Құдайбергенді әпкесі Жібектің жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қайғылы көңілім жаралы-ай.
Басылмайды-ау жүрегім,
Қайғының қиын қамалы-ай,
Зарлағаныммен табылмас,
Боздағымның заманы-ай.
...................................
Өлмей қалмас жанды адам,
Бауыры суық қара жер,
Жан біткенді жалмаған.
...................................
...................................
Опасы жоқ сұм дүние-ай,
Әркімді өстіп алдаған.
Сөйле тілім бөгелмей,
Жақсының сөзі келеме-ей.
Жанқұлағың қояр ма....
Өлеңдер
Толық

Әлімғазыны екі әпкесі Алданған мен Зылиханың жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Бір пайғамбар атақты,
Өнерін жұртқа жайыпты.
Көзімнен бұл-бұл ғайыпты.
Бір пайғамбар Нүсіпті,
Қолымнан сұңқар ұшыпты.
Иманды болғыр, бауырым,
Қараңғы көрге түсіпті.
Биссимилла сөздің анасы,
Құранның отыз парасы.
Алла керек қылған соң,
Пенденің болмас шарасы.
Ағузыбилла биссимилла,
Айтайын, жұртым, сөз тыңда,
Аяулы қайран бауырым
Келмейді-ау енді қасыма.
Биссимилла деп бастайын,
Асығыс айтып саспайын. ....
Өлеңдер
Толық

Кәрімді қарындасының жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Жағалай біткен бидайық,
Ел қонады шеп жайып.
Ағекемдей сабазға
Не деп бір айтсам лайық.
Жылаудан пайда бар ма екен?
........................................
Жылаудан пайда бар болса,
Ағакем еді ақ маңдай,
Ерге күміс шапқандай.
Ел ісіне келгенде,
Ойланбай ақыл тапқандай.
Төрелермен төрлескен,
Жақсылармен сөйлескен.
Жер алысын түнде алған,
Дұшпаннан кегін күнде алған.
Білінбей жүріп алғаны-ай,
Опасы жоқ сұм жалған.
Ағекем еді арысым,
Азуы кере қарысым.
Ағайынға сөз келсе,
Жібермеуші еді намысын.
Былғары тоқым, жез пыстан,
Құлады бізден арыстан.
Арыстан емей немене?
Ақылға еді-ау данышпан.....
Өлеңдер
Толық

Мамайды шешесі Қараүлектің жоқтап айтқаны (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ай, Орағым, Орағым!
Жалғыз қалдың, қарағым!
Мамайжан еді ырысың,
Бір құрсақтан дүреген
Екеу еді туысың.
Екеуің жауға барғанда,
Қалмақты жеңді ұрысың.
Серіксіз қалдың, Орағым,
Дүние, шіркін, құрысын!
Қарағым, Орақ, ай, Орақ!
Ай балтасы қанды Орақ,
Алаштап ұран шақырса,
Құрбысының алды, Орақ.
Мамай кетіп алдыңда
Туғансыз жалғыз калды Орақ!
Атыңды дұшпан атаса,
Мамай еді серігің,
Оркөз еді көлігің,
Артында жалғыз сен қалдың,
Мамайдың көрдім өлігін.
Мамайжан бойға біткенде,
Арыстан, бөрі етін жеп,
Қанып еді жерігім,
Мамай еді қуатым
Екі жыл шөлге қамады,
Қалмақтың бермей суатын.....
Өлеңдер
Толық

Ағаны жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Есік алды жапырақ,
Жапырақ тұр жалтырап.
Иманды болғыр, жан аға,
Басыңа жансын шам-шырақ.
Кішкене ұршық қорғасын,
Осындай болам деп пе едім?!
Еркелеткен ағекем,
Маңдайыма көп пе едің?!
Ағекем едің алдымда,
Айрылып сізден қалдым ба?
Балаларың жас қалып,
Сары уайым салдың ба?
Көлдей болып көз жасым,
Жылаумен бардым үйіңе.
Орның тұр, өзің жоқ,
Осылай ма еді дүние?!
Күмістей ерден қас кетті,
Ауылымнан бас кетті.....
Өлеңдер
Толық

Райханның баласын жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Халықтың дана молдасы,
Батырлардың қолбасы.
Осындай ердің, қарағым,
Болып едің жолдасы.
Оң жаққа төсек салмадың,
Атантай қызын алмадың.
Ортамызды толтырып,
Бір қызық тастай алмадың.
Салусыз қалды-ай төсегің,
Дұшпаннан болды өсегің.
Қиямет қайым болғанда,
Сол жауың болсын есегің.
Орайда орай оқ атқан,
Он екі сала бағы атқан. ....
Өлеңдер
Толық

Ананың қос ұлын жоқтауы (Серік пен Қалиға) (Қазақ ауыз әдебиеті)

Жазмыштың жолынан кім шегінбеген
Өшігіп қайта бастым өмірге мен.
.... сол өмірдің арасынан.
Ем табар шерлі көңіл жарасынан.
Жақсылар, құлақ салып тыңдасаңыз,
Сөз айтам сол жүректің жарасынан.
Адамның алды жарық тілегі бар,
Қуанып, күйінетін жүрегі бар.
Ажалдан басқа қиындық қолдың кірі,
Әй, Алла-ай, әрбір істің тірегі бар.
Өз елін кім шығыпты іздеп басып,
Сүруге шаттық өмірге әркім ғашық.
Жігітке әр уақытта Алла пана,
Бейбіттік болғай еді-ау, есік ашық.....
Өлеңдер
Толық

Қаламқан Жұбанған ұлын шешесінің жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ескіден сөзді бастайын,
Асығыс айтып саспайын.
Төредей болған қарағым-ай!
Аузымнан қайтып тастайын.
Ертістің сойы салқын-ды.
Жан еді қалқам тартымды.
Жыламай қайтып тұрайын,
Жоғалттым жерге алтынды.
Биссимилла сөздің басы екен,
Пайғамбар құдай досы екен.....
Өлеңдер
Толық

Еркінді шешесі Қамария Иманбайқызының жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Биссимилла еді сөз басы,
Әлемнен асып озбашы.
Қайғылы болған сұм басым
Іштегі шерді қозғашы.
Әуеден ұшқан сұңқарым,
Жылқыда жүйрік тұлпарым.
Еркінім сенен айрылып,
Түгемей кетер мұң-зарым.
Тізем бір отыр бүгіліп,
Қабырға-қолым сөгіліп.
Арманда кетіп жас есіл,
Көзімнің жасы төгіліп.
Қолымда тұрған асылым,
Артықша туған нәсілің.
Жалындап туған қас жүрек,
Су сепкендей жасуын.....
Өлеңдер
Толық

Баланы жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Айрылдым қайран құлыным,
Қолқа жүрек жұлыным.
Кеше ғана жүр едің,
Секеңдеген тиыным.
Зар болды ғой құлыным,
Жылаумен өтер бұл күнім.
Жас кеттің ғой, қайтейін,
Бақшадағы бұлбұлым.
Арманда кеткен жас өлім,
Ерімес қара тас өлім.
Жаралы менен жалғызға....
Өлеңдер
Толық