Кәсіби оқыту | Кәсіби білім беру жүйесіндегі Түлкібас агробизнес және туризм колледжінің қазіргі замандағы педагогикалық оқыту технологиялары

Қазақстандық білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістінгіне интеграциялау мәселесі біртіндеп шешімін тауып келеді.
Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсат-міндеттерінде төмендегі мәселелер баса айтылады:
«Экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қол жетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәскеге қабілеттілігін арттыру;
Білім беру қызметіне тең қол жеткізуді қамтамасыз етуге ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Педагогика | Қазіргі педагогикадағы тәрбие әдістері, құралдары

КІРІСПЕ
Диплом жұмысының көкейкестілігі:
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» - деп ұлы шығыс ғалымы, ғұлама - философ әбу Насыр әл – Фараби бекерден айтпаған болса керек.
Тәрбие - күрделі әрі ұзақ процесс. Оған белгілі бір дәрежеде білім, тәжірибе, шеберлік қажет. Ондай болмаған жағдайда тәрбие саласында белгілі бір нәтижеге қол жеткізу қиындыққа түседі. Сондықтан да біз тәрбиені шығармашылық жұмыстарының жемісі деп білеміз. Тәрбие, сонымен бірге педагогикалық әрекетте
- мәдени құбылыс;
- педагогикалық ықпал ету;
- балалардың әрекетін ұйымдастыру;
- қарым – қатынас құралы ретінде жан – жақты қарастырылады.
Тәрбие педагогикада бірнеше қырларымен танылған:
- әлеуметтік мағынада – бұл аға буын жинақтаған тәжірибені жас ұрпақ өкілдеріне өткізу. Тәжірибе дегеніміз – адамзаттың өз тарихи даму барысында жасаған рухани мұрасы, дәлірек айтсақ: адамдарға белгілі болған білімдер, ептіліктер, ойлау тәсілдері, құқықтық, адамгершілік және т.б. нормалар.
- педагогикалық мағынада – бұл тәрбиеленушіге ықпал жасау үшін ұйымдастырылған арнайы іс - әрекет, тұлға қалыптастыруға бағытталған мақсатты процесс.
Тәрбие қоғамдық талаптарға сәйкес болуы міндетті. Егер қоғам құқықтық демократиялық мемлекет құрып жатса, ендеше ондағы адам тәрбиесі адамгершілік, азаматтық заңдар мен қылық - әрекет нормалары рухында жүріп жатуы қажетті. Жалпы адамзаттық құндылықтар қалыптастырудың маңыздылығын ескерумен бірге әлеуметтік ортаның кездейсоқ та, мақсатты бағытта да әсер, ықпал жасайтынын естен шығармаған жөн.
Қазіргі заман тәрбиесі гуманистік негізде болып, тұлғаның әлеуметтік – мәдени (өмір және әрекет – қылық кейпін таңдау және іске асыру), даралықты (тұлғаның өзіндік қалыптасуы), жауапкершілікті қатынас (құндылықтар таңдау) бағыттарында дамуына орайласады. Мұндай тәрбие технологиялық икемшілдігіменен (адамның қабылдау және психологиялық даму заңдылықтарына сай орындалады), көңіл – күйге сәйкестігімен (көңіл – күй тәжірибесін қалыптастырады), сұхбаттастығымен (екінші біреуге ұсыну үшін емес, өз меншікті тәжірибесін құрастыру үшін), жағдайға қарай орындалуымен (негізгі құралы – тәрбиелік жағдай), болашақта бағытталуымен (дамудағы тұлғаға арналады) ерекшеленеді.
Сонымен, тәрбие – бұл жалпы, ортақ міндеттерді іске асыру барысында мұғалім мен оқушының ықпалдасты әрекеттерін қамтамасыз етуші арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жүйе жағдайында мақсаты тұлға қалыптастыру болған әлеуметтік процесс.
Диплом жұмысының мақсаты:
Тәрбие әдістері – тәрбие процесінің маңызды әрі өте күрделі құрамдас бөлігі. Себебі, тәрбиенің мақсат пен міндеттеріне сай оның мазмұны тек әдістерді қолдану барысында жүзеге асады. Тәрбие әдістерінің көздейтін мақсаты тұлғаның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, соның негізінде олардың әрекеттерін ұйымдастыру.
Диплом жұмысының объектісі:
Қазіргі кездегі педагогика ғылымының дамуы, қазіргі педагогикадағы тәрбиенің жаңа әдістерімен тәрбие құрал – жабдықтары, формалары. Оларды топтастыру және тиімді пайдалану жолдары.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Филология | Шетел тілі сабағын қазіргі талаптарға сай ұйымдастыру және жүргізу

Кіріспе
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: менің бұл тақырыпты таңдап алған себебім, шетел тілі сабағын қазіргі талаптарға сай түрлендіріп, өткізу және оны ұйымдастырудың жолдарын қарастыру. Қазіргі кездің өзінде мұғалімдердің көпшілігі шетел тілі сабағында бұрынғы әдіс-тәсілдерді қолдануда, сол әдіс-тәсілдердің негізінде шетел тілі сабағын осы заманның талап-тілектеріне сай өткізу керек.
Сабақ- бұл практикалық бөлімнің іске асуындағы, білім берудегі, тәрбиелік және дамытушылық тапсырмалардағы, қорытынды бөлім кезіндегі мақсатқа жетудегі оқу үрдісін ұйымдастыратын негізгі бөлім. Сол себепті мектептегі білім беруді реформалау және шығармашылық дағдыларының дамуына әкелетін маңызды алғышарт болып табылады. Оқушылардың өзіндік жан-жақты, мәдени және шығармашылық дағдыларын дамытуда шетел тілін оқу пәні ретінде көптеген мүмікндіктерге ие. Е.Полаттың ойынша шетел тілі сабағын жаңа, қазіргі талаптарға сай жүргізудің артықшылықтары көп. Бұл дегеніміз шетел тілін оқыту кезінде, білім берудің тиімді жақтарын қалыптастыруға, коммуникативтік және тәрбиелік мақсаттың іске асуын, оқылып отырған пәннің дамытушылық және білімдік мақсаттардың іске асуына мүмкіндік береді.
Шетел тілі сабағын қазіргі заманғы талаптарға сай ұйымдастыру оқушының шығармашылық дағдыларын қалыптастыруда ұтымды жол болып табылады. Сонымен қатар шетел тілі сабағын қазіргі заманғы талаптарға сай өткізу оқушыларды жаңа ойларды тудыра білуге, жан-жақты, бір ғана салада емес, әр саладан білім, ақпарат ала білуге, мәселелердің түйінін бір ғана жолмен шешіп қана қоймай, бірнеше жолмен таба білуге, сол қабылданған шешімнің салдарын алдын-ала болжай білуге көп ықпалын тигізеді. Тағы да сабақты ұйымдастыру үшін мақсаттарын алдын-ала белгілеп алмай тұрып, дұрыс ұйымдастырылған сабақты өткізу мүмкін емес. Оқытушы мақсаттарды белгілей отырып, сол сабақта немесе бірнеше сабақ барысында оқушылардың шетел тіліндегі білімі, іскерліктері мен дағдыларын дамытуды көздейді. Шетел тілі сабағын ұйымдастыруды және оны жүргізу үшін сабақ жоспарларындағы мақсаттарды жүзеге асыруға, сабақты негізінен оқушылардың жан-жақты дамытушылығына бағыттай отырып оқыту міндеттерін шешеді.
Дипломдық жұмыстың нысаны. Орта мектептегі шетел тілі сабағы .
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні. Орта мектептегі шетел тілі сабағын ұйымдастыру.
Дипломдық жұмыстың мақсаты:
- шетел тілі сабағына қойылатын талаптарға талдау жасай отырып, шетел тілі сабағын ұйымдастырудың мәселелерін анықтау;
- шетел тілі сабағына қойылатын әдістемелік нұсқауларды көрсету;
- шетел тілі сабағын шығармашылық тұрғыдан ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерінің тиімді жолдарын көрсету.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Экономика | Агро өнеркәсіп кешенінің қазіргі даму жолдары

Еліміздің экономикалық дамуында агроөнеркәсіптік кешеннің, оның ішінде ауыл шаруашылығының маңызы зор. Қазақстан агроөнеркәсіптік кешені – еліміздегі халық шаруашылығындағы агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі құрамдас бөлігі. Онда материалдық игілік өндіру саласындағылардың жартысынан астамы қызмет етеді және Республикадағы негізгі өндірістік қорлардың тең жартысына жуығы шоғырланған, жалпы өнімнің және ұлттық табыстың жартысы осы саланың еншісінде. Азық – түлік бағдарламасын бүкіл еліміз көлемінде шешу, халықты азық – түлікпен және өнеркәсіптің салаларын шикізатпен толық қамтамасыз ету, көбінесе, агроөнеркәсіптік кешеннің әр түрлі салаларының дамуымен анықталады. Бұл тақырыпта «агроөнеркәсіптік», «ауыл шаруашылығы», «ауыл шаруашылығына жарамды жер», «жайылым», «егістік жер», «өсімдік және мал шаруашылығы», «дәнді дақыл шаруашылығы», «ауыл шаруашылығы кәсіпорындары», ұғымдары төңірегінде қалыптасады. Сонымен қатар агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі салаларымен, ауыл шаруашылығымен, оның ішінде өсімдік және мал шаруашылығы салаларымен таныс боласыздар. ХХ ғасырда дүние жүзілік шаруашылықтың дамуындағы маңызды кезең ғылыми техникалық прогреске (ҒТП) байланысты өнеркәсіптік кешендердің кіріктірілуі (АӨКК). Бұл процесс Қазақстан шаруашылығына да әсерін тигізеді. АӨКК – тің басты факторлары, негізінен ауыл шаруашылығы шикізаттарынан дайындалған және қайта өңдеуден өткізілген тағам өнімдері мен халық тұынатын тауарларға деген сұраныстың артуы.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | АЙМАҚТЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ (ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ МЫСАЛЫНДА)

Қаржы экономикалық ғылымның маңызды категорияларының санына жатады. Оны зерттеуге марксизм классиктерінің еңбектері, қазақстандық және шетелдік экономистердің көптеген еңбектері арналған.
Бұл тақырып өзекті, себебі қазіргі жағдайда қаржылық қатынастар ең жоғары дамуына жетті. Бүгінгі таңда сөз қарызға берілетін ақшалай капитал көлемдерін әрдайым арттыру жөнінде емес, сонымен қатар қаржылық катынастар субъектілерін кеңейту және операциялардың өзінің көп түрлілігінің өсуі жайлы болып тұр.
Нарықтық экономикада ақша әрдайым айналымда болып, үздіксіз айналым жасауы қажет. Уақытша бос ақшалай құралдар қаржы капиталдары нарығына түсіп, қаржылық мекемелерде шоғырланып, содан соң қосымша капитал салымдарының қажеттілігі бар экономика салаларында орналастырылып, іске тиімді қосылуы қажет.
Қазақстан Республикасының экономикасының тұрақтылығы, аймақтардың түрақгылығымен байланысты болып келеді. Жоғарыда атап өткен себептерге қоса, төлемсіздік дағдарысы мен инфляция деңгейі көптеген аймақтардың қызметіне тосқауыл болып отырды. Жұмысты жазу барысында карастырып отырған мәселелер, атап айтқанда: ''Аймақтардың қаржы саясатының'' мәселелері Қазақстанның экономикасының дамуы мен қалыптасуына байланысты сұрақтарды зерттеудің жаңа бағыты болып табылады ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | АҚШ тың қазіргі саясаттағы ролі (соңғы 10 жыл)

Диплом жұмысының маңыздылғы мен өзектілігі. XXI ғасырда дүниежүзілік идеологиялық саясаттың өзгеруі, Орталық Азияда бірнеше тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуына өз серпінін тигізді. Бұл мемлекеттердің арасында егеменді Қазақстан Республикасы да туын тігіп, өз даму стратегиясын белгіледі. Бір жағынан Қазақстан Батыс елдерімен дипломатиялық, саяси-экономикалық байланыстарын нақты қадамдарымен реттесе, екінші жағынан АҚШ пен де халықаралық ынтымақтастық жолында түрлі келісімдерге қол қойды. Қазақстан Республикасы бүгінгі таңда халықаралық деңгейде ынтымақтастықты дамытуда жалпы ұстанымдардың ерекшелігін мұқият есепке алу қажеттілігін есте сақтайды.
«Қырғи-қабақ соғыс» аяқталғаннан кейін АҚШ супердержава еліне айналғаны сөзсіз. Сондықтанда АҚШ өз ұстанымдарын күшейттіріп, Таяу Шығыста, Орталық Азияда және басқада шығыс елдерінде саяси үстемдігін орнату мақсатында түрлі тәсілдерін қолдануда. Бұл саяси ағымда АҚШ пен жан- жақты қатынастарды дамыту, сыртқы саясатты маңызды орын алады. Ал Қазақстан үшін жаһандану процессінде ұлттық мүдделерін қорғай отырып, әлемдік қоғамдастықта халықаралық орынды нығайту және ұлттық мүдделерін ілгерлету аса маңызды болып келеді.
Қазіргі таңда АҚШ әлемдік процесстерге өз ықпалын тигізуде қуатты әскери-саяси ресустары және экономикалық деңгейі аса зор дамыған ел. Ол бір жағынан ғаламдық процесстердің дамуына шешуші ықпал етсе, екінші жағынан әлемде стратегиялық тұрақтылықтың жай-күйін анықтап беретін мемлекет. Сондай-ақ түрлі халықаралық ұйымдар туы астында әрекет ете отырып, әлемнің көптеген аймақтарында өз мүдделерін арттыра отырып жанжалдарды реттеуге де қатысады.
АҚШ соңғы онжылдықта сыртқы саясатта көптеген жетістіктерге қол жеткізді. 90-шы жылдардың басында Дж. Буш әкімшілігі «жаңа әлемдік реттеулер» ұстанымын қуаттандырып, Кувейтке соғыс ашқан Иракқа қарсы Батыс елдер коалициясын құрып, жеңіске қол жеткізді. 1998 жылдары Үндістан мен Пәкістанның ядролық қаруды сынақтан өткізуі, сол жылдары Иран және Солтүстік Кореяның орта ұзақтықтағы ракеталарды сынақтан өткізуі Билл Клинтон үкіметін толғандырды. Алайда бұл саяси әрекеттер АҚШ-тың әскери шығындарының артуына және әскери саласын қайта құруға итермеледі. Бұл ағым АҚШ-тың әскери қуатының екі есеге өсуіне әсеретті[1].....
Курстық жұмыстар
Толық

Журналистика | Қазіргі замандағы БАҚ ғы әйелдердің орны мен ықпалы

Мен қарастыратын тақырып әйелдердің БАҚ –ғы орны мен ықпалы. Қай заманда болмасын қоғамның өзекті мәселесінің бірі «Әйел тақырыбы». Заман талабына сай әйелдер мәселесі де өзгеріп отырады. Менің қозғап отырған тақырыбым әйелдердің қоғамдағы орны болып табылады. Соның ішіндегі бұқаралық ақпарат құралдарындағы әйелдердің орны мен ықпалы. Яғни, жалпы айтқанда журналстикада жүрген әйелдердің атқарып отырған қызметтерін қарастырамын. БАҚ-та, оның ішінде теледидар, радио, баспасөз, интернет жүйесінде қандай мәселелер көтеріліп отыр. Әйел тақырыбы қандай дәрежеде жазылып жүр. Шет елдерде әйел тақырыбы қаншалықты өзекті, қаншалықты деңгейде көтеріліп жүр. Өзге мемлекеттерде әйел журналистикасы қандай деңгейде, қандай проблемалармен кездесіп отыр. Ал, Қазақстанда ше? Неліктен бүгінгі таңдағы журналистика әйели қалыпқа еніп отыр? Әйедердің ақпарат таратуда ерлерден айырмашылығы бар ма, неде?
Тарихымызда қандай әйел журналистері болған, олар не себептен қолдарына қалам алды? Міне, осы мәселерді жете қарастыруға тырыстым.
Осы әйел журналистикасы дегеніміз не?
Бұл термин біздің Қазақстанда әлі қолданысқа енген жоқ .Ал, шет мемлекеттерде әйел журналистикасы кең көлемде дамып, дәуірлеп келеді. Алысқа бармай-ақ көршілес Ресейдің өзінде, бүгінгі таңда әйел журнарлистика саласынан дәріс беруші барлық университеттер жыл сайын журналистиканың гендерлік аспектісіне құрылған ғылыми конференциялар өткізіліп тұрады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

География | Жамбыл облысындағы ерекше қорғауға алынған аймақтардың қазіргі жағдайы

Зерттеудің көкейтестілігі: Қазіргі таңда ғаламдық проблемалардың қатарына еніп отырған қоршаған ортаны қорғау мәселесі аса күрделі, кезек күттірмейтін мәселелердің бірі болып саналады. Өйткені Қазақстан Республикасы кең байтақ жері бар, табиғи байлығы мол мемлекеттердің бірі.
Біздің елімізде табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл аударылып отыр.
Елімізде табиғатты қорғау ісіне жасалып отырған қамқорлық ҚР Конституциясынан да айқын көрініс тапқан. Сонымен қатар экологиялық ахуалды қайта қалпына келтіру, қоршаған табиғи ортаны қорғау жұмыстары бойынша да нормативтік құжаттар қабылданған. Негізгі құжатта: «Қазақстанның әрбір азаматы табиғатты аялауға, оның байлықтарын қорғауға міндетті»- деп көрсетілген [1].
Экономикалық жүйенің тұрақтылығы негізгі екі фактордың бір-бірімен әсерлесуінен қалыптасатыны белгілі: бір жағынан, жергілікті жердің табиғи жағдайлары мен ресурстары, екінші жағынан өндірістік және өндірістік емес сипаттағы ластанушы көздер мен олардың түзілу қарқындылығы. Егер аймақ өсімдікке, жоғарғы қабатты су көздеріне, топырақ ресурстарына, күн сәулесінің белсенді радиациясына бай болса және қолайлы температуралы күндері ұзақ болатын болса, онда мұндай факторлар қоршаған ортаның ластанушы күштерге қарсы тұра алады. Ал олардың жеткіліксіздігі жағдайында тіпті аз ғана қалдықтардың өзі аймақтағы экологиялық жағдайды асқындырып жіберуі мүмкін.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

География | Бетпақ Дала үстіртінің қазіргі бедер құрушы процестері

Жұмыстың мақсаты – Бетпақ-Дала үстіртінің қазіргі жер бедерін құрушы процестерін қарастыру.
Бетпақ-Дала үстірті Сарысу және Шу өзенінің суайырығында жатыр. Үстірттің солтүстігі Қазақтың ұсақ шоқысымен шектеседі. Батысында Сарысу өзені аңғарымен, ал оңтүстігінде Шу өзенінің ендік ағысымен, шығысында батыс Балхаш алды қыраты қыратымен шектеседі.
Жұмыстың бірінші бөлімінде Бетпақ-Дала үстіртінің қысқаша физикалық-географиялық сипаттамасы, физикалық-географиялық орны мен жер бедері, тектоникалық құрылымы, климаты, ішкі сулары, топырақ және өсімдік жамылғысы қарастырылған.
Екінші бөлімінде Бетпақ-Дала үстіртінің геоморфологиялық құрылымы оның ішінде жер бедері типтері мен жер бедері пішіндері қарастырылған. Яғни жер бедері типтері алуан түрлілігімен сипатталады. Бедер типі құрылымды-денудациялық-қабатты әлсіз тілімденген еңісті жазық, эрозионды-денудациялық-делювиальды-пролювиальды әлсіз тілімденген еңісті жазық, аккумлятивті-әлсіз тілімденген аллювиальды жазық, эолды дөңесті жазық. Бедер пішіндерінен үгілу қабығымен белгіленген пенеплендер, жоғарғы бордың малтатастарымен белгіленген пенеплендер, үгілу қабығымен шайылған пенеплендер, төбелі таулы және ұсақ шоқылы қыраттар, аңғарлар тағы басқалар сипатталған. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Қазіргі қазақ повесть-әңгімелеріндегі лиризм

КІРІСПЕ
ХХ ғасыр соңы адам, қоғам санасына өзгерістер, берекесіздік әкелуімен ерекшеленеді. Қоғамдық құрылыстың өзгеруіне байланысты, бұрынғы сана мен бұрынғы идеалдар жойылып, жеке сана пайда болды. Осының нәтижесінде ХХ ғасыр плюрализмі әдебиетте де көрініп, бір-біріне ұқсамайтын жазушылар шығармашылығы дүниеге келді. Бұрыннан жазып жүрген қаламгерлер қазіргі әдебиетте де көрініп, бір-біріне ұқсамайтын жазушылар шығармашылығы дүниеге келді. Бұрыннан жазып жүрген қаламгерлер мен әдебиетке жаңа келген жазушылар арасында түсініспеушілік пайда болды. Тіпті тұстас суреткерлер де бір-бірінің шығармашылығын түсінбейді. Өйткені әр жазушы өз шығармасында өз дүнетанымын бейнелейді, өз қабылдауын береді. Әдебиет – идеология құралы емес, жеке тұлғаның өз-өзін таныту құралына айналды.
Әрбір суреткер әдебиет арқылы өз бойындағы энергиясын шығаруға машықтанды. Көп жазушылар оқырман қабылдауымен санаспайды. Олар үшін тек субьективті дүниетанымын суреттеу ғана маңызды болды. Не болмаса, шығарма терең ойлы, ерекше саналы оқырманға лайықталады. Әдебиет қоғамдағы өзгерістерді жіті бақылап отыр, әйтсе де сол құбылыстарға ілесе алмай қалатын кездер де байқалады.
Әдебиеттануда көркемдік әдістер алмасуы әр кезеңде түрлі көзқарастар тұрғысынан көп рет талқыға түскен еді. Негізгі жетекші әдістер реализм мен романтизм деп, ал модернистік жүйе әдістері керітартпа, декаденттік әдістер ретінде түсіндіріліп келді. Тіпті, әлемдік әдебиет пен өнер тарихы «реалистік өнердің пайда болу, қалыптасу, даму және антиреалистік ағымдармен күрес тарихы» ретінде қарастырылды. Шын мәнінде шығармашылық әдіс суреткердің шындыққа қатысымен анықталатыны белгілі.
Әдебиет жазушы еңбегі арқылы жасалса, жанр да, кезі келгенде сөз суреткерлерінің ізденістерінен туады. Барлық жанрлар да өздерін қызықтырған нәрсені жалаң оқиғалар тізбегімен дәлелдей салмай, образ арқылы көрсетеді, бейнелейді, суреттейді. Суреттеу, дәлелдеу арқылы өздерін тебіренткен, толқытқан жайдың сырын ашып, жазушы жанрды идеялық ой жеткізуге тәсіл, амал есебінде пайдаланады.Қалаған жанрды таңдауға жазушы ерікті, ықтиярлы.
Көркем прозаға қатысты көрікті ой мен кешелі табиғатты толыққанды танып, көңіл көрігіне суара білетін сөз зергері жазар әлемін әдбен зерттеп, зерделеп, иін қандырып, илеуін пісірмей, тақырыбына тағдырын танып, табиғатын түгендемей, тәуекелге бармайды.Орнықсыз ой балалатып, орынсыз күшену, кейіпкерін тізелетіп тезге салу, жалған, жылтыр сөйлеу жазушыға жат.
«Кез келген жазушы психолог бола білуі керек. Ол кейіпкерлердің типтік характерін суреттеп қана қоймай, сол характердің бұлттартпай сендіретін психологиялық мотивировкасын көрсете білген жөн» /1,42/. Демек, әр жазушы үшін кейіпкер жанындағы психологиялық нәзік те сырлы әрі күрделі құбылыстарды аша отырып, характер логикасына сай келетін шешімдер табу басты мақсаттың бірі болуға тиіс, кейіпкердің характері сонда ғана жан – жақты ашылады. Қазіргі әңгіме, повесть, роман болсын олардың бір ерекшелігі кейіпкер саны аз болып келеді. Сондай – ақ, алдымен монологқа құрылады да диалогқа ұласады. (Бұл ойымызды алдағы мысалдарда дәлелдейміз). Терең психологизм дәлдігі, сенімділігі үшін монолог қандай қызмет атқарса, диалогтың да идеялық – көркемдік орны сондай үлкен.
Жалпы прозаның көркемдік сапасы, идеялық мазмны қоғамдық әлеуметтік мәні бар күрделі, қомақты шындықтарды көтеріп, соған байланысты философиялық тың ойлар түйіндеумен өлшеніп таразыланады.
Біз қарастырғалы отырған жазушылардың прозасында жекелеген адамдар тағдыры суреттелініп, бүкіл әлеуметтік өмірдің күнгейі мен көлеңкесіне, даму барысына, жалпы моральдық болмысына философиялық тұрғыда талдаулар жасалынады. Әрине, әлеуметтік шындықты көркемдік шындыққа айналдыруда жазушыға ең қажетті фактордың бірі – суреткерлік екеніне көз жеткіземіз.
Шындығында, көркемөнердің өзі адам көңіл-күйі, ой-қиялы мен қоғамдағы тарихи-әлеуметтік, эстетикалық алғышарттардың бірлігінен өрістегенін жадымызда ұстасақ, “ХІҮ ғасырдың аяғы мен ХҮ ғасырдың басында жазушылардың назарында адамның кейбір пихологиялық жағдайлары, сезімдері, сыртқы әлем құбылыстарына орай эмоционалдық үн қосу сәттері түсті. Бірақ, бұл сезімдер, адам жанының жекелеген шақтары характер болып тұтаспайды”, - деген Д.С.Лихачев тұжырымына ден қою дұрыс. Демек, лиризм мен психологизмнің де негізгі көзі – авторлық экспрессияның идеялық-көркемдік генезисі тереңде жатыр. Бүкіл факторлардың айшықты поэтикалық жүйесі ақын-жыраулардың оттты пафосқа құрылған романтикалық поэзиясы және заманның асқақ идеяларын барынша шынайы әрі мол оптимизм, нақты гуманизммен бейнелеу талаптарынан туған жаңа әдебиеттің лейтмотивіне лирика нақыштары жат элемент болып табылмайды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық