Қазақ ақындарының ана тілі туралы жазған ең үздік шығармалары. Топтамада Мұхтар Шаханов, Тұманбай Молдағалиев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мағжан Жұмабаев, Ілияс Жансүгіров, Қадыр Мырза Әли, Мұзафар Әлімбай сияқты қазақ әдебиетінің белді тұлғаларының туындылары бар.
Менің ана тілім - шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты тіл. Өйткені өмірдің алмастай қырын,абзал сырын түсіне білуіме басты себепкер- сол ана тілім! Мынау жарық дүниеге келгеннен бастап, ананың әлдиімен бойыма сіңіріп келе жатқан тілім мен үшін ең қастерлі, ең қымбатты тіл.Ақын С.Торайғыров ана тілімде:
Сүйемін туған тілді- анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнін,- деп жырға қосқан.
Ана тілім - ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс.Амал не.., туған тілімізді шұбарлап, басқа тілдің сөздерімен араластырып сөйлейтіндер де аз емес.Тіпті, туған тілінен безетін сорақыларды да, менсінбеушілікпен қарап, қазақша сөйлеуге ұялатындар көрінген кезде, белгілі орыс жазушысы К.Г.Пауетовскийдің "Туған тіліне жаны ашымаған адам- жәндік"деген сөзі ойыма еріксіз оралады......
Функционалды сауаттылық- бұл тұлғаның әлеуметтік,мәдени,саяси және экономикалық қызметіне белсене араласуы,яғни,өз мамандығына,жасына қарамастан заман ағымына ілесе отырып,білімін арттыра түсу.
Қазіргі таңда мен 8 сынып оқушысымын.Алайда,ертеңгі күннің болашағының негізі боламын.Ал сол ертеңгі болашаққа білім берудегі,функционалдық сауаттылық дағдысының пайдасы мен кем тұстарын айта отырып,кемшілікті түзеу мақсатында ұсыныстарымды білдіретін боламын.
Өмірге деген үлкен жолды салып беретін мектептің білім берудегі маңызы зор.Ал сол білім ошағының қазіргі сәттегі жағдайы мен берер тәрбиесі қандай?
Заман талабы бойынша біздің оқып жатқан оқулығымыз бен алып отырған біліміміз функционалды сауаттылыққа негізделеді.Мұндай оқу түрі менің жаныма жағады.Себебі,кезінде тек теориялық негіздермен жұмыс істесек,қазір практикамен жұмыс істей отырып,оқулықта берілген оқылым,айтылым,жазылым дағдылары бойынша өз пікірімізді ашық жеткізе алып,сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауға бейімделудеміз.Ал мұның керегі не?Не мақсатпен жасалып отыр деген сұрақ әркімнің көкейін түсуде.Менің ойымша,бұл оқу дағдысы баланың ортамен тілдесе алуы мен қазақтың тарихын жан-жақты түсіндіріп,өзге де білім салаларымен байланыстыра отырып,мамандық таңдауға өз үлесін қосады.Оның үстіне бала өзінің ойын ашық түрде айта алып,бір-бәрімізді критерий бойынша бағалап,әркімнің пікірі өзінше құндылыққа ие бола алады.Әйтсе де әрбір кереметтің бір кем тұсы болуы хақ......
Тіл тағдырына қамқорлық – әр адамның міндеті. «Ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерегі» дейді Ж. Аймауытов. Иә, бүгінгі таңда күн тәртібінен түспейтін мәселе – ана тілдің бүгіні мен ертеңі. Өйткені ол – ана тіліміз, ұлттық тіл, тәуелсіз Қазақстанның мәртебелі мемлекеттік тілі. Оның бүгінін тұғырлы, ертеңін тағдырлы жасау – біздің жауапкершілігіміз.
Қазақ тілі – қоғамда заңмен бекітілген мемлекеттік тіл. Алайда барлық салада кеңінен қолданылады десек, онда кемшіліктерге көз жұмғанымыз. Егер қоғам азаматтары тілдің мәнін, рөлін бағалап, түсінсе, онда мемлекеттік тілді жиындарда пайдалану, құжат толтырудан бастап, қызмет көрсету терминалдарын қазақ тілінде сөйлету кезінде кемшіліктер орын алмас еді. Бұл – араздық тудыратын арзан айқай емес, тіл тарихы мен тіл мәртебесіне құрметті талап ету.
Тілдің ертеңі туралы ойымызды жинақтасақ, «Егер мемлекеттік тіл кеңінен қолданыс таппай қағажу көрсе, оның болашағы қандай болмақ?», «Өз ана тілінің қадірін сезінбеген жан ұлт тілінің сол ұлттың төлқұжаты екенін қалай түсінбек?» деген сұрақтар бой көтереді. Менің ойымша, қоғамдағы жауапкершілік әр адамның сындарлы ой қорытып, салауатты пікір тұжырымдауымен, яғни саналылығымен өлшенеді. «Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі» (А. Байтұрсынұлы). Бұған дәлел – XXI ғасыр басында 29 адам қажетсінбеген, тек бір адам ана тілім деп қолданып келген лив тілі. Жалғыздың жүрек соғысы тоқтағанда бұл тіл де ресми түрде өлді. Бұл – қасірет... Осыған жол бермей, тілді сақтау – әр ұлт перзентінің борышы......
«Қазақ тілі» пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы 9-сынып
Мазмұны 1-ТОҚСАНҒА АРНАЛҒАН ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ «Мәңгілік Ел – мұратым» бөлімі бойынша қалыптастырушы бағалау «Жаһандану мәселелері» бөлімі бойынша қалыптастырушы бағалау
2-ТОҚСАНҒА АРНАЛҒАН ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. ЭКСПО-2017» бөлімі бойынша қалыптастырушы бағалау «Адам құқығы мен бостандығы» бөлімі бойынша қалыптастырушы бағалау
3-ТОҚСАНҒА АРНАЛҒАН ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ «Отбасы және демографиялық өзгеріс» бөлімі бойынша қалыптастырушы бағалау «Биотехнология және гендік инженерия келешегі» бөлімі бойынша қалыптастырушы бағалау «Бұқаралық ақпарат құралдары» бөлімі бойынша қалыптастырушы бағалау
4-ТОҚСАНҒА АРНАЛҒАН ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ «Әлемдегі қақтығыстар және бейбітшілік» бөлімі бойынша қалыптастырушы бағалау «Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану» бөлімі бойынша қалыптастырушы бағалау