373 шешімімен (қаңтар, 2002 ж.) Терроризммен күрес жөніндегі комитетін құрды. Бұған осы ұйымға мүше 189 мемлекеттің бәрі катысады, олар ланкестік әрекеттің бәрін де қылмыстық іс санауға тиіс, ылаңкестер мен оларды қолдаушылардың қаржылық кұралдары мен активтерін тоқтатып, оны оларға беруге тыйым салады. Ылаңкестерге баспана беруден бас тартуға міндетті. Барлық елдер бұл талаптарға байланысты есептер беріп отыруға жауапты екендігі көрсетілді.....
Дүние жүзінің тарихи дамуындағы қай кезеңді алып қарайтын болсақ, негізгі мәселе меншіктің айналасына топталады. Қоғам өмірінде меншікке байланысты қатынастар әрқашан маңызды роль атқарған. “Меншік” белгілі бір затты жеке мүлік адамның иеленуінен шыққан. Меншік қоғамдық негізгі бастауларға жатады. Сондықтан әрбір мемлекет меншік туралы заңдар қабылдап, оны қорғайды. Меншікті екі мағынада қарастыруға болады: құқықтық мағынада және экономикалық категория ретінде. Меншік құқықтық мағынада мүліктік қатынастарды білдіреді. Меншік иесі заңмен анықталған мүліктерге ие болады. Және ол қолындағы мүліктерге: иемдену, пайдалану және оған иелік жасау өкілеттігін алады. Экономикалық мағынасында меншік бүкіл шаруашылық процесін қамтып, пайдалы игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтыну қатынастарын білдіреді. Ендігі басты мәселе – меншіктің мәні туралы. Жалпы меншік дегеніміз не? Міне, осы сұраққа жауап іздеп көрелік. ....
Неке қию тәртібі бойынша некеге отырғысы келген азаматтардың арыздары алдымен азаматтық хал актілерін жазатын АХАЖ мемлекет органдарының кітабына жазылады да, некені қию некеге тұруға тілек білдірушілер азаматтық хал актілерін жазу органына арыз берген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң жүргізіледі. Дәлелді себептер болған жағдайда неке қиюды мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы бір ай өткенге дейін некені қиюға, сондай-ақ осы мерзімді ұзартуға, бірақ бір айдан аспайтын мерзімге ұзартуға рұқсат етуі мүмкін. Ерекше мән-жайлар болған кезде жүкті болу, бала тууы, бір тараптың өміріне тікелей қауіп төнуі және басқа ерекше мән-жайлар неке өтініш берілген күні қиылуы мүмкін. Некені қию үшін некеге отыратын адамдардың өзара келісімі және олардың неке жасына жетуі қажет. Неке жасы Қазақстан Республикасының заңы бойынша 18 жас болып белгіленеді. Дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін. Неке жасын төмендету туралы өтінішті некеге тұруға тілек білдірушілер немесе олардың ата-аналары, не қорғаншылары белгіленген неке жасын төмендету қажеттігін туғызатын себептерді көрсете отырып қозғай алады. Бірақ барлық жағдайларда неке жасын төмендетуге иек некеге тұрушылардың келісімімен ғана жол беріледі. Некеге тұрған адамдардың қалауынша неке шарты жасалуы мүмкін. Неке шарты – нотариуспен расталған, некеге тұратындардың құқықтық жағдайын анықтайтын шарт болып табылады. Төмендегідей жағдайларда: некеге отыратын адамдардың бірі болса да басқа адаммен некеде тұрса; бір атадан, бір анадан туған туыстардың, бір әке-шешеден туған, әкесі не шешесі бөлек бауырлардың, сол сияқты бала қылып алушылар мен бала болып алынғандардың бір-бірімен некеге отыруына; екі адамның біреуі болса да ақыл-есінің ауысуы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан сот әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған адамдарға некеге тұруға жол берілмейді. ....
Құқықтық қатынастар – адамдардың өзара әлеуметтік байланысы, қарым-қатынасы. Адамдар өмір сүру үшін, ұрпақты жалғастыру үшін т.б. басқа себептермен бір-бірімен қарым-қатынаста болады. Бұл объективтік процесс. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес қарым-қатынастар да ескіріп, жаңарып жатады. Бұл процесс әртүрлі жолмен дамиды, адамдардың бостандығының, іс-әрекетінің шеңбері кеңиді. Ғылым мен техниканың дамуы қоғамдағы қарым-қатынастардың түрін шексіз көбейтіп, қарқынды деңгейде дамытты. Бірақ бұл қарқынды даму процесі адамды қоршаған ортаның экологиясын нашарлатты, табиғи ресурстарды, байлықтарды азайтты. Сондықтан адамдардың және қоғамның мүдде-мақсаттары тұрғысынан бостандықты дамыта отырып, кейбір қарым-қатынастарға шектеу қойылды.....