Қазақстандықтардың орташа жалақысы 112 792 теңгені құрады

2013 жылғы шілдеде бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 112 792 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚР Статистика агенттігі өз сайтында.

Атаулы жалақы индексі 2012 жылғы шілдеге 105,8%, ал нақты жалақы индексі 99,9% құрады.

Салалық құрылымда ең үлкен жалақы кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте - 211,5 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 1,9 есеге асады), кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазуда - 208,5 мың теңге, қаржы және сақтандыру қызметінде - 198,0 мың теңге (1,8 есе) белгіленді.

Ең төменгі жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде белгіленді - 56,6 мың теңге, бұл ел бойынша орта көрсеткіштен 49,8%-ға төмен. Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді - 197,1 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 1,7 есеге асады.

Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында мұның шамасы 79,3 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 29,7%-ға төмен.

Жаңалықтар
Толық

Бастауыш | Фариза Оңғарсынова "Жылу"

Ашық сабақтың тақырыбы: Фариза Оңғарсынова "ЖЫЛУ"
Ашық сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға өлеңнің мазмұнын түсіндіру. Оқушылардың ана - сына деген сүйіспеншіліктерін өз сөздерімен жеткізе білуге үйрету, өлеңді жаттай білуге дағдыландыру.
2. Баланың анаға деген құрметін арттыру. Сөздік қорларын, тіл байлығын, шығармашылығын дамыту.
3. Анаға сый - құрмет көрсете білуге, ана жылуын сезінуге, мейірімділікке тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, топтық жұмыс, түсіндіру, мәнерлеп оқу, жалғастыра оқу, шығармашылық жұмыс, модель қорғау.
Пән аралық байланыс: Қазақ тілі, бейнелеу, дүниетану, музыка
Көрнекілігі: Ф. Оңғарсынованың суреті, интерактивті тақта, суреттер, «Ана» моделі.
Ашық сабақтар
Толық

Қазақтың кәсіпкері шексіз байлығымен түріктерді "тәнті" етті

Қазақтың "қазыналы" кәсіпкерінің шексіз мүмкіндігіне түрік журналистері "тәнті" болды. Жергілікті баспасөздің дерегі бойынша, қазақ бизнесмені- әлемдегі ең қымбат кемені ойланбастан жалға алған.
Фото: boatingblog.ru
Фото: boatingblog.ru

Су көлігін жалдағаны үшін, қалталы азамат- аптасына 550 мың еуро төлеген. Отандасымыз бұл қайықты үш аптаға жалдапты. Ал, жағажайға кәсіпкер- тікұшақпен ұшып келген.

Бахуатты кәсіпкер Жерорта теңізінде екі баласымен және зайыбымен демалған. Түркиялық баспасөз, туристер отбасын бір топ оққағардың күзеткені туралы да жарыса жазуда.

Бодрумдағы Яликавак жағалауында бой көрсеткен бұл катердің ұзындығы - 85, ені 23 метр. Қайықтың 6 люкс, 10 мастер каютасы және 36 жатын бөлмесі бар

. Сондай- ақ бұл кеме ашық хауызызымен, фитнес орталығымен, кинотеатр және кішігірім сүңгуір қайығымен де танымал. Ең қымбат қайықты жалдаған қалталы қазақ азаматының аты-жөні аталмай отыр.

Жаңалықтар
Толық

Қазақстан 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге ресми түрде өтінім береді

Бүгін Қазақстан 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын Алматыда өткізуге ресми түрде өтінім береді.
фото с сайта gde.kg
фото с сайта gde.kg

Бұл туралы ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Ерлан Қожағапанов BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында хабарлады.

"Кеше Президенттің тапсырмасымен Алматы қаласы әкімдігі және Олимпиада комитетімен бірге алқашқы кеңес өткізілді. 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын Алматыда өткізуге ресми түрде өтінім беру туралы шешім қабылданды", - деді Е.Қожағапанов.

Сонымен бірге Алматы, ведомство басшысының сөзіне қарағанда, бұған толығымен дайын, нысандардың басым бөлігі Азия ойындары қарсаңында салынып, мақұлданды.

"Бірнеше спорттық нысандар салсақ жеткілікті, ал жөндеуді қажет ететін нысандарға 2022 жылға қарай жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Көліктік логистика дайын", - деп атап өтті Е.Қожағапанов.

Агенттік төрағасы атап өткендей, Олимпиада өткізуге қажетті барлық спорттық нысандар Алматыда орналасады. "Ресми өтінім бүгін беріледі", - деді ол.

Жаңалықтар
Толық

Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарын Мысырға сапарға шықпауға үндеді

Мысырдағы жағдай күннен-күнге ушығып барады. Осы орайда еліміздің Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарын аталмыш елге сапарға шығуға асықпауға үндеді.

Мекеменің ресми өкілі Жанболат Үсеновтың айтуынша, кеше Каирде болған қақтығыстан зардап шеккен отандастарымыздың бар-жоғы туралы мәлімет әзірге түспеген.

Естеріңізге салайық, осыдан бірер күн бұрын Мұхаммед Мүрси жақтастары мен Мысыр әскери күштері арасында болған қақтығыста 287 адам қаза тапқан. 2 мыңнан астам адам түрлі жарақат алған. Қаза тапқандардың 43-і полиция қызметкерлері екендігі анықталды.

Ақпараттық агенттіктердің мәлімдеуінше, оқиға барысында әскерилер Мүрсидің қолдаушылары орналасқан 2 шатырды бұзып, көтеріліске қатысушыларды таратуға кіріскен.

Ал, оппозицияның айтуынша, тәртіп сақшылары ереуілшілерді жаппай қырып жойған. Енді елдің 11 провинциясында коменданттық тәртіп енгізілді.

Жаңалықтар
Толық

Жауыз жанкүйер

Бірде екі бала футболға келе жатады. Алдарынан бір қабаған ит шығып, бас салады. Біреуі жерден тас алып, итті ұрып өлтіреді. Міне сол кезде *ProSPORT* газетінің тілшісі жүгіріп келіп:
- Қаласаңдар мен сендер туралы мақала жазайын? Мақаланың атын да ойлап тауып қойдым: *ҚАЙРАТТЫҢ* айбынды жанкүйері досын қабаған иттен қорғады*
- Мақала өте жақсы екен!.... Бірақ біз *ЖЕТІСУ* командасының жанкүйеріміз....
Тілші үндеместен кетіп қалады. Ал келесі күні газетте....
Анекдоттар мен әзілдер
Толық

Қазақтар грузиндерді қапыда қалдырды

Кеше елордадағы "Астана арена" стадионында футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Грузия елінің теңбілдопшыларымен кездесіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Фото: vesti.kz
Фото: vesti.kz

Мачтың беташары қос елдің мемлекеттік гимндерін орындаумен ашылды. Алаңға бет алған екі команда да арқаланып шыққанымен, қонақтардың бәсі басымдау болып көрінді.

Алайда, Қазақстан құрамасы бірден шапшаңдық таныта білді. Кездесудің орта шегіне келгенде Сергей Хижниченко грузиндердің қақпасына гол соқты. Ал, екінші таймда қонақтар шабуылды өз қолдарына алды.

Тіпті, грузиндер Қазақстан қақпасына гол соғуға мықтап әрекет жасап көрді. Бірақ, ойға алған тәсілдерін іс-жүзіне асыра алмады.

Кездесудің екінші кезеңінде ешбір команда гол соғу мүмкіндігіне ие бола алмады. Сонымен, есеп: 1:0 Қазақстан құрамасының пайдасына шешілді.

Жаңалықтар
Толық