Абай Құнанбаев (ӘЛИФБИ ӨЛЕҢІ)

Әлифдек ай йүзіңе ғибрат1 еттім,
Би, бәләи2 дәртіңа3 нисбәт4 еттім.
Ти, тілімнән шығарып түрлі әбиат5,
Си, сәнаи6 мәдхия7 хүрмәт еттім.

Жем, жамалың8 қандай ақ рузи9 маған,
Ха, хәлиллик10 таппадым, жаным, сәнан.
Хи, халайық, мен емес, бәрі ынтизар,
Дәл, дариға ғишық оты бермес аман......
Өлеңдер
Толық

Абай Құнанбаев (АБРАЛЫҒА)

Мен жасымнан көп көрдім
Мұсылманды, кәпірді.
Абыралыдай көрмедім
Намаз білмес пақырды.
Қираәтін1 оқытып
Көріп едім, шатылды.
Ниет қыла білмейді,
Не қылады нәпілді2. .....
Өлеңдер
Толық

Абай Құнанбаев (Біреуден біреу артылса)

Біреуден біреу артылса,
Өнер өлшеніп тартылса,
Оқыған, білген - білген-ақ,
Надан - надан-ақ сан қылса.
Оқыған білер әр сөзді,
Надандай болмас ақ көзді.
Надан жөндіге жөн келмей,
Білер қайдағы шәргезді.
Надан қуанар, арсаңдар, .....
Өлеңдер
Толық

Абай Құнанбаев (Бөтен елде бар болса)

Бөтен елде бар болса
Ежеттесің, сыйласың,
Сыбырлас, сырлас көп болған,
Көптен тату қимасың.
Басыңа жұмыс түскен күн
Татулықты бұрынғы
Не қылып ол ойласын?
Ашып берер жауыңа
Өзі көрген қоймасын.
Желіккен жауың кез болса,
Араздығы сөз болса,
«Бәрекелді батыр» деп,
«Мықты боп бара жатыр» деп,
Мақтап-мақтап қоздырар. .....
Өлеңдер
Толық

Абай Құнанбаевтың қара сөздері  

 «Абайдың қара сөздері» – абайдың прозалық шығармасы. барлығы 45 сөз және «бірер сөз қазақтың түбі қайдан шыққандығы туралы» деген тарихи мақаладан тұрады.

Абай музыка саласында да мол мұра қалдырып, қазақтың музыкалық өнерін дамытты. Қазіргі уақытта ақынның жиырма жеті әнінің отыз алты нұсқасы нотаға түсірілген. Абай қазақтың ән-күй өнерін ерекше бағалаған. Бірақ ән атаулының бәрін қабылдамай, оның да «естісі мен есері барын» айтып, «Құлақтан кіріп бойды.....

Шығармалар
Толық