XVIII ғасырдың басына дейінгі қазақ-орыс қарым-қатынастарының тарихы 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, І тоқсан)

 XVIII ғасырдың басына дейінгі қазақ-орыс қарым-қатынастарының тарихы 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.1B XVIII ғасырдағы Қазақ хандығы
Сабақ тақырыбы: XVIII ғасырдың басына дейінгі қазақ-орыс қарым-қатынастарының тарихы 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.3.1.2 – Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау;
7.3.2.2 – Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін анықтау
Сабақ мақсаттары: • Қазақ хандығының ішкі жағдайын талдау
• Қазақ-орыс қатынастарын сипаттау.
Б «Қазақ-орыс қатынастары» тақырыбы аясында бүкілсыныптық талқылау ұйымдастыру. Келесі сұрақтарды қойыңыз:
- Сіздің ойыңызша, қазақ-орыс қатынастары қашан басталды?
- Бұл қатынастар ненің негізінде дамыды?
- Қазақ-орыс қатынастарының барысында Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы қандай болды?
Б Зерттеу сұрақтары:
Қазақ хандығындағы бытыраңқылықтың себептері неде?
Қазақ-орыс қатынастары қалайша дамыды?
Зерттеу мен талдау
Т/Ж Оқушыларға ақпараттық мәтіндерді ұсыныңыз (Қосымша 1). Оқушылар мәтінмен жұмыс жасап, келесі мәселелерді анықтаулары тиіс:
«Етістіктер» стратегиясы.
1. Жеке жұмыста: мәтіннің ішінен кез-келген 10 фактіні жазып алады. Фактілердің алдына нөмірлер жазылуы тиіс. Бұл тізімдер А-4 қағаздарына жазылып, қажеттілігіне екінші қағазды жабыстырып, жалғастыруға болады.
2. Жұпта: фактілердің бір тізімін алып, оған жетіспейтін фактілерді қосу.
3. Топта: фактілердің ең ұзақ тізімін алып, топта оларды қарастырып, қажеттілігі бойынша толықтыру.
4. Бұл фактілер Қазақ хандығының ішкі саясаты туралы қандай ақпарат беруі мүмкін туралы ойлану.
5. Содан кейін Қазақ хандығындағы бытыраңқылықтың себептерін анықтауға және тиісті дәйектерді келтіруге тапсырма беріңіз.
Т/Ж Дерекпен жұмыс (Қосымша 2).
Деректің негізінде «сюжеттік кестені» толтыруды сұраңыз.
Не? Кім? Қашан? Қайда? Неліктен?
Кестенің негізінде оқушылар қазақ-орыс қатынастарын сипаттайтын болады......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру