Абай Құнанбаев (ӘЛИФБИ ӨЛЕҢІ)
Әлифдек ай йүзіңе ғибрат1 еттім,
Би, бәләи2 дәртіңа3 нисбәт4 еттім.
Ти, тілімнән шығарып түрлі әбиат5,
Си, сәнаи6 мәдхия7 хүрмәт еттім.
Жем, жамалың8 қандай ақ рузи9 маған,
Ха, хәлиллик10 таппадым, жаным, сәнан.
Хи, халайық, мен емес, бәрі ынтизар,
Дәл, дариға ғишық оты бермес аман.
Зәл, зәлиллік11 көрген соң, сайрай бер, тіл,
Ре, риза қылмағыңды, яр12, өзің біл.
Зи, зәһәрдай13 күйдірді ғишқың қатты,
Сын, сәләмат қалмағым болды мүшкіл.
Шын шикәр ләб14 есіме түскен сайын,
Сат, сабырым қалмады, мен не әйләйін.
Зат, зайғ15 өмірім өтті менің бекер,
Тай, талаптан әйтеуір құр қалмайын.
Зай, залым көп қылыш боп жанға оқталды,
Ғайін, ғақылымды басымнан тартып алды.
Ғайын, ғариблік басыма түскеннен соң,
Фи, файдаң тие ме деп жаза салды.
Қаф, қабыл болар ма екен жазған хатым,
Кәф, кәмил16 ақылың, асыл затым.
Ләм, ләбіңнен ем қылсаң мен дерттіге,
Мен, меһріңнен қалмас ед бар апатым.
Нон, налә ғып қайғыңмен күйдірдің көп,
Уау, уәйлана17 ғишқың уайым жеп,
һи, һеш файдаң тимесе өлді ойлаңыз,
Ләм әлиф, лә иләһа илалла18 деп.
Я, ярым, қалай болар жауап сөзің,
Мәт – қасың, тәштит – кірпік, сәкін – көзің19.
Үтірмен асты-үстілі жазуда бар,
Болуға асты-үстілі көнсең өзің
Би, бәләи2 дәртіңа3 нисбәт4 еттім.
Ти, тілімнән шығарып түрлі әбиат5,
Си, сәнаи6 мәдхия7 хүрмәт еттім.
Жем, жамалың8 қандай ақ рузи9 маған,
Ха, хәлиллик10 таппадым, жаным, сәнан.
Хи, халайық, мен емес, бәрі ынтизар,
Дәл, дариға ғишық оты бермес аман.
Зәл, зәлиллік11 көрген соң, сайрай бер, тіл,
Ре, риза қылмағыңды, яр12, өзің біл.
Зи, зәһәрдай13 күйдірді ғишқың қатты,
Сын, сәләмат қалмағым болды мүшкіл.
Шын шикәр ләб14 есіме түскен сайын,
Сат, сабырым қалмады, мен не әйләйін.
Зат, зайғ15 өмірім өтті менің бекер,
Тай, талаптан әйтеуір құр қалмайын.
Зай, залым көп қылыш боп жанға оқталды,
Ғайін, ғақылымды басымнан тартып алды.
Ғайын, ғариблік басыма түскеннен соң,
Фи, файдаң тие ме деп жаза салды.
Қаф, қабыл болар ма екен жазған хатым,
Кәф, кәмил16 ақылың, асыл затым.
Ләм, ләбіңнен ем қылсаң мен дерттіге,
Мен, меһріңнен қалмас ед бар апатым.
Нон, налә ғып қайғыңмен күйдірдің көп,
Уау, уәйлана17 ғишқың уайым жеп,
һи, һеш файдаң тимесе өлді ойлаңыз,
Ләм әлиф, лә иләһа илалла18 деп.
Я, ярым, қалай болар жауап сөзің,
Мәт – қасың, тәштит – кірпік, сәкін – көзің19.
Үтірмен асты-үстілі жазуда бар,
Болуға асты-үстілі көнсең өзің
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: абай құнанбаев ӘЛИФБИ ӨЛЕҢІ өлең олен абай кунанбаев, казакша олен абай кунанбаев, абай кунанбаев стихи на казахском языке скачать, абай құнанбаев өлеңдері, ӘЛИФБИ ӨЛЕҢІ