Жұмағали Саин (Қазақ қызы Жанарға)

(Хамар Құрбановадан)
Бармақ болып, достым Жанар, еліңе
Тағат қылмай, саған сауқат іздедім,
Оттай ыстық ақ жүзіңді көруге
Минут сайын шыдамадым, төзбедім.
Жанар үшін деп едім мен, анталап
Көктем гүлі алдыма кеп жиылды,
Қиялыма қанат бітті сол сағат,
Қуанышым дастан болып құйылды.
Сәнді сұлу ерке көктем гүлдерін
Жиды тегіс, саған букет таңдадым.
Піскен анар, тәтті беһдин1 түрлерін
Жанарға деп, Жанарға деп арнадым.
Бұл ойымнан кенет тоқтай қалдым да,
Көктем емес жүрегімді қармадым,
Жанар досым, дүниедегі ең қымбат
Махаббатым — соны саған арнадым.
Көкірек толы кең дүниедей шаттықпен
Келдім жетіп ұйғыр қызы мен Хамар,
Қатты құшып бір сүйейін ерініңнен,
Құшағыңды аш, қазақ қызы, кел Жанар!
Бармақ болып, достым Жанар, еліңе
Тағат қылмай, саған сауқат іздедім,
Оттай ыстық ақ жүзіңді көруге
Минут сайын шыдамадым, төзбедім.
Жанар үшін деп едім мен, анталап
Көктем гүлі алдыма кеп жиылды,
Қиялыма қанат бітті сол сағат,
Қуанышым дастан болып құйылды.
Сәнді сұлу ерке көктем гүлдерін
Жиды тегіс, саған букет таңдадым.
Піскен анар, тәтті беһдин1 түрлерін
Жанарға деп, Жанарға деп арнадым.
Бұл ойымнан кенет тоқтай қалдым да,
Көктем емес жүрегімді қармадым,
Жанар досым, дүниедегі ең қымбат
Махаббатым — соны саған арнадым.
Көкірек толы кең дүниедей шаттықпен
Келдім жетіп ұйғыр қызы мен Хамар,
Қатты құшып бір сүйейін ерініңнен,
Құшағыңды аш, қазақ қызы, кел Жанар!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: жұмағали саин сайын Қазақ қызы Жанарға өлең стихи на казахском жумагали саин казакша олен, жұмағали саин сайын өлеңдері шығармашылығы, жумагали саин стихи на казахском языке, жумагали саин олендери шыгармашылыгы, Қазақ қызы Жанарға