Жұмағали Саин (Қазақ қызы Жанарға)

(Хамар Құрбановадан)

Бармақ болып, достым Жанар, еліңе
Тағат қылмай, саған сауқат іздедім,
Оттай ыстық ақ жүзіңді көруге
Минут сайын шыдамадым, төзбедім.
Жанар үшін деп едім мен, анталап
Көктем гүлі алдыма кеп жиылды,
Қиялыма қанат бітті сол сағат,
Қуанышым дастан болып құйылды.
Сәнді сұлу ерке көктем гүлдерін
Жиды тегіс, саған букет таңдадым.
Піскен анар, тәтті беһдин1 түрлерін
Жанарға деп, Жанарға деп арнадым......
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Қазақ қызы)

(Орденді Күләшқа арнаймын)

Гуілдеген жел — айдалада сарнаған,
Желге серік мұңды дауыс зарлаған.
Бота көзім, қазақ қызы есімде,
Ескі күнің «өлдім, анажан»- даған.
Сонда сенің жұбайың еді жалған ән
«Туар Шолпан маған - дағы атар таң»,
Дегендей ең, толқынды еді өлеңің,
Айлы түнде бар даусыңмен шырқаған.
Кейде күй сап домбыраның қылына,
Қосып үнін жүрегіңнің сырына,
Орал, Алтай, Алатауды кездіріп,
Батырушы ең Сарыарқаны мұңына.......
Өлеңдер
Толық

Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы қазақ қызының намысты да өжет жан екенін дәлелдеп жазыңыз

Бақыт жолы біліммен табылады...
Ахмет Йүгінеки

Қай заманның болмасын, өз қиындығы, өз тартымдылығы бар. Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші!.. Оған дәлел, тарих айнасы – көркем әдебиет. Небір аласапыран кезеңдерді, аштық, соғыс, небір жылан үстіне бозторғай жұмыртқалаған мамыражай өмірді көз алдымызға әкелетін әдебиет емес пе? Сондай шығармалардың бірі – Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романы.

«Ақбілек» - Қазан төңкерісінен кейінгі азамат соғысы зардабының әсерінен қазақ ауылының өмір-тіршіліктері мен таптық тартыс кесірінен қорлық көрген қазақ қызының ауыр тағдырға берілмей, «көзі ашық, көңілі ояу» тұлғаға дейін көтерілгендігін баяндайтын туынды.

Ақбілек – ата-анасының бауырында еркелеп өскен, ауыл ішінде «Мамырбайдың Ақбілегі» болған, бір мезетте анасынан айрылса, сол мезетте өзін өлдіге санайтын оқиғаға ұшыраған, сөйте тұра тағдырға қасқая қарсы тұрған қайсар қазақ қызы. Оған дәлел – орыстың мазағынан соң жалғыз қалып, жапан түзде қасқырмен алысып, ерлікпен жеңуі. «Ақбілек аллалап, қасқыр абалап, Ақбілек сабалап» отты көзді жыртқыштармен көп алысты. Былайғы уақытта қарусыз түз жануары алпамсадай еркекке де оңай алғызбайды, ал Ақбілек еш қарусыз-ақ, «қасқыр оттан қорқады» дегенді есіне түсіріп, шоқты алаулатып жауын қуды. Осы тұста Ақбілекті қайсар, жауына оңай берілмейтін адам ретінде танимын......
Шығармалар
Толық

Күләш Ахметова (Қазақ қызы)

Қазақ қызы!
Көрмедім мен осындай қайраткерді,
басқар десе, басқарды аймақты, елді.
Бесігін де тербетіп, үйін де ұстап,
айда десе, комбайн айдап берді.......
Өлеңдер
Толық

Күйеуі екі баласымен тастап кеткен астаналық келіншек Грекияда дүркіретіп тойын өткізген

Бүгінде қазақ қыздарының шетел азаматына тұрмысқа шығып, «жатжұрттық» атанып жатқан оқиғалар күн санап артып келе жатқаны ақиқат. Бақытын шетел азаматынан тауып, өзге елде отау құрған қазақ қызының бірі - тараздық Аселина Лесса Андрулаки. Бойжеткеннің таңдауы неліктен өзге елдің азаматына түсті? Әйгілі Эллада елінің «келінге» қатысты қандай салт-дәстүрлері бар екенін Аселина NUR.KZ порталына берген сұхбатында айтып берді.
Жаңалықтар
Толық

Қазақ тойында тыр жалаңаш шешініп тастап, стриптиз билеген қыз жаға ұстатты (фото)

Желіде қазақ тойында стриптиз билеп, елдің жағасын ұстатқан бойжеткеннің видеосы таралып кетті. Тыр жалаңаш шешініп тастап билеп, жігітті де шешіндіре бастаған бойжеткенді көрген жұрт жағасын ұстады, деп хабарлайды NUR.KZ.
Жаңалықтар
Толық

Айсәуле Бақытбектің елді шулатқан образдары

Танымал отандық продюсер Баян Есентаеваның қызы Айсәуле Бақытбек те анасы секілді танымал. Ол мұндай танымалдылыққа анасының ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік желілердің арқасында жетті. Желіге үздіксіз суреттері мен видеоларын жүктейтін Айсәулені елдің барлығы таниды. nur.kz порталы қоғамда Айсәуле Бақытбектің дау тудырған образдарына тоқталмақ.
Жаңалықтар
Толық