Қазақстанның экологиялық проблемалары (жаңа тақырыпты меңгерту) (Биология, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Адам қызметінің қоршаған ортаға әсері
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның экологиялық проблемалары (жаңа тақырыпты меңгерту)
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 8.3.2.3 Қазақстан аумағындағы экологиялық проблемалардың туындау себептері мен оларды шешу жолдарын түсіндіру
Сабақтың мақсаттары: Қазақстандағы экологиялық проблемалардың туындау себептері мен шешу жолдарын түсіндіру.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Қонақжай қазақ

Қазақ - қонақжай халық. Осы сөйлемді естіген сайын менің көз алдыма қаршадай күнім, дастарханы жиылмайтын біздің ақшаңқай киіз үйіміз келеді. Төрінен қонақ үзілмейтін, ошағынан қазан түспейтін үйді сипаттау керек болса, ары ұзамайын деп өзімнің қараша үйімді тіліме тиек етер едім. Біздің үйдің қос бәйтерегі өз алдына отау боп шыққан, 7 бала өсірген, таныс-тамырлары көп жандар болды. Содан болар, әйтеуір, біздің үйдің ішілетін асын қонақ келмей ішкеніміз есімде жоқ. Қонақтың сыбағасын ұсыну, қонақ кәде сұрау өз алдына бөлек әңгіме. Қонақ келсе қой егіз табытыны сияқты, ырысымыз артпаса, кеміген жоқ, шүкір. Жастайымыздан көргеніміз бар, анамыздың бойымызға сіңіргені бар дегендей. Қазір, өзім де үйге келген жанға шәй ішкізбей, ауқаттандырмай шығармаймын.

Қатты асығыс жүргеннің өзінде дастарханнан нан ауыз тигіземін. Баламысың деген, кішкентай кезімде, бір дастарханды жинап бола бергенде, тағы бір адам келсе, тағы шәй қоятынбыз. Сонда бұртиып ашуланғанда, «қонақжай болу - ата-бабадан дарыған қасиет. Кең бол! Кем болмайсың, шырағым!» , дейтін әкем. Соған көзімді жеткізуге тіптен септігін тигізген асыл Пайғамбарымыздың сахих хадистері: «Алла қонағы көп болған үйді, үй иесін жақсы көреді» "Қайсы бір үйге болсын қонақ кірмей, періштелер кірмейді", "Қонақты күту жәннатқа кіретініңнің дәлелі", "Кім Аллаға және ақыретте (әрбір ісіне есеп беретініне) сенсе, қонағына құрмет көрсетсін” деген екен Адамзаттың асылы. Осы тұста айта кету керек, қонақты өзімізше бөліп, ат қойып жүрміз ғой......
Эсселер
Толық

Менің отаным - Қазақстан!

Ықылым заманнан келе жатқан бостандық пен азаттыққа деген қазақ жұртының ұмтылысы және соған қатысты көзқарасы ,міне бүгін бейбіт өмірде де өзінің мәнін жойған жоқ,керісінше,халқымыздың бодан болған жылдарды ара-тұра еске алып,өткенге өкініп емес,мақтаныш,құрмет сезімдерімен қарап,ұлы Тәуелсіздігімізді тағы да бір қастерлеп жүруіне бастап келе жатқандай. Тәуелсіздік,шынында киелі ұғым. Сан ғасырдың сағымды жылдарында аты қалған батыр бабаларымыз,одан беріде кеңестік заманның қылышынан қан тамған алапат тұсында құрбан болған арыс азаматтарымыздан кейін аштыққа қарсы үн көтерген қазақтың Рысқұловы,86-жылғы қанды қырғынның қарлығаштары, теңдік аңсаған еліміздің еркін ойлы жастары осынау қызыққа толы қуанышты күндерді көруге тиісті емес пе еді?!

Иә,осындай қияметпен келген асыл арманның құнын сөзбен айтып жеткізу мүмкін бе? Өмірімізді шаттық пен жақсылыққа толтырып,болашақтың жарқын болатынына сендірген қайран Тәуелсіздік көзді ашып-жұмғанша жиырма беске де келіп қалыпты.Менің Отаным Қазақстан дейтін әрбір азаматтың көкейінде бұл шарапатқа қалай жеткеніміз турасында толғаныстар жүретіні-осы мамыражай заманның нұрына шомылған санамыздың уақытпен бірге өсіп-өркендегеніндей жаңарудың басы,жабығудың аяғы екнін дәлелдейтін дүние. Жақсы күндерге қалай жетсек,оны сақтап аялауға да соншалық махаббат пен ықылас,сенім мен қолдау керектігі бізді ойландыруы керек және әрдайым жасампаз еліміздің жарқын болашағын үлкен күш-қуат,зор ерік-жігермен қарсы алуға міндетті екенімізді ұмытпауымыз керек.

Кешегі Ахмет ағаларымыз армандаған сауатты қазақ бұл күнде өркениетке ұмтылған жаңа мәдениет пен серпінді білімге қол жеткізіп, осы күнге дейін жеткен табыстарымызды безбендей отырып,алдағы уақыттарда қандай игіліктермен баюға болатынына көз жібереміз. Тәуелсіздік туы желбіреген 25 жыл қазақ елі үшін көптеген жақсылықтың нышаны, жемісті жетістіктердің тұғыры, өркениетке талпыну арқылы ғажайыптардың жүзеге асатынына сендірген молшылық,шексіз мүмкіндіктер кезеңі болды дегім келеді. Расында Қазақстан әлемдік биікке ұмтылған танымал мемлекет болып,төрткүл дүниені өзіне қаратып отырған дамушы мемлекет ретінде жан-жағымыздағы елдерді қызықтырып,барынша жаңа заман сахнасына көтерілген елге айналып үлгерді......
Шығармалар
Толық

Абай шығармашылығындағы бүгінгі қазақ

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Абай Құнанбаев

Абай – қараңғы қазақ көгіне нұрын шашқан дана дария. Ақиық жан өзінің өнегелі өлеңдерінде халқымыздың тұрмыс – тіршілігімен сабақтасып келе жатқан кертартпа мінездеріне тоқтау салып, жастардың жарқын болашағына үлкен үміт артады. Жүрегінің түбіне терең бойлауға шақырған дара тұлға байырғы жұртымыздың көзге көрінерлік кемшіліктерін қара сөздерінің адуынды күшімен жаза білді. Сол сарқылмас мол мұраның толқыны бүгінгі жаңа заманның жағалауына келіп, алыс айға талпынған жас жүректерді бұрыс жолдың бағытына мойын бұрмай, даналардың жолымен жүруге үгіттейді.

Бүгінде Абай армандаған жас буындардың бейнесі қалай қалыптасып келеді? Қазіргі таңның жарқын мақсатын болашақпен байланыстыратын ХХІ ғасырдың өрендері өресі кең бабаларымыздың дала төсіне сіңген үні мен жаһандану жаңғырығының арасында қайсысының айтар ойына құлақ түрерін білмей адасып жүр. Шартарапты шарқ ұрған шағаладай арпалысқа түсіп жүрген жастар әлемдік даму жолын ұлттық дәстүрлерімізбен сабақтастыру үшін не істеуі керек? Бұл сұрақтың жауабын махаббатты ғадауатпен майдандастырған ақынның «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» өлеңінің терең толғанысты шумақтарынан табуымызға болады.

Керек іс бозбалаға – талаптылық,

Әртүрлі өнер, мінез, жақсы қылық.

Кейбір жігіт жүреді мақтан сөйлеп,

Сыртқа пысық келеді, көзге сынық,.....
Шығармалар
Толық

Қасиетті жерім - Қазақстан

Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Кім мықты? – десе біреу,- Отан дер ем.
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай – ақ кел – дағы от ал менен.

М. Мақатаев

Біздің қазақ халқы да туған жер қадірін жас ұрпақ бойына, санасына бала кезінен – ақ сіңіруге ұмтылатындығынан туған жер жайлы мақал – мәтелдерден, аңыздар мен батырлық жырларынан көреміз. «Ит – тойған жеріне, ер – туған жеріне» немесе: «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деп, ерекшелеп көрсетеді. Туған жерін сағынғанда патшалығын да тастап, елге тартқан Бейбарыс баба туралы аңыз да жүрекке жылы. Бұлардың бәрінен шығатын қорытынды әркімге туған жері, туған елі қымбат екендігі деп ойлаймын Егеулі найза қолға алып, еңку – еңку жер шалып, ел қорғаған батыр бабаларымыз бен аналарымыздың бізге қалдырған аманатындай туған елімізді қорғау, нығайту - әрбірімізге парыз. «Елің үшін отқа түс – күймейсің» дегендей, туған елінің бостандығы, жерінің азаттығы үшін күрескен әр замандағы ардақты ерлерін туған елі ешқашан ұмытқан да емес, ұмытпақ та емес ? «Алға қарайтын кез келді. Іске кірісер кез келді. Ерік – жігерімізді танытатын кез келді!» - деп Тұңғыш Президентіміз ауыл халқына да үндеу тастады. Бүгінде алтын бесік ауыл зор өзгерістердің бастауында тұрғандай. Өйткені келешек Қазақстанның нағыз ұлтжанды тұлғалары ауылдан туып шықпақ.Елбасымыз Нұрсұлтандай басшыларды, Шерхан, Әбіштей сөз зергерлерін, Бекзат пен Ермахандай дараларды тудырған алтын бесік – құтты қазынасы мол қазақи әлемнің біздің келешегіміз үшін берері әлі алда. «Таланттар ауылда туып, қалада өледі» деген сөз бар біздің қазақ халқында. Бұл біздің түп тамырымыз – ауылдың құрметіне сай айтылған сөз деп ойлаймын......
Шығармалар
Толық

Қазақ тілі - ана тілім

Менің ана тілім - шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты тіл. Өйткені өмірдің алмастай қырын,абзал сырын түсіне білуіме басты себепкер- сол ана тілім! Мынау жарық дүниеге келгеннен бастап, ананың әлдиімен бойыма сіңіріп келе жатқан тілім мен үшін ең қастерлі, ең қымбатты тіл.Ақын С.Торайғыров ана тілімде:

Сүйемін туған тілді- анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнін,- деп жырға қосқан.

Ана тілім - ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс.Амал не.., туған тілімізді шұбарлап, басқа тілдің сөздерімен араластырып сөйлейтіндер де аз емес.Тіпті, туған тілінен безетін сорақыларды да, менсінбеушілікпен қарап, қазақша сөйлеуге ұялатындар көрінген кезде, белгілі орыс жазушысы К.Г.Пауетовскийдің "Туған тіліне жаны ашымаған адам- жәндік"деген сөзі ойыма еріксіз оралады......
Эсселер
Толық

Қазақ тілі саласындағы функционалдық сауаттылықтың білім берудегі маңыздылығы

Функционалды сауаттылық- бұл тұлғаның әлеуметтік,мәдени,саяси және экономикалық қызметіне белсене араласуы,яғни,өз мамандығына,жасына қарамастан заман ағымына ілесе отырып,білімін арттыра түсу.

Қазіргі таңда мен 8 сынып оқушысымын.Алайда,ертеңгі күннің болашағының негізі боламын.Ал сол ертеңгі болашаққа білім берудегі,функционалдық сауаттылық дағдысының пайдасы мен кем тұстарын айта отырып,кемшілікті түзеу мақсатында ұсыныстарымды білдіретін боламын.

Өмірге деген үлкен жолды салып беретін мектептің білім берудегі маңызы зор.Ал сол білім ошағының қазіргі сәттегі жағдайы мен берер тәрбиесі қандай?

Заман талабы бойынша біздің оқып жатқан оқулығымыз бен алып отырған біліміміз функционалды сауаттылыққа негізделеді.Мұндай оқу түрі менің жаныма жағады.Себебі,кезінде тек теориялық негіздермен жұмыс істесек,қазір практикамен жұмыс істей отырып,оқулықта берілген оқылым,айтылым,жазылым дағдылары бойынша өз пікірімізді ашық жеткізе алып,сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауға бейімделудеміз.Ал мұның керегі не?Не мақсатпен жасалып отыр деген сұрақ әркімнің көкейін түсуде.Менің ойымша,бұл оқу дағдысы баланың ортамен тілдесе алуы мен қазақтың тарихын жан-жақты түсіндіріп,өзге де білім салаларымен байланыстыра отырып,мамандық таңдауға өз үлесін қосады.Оның үстіне бала өзінің ойын ашық түрде айта алып,бір-бәрімізді критерий бойынша бағалап,әркімнің пікірі өзінше құндылыққа ие бола алады.Әйтсе де әрбір кереметтің бір кем тұсы болуы хақ......
Эсселер
Толық

Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы қазақ қызының намысты да өжет жан екенін дәлелдеп жазыңыз

Бақыт жолы біліммен табылады...
Ахмет Йүгінеки

Қай заманның болмасын, өз қиындығы, өз тартымдылығы бар. Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші!.. Оған дәлел, тарих айнасы – көркем әдебиет. Небір аласапыран кезеңдерді, аштық, соғыс, небір жылан үстіне бозторғай жұмыртқалаған мамыражай өмірді көз алдымызға әкелетін әдебиет емес пе? Сондай шығармалардың бірі – Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романы.

«Ақбілек» - Қазан төңкерісінен кейінгі азамат соғысы зардабының әсерінен қазақ ауылының өмір-тіршіліктері мен таптық тартыс кесірінен қорлық көрген қазақ қызының ауыр тағдырға берілмей, «көзі ашық, көңілі ояу» тұлғаға дейін көтерілгендігін баяндайтын туынды.

Ақбілек – ата-анасының бауырында еркелеп өскен, ауыл ішінде «Мамырбайдың Ақбілегі» болған, бір мезетте анасынан айрылса, сол мезетте өзін өлдіге санайтын оқиғаға ұшыраған, сөйте тұра тағдырға қасқая қарсы тұрған қайсар қазақ қызы. Оған дәлел – орыстың мазағынан соң жалғыз қалып, жапан түзде қасқырмен алысып, ерлікпен жеңуі. «Ақбілек аллалап, қасқыр абалап, Ақбілек сабалап» отты көзді жыртқыштармен көп алысты. Былайғы уақытта қарусыз түз жануары алпамсадай еркекке де оңай алғызбайды, ал Ақбілек еш қарусыз-ақ, «қасқыр оттан қорқады» дегенді есіне түсіріп, шоқты алаулатып жауын қуды. Осы тұста Ақбілекті қайсар, жауына оңай берілмейтін адам ретінде танимын......
Шығармалар
Толық

Оян, қазақ!

Еуразияның бесігі, қазба байлыққа мол жер-Қазақстан.Бірақ неге соның барлығын біз дұрыстап пайдалана алмаймыз?Халық кез-келген нәрсені билікте отырған кісілерге жабады."Әлемді өзгерткің келсе өзіңнен баста" деген сөз бар емес пе?Неліктен ең алдымен өзіміз өзгермеске?

Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кетті, дін нашарлап, хал арам боп,
Қарағым, енді жату жарамас-ты.,-деп жырлаған, жиырмасыншы ғасырда өмір сүрген Міржақып Дулатұлының "Оян, қазақ" өлеңіндегі мәселе қазір де орын алайын деп отыр.Бір айырмашылығы қазіргі заманда оқимын десең тегін мектеп, тұрамын десең баспана бар.Демек,ешқандай проблема жоқ. Нағыз проблема қоғам жалқауланып кеткенбе?Ата-бабамыз қаншама ғасырлар бойы өскелең ұрпақ үшін, болашақ үшін жанын қиып, елін қорғады.Қанша жерден қиналса да ешқашан берілмеді.Он жетінші ғасырлардан бастап жоңғарлардан қорлық көріп, екі жарым миллион халқынан айырылды, сонда да елім деп берілмеді.Азаттық үшін күресті.Қарақұмдағы өткен құрылтайдағы Бөгенбай батырдың:
«Біз жаудан кек алуымыз керек, жеңеміз немесе қолға қару ұстап, шайқаста ақ өліммен елеміз, қарттарымыздың, әйелдеріміздің, балаларымыздың зар-мұңы мен көз жасын көріп тірі жүре алмаймыз...» деген сөзі ше?Осы сөздерден-ақ ата-бабамыздың ерлігін сезінуге болады.Бұнымен бәрі біте қойған жоқ, 1928 жылдан бастап Сталиндік репрессия басталды......
Эсселер
Толық