Қазақстанды күллі әлемге танытып жүрген Димаш Құдайбергеннің "Қайран елім" атты әніне түсірілген бейнебаяны желіде жарық көрді деп хабарлайды nur.kz порталы.
Енді осы жерден бастайын, Жәкемнің ақыл үлгісін. Шығарайын сөзбенен Көңілімнің кірлісін. Үлкен аға, кіші іні, Түсуші еді күнде ісің. Қоғамының қормалы, Алыстан болжап білгішім. Кемімеген кетсе де, Дұшпанын көрсе, күлгішім. Ақылменен түзеген Ағайынның ілгішін. Қарамапты-ау сол күні Күнде салған дүрбісін.....
Әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов "Ғаламның үздік дауысы" деген америкалық шоуда бақ сынауда. Ол бір түн ішінде екінші орыннан 369 орынға түсіп қалған деп хабарлайды NUR.KZ.
КІРІСПЕ Тақырыптың өзектілігі. Қазақ тіл білімі ғылымының алғашқы қалыптасу дәуірінде Қ.Қ.Жұбанов «қазақ тілін ғылым тезіне түсіруге» ат салысып, теориялық негізінің қалануында өзіндік ғылыми тұжырымдарын қалдырды. Ғалымның ғылыми еңбектері мен ой-пікірлері қазақ тіл білімінің ғылыми-теориялық тұрғыдан қалыптасуына негіз болды. Қазақ тілінің жеке мәселелерін ғылыми тұрғыда зерттеу профессор Қ.Жұбановтан басталады. Қ.Жұбановтың ғылыми зерттеулерінде маңызды ғылыми мәселелер көтеріліп, көбі өз шешімін тапты, ал бірсыпыра ғылыми жаңа идеялары ғылымның кейінгі дамуына әсер етті. Тілші ғалымның арнайы сөз етіп, айналысқан тілдік мәселелері әр саланы қамтиды: қазақ тілінің фонетикасы, грамматикасы, терминологиясы, ұлттық әдеби тілдің тарихы мен дамуы, жалпы тіл білімі мәселелері [1,21]. Сонымен қатар XX ғ. 60-жылдарында ғана пайда болған «Статистикалық лингвистика», «Лингвистикадағы модельдеу» бағыттарының кейбір бастамаларын Құдайберген Жұбановтың сол кездегі зерттеулерінің өзінен-ақ молынан кездестіруге болады. Қ.Жұбановтың қазақ тіл білімі туралы зерттеулерінде тілді сандық деректер мен мәліметтер негізінде қараудың алғашқы нышандары бар. Бүгінде тіл білімінің бір саласына айналып отырған лингвистикалық статистиканы ғалым сол кездің өзінде-ақ тани білген. Тілдің сандық сипатынан байқалатын сапалық қасиеттерін оны зерттеуде пайдалануға болатын тиімді әдіс көздерінің бірі екенін де байқаған. Сондықтан ғалым Қ.Жұбановтың дәстүрлі қолданбалы тіл біліміне және оның қазіргі заманға сай жаңа салаларына қатысты ой-пікірлерін, тұжырымдарын саралап қарастыру дипломдық жұмыстың өзектілігін білдіреді [30,122]. Зерттеу нысаны. Профессор Қ.Жұбановтың қазақ тіл білімі мен қолданбалы лингвистикаға қатысты көзқарастары мен тұжырымдамалары, еңбектері. Зерттеу мақсаты. Диплом жұмысының негізгі мақсаты – проф. Қ.Жұбановтың қазақ тіл біліміндегі қолданбалы лингвистикаға қатысты дәстүрлі және жаңа бағыттарының қазақ лингвистикасынан алатын орнын және ғылыми маңызын көрсету. Зерттеу міндеті: - тіл білімінің дәстүрлі қолданбалы саласы мәселелерінің шешілуі; - тіл білімінің қолданбалы лингвистика саласының жаңа бағытының шешім табуы; Зерттеу әдістері. Тарихи салыстырмалы, сипаттау, ой-пікірлерді жинақтау, қорыту әдістері басшылыққа алынды. Зерттеу тәсілдері. Бақылыу, есепке алу, салыстыру, салғастыру.
Профессор Құдайберген Жұбанов және қазақ тіл білімі
1.1 Проф. Қ. Жұбановтың өмірі мен қызметі Профессор Қ.Қ.Жұбанов Ақтөбе облысы, Темір ауданы (қазіргі Мұғаджар ауданы) 9-шы ауыл Ақжар деген жерде 1899 жылы желтоқсанның 19 күні дүниеге келген. Бастапқы білімін әкесі Қуан ауыл ұстасы Сатыбалдыға қозылы қой беріп салдырған мектеп «корпусы» - жыпырайған шым үй. «Педколлективті» құрайтын бір-ақ адам, - ол 1911 жылы Уфадағы медресе «Ғалияны» бітіріп келген жас ағартушы Абдолла Беркінов (бұл кісі сол 1911 жылдан 1955 жылға дейін жарты ғасырдай өмірін жас буындарды оқытып тәрбиелеуге жұмсаған, Қазақ ССР-не еңбегі сіңген мұғалімі атағын алған ұстаз болатын). Қ.Жұбанов бұл мектеп қабырғасында оқып жүріп орыс тіліне сонша құмартады. Бірақ бұл мектепте орысша оқытпайды. Сондықтан мұның ретін басқа жерден іздеуге тура келеді. Қосуақтамда тағы бір «оқу орны» болатын. Ол – бір кластық орыс мектебі. Бұл мектептің мұғалімі Хұсайын Ашығалиев. Ол туған халқын орыс елінің тілімен, мәдениетімен, өнер білімімен таныстыру міндетін арқалаған қазақтың алғашқы демократ зиялыларының уәкілі еді. Ол тек орысша сауатты ғана емес, музыкадан да хабардар, ана тілін де, халқының ауыз әдебиетін де жақсы білетін, жастарға ұстаз боларлық жанның бірі болатын. Қ.Жұбанов сол мұғалімге барып тұңғыш орысша сабақты содан алады. 1914 жылы әкесінің қоштауымен Құдайберген Орынбордағы «Хұсайния» медресесіне шәкірт болып кіреді. ХХ ғасырдың бас кезіндегі мұсылман медреселерінде заман ықпалына байланысты, тек діни сабақтар ғана емес, «дүнияуи» пәндер де, яғни азаматтық білім беретін пәндер де оқытылғаны мәлім. Осындай медресе «Хұсайнияда» Құдайберген табиғат пен қоғам жөніндегі ғылымдардан алғашқы мағлұматтар алады. Бұл медресе талапты жастың әрі қарай орысша білімді толықтыра берсем деген ниетіне де кеселдік келтіре қоймайды. Өйткені медресе Орынбор сияқты қалада еді, ал қала ХХ ғасырдың бас кезіндегі саяси – мәдени өрлеу үстінде еді. Мұнда ғалым үш жылдай оқиды, медресе оған дүниетану ғылымдарынан там – тұмдаған мәлімет беріп, оның шығыс тілдерінен (араб, парсы, түрік) бұрынғы білгенін толықтыра, жетілдіре түседі, шығыс әдебиеті классиктерін түп нұсқадан оқи алатын дәрежеге жетеді. Сонымен, болашақ түркологтың шығысты алғаш оқып тануы осымен тәмам болады.....
Димаш Құдайберген Лондон төрінде марқұм Денис Тенге ән арнады. Әнші өзінің жеке концертінде спортшы досын еске алып, сахнада көз жасына ерік берген деп жазады NUR.KZ.
Ерекше даусымен миллиондаған жанның жүрегін жаулаған Димаш Құдайберген соңғы кездері сахнаға боянып шығып жүр. Димаштың бұл образын қазақстандық көрермендер сынға алып, ер жігіт үшін әсіре боянудың артық екенін айтуда деп хабарлайды NUR.KZ.
Гүлзира Айдарбекова өзінің ұлы Қайрат Нұртас секілді әндерінің барлығы хит болған әншіні білмейтінін айтты. Сонымен бірге, ол Қайратты Төреғалимен, Димашпен салыстырып, қайсысы мықты екенін анықтағысы келгендерге де жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ.
Сүйінші! Миллиондаған жанкүйерлердің таңданысын тудырып, өзінің ерекше даусымен қалың көпшілікті аузына қаратқан талантты әнші Димаш Құдайбергенов туралы кітап жарыққа шықты. Бұл туралы филология ғылымдарының кандидаты, Еуразия университетінің доценті, белгілі ақын Оңайгүл Тұржан мәлім етті.