Зерттеудің өзектілігі: әлемдік саяси аренада Қазақстан Республикасының өзіндік салмағын пайымдау оның ұлттық білім жүйесінің жоғары дәрежеде дамуымен байланысты. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ел халқына Жолдауында «Қазақтың ел болуы, ұлт тағдыры – оның келешек мектебінің қалай болып құрылуына тіреледі.» - деп атап көрсетті. Егемендіктің тұғыры тұрақталып, мемлекеттің іргесін нығайту және қазіргі уақыттағы жаһандану жағдайында ұлттық бірегейлікті, тұтастықты сақтау, ұлттық сананың сарқылмауы, тіл мен ділдің баянды болуы үшін мектеп қабырғасында елжандылық тәрбие идеяларының санасына дарытуда әдебиеттің алатын орны ерекше. Әдебиет сабағындағы ең басты жұмыстардың біріне оқушылардың көркем шығарманы қабылдауы, одан әсер алуы, көркем туындыны бүкіл бітім – болмысымен түсіне білулері жатады. ....
Кіріспе. ХХІ ғасырға аяқ басқан Қазақстан күрделі тарихи бетбұрыстар мен қоғамдық жаңартулар тұсында дамып келеді. 1999 жылы маусымда ҚР-ң Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері айқындалды. Бұл принциптерде барлық азаматтардың тең құқылығы айқындалған. Халықың барлығы бірдей білім алу мүмкіндігі, жеке тұлғаның білім алуын ынталандыру және дарындылықты дамытуды қарастырады. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың “Қазақстан – 2030” бағдарламасында “Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы туралы” Қазақстан халқына жолдауында айқындалған негізгі басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін білім мазмұнын жаңартумен қатар оқытудың әдіс-тәсілдерін қолданудың тиімділігін дамытуға ерекше көңіл бөлген. Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттың ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Осы орайда егеменді еліміздің білім бнру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасаланып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді ізденімпаз, барлық іс-әркетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде. Мектептегі оқу үрдісі оушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыра отырып, олардың белсенділігін, шығармашылық әрекетін дамыта білу бүгінгі күннің өзекті мәселесінің біріне айналып отыр. ....
Кіріспе Абай Құнанбаев шығармашылығы,өмірбаян туған жер , өскен ортасы жайлы оқушылар орта сыныпта сабақ үстінде мәлімет алады. Ақынның өсіп келе жатқан жас буындардың күнделікті өміріне іс жүзінде қажетті аса құнды ой-тұжырымдарын бастауыш сыныптан бастап жас ерекшеліктеріне лайықтан танытудың қажеттілігі мақсатты түрде алға қойылуда. Бастауыш мектепте қазақ тілі, ана тілі пәндеріне баса назар аударылады. Себебі ана тілі ерте меңгерілсе , басқа пәндерді де соғұрлым оңай және толық меңгереді. Ана тілі арқылы оқушылардың тіл байлығын арттырумен бірге дүниетанымын қалыптастырып, өмірге бейімдейді.Ақын шығармашылығы мен өміріне қатысты бастауыш сыныптарда өткізілетін тақырыптар көп жағдайда педагогикалық жүйелілік бірізділік , сабақтастық секілді т.б қағидаларға сәйкес келе бермейді. Міне осындай мәселелерді шешуге үлес қосу мақсатында осы дипломдық жұмысымызды арнап отырмыз. 1.1 Диплом жұмысының мақсаты: Ана тілі, әдебиет пәні – қоғамтанудың басты құралдарының бірі.....
К і р і с п е Зерттеудің көкейтестілігі: Елдік пен еркіндікті аңсаған қазақ елі бүгнде іргесін бекемдеп, саяси-экономикаық, әлеуметтік жағынан өркениетті елдер қатарынан орын алуда. Өтпелі кезең өзгерістеріне орай халыққа білім беру жүйесі де, реформалануда. Білім беруді қоғам мүддесіне сәйкес қайта құру, оқыту мен тәрбиелеу мазмұнын жаңарту, әдебиет пен мәдениетті өркендету бағытында бірсыпыра шаралар жзеге асырылып, жас ұрпаққа жаңа оқу бағдарламалары мен оқулықтары, оқу-әдістемелік құралдары жасалып, мектеп өміріне енгізілді. Мұнда көздеген ең басты мәелелердің бірі – болашақта қоғам мүддесін өтеуге қабілетті, жан-жақты дамыған, өз еліне сүйіспеншілігі зор тұлғаны қалыптастыру. Бұл міндеттер мемлекеттік құжаттарда Қазақсатн Республикасының Конституциясында «Тіл туралы» Заңдарында т.б. атап көретілген. Қазақстан республикасының тәуеліздік алуы жаңа ұрпақты өз ана тілінде оқытуға, білім беруге, әдеби, мәдени мұраларымзды танып-білуге мол мүмкіндік тғызды.....
КІРІСПЕ. Қазақ елі сан-салалы өзгерістер дәуірінде тіршілік кешкен тұста шетел халықтары әдебиетінің үлгілерін қазақшаға тәржімалау және қазақшадан өзге тілдерге аудару ісін орыс тілін араға салмай-ақ жүзеге асыру өмірге еніп отыр. Бұған қарап ғылым мен әдебиеттегі, жалпы мәдениеттегі орыс елі мен қазақ елі, орыс тілі мен қазақ тілі, осы екі елдің әдебиеттері арасындағы байланыс деңгейі төмендеген екен деп ойлауға болмайды. Керісінше, бұл байланыстарды нығайта түсуді уақыт, заман талап етуде. Сан алуан мәдениет кеңістігі қалыптасқан, көп ұлтты Қазақстан жағдайында бұл байланыстардың маңызы күн санап арта түспек. Осы орайда көркем аударма мәселесі көкейтесті мәселелердің бірі ретінде көрінуде. ....
"Қазақ әдебиеті" газеті алғашқы санынан бастап ұлт мүдесін ұлықтап, ұлттық дәстүрімізді жазып келе жатқан басылымның бірі. Осы басылымға сол кезеңде газеттің бас қасында болған Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Ғабит Мүсірепов және өзге көптеген тұлғалар мен қатар, публицистикалық мақалаларын да жариялап келгені де жұртшылыққа белгілі. Сөйтіп «Қазақ әдебиеті» газетінің алғашқы санынан бастап, күні бүгінге дейін публицистика жанры тұрақты орын алып, қазақтың ұлттық мүдесін қорғау жолындағы күресте алдыңғы қатардан көрініп келеді. Иә, еліміз егемендік алғаннан кейін «Қазақ әдебиеті» газеті жаңа сапалық белестерге көтерілді. Қазақ халқының ғасырлар бойғы жасаған рухани мұрасын енді ұлттық мүде тұрғысынан саралау ісін көтеріп, әдеби-мәдени ой-пікірдің орталық қазынасына айналды. Әсіресе, қазақ халқының ұлт-азаттық жолындағы арман-аңсарлары көрініс тауып, күрес жолдары жырланған шығармаларды қалың оқырманға жеткізген де осы басылым. «Қазақ әдебиеті» газеті қашан да ұлт мүдесі жағынан табылып келген газет. Газет бүгінгі күні де қай жағынан болмасын терең тақырыпта өзекті мақалаларды жазып халық көңілінен үлкен орын алуда. ....
КІРІСПЕ Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақ әдебиеттану ғылымы жыл сайын өсіп, өркендеп келеді. Әдебиеттану ғылымының да ауқымы кеңейіп, сан-салалы болып дамып келе жатқаны қуантады. Жиырмасыншы ғасырдың орта шенінде-ақ әдебиеттану ғылымының көрнекті бір саласы болып қалыптаса бастаған абайтану ғылымының да өзіндік ерекшелігі, алар орны ерекше деп айтуға болады. Сол себепті өзіміздің зерттеу жұмысымызда осы мәселені жан-жақты қарап, зерттеудің ерекшелігіне назар аудардық. Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Ұлы Абай ақын, дана, ойшыл, кемеңгер ретінде әбден мойындалған құбылыс. Ал ұлы Абайды тану, жазу, зерттеу процесі ақынның көзі тірісінде-ақ басталған болатын және бұл процесс жүз жылдан бастам уақыт өтсе де ешбір үздіксіз, үнемі дамып, жетілу үстінде. Ғасырға жуық уақыт ішінде кемел қалпына келіп, әбден мойындалған абайтану ғылымын зерттеу объектісі етіп, одан әрі дамыта түсу бүгінгі күннің өзекті, көкейкесті мәселелерінің бірі деп тануға болады. Күні кешегі зерттеулерді жан-жақты қарап, салыстырып, бүгінгі күннің тұрғысынан бастап баға беріп отырудың өзі өзекті мәселе болып табылады. Абайтану ғылымы мен абайтану тарихын салыстыра, қос-қабат алып зерттеу де біздің жұмысымыздың маңыздылығын арттыра түсері сөзсіз. Тақырыптың мақсаты мен міндеті. Абайтану ғылымы өзіне ерекше назар аудартатын саланың бірі. Ұлы Абайдың өмірі мен шығармашылық жолын, әдеби мұраларының мәні мен маңызын тану, тағылым алу бүгінгі күннің көкейкесті мәселелері деуге болады. Сол себепті абайтану ғылымы да жалпы әдебиеттанудың бір көрнекті саласы болып дамып, өркендеп келеді. Міне, осы аталған жайттардың бәрін ескере келіп зерттеу жұмысымыздың алдына бірнеше мақсат пен міндеттер қойдық. - Абайтану ғылымының өзіне тән ерекшелігін, өміршеңдігін және келешегінің де мол екенін таныту; - Абайтанушы ғалымдардың шығармашылығына талдаулар жасау, салыстырулар жүргізу көзделді; - Сонымен қатар абайтанудың тарихын да тереңнен қозғап, жан-жақты сөз ету көзделді; - Абайтану тарихында із қалдырған тұлғалардың еңбектеріне бүгінгі күн тұрғысынан баға беруді жүзеге асыру; - Абайтанудың ғылыми бағыт ретінде қалыптасып, дамып, жетіліп отырғанын дәлелдеу, саралау мәселелері жайында мақсат пен міндеттер көзделді. Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану ғылымының қалыптасу жолдары, абайтану тарихының тың дерек көздерінің бәрі сарапқа салынып, ой елегінен өткізілді. Абай мұрасын таныту, баға беру, ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы жайында жазылғандардың бәрінің бір арнаға түсіп, абайтану ғылымына айналу процесін көрсету жүзеге асырылды. Абайтану ғылымының қалыптасуы мен тарихының сан-салалы жолдары көрсетілді, сонымен қатар кешегі мен бүгінгі тарихы салыстырыла отырып талдау объектісіне айналды. Зерттеудің дерек көздері. Зерттеу жұмысының мазмұнын ашу үшін көптеген әдеби мұралар пайдаланылды. Атап айтқанда «Абай» энциклопедиясы, «Абайтану тарихы», «Абай және қазіргі заман» т.б. алуан-алуан материалдар пайдаланылды. Қазақ әдебиетінің тарихы, сыны, теориясы жайында әркез зерттеулер жазған, теориялық еңбектер берген ғалымдар М.Әуезов, З.Ахметов, Қ.Мұхаметханұлы, С.Мұқанов, Р.Бердібай, С.Қирабаев т.б. ғалымдардың еңбектері дерек көзі ретінде кеңінен пайдаланылды. Одан басқа да еңбектер, баспасөз материалдары, оқулықтар, монографиялық дүниелер де назардан тыс қалмады. Зерттеудің теориялық және методологиялық негізі. Дипломдық деңгейдегі зерттеу жұмысының теориялық және методологиялық негізі ретінде әдебиеттану ғылымдарының жетістіктері, кешенді, салыстырмалы ғылыми әдістер алынды. Негізінен, отандық әдебиеттану ғылымының тұжырымдары, байыптаулары, әдебиеттану ғылымының өзіндік ерекшеліктерін қарастырған ғылыми еңбектер жұмысымыздың негізгі методологиялық әрі теориялық негізі болды. М.Әуезов, М.Мырзахметов, З.Ахметов, Қ.Мұхаметханов, С.Мұқанов, Р.Бердібай, С.Қирабаев тағы басқа да көптеген ғалымдардың еңбектеріне, монографиялық кітаптарына, сондай ұжымдық ғылыми зерттеулерге назар аударылып, қажетті кезінде ретіне қарай пайдаланылды. Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу жұмысының теориялық тұжырымдарын қазақ әдебиетінің тарихы, теориясы, XIX ғасыр әдебиетін оқыту барысындағы Абай Құнанбаев шығармашылығы және соңғы жылдардағы оқу бағдарламасына сәйкес «Абайтану» пәнін оқыту кезеңдерінде жан-жақты терең үлгіде пайдалануға болады. Бұл зерттеудің практикалық мәні де зор. Жоғарыда аталған арнаулы пәндерді сонымен қатар қазақ әдебиетінің арнаулы курсы мен арнаулы семинары пәндерін оқыту кезеңінде де зерттеу жұмысының құнды дерек көздерін арнайы пайдалануға, практикалық талдауларға қолдануға әбден болады. Диплом жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспе қорытындадан бөлек екі тараудан тұрады, сонымен қатар жұмыс соңында әдебиеттер тізімі берілді.....
Кіріспе Тақырыптың өзектілігі: Отызыншы жылдардағы қазақ әдеби сынын сөз еткенде, оның коммунистік партияның тікелей басшылығына сүйеніп өмір сүргенін атап айту қажет. 30-жылдардың басында әлі республика басшылығында отырған Ф.И. Голощекиннің әдебиетте жік бар, соны әшкерлеп жою керек деген «нұсқауына» сәйкес, 1930 жылдың басында баспасөз бетінде «жікшілдіктің» сырын ашу мақсатымен айтыс ашылды. Бұл пікір талас «жікшілдікті» жоймақ түгіл,қайта ушықтыра түсті. Әдеби сынды көркем шығарманы сынау үшін емес,жазушының өзін сынауға пайдаланып,сынды сынампаздыққа айналдырып жібереді. Мерзімді баспасөз бетінде «жікшілдікті» жоюға арналған Ғ.Мүсіреповтың, Ә.Мұсаұлының, І.Жансүгіровтың, С.Мұқановтың мақалалары жарияланды. Бұрыннан келе жатқан «сәдуақасовшылдық», «қожановшылдық» сияқты атауларға, «сәкеншілдік», «бәйдіндилшілдік», «жансүгіровшілдік», «сәбитшілдіктер» қосылып,көбейе түсті. Жалпы,осы «жікшілдікке» байланысты жарияланған мақалаларда бір-біріне орынсыз кінә тағу, тіл тигізу сипат алған. [1; 59-86б]. Әдеби сындағы жағдайдың ушыққандығы соншалық, жазушылар бір-бірінің шығармаларының ішінен «тырнақ астынан кір іздегендей» болмашы кінәраттар тауып алып, оны халыққа, партияға қарсы «ұлтшыл», «халық жауы» етіп көрсетті. Мағжанның, Ахметтің, Жүсіпбектің, Міржақыптың тағы басқа шығармаларына тиым салынды. Әдебиет көшін бастаушылардың барлығы дерлік қуғынға ұшырады. Шығармада жас бала жыласа, «ол неге жылайды?» -деп күдікпен қарады себебі: «Кеңес Одағында ешкім жыламауы керек». Көркем туындының тағдыры «пролетариат», «кеңес», «партия», «кедей», «жалшы»деген сияқты сөздердің бар-жоғына қарай шешілді. Көркемдік категориялар елеусіз қалып, саяси бағытты ашу сынның басты міндеті деп ұғынылады. Көркем шығармаларды бағалағанда ол жазушылардың топтық шығу тегімен байланысты қаралды. Пролетариат әдебиетін тек «таза» пролетар жазушылары жасай алады деп түсіндірілді [3; 38б]. Жазушы шығармашылығын бағалауда «ең алдымен, біздің тексеретін мәселеміз кімнің қандай жазушы екендігі», «өлшеу: жазушы әдет, салт-сана, әдет-ғұрып тұрғысында пролетариат болып тууы бірінші шарт» делінді. [2; 123б]. Ә. Мұсаұлы осы өлшеміне сүйене отырып, Сәкен мен Сәбитті пролетариат жазушы емес деп тапқан. Сөйтіп, құрылыстың жұмысшы тобына шыққан еңбек ерлерін, колхозшыларды ол көрмейді. «Сейфоллаұлы коммунист бола отырып, көп реттерде байшылдық салдарынан шыға алмаған...»-деп жазды Әйтіке мақаласында. «... ол жасөспірімдерді өз руын басқа рудан жоғары көтеруді міндетім деп білген ескі батырлардың әдемі дене құрылысынан үлгі алуға шақырады. Дене шынықтыру кезінде пионерге өгіздей қара күші бар Қажымұқанды үлгі етіп тартады. Сейфоллаұлының ескі ауылды сүйетіндігі сонща, кітабына Қажымұқанның суретін салдырады [4; 254б]. Ол С.Сейфуллинмен бірге Ғ.Тоғжановтың да кемшіліктерін көрсетуге біраз көңіл бөлген.Оны Ахмет Байтұрсыновты жеткілікті сынамады, сыни еңбектерінде Плехановтың пікірлерін пайдаланады-, деп кіналаған. «Мұны негізгі Тоғжанұлының әлі партияға жат ұлтшылдық-байшылдық әдеттен босана алмағандығынан шығады» деп, саяси сойылын тағы да сермеп өтеді. Ал Ахмет Байтұрсыновты қалай сынау үлгісін де өзі көрсетеді.....
Жер жүзі әдебиетінің тарихына көз салсақ, мәдени-рухани дамуында белгілі бір белі, елеулі кезеңдері болады. Әр елдің әлеумет өміріндегі әр алуан тартыс, тап күресі, қоғам өмірінің жалпы даму процесі таптың немесе топтың ой-пікір, тілек, мүддесін жыр етіп жоғары көтеретін адамдарды да дүниеге ала келеді. Олардың кейбіреулері ескінің шырмауынан шыға алмай, өткеннің күнгейін, жаңа заманның көлеңке жағын көрсе, кейбіреулері ескіліктің сыншысы, жаңалықтың жаршысы дәрежесіне көтеріледі. Олар тарихты даттамай да, мақтамай да әділ бағалап, үмітті алдан, жарықты келешектен күтеді. Өз кезіндегі әр алуан мәселелерді терең толғап, кеңінен шолиды. Айналасына көз тігіп, ел қамы, жұрт .....
Әдебиет өмір шындығының көркем бейнесі десек, әдебиет тарихы да халық тарихымен тығыз байланысты. Еліміздің рухани өмірінің жарқын көрінісі, елеулі бір саласы ретінде көркем сөз өнері ел тарихымен бірге қалыптасып дамыды. Адам санасы, ой-өрісі мыңдаған жылдар бойы жетілетін тарихи құбылыс екендігін ескерсек, әдебиет адамзат тарихындағы көркем ой жетістіктерінің бірі екендігі даусыз ақиқат. .....