Дарьялдың тар қуысы түнек жұтқан, Ең түбін үңгіп Терек алабұртқан; Бір ескі бар мұнара сол арада Үстінде қара жартас қарауытқан. Әрі тар, әрі биік бүл мұнара. Тамара патша ханым тұрған дара. Ғажайып сұлу бопты періштедей......
Серігім әрі жарқын, әрі ызғарлы, Сүйемін асыл болат бұл қанжарды; Кекке арнап ойшыл грузин соққан сені, Қайраған еркін черкес бір қаһарлы, Сыйлаған сені маған бір сал білек,......
Ашыңдаршы тар қапасты, Көрсет күнді, соқсын жел. Қара көзді қарындасты, Қара жалды атты әкел! Жас сұлуды сүйейін де, Құмарта бір құшайын, Ырғып атқа мінейін де, Қырға жел боп ұшайын.......
Мерт болды ақын, бықсық өсек Ар пендесін кетті жұлып. Кеудесінде оқ, шөлдетіп кек, Абзал басын иді сұлық. Ұсақ ғайбат қорлығына Төзе алмады ақын жаны, Озбыр қауым зорлығына Көнбей, жалғыз шықты тағы. ....
Сұлтан деген баланың Болды мойнақ күшігі, Мойынында қарғысы, Тап-тұйнақтай үйшігі. Күндіз кіріп үйшікке Ұйықтайды, дем алады; Түні бойы көз ілмей, Есік алдың бағады. ....