Экономика | Қазақстандағы кәсіпорындардың бәсекелестік қабілетінің мәселелері

1. Кәсіпорындағы қаржы менеджментінің бәсекелестік жағдайдағы маңызы
1.1. Қаржы менеджментінің мазмұны және міндеттері
Нарықтық экономика және бәсекелестіктің дамуы жағдайларында кәсіпорындардың қаржылық менеджментінің ролі мен міндеттері ең маңызды мәселердің бірі болып отыр. Кәсіпорынның табыстылығы, бәсекелестік жағдайлардағы өміршеңдігі, қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігі мәселелері қаржы менеджментінің негізгі басқару объектісі болып табылады. Отандық экономикалық теорияда және тәжірибе жүзінде кәсіпорын қызметін стратегиялық басқару мәселелері әлі де болса жеткіліксіз қарастырылып келеді. Мұның басты себебі – еліміздегі экономикалық бетбұрыстардың басталуына дейін стратегиялық басқару мемлекеттің өз қолында болып келді. Мемлекет өзінің экономикалық саясаты шеңберінде елдің дамуы мен келешегінің стратегиясын қалыптастырып, салалар мен кәсіпорындардың өзекті стратегиялық мақсаттарын анықтап келді. Алайда, нарықтық қатынастардың қалыптасуы және дамуы бәрін де өз орнына қойды. Қазіргі таңда кәсіпорындардың өміршеңдігі, табыстылығы, бәсекелестікке жарамдылығы өз қолдарында, яғни олардың өз қаржылық және шаруашылық жағдайын нығайту кәсіпорынның қаржы менеджментінің стратегиялық міндеті балып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Туризм | ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІСКЕРЛІК ТУРИЗМІНДЕ ИТАЛИЯНЫҢ ҮЛЕСІ

КІРІСПЕ
Қазақстандық және шетелдік азаматтардың әртүрлі туристік қызметтерге қажеттілігін қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешен құру, саланы дамытудың экономикалық және құқықтық тетіктерін әзірлеу әрі Қазақстанның туристік өнімінің сапасын қамтамасыз ету біздің алдымызда тұрған ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
Туризм әлемдік экономикада басты рольдердің бірін атқарады. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдік жалпы ұлттык өнімнің 10 бөлігін, халықаралық инвестициялардың 11 пайызынан астамын, әлемдік өндірістегі әр бір 9 шы жұмысшы орнын қамтамасыз етеді. 1993 жылы Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік туристік ұйымға нақты мүше болып кірді.
Біздің дәуірімізге дейінгі үшінші мыңжылдықта басталған Ұлы Жібек жолының құрылуы мен дамуы Қазақстан туризмінің тарихи алғы шарттары болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ИНФЛЯЦИЯҒА ҚАРСЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТ

КІРІСПЕ
Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеді. Алтын немесе күміс ақша айналымы кезінде инфляция болмайды, неге десеңіз, ақша ол кезде құндылықтың белгісі емес нақты құндылықтың өзі болған; қажетті ақша көлемі алтын-күміс қорымен реттелген. Қағаз ақша айналымында жағдай басқаша қалыптасады. Мұнда қағаз ақша байлықтың тек белгісі ғана. Қағаз ақша қазына сақтау қызметін толық атқара алмайды. Қор сақтау үшін адамдар ақшасына құнды заттар алуға ұмтылады. Қор ретінде қағаз ақша шектеулі көлемде ғана сақталады. Олардың көбі айналымға шығарылады, айналымдағы ақша көлемі қажеттіліктен тыс өседі. Артық ақша сұранымды арттырады. Артық сұраным, өз кезегінде, бағаларға қатты ықпал жасап, оларды көтеріп жібереді.
Инфляция дегеніміз күрделі де көп факторлы құбылыс; ол қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстандағы инвестициялық мәселелері

Кіріспе
Инвестиция – Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау жүйесінің шеңберінде “жалпы капиталдық салымдар” деген түсінік қолданылатын,осы түсінік бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың кеңеюі мен техникалық қайта қамтамасыздандырылуына(өндірістік капиталдық салымдар), тұрғын үй мен тұрмыстық – мәдени құрылысқа (өндірістік емес капиталдық салынымдар) жұмсалған барлық қаржылық құралдар түсіндірілетін.
Инвестициялар ақша құралдары, мақсатты банкілік салымдар, пайлар, акциялар және де басқа құнды қағаздар,технологиялар, машиналар, қондырғылар, лицензиялар, соның ішінде тауар белгісіне, пайда табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет салынатын интеллектуалды бағалықтар, несиелер, кез келген мүлік немесе мүліктік құқықтар ретінде анықталады және осының бәрі – пайда табу мен әлеуметтік жақсы әсерлерге жету мақсатында. Осы тұрғыда инвестиция түсінігі нарықтық тәсілге едәір жақын келеді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстандағы жекешелендірудің негізгі түрлері, әдістері, қорытындысы және қайшылықтары

Кіріспе
Қазақстан Республикасы 1991 жылы КСРО елдерінен бөлініп, өз тәуелсіздігін алды. Қазақстан тәуелсіз, дербес елге айналған соң, бұрынғы КСРО елдеріндегі жүргізілген жоспарлы эконоикадан нарықтық экономикаға өту мақсатын көздеді. Ол үшін ең алдымен барлық тауарлар мен қызметтердің бағасын либерализациялау, мемлекеттің меншігін жекешелендіру қажет еді. Нарықтық экономика еркін баға мен жеке меншіксіз дамуы мүмкін емес.
Нарықтық экономикада маңызды орын алатын «жекешелендіру» болғандықтан, оған тоқталып кетсек:
Жекешелендіру дегеніміз – азаматтардың және заңды тұлғалардың мемлекеттік меншік объектілерін немесе мемлекеттік акционерлі қоғамдардың акцияларын сатып алу. Жекешелендірудің басты мақсаты – жекшелендірілген кәсіпорындарда экономикалық өсуі арқасында ұлттық экономиканың тиімділігін арттыру. Сонымен қатар, мемлекетік бюджет тапшылығын азайту.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстандағы еңбек нарығының қалыптастыру

Кіріспе
Еңбек адам өміріне қажетті материалдық және рухани игіліктерді жасаудағы адамның белгілі бір мақсаттағы іс әрекетін білдіреді. Табиғат адамдардың осы игіліктерді қажетсінуін қамтамасыз ететін негізгі материалды берсе, ал оның өзі еңбек процесі арқылы, еңбек құралдарын пайдалану нәтижесінде материалдық игіліктерге айналады. Нақты еңбек іс әрекетінде адамның табиғатпен қарым- қатынасы, адам күшінің табиғат күшінен үстемдігі көрінеді. Хайуанаттар табиғатқа тек қажеттілікпен ғана әрекет етіп, оған түйсік ықпалымен өзгерістер енгізеді. Ал еңбек процесінде тек сыртқы табиғат өзгеріп қоймайды, сонымен бірге білім, тәжірибе жинақталады, адамдардың біліктілігі артады, адамның өзі өзгереді. Еңбек мақсатқа сәйкестікпен, іс- әрекеттің ұғынылуымен сипатталады, ол қашанда белгілі бір нәтижеге жетуге бағытталып, бұл нәтиженің бейнесі адамның басындағы ойға алған мақсаты ретінде алдын- ала қалыптасады.
Еңбек дегеніміз шығармашылық процесс, яғни еңбек өзінің даму жолында адамдардың қабілетін дамытады. Сонда ғана еңбектің мәні, оның адамдық негізі ашылады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстандағы еңбек нарығының әлеуметтік-экономикалық мәселелері

Кіріспе
Еңбек адам өміріне қажетті материалдық және рухани игіліктерді жасаудағы адамның белгілі бір мақсаттағы іс әрекетін білдіреді. Табиғат адамдардың осы игіліктерді қажетсінуін қамтамасыз ететін негізгі материалды берсе, ал оның өзі еңбек процесі арқылы, еңбек құралдарын пайдалану нәтижесінде материалдық игіліктерге айналады. Нақты еңбек іс әрекетінде адамның табиғатпен қарым- қатынасы, адам күшінің табиғат күшінен үстемдігі көрінеді. Хайуанаттар табиғатқа тек қажеттілікпен ғана әрекет етіп, оған түйсік ықпалымен өзгерістер енгізеді. Ал еңбек процесінде тек сыртқы табиғат өзгеріп қоймайды, сонымен бірге білім, тәжірибе жинақталады, адамдардың біліктілігі артады, адамның өзі өзгереді. Еңбек мақсатқа сәйкестікпен, іс- әрекеттің ұғынылуымен сипатталады, ол қашанда белгілі бір нәтижеге жетуге бағытталып, бұл нәтиженің бейнесі адамның басындағы ойға алған мақсаты ретінде алдын- ала қалыптасады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Технология | Қазақстандағы БАҚ-ты зерттеудегі маңызды мәселелер

Кіріспе
Бұқаралық ақпарат құралдары халықтың, әсіресе, жас ұрпақтың рухани мәдениет құндылықтарынан білім алуына зор ықпал етеді. Осылардың ішінде ұрпақ тәрбиесіне тікелей ықпал ету мүмкіншілігі басым тұрған мерзімді баспасөз. Өйткені, газеттер қоғамдық пікірді қалыптастыруда халыққа бір табан жақын.
Еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» даму стратегиясы мен «Ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негізді бағыттары» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біздің бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамымызды демократияландыру барысындағы рөлі мен орнын айқын анықтап алуымыз керек...ең демократияшыл бұқаралық ақпарат құралдары ұлттық мүддені қрғауға келгенде айқын тұғырда тұрады» деп атап көрсеті.
Мерзімді баспасөз жұртшылыққа бағыт-бағдар беруде, тәлім-тәрбиеге қатысты өзекті жайтарды қозғауда негізгі құрал болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Қазақстандағы аударма теориясы мен практикасының негізгі бағыттары

КІРІСПЕ
Әлемде әр алуан тіл, әр алуан ел өмір сүріп отырған жағдайда аударма мәселесінің күнделікті қажетті іске айналуы заңды. Қазақ ғылымында да арнайы зерттеуді талап ететін салалардың бірі – аударма әдебиеттің тілі. Бұдан жарты ғасыр бұрын М.О.Әуезов: «...аударма төл күйінде, қалыптасып, есею күйінде ғана екендігін» атап өткен. Аударма көне де, жаңа да өнер. Ол басқа адамдар қауымын түсінудің құралы, олармен қарым қатынас жасаудың делдалы, дәнекері. Тургенев: «Всякий перевод назначен преимущественно для незнающих подлинника. Переводчик не должен трудиться для того, чтоб доставить знающим подлинник случай оценить, верно или неверно передал он такой-то стих, такой-то оборот: он трудится для "массы",-деген. (4;47) Аударма өнерінің құбылыстарын зерттеу де, табиғаттағы және қоғамдық өмірдегі сан алуан құбылыстарды зерттеу сияқты, әр қырынан қарастыруды қажет етеді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Қазақстандағы аударма өнерінің даму

КІРІСПЕ
Әлемде әр алуан тіл, әр алуан ел өмір сүріп отырған жағдайда аударма мәселесінің күнделікті қажетті іске айналуы заңды. Қазақ ғылымында да арнайы зерттеуді талап ететін салалардың бірі – аударма әдебиеттің тілі. Бұдан жарты ғасыр бұрын М.О.Әуезов: «...аударма төл күйінде, қалыптасып, есею күйінде ғана екендігін» атап өткен. Аударма көне де, жаңа да өнер. Ол басқа адамдар қауымын түсінудің құралы, олармен қарым қатынас жасаудың делдалы, дәнекері. Тургенев: «Всякий перевод назначен преимущественно для незнающих подлинника. Переводчик не должен трудиться для того, чтоб доставить знающим подлинник случай оценить, верно или неверно передал он такой-то стих, такой-то оборот: он трудится для "массы",-деген. (4;47) Аударма өнерінің құбылыстарын зерттеу де, табиғаттағы және қоғамдық өмірдегі сан алуан құбылыстарды зерттеу сияқты, әр қырынан қарастыруды қажет етеді. Аударма проблемасын әр қилы тұрғыдан: тарихи-мәдени, әдебиеттану, лингвистикалық және психологиялық тұрғыдан алып қарастыруға болады. Қазақ аудармасының тарихына, теориясы мен тәжірибесіне арналған мақалаларда, жинақтарда, монографияларда, аударманың тарихи-мәдени, әдебиет салаларындағы жайы көбірек.....
Курстық жұмыстар
Толық