Қазақстанның оңтүстік шекарасын солтүстіктен бөліп, 1800 шақырымға созылып жатқан аймағын орманды даланың, жазықтардың, шөл және шөлейт жерлердің алып жатқаны, Республикамыздың батысында Каспий теңізінің, шығысында Алтай жоталарының, оңтүстігінде Тянь-Шанның биік шыңдарының орналасқаны мәлім. Қасиетті қазақтың осынау дарқан даласы мен орман, тоғайында 6 мыңнан астам өсімдік, 500 түрлі құс, 178 түрлі аң, 49 түрлі бауырымен жорғалаушылар, 12 түрлі қос мекенділер болса, өзендер мен көлдерде балықтың 107 түрі бар. Адамзат тіршілігінде өсімдіктер дүниесінің маңызы өте айрықша. Бағзы заманнан-ақ ата-бабаларымыз өсімдіктерді зерттеп, танып-біліп, оларға ат қойып, жеміс-жидектерін, дәндерін азыққа, жапырақ, сабақ, гүл, тамырларын дәрі-дәрмекке, тері илеуге, түрлі нәрселерді бояуға пайдаланған. Өсімдіктер-оттегін бөлуші, табиғат көркі, дәрілік шикізат, мал азығы, тағамдық өнім. Алайда өсімдіктердің ішінде улылары да аз емес. Оны тұрғын халық білмесе, малдарын, өздерін уландырып алуы да мүмкін. Халық емшілерінің тәжірибесінен Қазақ даласында дәрілік өсімдіктерді жетік білген, оны-мен малды да, адамды да емдеп, жаза алған атақты тәуіптер болған. Солардың бірі – Найманның Қыржы руынан шыққан Ырғызбай емші Досқанұлы. Ол кезінде ұлы Абайдың әкесі Құнанбай қажыны дәрілік өсімдіктер-мен емдеп жазады. Халық емшісі 1787 жылы Тарбағатай өңірінде дүниеге келіп, 1850 жылы «Мыңжылқы» құдығына таяу маңдағы күзеуде қайтыс болады. Ырғызекең бала жасынан емдік шөптерге үйір болса керек. Емші шипалы тамыр – шөптерді жаз, күз айларында, әбден толысып-жетілген шағында жинайтын көрінеді. Әрине, әрбір шөптің теру тәсілі, сақтау ережесі бар ғой. Бір шөпті таңғы шық кеппей тұрып жинау қажет болса, екіншісін тек қана кешкілік терген дұрыс. Және де оларды шіліңгір аптапта тамырынан ажырату оның емдік қуатын әлсіретеді. Ырғызбай емші өсімдіктердің шипалы тамырларын жаңбырдан кейін, қараңғы түсе жұлып жинаған да, күн сәулесі түс-пейтін көлеңкеде, самал есетін, тыныс алатын орындарда кептіріп, дайындаған. Ырғызбай емшінің кезінде айтып кетуі бойынша, кейбір шөптер мен тамырлар аралас кептірілсе, сақталса күш-қуатын жоғалтады екен. Ол сол себепті шөп, тамырларды бөлек-бөлек сақтайтын үш қанат күркені алдын-ала дайындап, оған сөрелер ор-наластырған, қапшықтар мен қалталар әзірлеп, оны кере-геге іліп қойған. Емшінің шипалы өсімдіктерден дәрі-дәрмек жасайтын ыдыстары мынандай болыпты: ағаш тостағандар мен шойын шөң-келер, күміс тегештер мен мүйіз тостағандар, аршаға ысталған мойнақ торсықтар мен жез құтылар, емдік майларды сақтайтын сүйек ыдыстар, сұйық және тұнбаларды құятын басқа да қажетті заттар. Дәрідәрмектердің мөлшерін анықтайтын нәзік таразысы да болған. Дәрі-дәр-мектер дайындау барысында Ырғызекең жылқының қылы мен түйенің шудасын, тарамысты да пайдаланыпты. Бір рет Шәуешек жақтан бір қарт емші оның үйіне келіп Тарбағатайдың теріскейіндегі күн түспейтін су-лы қойнауларында емдік қасиеті өте күшті адам бейнелі өміртамыр болатынын, хансулардың оны женьшень дейтінін, осы кісішөпті іздеп табуын өтінеді. Ырғызбай емші оны көп жыл бойы іздеп, ең соңында Түйемойнақ шыңының сулы жықпылынан табады. Сөйтсе, ол жасылтым жапырақтары жайылған, қызғылтым сабағының ұшын-да шоқ жемістері мөлдіреп тұрған, бәкене бойлы ерекше өсімдік екен. ....
Наурыз көжені тауысып ішіңіз. Ел ішінде кесеге құйылған наурыз көжемен бірге несібеңіз қоса құйылады. Түгел ішсеңіз жыл бойы тоқшылық пен молшылық сізге серік болады деген сенім бар.
Бүтін ек біздер, бір едік – Шаршысын көрген шалдардың. Жүрекке әсем жыр егіп, «Отан!» деп ойлы қалды әр күн Жат өлке солай төрі боп, Таққанбыз тағдыр жолға сын. Бәрібір өстік Бөрі боп, Бабамыз Көкжал болған соң... Сабыр Адай. Иә, бізге белгілі киелі ұғымдар көп-ақ .Солардың қатарына қастерлі байлығымыз-Отанымызды , еліміз бен тарихымызды жатқызамыз. Қасиеттілердің қасиеттісі- осы сөздерді мадақтай айтсақ, алдымен,тауының басын-жайлау, етегін-қыстау, ойын-егістік алған, өсіп-өнген, қыстаудан көктеуге, көктеуден жайлауға, жайлаудан күзеуге көшіп-қонған, адамзат баласының тарих көшіне ілескен халқымыздың тоқсан толғаулы тағдыры көз алдымызға келеді . Бүгінгідей ұлттық патриотизм турасында толғаулы ойларымды ортаға салар сәтте, алдымен,өзекті ойымды өткен тарихқа құрмет және бабалар рухына тағзым етуден бастаймын.......
Тәуелсіздік - ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухтың жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Мемлекетіміз өзінің тәуелсіздігін алғаннан бері еліміз бейбітшілікте өмір сүруде. Осы күнге жету үшін қаншама тер төгілді десеңші! Қайран, ата-бабаларымыз-ай, олардың көрген қасіреттері жер мен көктің арасындағы қара түтіндей лас, әрі қасіретке толы өмір еді. Бірақ, өмірге деген құлшыныс, ертеңге деген жарқын болашақ олардың үмітін тұтатқан көрінеді. Міне, еліміз тәуелсіз. Күлімдеген күн, көгілдір аспан да таза. Бүгінгі күні еліміздің бетке ұстар рәміздері де бар. Рәміздеріміздің шығу себебі тәуелсіздіктің қасиетті нышаны болып табылады. Тәуелсіздіктің - туы, егеменнің - елтаңбасы, әлем деңгейіндегі – гимніміз шырқалып тұр.......
Сабақтың тақырыбы : XXI –ғасыр қожасында қандай дағды қалыптасу керек. Өткізілген уақыты : 01.03.2016 ж Сабақтың мақсаты: 1. Жас жеткіншектерді рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, жалпы адами қасиеттерге ие болатын тұлға қалыптастыру.
2. Оқушылар бойына ұлттық намыс пен рух, ақыл мен парасат....
Жігіттік шаққа ену үшін біз, ер азаматтар бойымыздағы ер кісіге тән қасиеттерді сараптап, әлсіздігімізді мойындап, оларды кейін түзеуге бет алуымыз шарт. "Мен мінсіз емеспін". "Менің мінім көп, өзіме осы жәйтті қайта-қайта айтамын!" Дәл осы қасиеттер көбімізде жетіспейді...
Қазақ елі - Еуразияның жүрегінде орналасқан, тарихы бай үлкен мемлекет. Қазақ халқы жүзі жайдарлы, пейілі кең, қонақжай халық екені бүкіл әлем жұртшылығы үшін аян шығар.Барша халыққа тарихымен де, ерлігімен де, мәдениетімен де, салт-дәстүрімен де үлгі болатын тұғыры биік алып мемлекет. Қазақ жерінде туып -өскен әрбір қазақ баласы- біреуде болса біреуде болмайтын үлкен бақыт иесі. Құс ұясыз болмайтын сияқты, адам отанынсыз болмайды. Каспий теңізінен Алтай өңіріне дейін созылып жатқан қасиетті өлке – қазақ жері.......
Кіріспе Тауарлы деп өнімдер сату үшін өндіріліп, ал өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыс рыноктың көмегімен жүзеге асырылатын шаруашылық аталады. Тауарлы шаруашылықшң пайда болушы қажетті шарты - нақгы бір өнім шығаруға өңдірушілердің мамандануын білдіретін қоғамдық еңбек бөлінісі. Қоғамдык, еңбек бөлінісі тарихы 3 кезеңнен тұрады. Біріншісінде, мал шаруашылығы егіншіліктен бөлініп шығып, тайпалар арасындағы ұдайы айырбастың болуына жағдай жасады. Екіншісіңде - қолөнер егіншілікген бөлініп шықгы да, нәтижесінде тауарлы шаруашылық пайда болды. Үшінші кезеңде сауда өндірістен оқшауланды және көпестік капитал белініп шықты. Осы кезеңде рыноктық байланыстар ұдайы калыптасты. Тауарлы өңдірістің шығу себебі жеке меншік және шаруашылық қатынастары арқылы өндірушілердің бір-бірінен оқшаулануы. Ал жеке меншік алғашқы қауымдық қоғамның бақылау кезеңінде бой көрсетті. Тауарлы өндірістің даму сипаты айырбас пен рыноктың дамуына байланысты. Рыноктың мынадай үлгілері белгілі: дамымаған, еркін, реттелетін, деформацияланған. Әр рынок үлгісіне тауарлы өңдірістің ерекше моделі сәйкес келеді: 1) дамымаған рыноктың тауарлы өндірісі;....
✅ Аскөктің пайдалы құрамы дизентерия, диарея, жұқпалы аурулар кезінде, ұйқы бұзылғанда жақсы көмектеседі. Ол қан қысымын төмендетіп, жүйке жүйесін тыныштандыруға қабілетті. Бүгін сіздерге үй жағдайында аскөктен дәрі жасауға арналған рецептер ұсынамыз. Бұларды кез келген адам көп шығынданбай-ақ жасауға болады.
✅ 1) Көздің өткірлігі төмендеп, көз тез шаршайтын болса, сізге аскөктің тұқымы көмектеседі. Ол үшін аскөктің тұқымынан компресс жасау қажет. Аскөктің тұқымын дәкеге салып, біраз уақыт жылы жерге қою керек, содан соң, оны көзге 20 минут қоямыз. 20 минуттан соң көзіңізде айтарлықтай жеңілдік сезінесіздер. Бұл әдіс сондай-ақ, көз айналасындағы әжімдерді тегістейді. Ісіну және қабақтың қызаруын азайтады. ......